2.42M
Категория: БизнесБизнес

«Кәсіпкерлік және бизнес» пәні

1.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Экономика және кәсіпкерік» кафедрасы
«Кәсіпкерлік және бизнес» пәні
Пән оқытушысы,
PhD, доцент Исаева Бибигуль Кунтугановна

2.

Дәріс 1. Кәсіпкерлік және бизнес:
түсінігі, пайда болу тарихы
Дәріс мақсаты: кәсіпкерлік түсінігі, кәсіпкерлік
қызметтің нысандары мен негізгі түрлері бойынша
жалпы мәлімет беру
Жоспар:
1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен кәсіпкерлік
теориясы
2. Кәсіпкерліктің түсінігі және оның экономикадағы
рөлі
3. Кәсіпкерліктің функциялары және факторлары
4. Кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері

3.

1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы мен кәсіпкерлік
теориясы
Кәсiпкерлiк - Азаматтардың, қандастардың және заңды
тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру,
сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы
таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына
(жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе
мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына
(мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес,
бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел
етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылады.
(ҚР Кәсіпкерлік кодексі, 1-бөлім, 2-бап)

4.

Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан басталады. Сол кездің өзінде
купестер, саудагерлер, қолөнершілер, миссионерлер жаңа
бастаған кәсіпкерлер деп атауға болады.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
Акционерлік
қоғамдар
құрылды.
Алғашқы
акционерлік
компаниялар халықаралық сауда саласында пайда болды. Ең
алғашқысы Ресеймен сауда жасау үшін Ағылшын сауда
компаниясы құрылды (1554). Кейінірек ағылшын Ост-Үнді сауда
компаниясы (1600), голландиялық Ост-Үнді компаниясы (1602),
Гудзон шығанағы компаниясы (1670) құрылды. Алдағы уақытта
шаруашылықтың акционерлік формасы экономиканың басқа да
салаларына еніп кетті.
XVII ғасырдың аяғында алғашқы акционерлік банктер пайда
болды: Ағылшын банкі және Шотландия Банкі. XVIII ғасырдың аяғы
мен XIX ғасырдың басында банк ісін ұйымдастырудың акционерлік
формасы көптеген елдерде кеңінен дами бастады.

5.

Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисті Ричард
Контильон ХVІІ ғ - ХVІІІ ғасырдың басында ғылымға енгізген. Оның
пікірінше, кәсіпкер - тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге
асыратын адам.
Ағылшын экономист-ғалымы А. Смиттің пікірінше кәсіпкеркапиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық
идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы.
Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады, оның
нәтижелеріне иелік етеді.
Француз экономисті Ж.Б. Сэй кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс
факторының яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі
нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге
бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім
өндіруді қолға алған адам деп есептейді.
Француз экономисті А. Маршалл жоғарыда атап өткен үші өндіріс
факторына (жеп, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде
ұйымдастыруды қосты.

6.

Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер кәсіпкер түсінігін
«новатор» ретінде сипаттайды.
Кәсіпкер - жаңа технологияларды әзірлейтін новатор.
Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің төмендегі
бес түрін бөліп көрсетті:
- Жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды
жаңа сапада жасау;
- Жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа әдістерін енгізу
не болмаса сәкес игіліктерді коммерциялық пайдаланудың жаңа
тәсілін ойлап табу;
- Жаңа өткізу нарықтарын ашу;
- Шиткізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану;
- Кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа
қағидаларын енгізу.

7.

Инновациялық кәсіпкерлік - бұл техникалық және технологиялық
инновацияларды құру және коммерциялық пайдалану процесі. Әлемдік
экономикалық әдебиеттерде «инновация» ұғымы әлеуетті ғылымитехникалық прогресті жаңа өнімдер мен технологияларға енетін нақты
прогреске айналдыру ретінде түсіндіріледі.
Инновация - бұл нарықта енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнім,
практикалық қызметте немесе әлеуметтік қызметтерге жаңа көзқараста
қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде
іске асырылған инновациялық қызметтің түпкілікті нәтижесі.
Экономикалық әдебиетте инновациялық кәсіпкерліктің бес негізгі түрі бар:
- технологиялық инновациялар;
- өндірістік инновациялар;
- экономикалық инновациялар;
- сауда инновациялары;
- әлеуметтік инновациялар,
- басқару саласындағы инновациялар.

8.

2. Кәсіпкерліктің түсінігі және оның
экономикадағы рөлі
Кәсіпкерлік - тауарларды өндіру мен сатудан, қызмет
көрсетуден жүйелі түрде пайда табуға бағытталған
экономикалық қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандырумен
тікелей
байланысты.
Егер
кәсіпкердің ұсынысы маңызды болмаса, онда ол
ешқандай пайда алмайды. Кез-келген бизнес тәуекелсіз
жасай алмайды. Салынған қаражаттың кем дегенде
өтелетініне ешқандай кепілдік жоқ. Кәсіпкер кәсіпкерлік
қызметпен айналысар алдында алдымен нарықты
зерттеуі керек.

