Похожие презентации:
Сот медицинасындағы оқ қару жарақаттары
1.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетіСӨЖ
Тақырыбы: Сот медицинасындағы
Оқ қару жарақаттары
2.
Жоспары:Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқ тигендегі жарақаттар
Оқ жарақаттарының түрлері
Оқ жарақаттарының диагностикасы, зерттеу әдістері
Ату аралығын анықтау
Атылған қаруды анықтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың,жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюлдер, тұтандырғыштар,
детонаторлар) жарылуынан бастап алынатын қарудың барлық түрінен салынатын
жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады
Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық
жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық,
химиялық, термиялық әсерден пайда болады.
Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған
дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек)
мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты.
4.
Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардыңсипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған
қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан
жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап
қайтаруына тура келеді. Ал оқ тигендегі жарақаттардың сипаты көптеген
себептерге, бірінші кезекте қару мен оқ-дәрінің ерекшеліктеріне байланысты
болады.
5.
Түрлері1.
Тесіп өткен жара (сквозное)-кіру және шығу жарасы бар,олар бір бірімен жара каналы
(раневой каналар) арқылы байланысады. Бұл жарақат типі оққтың үлкен кинетикалық
энергия себебінен немесе жарақат дененің жіңішке бөліктерін болмаса тек жұмсақ тінді
зақымданғанда пайда болады.
2. Соқыр жара(слепоеранение)деп оқтың адам денесінде қалып қою салдарынан пайда
болатын жарақат түрін айтады. Бұл көбінесе кинетикалық энергия аздығынан, бастапқы
жылдамдықтың аз болу себебінен, оқтың ұшу бағдарының тұрақсыздығынан, конструкциялық
ерекшеліктеріне байланысты тіннің тез бұзылысына әкеледі. Тағы бір ерекшелік ол зақымдау
объектісіне дейінгі алыс қашықтықтықтан пайда болады.
3. Жанамалы жарақаттар(Касательные ранения)-оқ денеге кірмей тек ашық жара каналын
түзіп,ұзарған жара немесе сызат (ссадина) түрінде болады.Жараның кірген жері
домалақтанған,тері дефектісімен немесе шектелген жұлынған тері күйінде болады.Жара кіру
жерінде терең ал шығу жерінде жіңішке болады.
6.
7.
Оқ жарақаттарының диагностикасыКіру жеріне тән белгілер (признаки входного отверстия)
Кіру жерінің формасы – домалақ немесе овал тәрізді
Дефект формасы-жоғары жағында конус тәрізді, ішке қарай бұрылған
Өлшемдері – терінің дерма қабатындағы өлшем оқтың өлшемінен әрқашан
кішкентай, ал эпидермисте оқ диаметріне сәйкес
Жара шеттері –дерма қабатында ұсақ үгітілген тәрізді,кейде түзу және тегіс.
Киімдегі сызат іздері қалмайды.
8.
Зертеудің арнайыәдістері.
Гистологиялық, химиялық, спектографиялық, фотографиялық, жаныстырылған диффузиялық
рентгенолоиялық.
Гистологиялық : оқтың кірген және шыққан тесіктерін, ату аралығын, жарақат жолының бағытын анықтауға
жәрдемдеседі. Зерттеу кезінде күйе іздері , дәрі түйіршіктері , бөгде заттардың болуы.
Химиялық : күйенің , дәрі түйіршіктерінің , металл үгінділерінің болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Рентгенологиялық және спектографиялық әдістері оқ кірген тесік айналасындағы тері мен киім кешекке
қонған металл үгінділерін анықтауға көмектеседі.
Жанастырылған диффузиялық әдіс сарапшының тікелей секциялық стол жанында оқ кірген тесік
төңірегінде металл үгінділерінің болуын анықтайды. Ол үшін реактивтермен өңделген суретке түсіретін
қағаз ғана керек.
9.
Сот медицинасы мен криминалистік тәжірибеде мынадай үшату қашықтығы болады:
тақап тұрып ату;
жақын жерден ату;
алыс қашықтықтан (алыс жерден) ату.
10.
Тақап тұрып атқан жағдайда қарудың аузы денеге тіреліп тұрады. Бұл орайда:• қару денеге толық тіреліп, қысылып тұруы (толық саңылаусыз тақалу);
• қарудың аузы денеге тимей тұруы ( саңылаулы тақалу);
• қару денеге қиғаштап тірелген кезде денеге оның аузының жиегі ғана тиіп тұруы
(бүйірден тақалу) мүмкін.
Қару толық тақалып тұрған жағдайда жара жолы оқпан ұңғысының жалғасы сияқты
келеді, сондықтан атудың барлық қосымша факторлары жара жолын зерттегенде ғана
анықталады. Оқ жарақаты жолының бойынан дәрі ұнтақтары, ыстың, мылтықтың
майының, металдың іздері табылады.
11.
Егер астында сүйек болса, жара жолына кірген газ сүйектің бетіне таралып, одан бұлшықеттер мен сүйек қабығына шөгеді. Бұл орайда газ теріні көтеріп, ол қарудың аузына
қысылады да, қару аузының таңбаларын (штанцмаркалар, штамптаңбалар) түзеді.
Олардың жасалу механизмінде оқ атылғаннан кейін ізінше оқпан ішінде орнайтын
босаған кеңістіктің сорып алатын әрекеті айтарлықтай рөл атқарады.
