Похожие презентации:
Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері. 10-дәріс
1.
10-дәріс. Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құруерекшеліктері.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік ерекшеліктері.
2.2. Бизнес-жоспарға қысқаша түсінік және оның
кәсіпкерліктегі орны.
инновациялық
2.3. Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе.
2.
Қазақстан Республикасында инновациялық кәсіпкерлік белсенді дамыпкеледі. Экономикалық жүйенің инновациялық кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең
маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз
қызығушылығымен әрекет ете отырып, инновациялық кәсіпкер біздің
қажеттілігімізді жоғары деңгейде қанағаттандырады, біздің өмірімізді
гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды.
Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық
субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін
білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен
байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу,
өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі
ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, инновациялық
кәсіпкершілік
нарықтық
жүйе
жағынан
ықпалын
көреді,
нарық
экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен
тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.
Инновациялық кәсіпкерлікті де азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік
жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан
және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі
мүліктік
жауапкершілікті
көздейді. Қазақстан азаматтары
мен
шет
мемлекеттердің азаматтары,сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік
субъектілері болып табылады.Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе
жалдамалы еңбекті қолданып,заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып
жүзеге асырылады. Жалдамалары еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын
кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркелді,жалдамалы еңбекті қолдану
жолымен жүзеге аасырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Инновациялық кәсіпкерлік ерекшеліктері.
Инновациялық кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым ерекше
жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – инноватормен
байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады ,
тәуекелдікке бас тігеді. Оның мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы
қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тиым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне
ақы төлеу нысана, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке
3.
табысқа салық салынуға тиіс . Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларғазаңнамалық актілерді тиым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық
делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер,
сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке
жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және
ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті
мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін
қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң
жүзінде баянды етіледі.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің
пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға
негізделу.
Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды,
технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына
жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз.
Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі бойынша неғұрлым жоғары
рейтингті тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары, машиналар менқұралжабдықтардың өндірісі мен электроникалар өндірісі алады. Тамақ өнеркәсібінің
кәсіпорындары Қазақстанда үнемі шетел құрал-жабдықтарын, технологияларын
қолданудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ал машина құрылысы
толығымен жоғары инновациялық белсенділікпен сипатталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің
жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі.
Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
2.2. Бизнес-жоспарға қысқаша түсінік және оның инновациялық
кәсіпкерліктегі орны.
4.
Бизнес-жоспар - жаңа кәсіпкер мен оның бизнесіне арналған жолкартасы. Негізінде бизнес-жоспар 3-5жылға құрылады және компания бизнесін
дамыту бағыттары анықталады. Бизнес-жоспар мынандай негізгі сұраққа жауап
береді:
• нені өндіру керек;
• қашан өндіру керек;
• бағаны қалай тағайындау керек;
• қалай жарнамалау және сату керек.
Жақсы құрылған бизнес-жоспар бизнес үшін құрғыңыз келген
негіздеменің беріктігін қарастырады. Бизнес-жоспар табысты кәсіпорынды
басқарудың барлық элементтерін алдын-ала ескеруді есептетеді. Бұл сізге
алғашқы жылдары өз табысыңызды бақылауға көмектеседі. Егер сіз өз ісіңіз
үшін қаржыландыру көздерін іздесеңіз,бизнес-жоспар ажырамас бөлім болып
табылады. Ол сіздің әлеуеттік мүмкіншілігіңізді және қаржылық
қажеттілігіңізді көрсетеді.
Бизнес-жоспардың компоненттері. Бизнес-жоспар үшін белгіленген
қатаң үлгі жоқ болса да, ол келесі тараулардан тұрады:
1. Қысқаша мәлімет
2. Компания сипаттамасы
3. Нарық сараптамасы (өнеркәсіп, сектор, бәсеке сараптамасына бөлуге
болады)
4. Ұйымдастыру және басқару
5. Өнім немесе қызмет бағыты
6. Маркетинг және сауда
7. Қаржыландыруға сұрау жасау
8. Қаржы жағдайының болжамы
9. Қосымша
5.
2.3. Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері.Біріншіден, инновациялық кәсіпкерлікте бизнес жоспар - негізінен сырттан
инвестиция тарту үшін құрылады.
Сондықтан, инновациялық бизнес жоспар тек нарық пен бизнесті
сипаттаумен шектелмей, кәсіптің болашақта жоғары табыс алып келетіндігін
дәлелдеуі тиіс.
Инновациялық бизнес-жоспар схемасы:
Инновациялық бизнес-жоспар формуласы: ақша-тауар-ақша+табыс.
Инновациялық
ерекшелігі:
бизнес-жоспардың
кәдімгі
бизнес-жоспардан
басты
- Тұрақтылыққа сендіру немесе негіз болу - себебі инновациялық
бизнестің тәуекелділігі де осы белгісіздігінде жатады.
- Топ мүшелерінің сипаты, олардың тәжірибесі.
- Мүлік гарантиясы.
Инновациялық бизнес-жоспарға қойылатын талаптар:
- Инновациялық бизнестің нарықтық бәсекеге шыдамдылығы;
- Инвестицияның баламалы қаржы көздеріне қатысты салыстырмалы
сипаты.
- Кәсіпті бастауға және қолдауға венчурлік инвестордан қашанға және
қанша ақша керек?
6.
- Кәсіптің қаржылық жағдайы және перспективасы.- Техникалық, коммерциялық тәуекел ықтималдылықтары және оларды
шешу жолдары.
Инновация бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:
- Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
- Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
- Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
- Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
- Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
- Стратегияны таңдау.
- Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды
(жоспарлаудан басқа):
- орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
- бақылау.
Инновациялық бизнесті жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен
технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін
анықтау төрт кезеңнен тұрады:
• Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
• Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
• Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізудегіэкономикалық тиімділікті бағалау;
• Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. Кәсіпкерлік өндіріс
жағдайында
экономикалық
тиімділікті
анықтау
кезінде
мыналар
пайдаланылады: өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда,
бөлшек сауда бағалары және тарифтер; қолданыста заңды түрде белгіленген
өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативті
7.
төлемдер;қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы жәнеорталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін
жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі
кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшервалюталық түсімдерді қайта
есептеу нормативтері, т.б.
3. Қорытынды.
Қорытындылайтын болсақ, инновацияны дамыту бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе кәсіпкерлік қызметтің
субъектілерінің дамуы мен өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді.Қазіргі
кәсіпкерлік қызметті дамыту проблемалары кешенді түрде қарастырылған:
нарықты кешенді зерттеу, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар,
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің қалыптасу және даму
кезеңдері анықталған, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің
рөлі қарастырылған. Мұнда кәсіпкерлік қызметпен атқарылатын функциялар:
экономикалық ресурстарды рационалды пайдалану, кәсіпкерлік қызметті тиімді
ұйымдастыру, жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздері мен инновацияны
енгізу, шығын көлемін төмендету жолдары зерттелген.
И.Шумпетер кәсіпкер болу – ол басқалар істемегенді істеу және басқалар
істемегендей етіп істеу деп текке айтпаған.
Жалпы экономикалық прогресс инновациялық кәсіпкерліктің дамуымен
байланысты. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық кәсіпкерлік –
шаруашылық қызметтің ерекше түрі болып табылады. өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – жаңашылдық экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит
кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал
етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліңтің теориясы мен тәжірибесіне деген
мүдделілік өсіп отыр.
4. Пайдаланылған әдебиеттер:
• "Бизнес бастама" порталы.
• "Молодой ученый" порталы.
• "Студенческий научный форум" журналы
8.
• https://mylektsii.ru/7-34006.html• https://malimetter.kz/