207.24K
Категория: МедицинаМедицина

Қалыпты өкпенің аускультациясы

1.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Қалыпты өкпенің аускультациясы
Орындаған: Аннасова А.А.
Қабылдаған: Ахметова М.К.
Қарағанды 2017

2.

Жоспар
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Аускультация әдісінің физикалық негізі
• Аускультация техникасы. Өкпе аускультациясының
әдістемесі.
• Тыныс шуларының классификациясы
• Негізгі тыныс шулары.
• Жанама шулар
• Бронхофония
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер

3.

Кіріспе
• Аускультация (Auscultatio) – организмдегі
алыстан естілмейтін дыбыстық көріністерді естуге
негізделген науқасты зерттеудің обьективті әдісі.
Аускультацияны зерттеу әдісі
1819 ж Лаэннек болды.
Ол “ Тікелей тыңдау
және өкпе мен жүрек
аурулары ” атты
трактат шығады.

4.

Аускультация жүргізгенде мына
ережелерді сақтау керек :
• Бөлмеде тыныштық болу керек, темперетура 18°С
төмен емес , белге дейін шешіндіру ,төсте түктер
кедергі жасаса сулау керек , дәрігер мен мен
науқасқа ыңғайлы қалыпта болу керек. Науқас
вертикальды қалыпта , дәрігер
аускультацияланатын жерге қарсы жағынан сол
қолмен ұстап тұрады. Науқасқа ыңғайлы жағдай –
орындыққа отыру ,дәрігер оң жағында .Пациенттің
тынысы бір қалыпты, ауызы жабық . Мына ретпен
жасау керек:оң немесе сал жағынынан
бастайды.Тыңдағанда қол қосымша шу туғызбау
керек. Стестоскоп денеге тығыз,бірақ қатты емес
жанасу керек.

5.

6.

• Бірінші стестоскопты науқас денесіне қойып кейін
құлаққа апару керек. Стестоскоп пен құлақ қалқаны
арасында ауа жиналып қалмас үшін.
Өкпе аускультациясын кеуде клеткасында
дыбыстарды салыстыру арқылы симметриялы
айлықтарда жүргізу керек.
Егер осы нүктелерде өзгерістер табылса,
стестоскопты қалыпты дыбыс шыққанша
жылжытып, шекарасын табамыз.Бір жағын
тыңдағанда дем алу мен шығарудың интенсивтілігі
мен ұзақтығын , ал салыстырмалы аускультацияда –
дем алу мен дем шығаруын салыстырамыз.Тыныс
алу мүшелерінің аускультативті белгілерін негізгі шу
мен жанама шуларға бөлеміз.

7.

8.

Негізгі тыныс шулары
• Негізгі тыныс шулары пациент тыныштықта
мұрынмен дем алғанда естіледі (ауыз
жабық) , жанама – ауызбен терең дем
алғанда .Бірінші тыныс типін ,сосын жанама
тыныс шуларын анықтайды.
• Сау адамда екі негізгі тыныс шуы естіледі :
везикулярлы ( альвеолярлы ) тыныс,
бронхиальды, ларинготрахеальды тыныс.

9.

10.

Везикулярлы тыныс
Везикулярлы тыныстың даму орны альвеолалар. Ол тыныс
алғанда альвеолдардың қабырғаларының тез ашылуынан
пайда болады. Альвеолдардың қабырғалары керіліп ,
тербеледі және везикулярлы тыныс деп аталатын шуды береді.
Везикулярлы тыныс жұмсақ үрлемелі шумен сипатталады
,ол дем алғанда “Ф” дыбыс береді. Везикулярлы тыныс дем
алудың өн бойында және дем шығарудың алғашқы бөлігінде
естіледі.Дем алу дем шығаруға қарағанда ұзақтау және
интенсивті .Графикалық түрде дем шығару дем алудың 1∕ 3- 1∕4
бөлігін құрайды .Дем шығару қысқа ,өйткені дем шығарғанда
альвеола қабырғалары тез жабылып , кернеу мен тербеліс өніп
,оның дыбыс белгілері төмендейді.
• Везикулярлы тыныс кеуде клеткасының беткейіне жақын
орналасқан өкпе ұлпасы бар жерде , эталон 2 қабырға
аралықта бұғана ортаңғы сызықпен , аксиллярлы облыс ,
жауырынның төменгі бұрыштарында жақсы естіледі.