9.

Кәсіпкерліктің негізі сипаттары:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербестігі
мен тәуелсіздігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық
нормалар шеңберінде қандай да бір мәселе
бойынша шешім қабылдауда еркін.
- Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты
мақсаты - барынша пайда алу. Сонымен қатар,
өзінің жеке мүдделерін көздей отырып – жоғары
табыс алу - кәсіпкер қоғамдық мүддеге қол
жеткізуге ықпал етеді.
- Экономикалық тәуекел және жауапкершілік. Кезкелген, тексерілген есептеулерде де белгісіздік пен
тәуекел қалады.

10.

Кәсіпкерлік экономикада маңызды рөл атқарады,
себебі ол экономикалық өсу мен дамудың қозғаушы
күштерінің бірі болып табылады.
Кәсіпкерлер жаңа идеялар мен инновациялар
арқылы жаңа өнімдер мен қызметтерді жасайды,
нарыққа енгізеді, бұл өз кезегінде бәсекелестікті
арттырады және тұтынушыларға көбірек таңдау
мүмкіндігін береді.

11.

Кәсіпкерліктің экономикадағы рөлін келесідей бірнеше негізгі
аспектілерде түсінуге болады:
Жұмыс орындарын құру: Кәсіпкерлер жаңа бизнестер мен
жобалар арқылы көптеген жұмыс орындарын ашады. Бұл өз
кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі
және халықтың әл-ауқатын жақсартады.
Инновациялар мен технологиялық прогресс: Кәсіпкерлік жаңа
идеяларды, технологияларды және өндіріс әдістерін енгізу
арқылы инновациялар мен ғылыми жетістіктерді алға
жылжытады. Бұл экономикадағы өнімділікті арттырады.
Нарықтың сұранысына жауап беру: Кәсіпкерлер нарықтағы
сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеп, соларға сәйкес тауарлар
мен қызметтерді ұсынады. Бұл экономиканың тиімді жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.

12.

Жергілікті және ұлттық экономикаға әсер ету: Кәсіпкерлік
қызмет жергілікті деңгейде де, ұлттық деңгейде де
экономиканы дамытуға ықпал етеді. Ұлттық деңгейде
кәсіпкерлер мемлекеттік бюджетке салықтар төлейді, ал
жергілікті деңгейде жергілікті экономиканы қолдайды.
Бәсекелестікті арттыру: Кәсіпкерлер жаңа компаниялар мен
өнімдерді нарыққа шығара отырып, бәсекелестікті
арттырады. Бұл тұтынушылар үшін бағалардың төмендеуіне
және сапаның артуына әкеледі.
Қаржы ресурстарын тарту: Кәсіпкерлер өз жобаларын
жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады, бұл жаңа қаржы
көздерін және ресурстарды іске қосады.

13.

3. Кәсіпкерліктің функциялары және факторлары
Кәсіпкерліктің функциялары
Жалпы экономикалық функция
Ресурстық функция
Шығармашылық-ізденушілік функция
Әлеуметтік функция
Ұйымдастырушылық функция

14.

Кәсіпкерлік факторлары - бұл кәсіпкерлік функцияның
қасиеттерін іске асыру мүмкіндіктерін анықтайтын
параметрлер. Қоршаған ортаның сипатына байланысты
сыртқы
факторлар
мен
кәсіпкерліктің
ішкі
ұйымдастырылу ерекшеліктеріне байланысты ішкі
факторлар бар.

15.

Сыртқы факторлар
Кәсіпкердің нақты жағдайларын анықтайтын сыртқы факторларға
мыналар жатады:
табиғи-демографиялық факторлар - климаттық жағдайлар мен
жердің сапасы, шикізат базасы, халықтың саны мен жынысы-жасы
құрылымы және т.б., кәсіпорындардың салалық мамандануы мен
орналасуын, шығындар деңгейі мен жұмыс күшін пайдалану
мүмкіндіктерін анықтайды.
әлеуметтік-мәдени факторлар - қажеттіліктер мен сұраныс
ерекшеліктерін
қалыптастыруға,
кәсіпкерлікті
ұйымдастыру
ерекшелігі мен іскерлік этикаға, кәсіпкерлікке деген көзқарасқа әсер
ететін адамгершілік және моральдық нормалар, діни көзқарастар,
халықтың білім деңгейі.
технологиялық факторлар - елдің, ғылым мен техниканың
индустриялық даму деңгейі, технологиялардың болуы және оларды
қолдану өндірісті жүзеге асырудың сипаты мен нысандарын да,
кәсіпкерлік қызмет тәсілдерін де негіздейді.

