749.21K
Категория: ПсихологияПсихология

Мінез туралы жалпы түсінік

1.

Мінез
Әлеуметтік ғылымдар магистры, аға
оқытушы Бапаева Сая Тлектесқызы

2.

Мінез
Сабақтың жоспары
• Мінез туралы жалпы түсінік
• Ұлттық мінез
• Мінез және темперамент

3.

Мінез
• «Мінез» гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мағынасы- із қалдыру.
• Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен
ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әр қилы
жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез
ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен,
адамның бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің
көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойының
тереңдігі мінез
ерекшеліктеріне жатпайтынды.
• Мінезді классификациялауға алғаш қадам жасаған Платон болатын. Ол мінездің
типологиясын этикалық принциптерге сүйене отырып жасады.
• Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында
тұңғыш рет
сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. ІУ-ІІІ ғғ). Бірақ ол
мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Алғашқы кезде мінез
адамның әлеуметік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген.
• ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара
адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.
Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, орыс медигі әрі педагог П.Ф.
Лесгафт ерік қасиеті деді.
• И. Кант (18 ғ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда
болатын қасиет деп анықтады.
Сонымен қатар ол
адамның даралық
қасиеттеріндегі
туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайа болатын
ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Мінез жөніндегі осында йекі түрлі көзқарас әлі
күнге өзара тартыс туғызып келеді.

4.

Мінез
Аристотельдің шәкірті, ежелгі грек философы
Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді
жүйелеп, мінездің 30 қасиетін көрсеткен,
мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б.
Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты
арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter –
қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен,
француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696)
ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның
қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса
типтік қасиеттерін сипаттаған. Психологияның
басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп
есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің
мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын
қарастыратын психология ғылымының бір
саласы – мінезнаманы жасады.

5.

Мiнез мәнi

6.

Мінездің физиологиялық негізі
• Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс
беріп отырады. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік
физиологиялық
механизмі бар.
Сондай механизмдердің бірі
динамикалық
стереотип – жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі.
Бұл – жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу
жүйесі. (Шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі).
Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі
қызметіне байланысты.
Бұл нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес
орталық жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында.
• Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын
алатын жайт - жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы
құбылыс. И.П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне орай
адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі:
• 1. Ойшыл тип – бұл негізінен сөзбен байланысты екінші
сигнал
жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
• 2. Көркем тип бірінші сигналдық
шартты рефлекстің
басымдылылығы.
• 3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық
көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады.

7.

Мінездің құрылымы мен қасиеттері
• Адам мінезінің
құрылымы әрқилы
қасиеттердің
жиынтығынан тұрады.
• Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді,
өзара байланысты болып келеді.
• Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір
тұтас бірлікті мінез құрылымы дейді.

8.

Мінездегі қасиеттер жүйесі
Психологияда мінез топтастырылып мынадай
төрт түрлі
жүйеге бөлініп қарастырылады:
• 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік,
адалдық,
жауапкершілікпен
қарау,
жалқаулық,
немқұрайдылық т.б.
• 2.
Ұжымға,
адамдарға
қатысты
ққасиеттері:
қайырымдылық,
сергектік, талап қоюшылық, асқақтық,
менсінбеушілік.
• 3. Өзіне-өзінің
қатынасы: өркөкіректік, , даңғойлық,
тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық,
кішіпейілдік.
• 4. Заттарға қатысты: ұқыптылық,
салддыр-салақтық,
заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы.

9.

Мінез құрылымындағы қасиеттерге
келетін болсақ:
1.
Мінезің тереңдігі. Бұл қасиет
адамның қоғам
талаптарына орай
көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген
қатынасын білдіреді.
2. Адамны ңжеке басының белсенділіг. Бұл қасиет мінездің
күші.
Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және
нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінезддің тұрақтылығының
ауытқымалығы мен
бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әр түрлі
қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен
бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.

10.

Мінездің қалыптасу заңдылықтары
• Мінездің жекелеген қасиеттері
адамзаттың
сыртқы
ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасында
байқалады.
• Адамның
өзінің материалдық
мұқтаждықтарын
қамтамассыз етуі, жұмыссыздығы не болмаса болашаққа
деген сенімділігі немесе сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік –
мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Әрбір
адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.
• Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып,
дамиды. Отбасындағы климаттық ахуал балалардың
мінезінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.

11.

Мінез туралы түсінік
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның
өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы
өзгешелік.
Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын
типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық
ерекшеліктердің бірлігі

12.

Мінез бітістерін топтастыруға болады:
Адамдардың басқаларымен қатынасын білдіретін мінез бітістері
Адамгершілік, қайырымдылық, адалдық
Қатыгездік, тұйықтық, зымияндық
Еңбексүйгіштік, құнттылық, салақтық, тиянақсыздық,
кертартпалық

13.

