167.99K

Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында логистика саласын дамыту жолдары

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
ӘДЕБИ ШОЛУ
Тақырыбы: Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықта
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында логистика саласын
дамыту жолдары

2.

Алматы, 2021ж
Қазіргі жағдайда әлемдік нарықта, соның ішінде Қазақстанда логистика
қызметтеріне деген сұраныс күннен күнге өсіп, бұл қызметті ұсынатын
компаниялар арасында бәсекелестіктің жоғарылауы байқалады, нәтижесінде
кәсіпорындардың басшылары бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жаңа
даму жолдарын іздеу үстінде.
Қазақстанда логистикалық қызметтің кәсіби нарығы енді дами бастады
және
де
оның
қарқынды
дамуы
күтілуде.
М.
Зиябек
«Әлемдікдеңгейдегікөліктіклогистикалықорталықтарқұруқажеттілігітуралы» атты мақаласында «...
Қазақстанның логистика нарығы салаға инвестиция тарту тұрғысынан
тартымды. Қазақстан нарығында шетел операторларына бәсекеге қабілетті,
сапалы түрде қызмет көрсететін отандықлогистикалық компанияларпайда
болуда. Сонымен қатар Қазақстанда логистика нарығына кіругеқолдау
жасайтын инициативалардың болуы осы нарықтың перспективсы зор
екендігін көрсетеді...» деп атап көрсетеді.
Қазақстандағы логистиканың дамуының осы келешегі бар бағыты
«Қазақстан2030» жолдауында өз орнын тапқан. Ол жерде бірінші президент
Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Транспорттық ағымдар шығыстан батысқа
және керісінше тарихи біздің еліміздің территориясы арқылы өткен бүгінгі
күні де тоқтамады. Қазақстанның мақсаты отандық транпорттық
коммуникациялық кешенді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету және
біздің территориямыздан өтетін сауда ағымын көбейту».
Қазақстандағы логистика саласын дамыту жолдарына келсек, белгілі
экономист З.К Битилеуова«Қазақстан логистика саласын дамытуда Австрия
және Венгрия сияқты теңізге шыға алмайтын, Орта Азиямен белгілі бір
ұқсастығы бар Еуропа елдерінің тәжірибесін пайдалана алады, олар
дақұрлықтық жүк ағындарының орталығында орналасқан» деді.
Журналист әрі саясаттанушы Тойлыбаев С. «InvestCapitalRealty»
журналына берген сұхбатында «Қазақстанның логистика нарығын
дамытудың бір жолы - ол шекаралық одақ құру болып отыр. Онда сол
одақтың ішіндегі мемлекеттердің шекаралары ресми түрде ашық болып,
Қытай шекарасы Еуропаға жақын болады. Қазақстандағы логистика
нарығындағы негізгі жетістіктердің бірі бұл Азиядан Еуропаға дейін
созылатын жолдың салынуы. Бұл жол Қазақстаннан Ресейге және Еуроодақ
елдеріне тауарды жеткізу мерзімін қысқартады. Осы көлік жолын іске асыру
Қазақстанның тиімді географиялық орнын пайдалануға мүмкіндік береді.

3.

Сөзіме дәлел, 2014 жылы Республикамыздың сыртқы сауда қатынастары
жақсы дами бастады. Ол шикізат өнімдерін экспорттаумен қатар халық
тұтынатын тауарлардың көптеп экспортталуынаәкелді. Бұған себеп болған
Республикамыздағы логистика нарығының дамуы болып табылады» - деген
болатын.
Бұл жайлы тағы да еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев 2014
жылғы қаңтардың 17-і күні жолданған«ҚР Президентінің Жарлығында»
«Қазақстанның жылдам дамып келе жатқан экономикаларды (оңтүстікте
Үндістан, солтүстікте Ресей және шығыста Қытай) байланыстыратын
Орталық Азия транзиттік бағытында орналасуы логистикалық қызметтерді
дамыту үшін пайдаланылатын болады», - деп атап көрсеткен болатын, –
«Өңірлік ынтымақтастықты дамытуға және сауда дәліздерін пайдалануда
логистикалық шығындарды азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қазақстанды өңірдің басқа елдерімен байланыстыратын автомобиль және
теміржол инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту жүргізіледі. Атап
айтқанда, автожол және теміржол желісінің өткізу қабілеті ұлғайтылады.
Тасымалдаушылардың көлік паркін жаңарту үшін мемлекеттік қолдау
көрсетілетін болады. Логистикалық көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің
мүмкіндіктері, оның ішінде мультимодальды тасымалдар мәселелері
бойынша біліктілікті арттыру және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
есебінен кеңейтіледі».
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар
академиясының ғалымы З. Карпатов Қазақстандағы логистика саласының
дамытуды қажет ететін бірнеше проблемаларды атап өтеді. Оларды дәйесіз
ретінде келтірсем: «...ҚР логистика нарығындағы негізгі проблемаларының
біріинфрақұрылымның жоқ болуы...», «...Жолдардың тозуына автокөлік
инфрақұрылымының көп бөлігі берілген мерзімнен тыс пайдаланылуы
себеп...»,«...Республикада темір жол желісі жақсы дамымаған, темір жол
саласындағы негізгі құралдардың тозуы жоғарлауда...», «...Жылжымалы
жолаушы құрамының жетіспеуі, төмен деңгейлі қызмет көрсету және
бәсекелестіктің жоқтығы, темір жол көлігін жаңартуға және дамытуға
қаражаттың аз бөлінуі...», «...Азаматтық авиация саласындағы негізгі мәселе
халықаралық стандарттарға сай келмейтін аймақтық әуе кемелері паркінің
тозуы...»,
«...Су
көлігі
саласында
порттық
инфрақұрылымның
қуаттылығының аздығы, қызмет көрсету инфрақұрылымының нашар дамуы,
жоғары
мамандандырылған
отандық
мамандардың
жетіспеуі...»,
«...Логистика саласына инвестиция тарту қиын...» деп көрсетеді.

