ESIL UNIVERSITY Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік. Лектор: Ph.D, қаумд. профессор Алтынбеков М.А.
Жоспар:
Тәжірибелік сабақты төмендегі әдістер арқылы өткізу:
КЕЙІСТІК ӘДІС БОЙЫНША
Аңдатпа
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
531.00K
Категория: МенеджментМенеджмент

Басқару есебі туралы жалпы түсінік. Тақырып 1

1. ESIL UNIVERSITY Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік. Лектор: Ph.D, қаумд. профессор Алтынбеков М.А.

2. Жоспар:

1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.
2. Жауапкершілік есебі (шығындар орталығы,
пайда орталығы және инвестицияорталағы).

3. Тәжірибелік сабақты төмендегі әдістер арқылы өткізу:

1.
Кейс әдіс (әрбір студент тақырыпқа байланысты өз
ізденістерін және жаңалықтарымен таныстырады);
2. Оқытушы студент (оқытушы орнына студенттің сабақ
жүргізу әдісі).

4. КЕЙІСТІК ӘДІС БОЙЫНША

1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.
2. Жауапкершілік есебі (шығындар орталығы,
пайда орталығы және инвестицияорталағы)..

5. Аңдатпа

Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең
алдымен
кәсіпорынның
ішкі
операцияларында
қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын,
менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге
жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық
пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа
тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы
пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда,
басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің
мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы
болып табылады.

6.

1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.
Басқару есебінің ең бірінші негізгі мақсаты
акпараттың жиынтығы және жан-жақтылығы, ол
басқару өндірісінде дұрыс шешім қолдану үшін
қажет.
Басқару
шешімін
қолдану
альтернативтік
қимылдық
салыстырмалы
нұсқасын
және
оптимальдігінің таңдауын көрсетеді.
Өнеркәсіп дұрыс шешім қабылдау үшін барлық
альтернативті варианттар бойынша болашақта
болатын шығындар туралы мәлімет болуы керек.
Басқару есебі - экономикалық субъектіні
жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу
мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару болып
табылады.

7.

Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті ісқызмет
процестеріне
тығыз
байланысты
методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар,
мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен
өндірістің
пайдальшығын
бағалау
сияқты
аспектілерге байланысты шығындарды басқару
есебіне аударылады.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді,
мөлшерлеуді,
жоспарлауды,
бақылауды
және
кәсіпорынның болашақ даму мәәселелерін үйлестіру
мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты
жүйелендіретін таллдауға есеп жүйесін біріктіріп
кірістіру (интеграциялау) болып табылады.

8.

өндірістің шығынсыздығын сұраптау
Оперативті
к есептер:
Басқару
есебінің
мәліметтер
ін
қолданған
кезде
мынандай
мәселелерд
і шешуге
болады:
өнімнің шығымын, ассортиментін (түрін),
жыл көлемін жоспарлау
баға туралы шешім қабылдау
Болашақта
шешілетін
сұрақтар,
олардың
ұзақ
мерзімді
стратегиял
ық маңызы
бар
қаржылық туралы шешім қабылдау
бизнестің структуралық түрін өзгерту
жаңа өнімді шығару туралы шешім
қабылдау

9.

Басқарушылық
бақылау
жүйелерінің екі
негізгі
ерекшелігі
Біріншісі – нысандандырылған жоспарлау процесі,
ол смета жасау мен ұзақ мерзімді жоспарлау
үлгісінде көрсетіледі. Бұл процесстер қызмет етудің
шынайы көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік
туғызатын есептеу базаларын орнату үшін
қолданылады.
Екіншісі – жауапкершілік орталықтарын ашудың
көмегімен жүзеге асатын жауапкершілік есебі.

10.

2. Жауапкершілік есебі (шығындар орталығы, пайда
орталығы және инвестицияорталағы).
Қазіргі уақытта құрылымдардың басым бөлігі басынан
кешіріп отырған қиын сыртқы жағдайлар олар үшін
орталықандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік
бермей отыр.
Орталық кеңсенің менеджерлері үшін ұйымның барлық
деңгейлеріне арналған нақтыланған жоспарларды анықтау
үшін барлық релевантты ақпараттарды алып, жеткілікті
уақытқа ие болу өте қиын.
Сол
себепті,
компаниялар
үшін
ұсақтарын
есептемегенде әдетте орталықсыздандырудың басқа
деңгейі қажет болады. Ұйымдар орталықсыздандыруды
жауапкершілік орталықтарын құру арқылы жүзеге
асырады. Жауапкершілік орталығына орталық менеджері
сол бөлімшенің жұмыс істеу көрсеткіштері үшін өзі жауап
беретін компания бөлімшелері деген анықтама беруге
болады. Жауапкершілік орталықтарының төрт негізгі түрін
бөліп алуға болады:

11.