Адамның өзіне - өзі қатынасын
білдіретін мінез бітістері
Кішіпейілділік,
қарапайымдылық,
өзін өзі сынай алу, талап қоя
білушілік
Өр
көкіректік,
мақтаншақтық,
жасқаншақтық

14.

Адамның өзін өзі меңгере алу қабілетіне
орай қалыптасқан мінез бітістері
ІІ топ
Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп
атайды.
Ерік сапалары
кушті
әлсіз
Батылдық
Шыдамдылық
Тәртіптілік
Жинақылық
ерлік
Иланғыштық
Қыңырлық
Ұстамсыздық
жүрексіздік

15.

Типтік мінез бітістері
Отансүйгіштік, мақсаткерлік,
борыш пен жауапкершілік,
мейірімділік пен ізгілік, адалдық пен
шыншылдық, достық

16.

Мінез және темперамент
• Мінез бен темпераменттің өзара байланысы
олардың
физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің
типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен
анық байқалады. Мсалы, сангвиник басқалармен қарымқатынаста әңгімені бірінші бастайды, ал флегматик керісінше
өзін-өзі тежеп,
әңгімені тыңдадуға ықыласты болады.
Сангвиниктер бөтен адамдармен тез танысын кетеді, оның
таныстары өте көп болады, бірақ олардың барлығымен
бірдей қарым-қатынас жасамайды, кейбірін тіптен тез ұмытып
та қалады. Темпераменттер адамның
ұнамды және
ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады.
• Түлі іс-әрекеттің жүзеге сауы адам мінезінддегі қылықтар
мен икемділікке байланысты. Өйткені адам іс-әрекет үстінде
түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалай да жеңіп шығу
тәсілдерін іздестіреді. Бұл адамның жағымды мінезін ұнамды
қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады. Оның түпкі мәні адам
бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала
кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.

17.

Психогеометриялық тест

18.

• Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
• Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
• Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені
ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік,
фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық,
сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл,
шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
• Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй»,
ерегеспе, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды
созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

19.

• Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына
бағытталу, дегеніне жету.
• Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен
күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне
деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық,
батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары
еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы,
тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
• Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен
жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық,
шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл
аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне
жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа
бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

20.

• Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру,
басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне
бермеу, проблемадан қорқу…
• Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға
жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан
қашқақтайды;
• Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік,
тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық,
өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңілкүйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын
жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа
достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу
(«рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш,
жарақаттанғыш, жол апатына түскіш.

21.

• Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік
(гармония) символы.
• Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы
қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі
өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш,
ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені
түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік,
өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда
батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік,
күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп.
Шеңбер – жақсы психолог!
• Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік,
меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне
бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі
төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

22.

• Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа
фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
• Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше,
айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр,
өзгерістерді қажетсінуі, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің
идеяларымен қанағаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу,
жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, еркіндік;
• Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңілкүйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы,
экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді
ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа
болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс
жағынан салақтық.

23.

Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)

24.

Саусақтарыңызды бір-бірімен
айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас
бармағы сол қолыңыздың
бас бармағының үстінде
жатса, параққа «2» деп
жазыңыз, егер сол қолыңыз
үстіде жатса - «1».

25.

Бір көзіңізді жұмып, кез келген
нысанаға дәлдеп көздеңіз
Егер сол көзіңіз ашық
қалса, «1» санын жазыңыз,
егер оң көзіңіз ашық қалса «2».

26.

Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай
қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз
саусақтары оң
қолыңыздың үстінде
жатса, «1» санын жазыңыз,
егер оң қолыңыз үстіде
жатса - «2».

27.

Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз
үстіде болса - «1», егер
оң қолыңыз болса, онда
«2».

28.

Қорытындысын сандардың орналасу
тәртібі бойынша анықтаңыз:
• «2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты,
біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
• «2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық,
тартыншақтық.
• «2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып
кетеді.
• «2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы
мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
• «2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық
адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері
жұмсақ.

29.

• «2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан,
мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін
салқынқанды ұстайды.
• «2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың
ықпалына ұшырап тұрады.
• «1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
• «1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды
шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына
көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
• «1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
• «1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және
қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы
көп, бірақ уақыты жете бермейді.
• «1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне
шығармашылыққа бейім адамдар.
• «1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа
өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл,
дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір
сүруге кедергі емес.
• «1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған
мақсаттарына жетеді.
• «1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды,
бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
• «2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай
және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

30.

“ Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты”
(Әл-Фараби)

31.

Назар қойып тыңдағандарыңызға
рақмет!
English     Русский Правила