12.
Жақын жерден ату дегеніміз денеге оқ тиіп қана қоймай, сонымен қатар оғанатудың қосымша факторларының да, мысалы, жалынның, газдың, күйенің, дәрі
ұнтағының, қару майының әсер етуі болып табылады. Қарудан алыстаған сайын
қосымша факторлар оқтың бағыты жағына қарай кеңейе беретін конус түрінде
жайыла түседі. Атқан кезде оқпан аузынан от шығады. Оның себебі – толық
жанып үлгірмеген дәрі ауадағы оттегімен түйіскен кезде жарылыс болады
13.
Алыс қашықтықтан (алыстау жерден) атқан жағдайда денеге оқтың өзі әсер етеді, алқосымша факторлар табылмайды. Қолға алып жүретін ұрыс қаруы үшін аралық 1 м- ден
асса, ол сондай қашықтық болып табылады, сондықтан да бұл алыстау қашықтық деп
те аталады. Ал нақты алыс қашыққа келетін болсақ (10 немесе 100 м), оны денені сою
деректері бойынша анықтау мүмкін емес тәрізді. Кейде алыс қашықтықтан (1 м-ден
1000 м-ге дейін) атқан жағдайда да оқтың кірген тесігі айналасына күйе жұғып
қалғанын аңғаруға болады.
14.
Атылған қаруды анықтауОқ – дәрі түйірлерінің пішіні
мен көлемі бойынша, өйткені
қарудың жекелеген түрлерінің
патрондарында оқ дәрінің
белгілі бір түрлері болады
Қару аузының таңбасы
(штанцмарка) бойынша,
өйткені қарудың әрбір
түрінің өзіне тән таңбасы
болады.
Оқ бойынша, өйткені қарудың әрбір
түріне арнаулы патрондар мен оө
түрлері сәйкес келеді.
Алайда қарудың басқа түрінің
патрондарын пайдаланып атуға,
мысалы, калибрлі ұқсас тапанша
патрондарын салып, револьвермен
атуға болатынын ескеру керек
Оқ жарақаты мен сүйек
зақымдануының көлемі бойынша.
Оқ жарақаты көлемінің оқ калибріне
дәл сәйкес келмейтінін есте ұстау
керек, өйткені оқ атылған сәтте
терінің созылып, одан соң жиырылуы
себепті терідегі оқ кірген тесік әдетте
оқтың калибрінен едәуір тар болады.
Жарақаттардың сипаты бойынша.
Мысалы, бір-біріне жақын және
бірінен кейін бірі белгілі ретпен
орналасқан көптеген оө жарақаттары
болғанда автоматты қарумен жарақат
салынды деуге болады.
Оқтың тесіп өту қабілеті бойынша.
Мәселен, бастың сүйегі мен миының
зақымдануы қаруды тақап тұрып
немесе жақын жерден винтовка,
карабин, аңшылық мылтық сияқты
қуатты қарумен атқандықты көрсетеді.
15.
Атылатын қару және оқ-дәрі.Атылатын қару артиллерия және атыс қаруы болып бөлінеді:
Атыс қаруы
Артиллерия
Топтық
пулеметтер,
минометтер
спорт
Жеке
(қолға ұстайтын)
арнаулы
мақсаттағы
шағын
калибрлі
винтовкалар,
тапаншалар,
револьверлер
ұрыс
винтовкалары,
карабиндер,
тапаншапулеметтер,
тапаншаларп
мен
револьверлер
дабыл беретін
тапаншалар –
ракета
атқыштар, старт
тапаншалары
16.
Атылған кезде оқпаннан оқтан басқа да заттар атылыпшығады. Олар мыналар:
Қызған газдың ауадағы
оттегімен реакциясынан
түзілетін жалын
Газ
Ыс
Жанып кеткен және шала
жанған тығындар
Оқпан ұңғысынан, оқтан,
гильзадан ұшқан металл
бөлшектер
17.
ҚорытындыМедицина ғылымы бола отырып, сот медицинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот
медицинасы бір-бірінен алыс жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Өз алдына дербес
медицина ғылымы бола отырып, ол қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарау кезінде сот
әділдігі органдарында туындайтын медициналық, биологиялық мәселелерді шешіп береді.
Сот медицина тәжірибесінде пайдаланылатын зерттеу әдістері мен тәсілдерінің
санының барған сайын көбейе түсуі неғұрлым тереңірек негізделген және объективті
қорытындылар беруге мүмкіндік туғзып отыр.
Бұл жұмысты жазу барысында қалай атылатын қару және оқ дәріні анықтайтынын, оқ
тиген жарақатқа диагноз қоюды, ату аралығын анықтауды және оқ жарақатының ретін
анықтауды түсіндім, білдім. Және оларға сараптамалық баға беру мәселелері жайында
талдайды.
18.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміҚ. Қаракөбенов Қ 41 Сот медицинасы: Оқулық. - Алматы: «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» 1996. – 320 б.
Жетпісбаев Ғ.А., Османова Г.Ж. Ж 56 Сот медицинасы: дәрістер жинағы. – Алматы:
«NURPRESS» баспасы, 2011. – 256 б.
Ю.И.Пиголкин Сот медицинасы 2017.
Youtube.com
Google.com