Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент медицина институты Дипломнан кейінгі білім беру факультеті «Жалпы клини
Пункцияға керекті құрал-жабдықтар: 1. 20гр шприц 2. ине диаметрі 1,5-2,0мм және ұзындығы 10-12см 3. 6-8см резенке түтікше 4. стерильды перчатка жапқыш 5
Баталов түтігін байлау операциясы Қан айналым бұзылысын 1938жылы Гросс Баталов түтігін байлау арқылы қалпына келтіруге болатынын айтты. На
Өңештің кеуде бөліміндегі операциялары Ену жолы: Добромыслов ұсынған 6-7 қабырғааралық торакоабдоминальды ену жолы. Өңештің иірімдеріне қ
Пайдаланылған әдебиеттер:
2.78M
Категория: МедицинаМедицина

Жүрек жарақатын тігу. Перикард пункциясы және өңештегі операциялар техникасы. Баталов түтігін таңу операциясы

1. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Шымкент медицина институты Дипломнан кейінгі білім беру факультеті «Жалпы клини

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.
Шымкент медицина институты
Дипломнан кейінгі білім беру факультеті
«Жалпы клиникалық пәндер» кафедрасы
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Жүрек жарақатын тігу. Перикард
пункциясы және өңештегі операциялар техникасы.
Баталов түтігін таңу операциясы.
Қабылдаған: БАҚЫТЖАН А.Б.
Орындаған: КЕНЖЕБЕК Б.Б.
Тобы: ХҚ-606
Шымкент қ.
2016-2017 оқу жылы

2.

Жүрек жарақатын тігу
Егер жара жүрек проекциясының аймағында орналасса (төс,сол жақ төске
бекитін қабырға шеміршектері,қабырғааралықтар), оны жүректің оқшауланған
жарасы деп айтуға болады.Жарақат арқылы тілік жасап, плевраны зақымдамай,
жараны кеңейтеді.Кеудедегі жараға міндетті түрде хирургиялық өңдеу
жүргізіледі.
Плевра мен өкпенің бірге зақымдалуы байқалса, кең көлемді плеврааралық
тілікпен кеуде қуысына еніп,жүрекпен бірге өкпені де қарау керек.Көп жағдайда
жүрек жарақатын тігу үшін, плевра арқылы ену жолы пайдаланылады.
Науқастың қалпы: Арқасымен жатқан күйде,операциялық столдың аяқ
тұратын бөлігі төмен орналасады.
Жансыздандыру:Интратрахеалды наркоз,жергілікті анестезия

3.

4.

Операция техникасы:Бірінші,сол жақ парастерналды сызық арқылы 4-ші
қабырғадан 6-шы қабырғаға дейін тік (вертикальді) тілік жасайды.содан соң
тіліктің сызығын горизонталды 4-ші қабырғааралық бойымен,алдыңғы қолтық
асты сызыққа жеткізеді.Плевра қуысын 4-ші қабырғааралық арқылы ашып және
4-ші қабырға шеміршегімен кеседі,ал кеуде клеткасының серпімділігінің
жеткіліксіздігінде 3-ші,5-ші қабырға шеміршектерінде қосып кеседі. Жараны
кеуде клеткасына арналған арнайы жаракеңейткішпен кеңейтеді.
Перикард жарасын қайшы мен 8-10 см дейін кеңейтеді.Жүректің артқы
қабырғасының жарақаты кезінде перикардты жүректі ұзын осі бойымен
диафрагмалы нервтен 1 см алға кесу керек. Перикардты кесу кезінде,жылдам
қимылмен жүрек жарасын сұқ саусақпен басып,қауіпті қан кетуді
тоқтатады.Перикард жарасының шетін қан тоқтататын қысқышпен қажетті тігіс
салу үшін, жүректі фиксациялап ақырындап қысады.
Жараны эндокард арқылы жүрек қуысына кіріп кетпес үшін,0,5 см аралықта
түйінді жібек жіптермен тігеді.Бірақ жүрек жарасына тігісті барлық
қабаттарымен бірге салу,саңылаудың және тромбтың пайда болуының алдын
алады.
Жүрек жарасын тігіп болған соң,перикард қуысын ұйыған қандардан
тазартады.Перикард тілігін кетгут жіптерімен арасын сирек етіп тігеді.Кеуде
клеткасы жарасын қабат-қабатымен тігеді.

5.

6. Пункцияға керекті құрал-жабдықтар: 1. 20гр шприц 2. ине диаметрі 1,5-2,0мм және ұзындығы 10-12см 3. 6-8см резенке түтікше 4. стерильды перчатка жапқыш 5

Пункцияға керекті құрал-жабдықтар:
1. 20гр шприц
2. ине диаметрі 1,5-2,0мм және ұзындығы 10-12см
3. 6-8см резенке түтікше
4. стерильды перчатка жапқыш
5. 100-200мл таза ыдыс
6. қысқыш, дәкелік шариктер
7. новокаин ерітіндісі, антисептиктер
8. стерильды пробирка.

7.

Ларрея немесе Марфан тәсілі
• -Науқас жартылай отырады немесе горизантальді қалыпта
• -Кеуде тұсын және іштің жоғарғы бөлігін антисептикалық
ерітіндімен өңделеді.
• -Стерильді жамылғымен пунция алынатын аймақтан басқ
жерледі жауып, қымтаймыз.
• -Жергілікті инфильтрациялық анестезия
• - Ларрея тәсілі бойынша: 7 -қабырға аралық бойы мен
семсер тәрізді өсіндінің сол жақ қырынан пункциялық инені
2 см тереңдікте енгіземіз. Сонан соң ине басын 30 градус
төмен иіп 3-4 см тереңдікте тағы енгіземіз.
• - Марфан тәсілі бойынша: Семсер тәрізді өсіндінің
ұшынан төменнен жоғары, қиғаш төстің артқы бетіне
бағыттап тұрып перикардты теседі.

