1.05M
Категория: ЭкономикаЭкономика

Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде

1.

Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару
объектісі ретінде
Дайындағандар: Абдижалилова Асел
Батырханова Гульназ
Құрмантаева Фариза
Сидагали Мадина

2.

Аймақтық экономиканың зерттеу объектісі, аты айтып
тұрғандай – “аймақ” болып табылады. “Аймақ” сөзі әр түрлі
мағынада өте жиі пайдаланылады.
Аймақ сөзімен – өнірістік күштерін дамытуға бағытталған
және әр келкі немесе біркелкі табиғи жағдайы бар ірі
территориялы жер түсіндіріледі.

3.

Экономикалық және географиялық әдебиеттерде аймақ деп әр түрлі
территорияларды айтады:
1) бүкіл әлем елдері – макроаймақ;
2) бір мемлекеттің аумағы – мезоаймақ;
3) мемлекет ішіндегі аймақтар – микроаймақ.

4.

Аймақтық экономика бір мемлекеттің аймақтарын, сонымен қатар
өндіріс күштерінің орналасуын және басқа елдердің аймақтық
саясатын оқытады.
Экономикалық интеграцияның даму үрдісі аймақтық экономиканың
халықаралық дәрежеге шығуына жағдай жасайды.
Аймақтық экономикада мынандай мәселелер қарастырылады:
• мемлекеттің аймақтық саясаты;
• экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық жоспарларын
жасау және жүзеге асыру;
• мамандандырылудың тиімділігі және аймақтардың кешенді дамуы;
• экономикалық аудандастыру;
• аудандық жоспарлау;

5.

6.

7.

Аймақты шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде түсіну
үшін оның ерекшеліктері мен басқарудың басқа да объектілерінен
айырмашылығын анықтап, экономикалық өмірдің мұндай құбылысын
қоғамдық еңбек бөлінісі ретінде қарастыру керек.
Жалпы, еңбек бөлінісі әлемдік, қоғамдық және аумақтық болып
бөлінеді. Әр елдің аймақтық, экономикалық әлуетінің рөлі мен мәнін
тереңірек түсіну үшін, сонымен бірге басқа басқару объектілеріне
қарағанда оның экономикалық өміріндегі қоғамдық еңбекті бөлу
құбылысына көңіл аудару аса маңызды. Ол арнайы өндіріс түрлеріндегі
адамның оқшауланған іс-әрекетінің жеке адамға, өндіріске, аумаққа,
елге бекітілген өндіріс түрлері мен қоғамның өндіргіш күштерінің даму
шарттарын білдіреді. Әлемдік тәжірибе қоғамдық өндірістің кемелдену
деңгейі қоғамдық еңбекті бөлу деңгейімен анықталатынын растайды.

8.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндірістің дамуының
аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге қол
жетпейтіні белгілі. Сол себепті еңбекті аумақтық және салалық бөлу
қағидаларының мынадай басты бағыттарға негізделуі керек:
• салалық өндірісті аумақтың шикізат, энергия және еңбек ресурстарына
жақындастыру негізінде өндірістік күштерді орналастыру;
• экономикалық мақсатқа лайық салалық өндіріс сфералары қарым-қатынасы
тиімді болуы үшін өндірісті тұтынушыға жақын орналастыру;
• аймақты мамандандыру және олардың алдында тұрған әлеуметтік
мәселелерді шешудің материалдық негізі ретінде өндірісті және оның жеке
салаларын аумақтарға шоғырландыру;
• аймаққа (қалада, ауданда, ауылда) шикізатты дайын өнімге дейін жеткізетін
өндірісті комбинациялау.

9.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
YESSENOV
UNIVERSITY
English     Русский Правила