11.

Везикулярлы тыныстың өзгерістері:
Везикулярлы тыныс патологиялық ,кейде бірқатар физиологиялық
жағдайларда өзгеруі мүмкін, сонымен бірге өзгерістер сандық немесе
сапалық болуы мүмкін.
Сандық өзгерістер ( әлсізденуі) физиологиялық жағдайда кездеседі.
Тері асты клетчатканың ісігінде, кеуде қабырғасының семіру
қалыңдауы кезінде
Мускулатураның күшті дамуынан , өкпенің патологиясынсыз
әлсіреген адамдарда ,ауырсыну кезінде – мысалы , қабырға сынғанда
,ауырған кезде науқас беткей дем алғанда диафрагманың жоғары
көтерілуінен – асцит , метеоризм.
Везикулярлы тыныстың патологиялық өзгерістері кездеседі.
Көмей, трахея, ірі бронхтардың шырышты қабатының ісінумен ,
қуыстың бөгде денемен бітеліп қалуында ,ісікпен қосылғанда
,үлкейген лимфа түйіндерімен бітелгенде және т.б. Ауа өткізу
жолдары тарылғанда аз керіледі ,ал аз керілгенде альвеола
қабырғасының күші төмендейді.

12.

• Саккадирленген ( үзілісті ) тыныс – бұл кезде
тыныс шуы дем алғанда біркелкі емес , үзілісті
тыныс алумен сипатталады , тыныс шығару біркелкі
.
• Саккадирленген тынысты физиологиялық жағдайда
тыныс , бұлшықетінің біркелкі жиырылмауынан
жылыған кезде байқауға болады. Саккадирленген
тыныстың шектеулі аймақта пайда болуы ,әсіресе
өкпе ұшында естілуі бронхтардың шырышты
қабатының ісінуінен немесе бронхтарды
тарылтатын ,майда бронхтарда шырыштың
болуынан ауаның альвеолаға өтуінің қиындығын
көрсетеді.Туберкулез кезінде болуы мумкін.

13.

• Бронхиальды тыныс көмей, трахеяда дыбыс саңылауы
арқылы ауа өткенде пайда болады.Бронхиальды
тыныстың түзілу орны дыбыс саңылауы.Ауа дем алу
кезінде жіңішке дыбыс саңылауы арқылы өтіп , шу
тудыратын діріл шақырады.Дем шығару фазасында ауа
трахеядан кеңірек көмейге шыққанда діріл туғызып ,шу
шақырады .Дем шығару кезіндегі дыбыстар күштірек
,ұзағырақ ,қатаңдау.
Ауа қозғалысының көмей арқылы қозғалысында
пайда болады шулар бронхиальды бұтақ арқылы
таралады ,бірақ кеуде клеткасына өтпейді .Бұл тыныс
пайда болу орнына байланысты ларинго - трахеальды
деп аталады.Бронхиальды тынысты дем шығарған да
“Х” әрпін айтқызу арқылы шығаруға болады.
Бронхиальды тыныс кезінде дем шығару ұзақ,қатты

14.

• Бронхиальды тыныстың эталоны физиологиялық жағдайларда
көмей , трахея үстінен ,кеуде клеткасына трахеяның
бифуркациясының проекциясы орындарынан ( мойындырық
ойығы) , төстің денесінің алдынан ,3-4 кеуде омыртқаларының
жауырынаралық ,аймағында , 7- мойын омыртқасының
өсіндісінің деңгейінде естіледі.Кеуде клеткасының басқа
аймақтарында өкпе ұлпасы тығыз орналасқандықтан ,кеуде
клеткасы мен бронхтардың аймағында бронхиальды тыныс
тұйықталады және естілмейді.
Тек қана бронхиальды тынысқа тән өте маңызды
феноменге назар аудару керек ( отандық әдебиетте бұл
ерекшелік айтылмаған ) Бұл аускультативті үңгір дыбыссыз
үзіліс дем алу мен дем шығару фазасы арасында дыбыс
болмайтын қысқа кезең.
Егер бронхиальды тыныс қалыпты везикулярлы тыныс
естілетін жерлерде естілсе ,онда бронхиальды тыныс
патологиялық болып саналады.
• Бронхиальды тыныстың мындай түрлері бар:

15.

