Похожие презентации:
Юнг бойынша бейсана құрылымы
1. ЮНГ БОЙЫНША БЕЙСАНА ҚҰРЫЛЫМЫ
2.
Бейсаналық – адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі сананыңқатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау
қасиетінің барлығы
индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық
қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.
Бейсаналық мәселесі философия тарихында өзіне көп назар
аударған. Антикалық дәуірде (Платон), ортағасырлықта, Жаңа
заманда (Кант, Шеллинг, т.б.) ол туралы әр алуан пікірлер
айтылды.
Бейсаналықты жаңа зерттеу деңгейі З.Фрейд және оның
шәкірттерінен басталды. Психоанализдің негізін қалаушы
австриялық невропатолог және психиатр З.Фрейд бейсаналықты
санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі,
тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ретінде
қарастырады.
3.
З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтіңжүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы
ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша,
1) бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын және сонымен
бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық
процестер;
2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең
мазмұнды жүйесі бұл жүйе рахаттану принципімен
реттеледі және өзіне танымсыздығымен,
сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с.
сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған
элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді,
мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді
және басқаларды кірістіреді.
4.
К.Г.Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияныңнегізін қалаушы) бойынша бейсаналық 3 қабаттан тұрады:
1) "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін
құрайтын көбінесе эмоционалды боялған елестер мен кешендерді (комплексы)
өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі қабаты;
2) "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол
адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін және өзіне
тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде
болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты
бар психиканың жалпы орталығы мен өзегі
"ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық
қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері
және стереотиптері болады;
5.
3) "психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниеменортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар
бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық
түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс
жүзінде санаға толық мәлімсіз.
Кейбіреулер (мыс.эксперименталды психологияның
негізін қалаушы, неміс физиологы және психологы
В.Вундт) бейсаналық процестерді жоққа шығарып,
психологияны саналы күйлерді, жайларды зерттеу ретінде
анықтайды.
6.
Түс көру – қиялпроцесінің ұйқы кезіндегі
енжар бейнесі. Түс көруді
физиологиялық тұрғыда
түсіндірген академик
И.П.Павловтың пікірі
бойынша ұйқы кезінде ми
клеткаларының қызметі
толық тежелмейді, кейбір
бөлімдері ояу
қалпындағыдай жұмыс
істей береді.
7.
И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардыңесепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене
мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады. Түс
көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін
түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді
физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп
білді.
З.Фрейд түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар,
сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының
символдық бейнесі деп білді.
8.
И.П. Павлов бойынша, «түс көрукөбінесе ескі тітіркендірулерден қалған
ізден туады».
К. Юнгтың айтуынша, «түс көру – ұйқы
кезіндегі психикалық әрекеттің
қалдығы және өткен күннің ой әсері
мен көңіл-күйі». Түс көру барлық
адамдарда болады, тек кейбіреулерде
сирек байқалады. Ауырған кездерде,
жағымсыз жағдайларда, неврозда түс
көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс
көреді.
9.
К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегісана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын
транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі
бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор
бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып,
кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта,
кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады. Қазақ дәстүрлі
қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын
жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге
болады. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің
мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген.
10.
Түсті әрдайым жақсылыққажорып, “Түс – балқыған
қорғасын” оны жақсылыққа
жорысаң – жақсы ниет қабыл
болып жақсылыққа айналады,
жамандыққа жорысаң –
жамандыққа айналуы мүмкін
деген ұғым бар.