Похожие презентации:
Гипоталамо-гипофизарлы семірудегі диагностика
1.
2. Жоспар
І КіріспеІІ Негізгі бөлім
а) Эндокриндік жүйедегі аурулар
б) Эндокриндік бездердің функциясын зерттеудің клиникалық
маңызы.
в) Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің
диагностикалық маңызы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
3. Эндокринді дерттер.
Көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың)тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс
қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық
немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны
мәлім.Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы
орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі
сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен
жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан,
қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің
артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық
дәлелденген.Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының
симпатикалық инжүйкеациясы анықталды. Бұл жүйкені
қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы
күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды
4. Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялау
Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялаумақсатында қолданылатын аспаптық әдістерге
рентгенокраниография, компьютерлі томография (КТ)
және магнитті-резонансты томография (МРТ) жатады.
Қосымша зерттеу әдістеріне көру алаңдарын анықтау
(периметрия) жатады, бұл зерттеу әдісі гипофиздің
макроаденомасымен сырқаттанған науқастарға, сонымен
қатар көру қызметі бұзылып, жабыспалармен асқынған
нейрохирургиялық араласудан кейінгі науқастарға
тағайындалады. Гипофиздің интраселлярлы ісіктерінің
рентгендиагностикасы түрік ершігінің өлшемдерін
анықтауға негізделеді. Қалыпты жағдайда түрік ершігінің
өлшемдері тең: сагиттальды — 12–15 мм, вертикальды—
8–9 мм.
5.
Түрік ершігі рентегнографиясы-классикалық медицинада
нейроэндокриндік
патологияларды зерттеу үшін
қолданылады.Бұл зерттеуге
эндокринолог, хирург,
невроратолог жолдама беруі
мүмкін. Жолдаманың мақсаты
гипофизде ісікті анықтау және
де «бос түрік ершігі»
патологиясын анықтау болып
табылады.
6. Рентгенкраниография.
Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерініңүлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді сүйек
өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне,
ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір
немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл
ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды. Түрік
ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз
микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай
өзгерістер анықталмайды. Гипофизді визуализациялаудың аса
қымбат емес және ақпаратты әдістерінің бірі - КТ. Дегенмен, КТ
қолдануына кескіннің жазықты сипаты, сүйектік
құрылымдардан тарайтын кедергілер, рентгенологиялық
тығыздығы цереброспинальды сұйықтыққа немесе қалыпты ми
тініне жақын шағын патологиялық түзілістерді ажырату
кезіндегі қиындықтар кедергі келтіреді.
7.
Гипофиз бен гипоталамустывизуализациялау әдісі ретінде,
сонымен қатар гипоталамусгипофизарлы аймақтағы
түзілістердің топикалық
диагностикасы мақсатында МРТ
қолданылады . МРТ гипофизде
дамыған азғантай өзгерістердің
өзін, ісіктердің, кисталардың,
қан құйылулардың кистозды
компоненттерін анықтауға
мүмкіндік береді. МРТ-да сүйек
тіндері мен түрлі тұздардың
шөгуі анықталмайды.
8. Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің диагностикалық маңызы
Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденісбездері гормондарының мөлшерін анықтау
маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт
анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант
мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады
(гликемиялық және глюкозуриялық сынамалар).
Қалқанша безі ауруларында тиреоидтық
гормондардың мөлшері көбейіп (тиреотоксикозда)
немесе азаяп (гипотиреозда) анықталынады.
9. 3. Аспаптық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.
Жиі сырқаттың клиникалық көрінісін талдамай жәнеқажетті гормондар деңгейін анықтамай, бүйрек үсті бездері
мен аналық бездердің УДЗ, бүйрек үсті бездерінің және
бастың
компьютерлік
немесе
магнитті-резонансты
томографиясын өткізу, сәйкес мүшелердің патологиясы
жөнінде нақты емес қорытынды жасауға негіз болып
табылады. Сонымен қатар, анатомиялық құрылымның
орналасу түрлері немесе қалыптыдан сәл ғана ауытқуы
патологиялық үрдіске тура көрсеткіш болып, дамымаған
жоқ сырқаттың диагнозын қоюға әкеледі.
10. Қорытынды.
Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ішкіаурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан
айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер
қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен
жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн.
Эндокринопатия диагноздарын қоюдың басым көпшілігі
зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап етуіне
қарамастан, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу
қорытындылары маңыздырақ болып табылады.
11. Пайдаланылған әдебиеттер
1 . А Й Т Б Е М Б Е Т Б . Н . І Ш К І АУ Р УЛ А Р П Р О П Е Д Е В Т И К АС Ы .2.
3.
4.
5.
6.
7.
А Л М АТ Ы - 2 0 0 9
А Х М Е Т О В Қ . Ж . І Ш К І АУ Р УЛ А Р П Р О П Е Д Е В Т И К АС Ы
ПӘНІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕРІ. АҚТӨБЕ -2007
Қ А Л М Ұ Р З И Н А Б . І Ш К І АУ Р УЛ А Р. АС Е М С И С Т Е М 2 0 0 5
ИНТЕРНЕТ МӘЛІМЕТТЕРІ.
5 . Д О К А З АТ Е Л Ь Н А Я М Е Д И Ц И Н А . Е Ж Е Г ОД Н Ы Й
С П РА В О Ч Н И К . В Ы П . 2 .
6 . Н Е О ТЛ О Ж Н А Я Т Е РА П И Я В П УЛ ЬМ О Н ОЛ О Г И И . И . Г.
ФОМИНА, В.Ф. МАРИНИН, М.: МЕДИЦИНА, 2003. -248 С.
12.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!