• Амфоралық тыныс бос тамырға ауа
үрлеген кездегі дыбысты еске
түсіреді.Amphora ауызы тар тамырға
ұқсайды . Амфоралық тыныс өкпеде
диаметрі 5-6 см кем емес ,қабырғасы тегіс
,ірі бронхпен байланысқан , кеуде
клеткасына жақын орналасқан куыс
болганда пайда болады. Дем шығару дем
алудан ұзақ ,бірақ жай бронхиальды
тыныстан тыныш.

16.

• Тыныш бронхиальды тынысты компрессионды
ателектаз аймағынан естіледі .Ірі бронхтарға
өкпенің тығыздалған бөлігіне жақын орналасады.
Металлдық бронхиальды тыныс – қатты
дыбыспен және өте жоғары тембрмен
сипатталады.Металлды ұрғандағы дыбысты еске
түсіреді. Металлдық бронхиальды тынысты
плевралық қуыстағы ауа сыртқы ортамен
байланысқанда ,ауаға толық жазық қабырғалы куыс
бронхпен байланысқанда естуге болады.

17.

• Стенотикалық тыныс бронхиальды
тыныстың күшеюімен сипатталады,араның
дауысына ұқсайды.Трахея немесе ірі
бронхтың тарылуында байқалады немесе
физиологиялық бронхиальды тыныс
естілетін аймактарда естіледі.

18.

• Бронховезикулярлы тыныс немесе аралас тыныс
ұзақ дем шығаратын везикулярлы тыныспен
бронхиальды тыныстың арасындағы дыбысты
қамтиды.Бұл кезде бір тыныс актісі біркелкі.Әдетте
дем алу везикулярлы ,ал дем шығару бронхиальды.
• Аралас тыныс алу сау адамдарда кейде оң өкпе
ұшында соымен қатар өкпенің қалыпты ұлпасымен
бірге тығыз ошақтар орналасқан аймактарда
естіледі.Оның ошактары терен немесе беткей
орналасуы мүмкін ,егер терен орналасса
везикулярлы тыныс басым, ал беткей орналасса
бронхиальды тыныс басым болады.

19.

Жанама тыныс шулары
• Жанама тыныс шулары қалыпты жағдайда
естілмейді.Оларды ауызбен терең дем алғанда
естуге болады.( слайд 6)
• Қазіргі кезде Халықаралық ассоциацияның
пайымдауынша барлық жанама тыныс
шуларын үзілісті,үзіліссіз,ұзартылған түрлерге
бөлген.Үзілісті шулар ылғалды шуларға
жатады(crackles-сықыр).Олар қатаң ( ірі
көпіршікті) және нәзік( майда көпіршікті)
,пайда болу фазасына қарай ерте және кеш
болып бөлінеді.

20.

Сырылдар:
• Құрғақ
• Ылғалды
• Крепитация
• Плевраның үйкеліс шуы

21.

• Сырылдар (rhonchi) тыныс алу жолдарында
патологиялық секреттердің болуынан пайда
болады.Құрғақ сырылдар (rhonchi sicci)
трахеобронхиальді ағашта тұтқыр қақырық жиналып
қалады, ол ауа өткенде дірілдеп сырыл тудырады.Олар
дем алу мен дем шығару кезінде естіледі,оның
қаттылығы,тембрі мен биіктігі зақымдалған
бронхтардың диаметріне және ондағы ауа қозғалысына
байланысты.Дауыс феномендерінің суммациясына
байланысты құрғақ сырылдарды биік,дисканты және
төмен түрлерге бөледі.Қабыну процесстерінің
таралуына байланысты локальді немесе таралған болуы
мүмкін.

22.

• Ылғады сырылдар (rhonchi humidi) бронх
қуыстарында сұйық заттардың жиналуынан
болады(
қақырық,транссудат,қан,аспирациялық
сұйықтық),жиірек аьвеолярлық(
пневмония,өкпе ісігі ).Ылғалды сырылдар
дем алу және дем шығару кезінде
естіледі;бронхтардың калибріне
байланысты ылғал сырылдар майда,орт
аша,ірікөпіршікті болып бөлінеді.