шығындар мен шығыстар
орталықтары
түсімдер орталықтары
Жауапкершілік
орталықтарыны
ң төрт негізгі
түрін бөліп
алуға болады:
табыстар орталықтары
инвестициялық орталықтар

12.

Жауапкершілік
орталықтары
қаржылық
нәтижелерді бақылап, ақырғы нәтижені ұйымның
нақты
қызметкерлерімен
байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Жауапкершілік есебінің мақсаты – қызметтің
мақсаты етіп қойылған көрсеткіштерден (әдетте,
сметадан) ауытқуларды тауып, оған орталықтардың
қайсысының жол бергенін анықтау үшің әрбір
жауапкершілік орталығына қатысты шығындар мен
түсімнің көрстекіштерін жинау.
Әрбір жауапкершілік орталығы үшін бұл
процессте қызметтің мақсатты көрсеткіштерін
белгілеу, оны өлшеу, шынайы көрсеткішті
мақстатты көрсеткішпен салыстыруауытқуларды
сараптау және ауытқулар елеулі болған жағдайда
түзету шараларын қолдану қарастырылған.

13.

Пайда және инвестиция орталықтары үшін
мақстатты қаржылық көрсеткіштер пайда мәнімен,
инвестицияға түсімдермен немесе экономикалық
жағынан елеулі қосылған құнмен көрсетілсе,
шығын орталықтары үшін мақсатты көрсеткіштер
шығын бірліктерімен көрсетіледі.
Жауапкершілік
есебі
белгігі
уақыт
аралықтарынан кейін (әдетте айына бір рет) үнемі
жасалатын есеп беру арқылы жүзеге асырылады.
Онда
жауапкершілік
орталықтарының
менеджерлеріне
олар
жауап
беретін
учаскелеріндегі сметадан ауытқулар туралы
ақпарат беріліп, түзету шараларын қолдану туралы
бұйрық беріледі.

14. Қорытынды

Басқару есебінің дербес оқу пәні ретінде пайда
болуы Американдық бухгалтерлер ассоциациясының
(American Accounting Association) түлектерге бухгалтер
– талдаушы квалификациясын беріп, басқару есебі
бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген
бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік
есептің қаржы және басқару есебі болып, ресми түрде
бөлінуін айқындады.
Басқару есебін қалыптастыру мен дамытуда епті
қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтериялық
қызметінен калькуциялық (басқару) бухгалтерияны
бөлу қажет болады.

15.

Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және басқару)
құру
ең
алдымен
өндірістің
ұлғаюымен,
оны
шоғырландырудың
өсуімен,
капиталды
орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондайақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен
байланысты болып келеді.
Басқару есебі жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі
кәсіпорынның басқарушыларының басқару шешімдерді
қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан
жинақталған ақпараттардан тұрады.

16.

-басқарушыға
жедел
басқарушылық
шешімді қабылдауда ақпараттық көмек
көрсету;
Осыдан
басқару
есебінің негізгі
мақсаты
төмендегiлерд
ен тұрады:
-кәсіпорынның экономикалық тиімділігін
бақылау, жоспарлау және болжау;
-баға белгілеу үшін базалық негізін жасау;
- кәсіпорынның дамуын ең тиімді жолдарын
таңдау.

17. Қолданылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:
1.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от
28.02.2007г. № 234-III.
2. Әлиев М.Қ, Алтынбеков М.А., Түсібаева Г.С., Юсупов Ұ.Б.
Есенбаева А.Е. Басқару есеп.- Астана: ҚазЭҚХСУ, 2017.-240 бет.
3.Әлиев М.Қ, Алтынбеков М.А., Түсібаева Г.С., Юсупов Ұ.Б.
Есенбаева А.Е. Қаржылық есеп.- Астана: ҚазЭҚХСУ, 2016.-296 бет.
4.Әлиев М.Қ, Алтынбеков М.А. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп:
Оқу құралы. – Астана: ҚазЭҚХСУ, 2015.- 280 бет
5.Әлиев М.Қ, Алтынбеков М.А., Түсібаева Г.С., Юсупов Ұ.Б.
Есенбаева А.Е..- Шағын және орта кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
пен салық есебін ұйымдастыру Оқу құралы: Астана, 2016.- 288 бет.

18. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік.
2. Жауапкершілік есебі (шығындар
орталығы, пайда орталығы және
инвестицияорталағы)..

19.

Назар қойып
тыңдағандарыңызга
рахмет!!!
English     Русский Правила