4.

Автомобильдерді, теміржолдарды және басқа да көліктерді қолдана
отырып, жүктерді Қазақстан бойынша, ТМД және Еуропа елдері бойынша
жеткізу қызметтерін ұсынатынн TRANSLINE компаниясының бастығы
Прохватилов А.С. айтуы бойынша: «Қазақстандық нарық Ресейден
шамамен 3-5 жылға артта қалады. Ресейде логистикалық нарықты
трансформациялау, бизнесті консолидациялау, компаниялардың ІТ
технологияларға өтуі, қойма жұмысын жетілдіру және т.б. сияқты
көптеген процестер өтті. Біздің елде мұның бәрі әлі жасалынған жоқ.
Соның өзінде бүгінгі таңда өзінде логистикалық нарықтан түсетін пайда
Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нің 8% -дан астамын құрайды. Алайда,
логистикалық қызметтердің ішкі нарығы дамығанымен, проблемалар әлі де
бар. Олардың негізгілері: ескірген көлік паркі, білікті кадрлардың
жетіспеушілігі, сондай-ақ логистикалық желі мен аймақтардағы қойма
базалары дамымаған».
Осы айтылған проблемаларды шешу нәтижесінде көптеген
жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі өте жоғары.
Шодыров Е. «National Business» журналына берген сұхбатында
қазақстандық компанияларға мынадай кеңес береді: «... компания үшін аса
маңызды шарттардың бірі логистикалық қызметтердің бағасы болып
табылады. Шетел операторында логистикалық қызметтердің бағасы жоғары,
бірақ сапасы жақсы болады. Сондықтан бағасы мен сапасының ортасын табу
керек...», - дейді ол; Сонымен қатар,«...Ірі шетел операторының логистика
нарығына келуінің кемшіліктері болғанымен, артықшылығы да өте зор. Ол
логистика нарығының дамуын тездететін ғана емес бүкіл бизнес пен жалпы
экономиканың дамуын күшейтетін халықаралық стандартқа сай
инновациялық технологиялардың келуі...» деп әрі жалпы саланың дамуына
эксперттік бағасын берсе, әрі отандық компанияларды инновациялық
соққыдан ескертеді.
Қаржылық журналист Адель ВороноваҚазақстан Республикасында
логистикалық қызметтің кәсіби нарығы дами бастауының және қарқынды
серпін алуын келесі себептерге: «... сақтау қоймалары жоқ шағын және ірі
компаниялардың А классты аутсорингтік логистика нарығына сұраныстың
жоғарлауы байқалуда...»,«...Индустриялды-инновациялық кәсіпорындардың
жаңа қоймаларының қаладан тыс жерге ауыстырылуы немесе жаңадан
салынуы...» «...Логистикалық қызметтерге сұраныстың жоғарлауы,
біріншіден, аймақтардағы А және В классты қоймаларға және олардың жеке
компаниялармен
мемлекеттің
араласуынсыз
бірігіп
салынуы...»,
«...Мемлекетте жүк айналымының жылдық өсімі логистикалық қызметтерге
сұраныспен анықталады...», «... Толыққанды логистикалық қызмет
нарығының жоқтығы, жүк тасымалы, экспедиторлық қызметтер, жетілмеген
қойма шаруашылығы сияқты логистиканың жеке элементтердің болуы...», «...

5.

Аймақтарда логистикалық қызмет нарығына сұраныс болады, ол қазіргі
заманға сай қоймалар мен терминалдар кешені жоқ аймақтардағы
компанияның логистикалық қызметінің кеңеюіне әкеледі...» байланысты деп
көрсетеді.
1. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы қаңтардың 17-і күні
жолданған «ҚР Президентінің Жарлығы»
2. Қаржылық журналист Адель Вороновамақаласы - https://kapital.kz/
economic/
36347/kazahstan-nameren-razvivat-rynoklogisticheskihuslug.html
3. М. Зиябек - «ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҚТАР ҚҰРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ»
4. Шодыров Е. Склады, вагон и маленькая тележка // NationalBusiness. —
2006
5. З.К Битилеуова, дәйексөз.
6. Тойлыбаев С. «InvestCapitalRealty» берген сұхбаты
7. Прохватилов А.С., дәйексөз.
English     Русский Правила