5.60M
Категория: МедицинаМедицина

Медициналық практикаға кіріспе

1.

БӨЖ
Пән: Медициналық практикаға кіріспе
Орындаған: Амалбек.З Әбілхан М
Қабылдаған; Тұрсынбаева Г.
Түркістан – 2023 ж.

2.

Жоспар:
• І. Кіріспе
• ІІ. Негізгі бөлім
• 1. Емдеу-сақтандыру мекемелердің
түрлері
• 2. Емдеу-сақтандыру мекемелердің
негізгі қызметі
• ІІІ. Қорытынды
• ІV. Пайдаланған әдебиеттер

3.

•Кіріспе
Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық
және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы.
Қазақстан Республикасы азаматтарының
денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен
бекітілген және Қазақстан Республикасының
19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы
өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан
Республикасы азаматтарының денсаулығын
сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған

4.

Мекемелердің амбулаториялық
түріне жатады:
Амбулатория
Медико-санитарлық бөлім
Фельдшерлік-акушерлік пункт
Емдік пунктер
Клинико-диагностикалық орталық
Диспансер
Емхана
Әйелдер консультация
Жедел-жәрдем станциясы

5.

Емдік пункт
МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі
(кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта
оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық
көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және
төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык
әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық
көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ)
көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана,
здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);

6.

7.

Емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың
және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеупрофилактикалық
шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қаб
ылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу
бөлмелері бар;
Амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік
кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін)
немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде);
амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар
бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог,
гинеколог);

8.

Диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін
ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық
мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды
емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.);;
Жоғары квалифицирленген медициналық
көмек керсететін мамандандырылған клиникадиагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы
ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);

9.

Әйелдер консультациясы - гинекологиялык
ауруларды емдеу және алдын алу ,
жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі;

10.

Жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді,
тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы
шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және
науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін;
жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға
дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық
шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

11.

Стационралық типтегі емдеу
мекемелеріне жататыны:
Аурухана
Клиника
Госпиталь
Шипажайлар
Медико-санитарлық бөлім
Хоспис

12.

Ауруханамедицина ғылымы мен техникасыны
ң соңғы жетістіктерінің негізінде
тұрғындарға жоғары квалифицирленген
көмек көрсетеді; кеп салалы және
мамандандырылған болуы мүмкін
2) Госпиталь - әскери немесе мүгедек
адамдарды емдейді;

13.

Клиника науқастарды емдеумен қа-тар ғылыми зерттеу жұмыстары және студенттерді,
дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
Шипажай-науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік
балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.

14.

Қорытынды
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория
және стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады:
амбулаториялар, емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер,
диспансерлер, консультациялар, жедел жәрдем станциялары.
Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар,
клиникалар, госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хоспистер.
Емдеу және алдын-алу жұмыстарының сапасын жоғарлату
мақсатында емханалар амбулаториялармен және стационарлармен
бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы дәрігерлердің
біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды қамтамасыз
етудің сапасын жақсартады.

15.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. “Мейірбике ісінің негіздері” С.Қ. Мұратбекова
2. “Сестринское дело” И.В. Яромич
3. http/www.google.kz
English     Русский Правила