16.

Сыртқы факторлар
экономикалық факторлар - нарықтардың даму дәрежесі, жиынтық сұраныс
көлемі, нарықтық бәсекелестік деңгейі, ақша жүйесінің тұрақтылығы, кірістер
деңгейі және оларды бөлу сипаты, жинақ деңгейі, салық саясаты және т. б. шектеулі
ресурстарды бөлу шарттары мен кәсіпкерлік белсенділік деңгейін анықтайды.
институционалдық факторлар - банк жүйесін, сақтандыру ісін дамыту, жабдықтау
және
өткізу
арналарының
дамығандығы,
нарықтық
делдалдардың
(консультациялық, заң, жарнама, көлік агенттіктері) болуы, сауда-саттық
операцияларының қарқындылығын негіздейтін және кәсіпкерлік қызметтің
мүмкіндіктерін кеңейтетін байланыс және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын
дамыту.
құқықтық факторлар - экономикалық құқықтың даму дәрежесі, экономикалық
айналым агенттерінің қарым - қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық қорғау,
кәсіпкерлік қызметтің алғышарттарын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге
оның қызмет деңгейін анықтайтын мемлекеттің реттеуші араласуының сипаты.
саяси факторлар - саяси институттардың тұрақтылығы, қоғам мен мемлекет
арасындағы қарым-қатынас сипаты, кәсіпкерліктің қоғамға және оның
идеологиясына әлеуметтік интеграциялануын анықтайтын басқару және шешім
қабылдау тәсілдері

17.

Ішкі факторлар
Кәсіпкерліктің ішкі факторларына мыналар жатады:
- нарық агенттерінің шаруашылық уәждеу және ресурстарды
пайдалануды бақылау дәрежесін айқындайтын жеке меншік
кепілдіктерін қоса алғанда, меншік қатынастарының дамуы;
- шаруашылық операцияларын жүзеге асыру
негіздейтін меншік құқығын айқындаудың анықтығы;
капиталдың
ұтқырлығын
нысандарының дамуы;
қамтамасыз
мүмкіндігін
ететін
меншік
- шаруашылық ұяшықтарын ішкі ұйымдастырудың ерекшеліктеріұйымның ауқымы;
- иерархиялық құрылымның ерекшеліктері;
- кәсіпкерлік функцияларын іске асырудың мазмұны мен
нысандарына тікелей әсер ететін ұйымды басқарудың нысаны мен
сипаты.

18.

4. Кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері
Кәсіпкерлік объектілері - неғұрлым кең мағынада
кәсіпкерлік қызмет субъектісі айналысуға құқылы
қызметтің барлық түрлерін білдіреді.
Кәсіпкерлік субъектілері: мемлекеттік кәсіпорындар, жеке
кәсіпорындар мен ұжымдық кәсіпорындар;
Қолданыстағы азаматтық заңнамада көзделген ұйымдыққұқықтық нысан тұрғысынан: жеке кәсіпкерлер,
шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, мемлекеттік
кәсіпорындар, мекемелер және т. б.;
Құқықтық мәртебе тұрғысынан кәсіпкерлік қызмет
субъектілері – заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай әрекет
ететін кәсіпкерлік субъектілері – яғни ЖК және заңды
тұлғалардың бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері)
бөлінуі мүмкін.

19.

Тапсырма
1. Лекция тақырыбы бойынша қосымша материалдар
қарастыру, яғни кәсіпкерлік түсінігінің теориялық
негізідерін толықтыру
2. Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығын зерттеп,
қарастыру
3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
4. Заманауи кәсіпкердің жалпы суреттемесі

20.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Предпринимательство: учебник / под ред. д-ра экон. наук Н.Н.
Ползуновой, д-ра экон. наук Н.В. Родионовой. — Москва:
ИНФРА-М, 2023. — 413 с. — (Высшее образование).DOI
10.12737/1852443.
2. Предпринимательство и бизнес: учебник / М.П. Переверзев,
А.М. Лунёва ; под ред. проф. М.П. Переверзева. — М.: ИНФРАМ, 2019. — 176 с. — (Высшее образование: Бакалавриат).
3. Основы предпринимательства: Бизнес-планирование: Учеб.
Пособие / О.О. Скрябин, Е.И. Таюрская, Н.О. Вихрова и др. – М.:
Изд.Дом МИСиС, 2010.–58 с. ISBN 978-5-87623-340-0
4. Есиркепова А.М. Современное предпринима-тельство: учебное
пособие / А.М. Есиркепова. - Алматы: New book, 2020. - 304, [1]
с. : ил., табл. - Библиогр.: с. 298-302.
English     Русский Правила