23.

• Крепитация(crepitatio-сықыр) –тыныс алу кезінде
альвеолаларда пайда болады.Физикалық жағдайда
оның пайда болуы альвеола ішінде аз мөлшерле
сұйықтықтың болуы( пневмонияның ерте сіңу
кезеңі,қкпе ісігінің дамуы,альвеолалардың бітелуі
жоқ кезде ).Дем шығару фазасында альвеола
қабырғасының бүрісуі болады,жоғарғы фазада дем
алғанда альвеолалардың көп саны бірдей уақытта
әртүрлі дыбыс шығарып, ісінуі жүреді.Ол үйкелісті
немесе құлақ артындағы шаш түбін үйкегендей әсер
береді.

24.

• Плевраның үйкеліс шуы- Қалыпты жағдайда
тыныс алу актінің уақытында плевра
жапырақтарының қатарласуы.Олардың
бұлшықетті беткейінде және плевра қуысында
аз ғана сұйықтықтың әсерінен ешқандай
дыбыссыз болады.әлтүрлі патологиялық
жағдайда бұл физиологиялық құрылымдар
бұзылады және плевра жапырақтарының бір
бірімен үйкелісі күшейіп,қосымша
патологиялық шу “ Плевраның үйкеліс шуы “
туындайды.

25.

• Плевраның үйкеліс шуына келесі қасиеттер тән:
• Құрғақтық және дыбыстың үзілісті болуы,шу бірнеше
үзілістен жүреді
• Беткейлі дыбысты,құлақ түбіне жақын естіледі
• Шудың жайылмалылығы салыстырмалы аз (сырыл мен
крепитациямен салыстырғанда).локализациясы үлкен
• Тыныс алу кезінде,тыныс шығаруда да жақсы естіледі.
• Қалыпты тыныс алу кезінде де ауыру сезімі естіледі
• Плевра шуын ортаңғы сызық бойынша кеуде
клеткасында төмен бөліктерінде,тыныс экскурсиясы көп
жерде ,плевра жапырақшаларының үйкелісі интенсивті
жерінде естіледі.

26.

Бронхофония
• Бронхофония-кеуде клеткасында ш дан келетін сөздерді
айтқанда зерттейтін тыныс алу мүшелерін зерттеудің
физикалық әдісі.Физикалық принципі және ережелерідауыс
дірілін анықтағандағыдай.Кеуде клеткасына әр стетоскоп
қойған сайын “ чашка чая” , “ шестьдесять шесть'' деп
айтқызамыз.
Бронхофонияның күшею себебі дауыс дірілінің күшею
себебіндей: өкпе ұлпасының тығыздалуы,өкпеде қуыс
бронхпен байланысқан,ашық пневмоторакс,компрессионды
ателектаз.
Бронхофония дауыс дірілінен айырмашылығы әрқашан
қолмен анықтала бермейтін дыбыстырды естуге мүмкіндік
береді.Ол көбінесе дауысы жәй шығатын әлсіз
ауруларда,жоғарғы тембрлі дауысты адамдарда,әсіресе
әйелдерде естуге көмектеседі.

27.

Қорытынды
• Аускультацияны өкпенің симметриялы
аумақ үстіндегі дыбыстық феноменді
салыстыру арқылы жүргізеді.Тыныс алу
ағзасының құрылымы ауа дауыс
саңылауынан,трахеядан әр түрлі калибрлі
бронхтардан өткенде және ол альвеолаға
түскенде дыбыстық құбылысты тудыратын
ерекше жағдай жасайды.Бұл феномен дем
алғанда жақсы естіледі,бірақ дем
шығарудың сипаттамасыда маңызды.

28.

Әдебиеттер
• Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы :
Оку қуралы / Айтбембет, Бегалы
Нурманулы. - Алматы : Кітап, 2005. - 568 с
• Пропедевтика внутренних болезней :
учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. :
ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с
• Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің
клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж.
Ахметов. - [б. м.], 2009. - 210 с
English     Русский Правила