8.

9.

10.

11. Баталов түтігін байлау операциясы Қан айналым бұзылысын 1938жылы Гросс Баталов түтігін байлау арқылы қалпына келтіруге болатынын айтты. На

Баталов түтігін байлау операциясы
Қан айналым бұзылысын 1938жылы Гросс Баталов түтігін байлау арқылы
қалпына келтіруге болатынын айтты.
Науқастың қалпы: жамбаспен жату, операциялық столдың басы көтеріңкі.
Жансыздандыру: интратрахеальды наркоз.
Операция техникасы: сол жақтан 3-қабырғааралықта төстің шетінен
қолтықалды сызығына дейін кесеміз. Жараны жара кеңейткішпен кең көлемді
ашамыз. Жеткіліксіз болса 3-4 қабырғаның шеміршектерін кесеміз. Өкпені
шетке итереміз. Медиастенальды плевраның астына 30-40мл 0,25% новокаин
ерітіндісін жібереміз. Содан кейін плевраны вертикальды бағытта, жоғарыдан
аортаның үстіңгі қырынан бастап өкпе түбіріне дейін кесеміз. Аорта мен өкпе
артериясын айналасындағы клечаткалардан бөліп аламыз. Түтіктің
орналасуын анықтау келесідей болады: жоғарыда- аорта, төменде- өкпе
артериясы, артында- қайтарма нерві. Түтікті анықтап алғаннан кейін, оның
артына Дешан инесімен немес е қайырылған пинцеттің көмегімен 2 тығыз
жібек жіп өткіземіз. Біреуін аортаға жақын, екіншісін өкпе артериясына
жақын байлаймыз. Екеуінің арасын кесеміз.

12.

13. Өңештің кеуде бөліміндегі операциялары Ену жолы: Добромыслов ұсынған 6-7 қабырғааралық торакоабдоминальды ену жолы. Өңештің иірімдеріне қ

Өңештің кеуде бөліміндегі операциялары
Ену жолы: Добромыслов ұсынған 6-7 қабырғааралық торакоабдоминальды
ену жолы. Өңештің иірімдеріне қарай тілік оң жақ немесе сол жақта жасалады.
Мысалы: өңештің ортаңғы бөлігінде ісік болса, жету жолы оң жақтың
алдыңғы-бүйірлік 6-қабырғааралығы болып табылады. Ісік төменгі және
кардиальды бөлігінде орналасса, сол жақта 7- қабырғааралықта тілік
жасалады.
Жасанды антеторакальды өңеш
Көрсеткіші: өңештің тыртықты тарылуы (стриктура).
Науқастың қалпы: жамбаспен жату.
Жансыздандыру: жергілікті, наркоз.
Ру-Герцен-Юдин әдісі бойынша операция техникасы:

14.

Құрсақ қуысын орта сызығы бойымен кіндікпен төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі
аралығында тілу жүргізіледі. Егер ақ сызық бойында қандай да бір жыланкөздер болса
тілік жыланкөзден төмен жүргізіледі. Тілікті арнайы хирургиялық айналармен ашып,
flexura duodenojejunalis- тауып аламыз. Содан 8-10 см төмен түсіп, жіңішке ішектің
шажырқайына тілік жасап, осы тілік арқылы шажырқайды алу жүргізіледі. Біріншілік
және екіншілік қан-тамырлық аркадаларды сақтай отырып, шажырқай түбірін
байлаймыз. Әдетте шажырқай түбіріне жақын 3 - 4 радиалды қан тамырлар тігіледі.
Ішек шажырқайының ілмегін кесуді бұзылмаған тамыр доғасының ұзындығына
жеткенше жалғастырады. Ішек ілмегінің жоғарғы бөлігі flexsura duodenojejunalis екі
Пайра қысқышымен қиылысып өтеді. Ішектің орталық қысқа кесіндісін қысқышпен
сол орнында қалдырады. Перифериялық тілікті кетгуд жібімен тігеміз. Кесіліп алынған
ішекті көкірек алдынан қалқанша шеміршегіне дейін тартпай орналастырады.
(трансплантатты созатын болсақ сұрғылт түске еніп кетеді). Сонан соң жіңішке ішіетің
ілмегін физиологиялық ерітіндіге малынған салфеткамен жабамыз. Көлденең жиек
ішекті және gastracolicum-нен қайшымен тесіқ жасаймыз. Бұл тесікке бөлінген жіңішке
ішекті асқазан алдына ынгайластырып орналастырады. Мобилизациаланған ішек бөлігі
мен қарын арасына анастомоз жасалынады.
Операцияның екінші кезеңі 15-20 күнен соң орындалады.Өңештің сілемейлі қабатына
кокаин ерітіндісін жағамыз.1мл атропин 1:1000 енгіземіз. Терілік тілік кеуденің
алдыңғы сол жақ шеті – бұғана- кеуде бұлшық еті ашылады. Өңеш пен ішек аралығына
анастомоз қойылыда.

15. Пайдаланылған әдебиеттер:

• Г.Е.Островерхов., Ю.Бомаш., Д.Н.Лубоцкий.
Оперативная хирургия и топографическая
анатомия 1998г.
• Кованов В.В. - Оперативная хирургия и
топографическая анатомия – Москва.
«Медицина» 2001г.
• www.google.ru
English     Русский Правила