286.50K
Категория: ИнформатикаИнформатика

Логистиканы ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудағы заманауи бағыттар

1.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «____________ЭжБЖМ___________________»
Кафедрасы «__________Бизнес технология________________»
МАҚАЛА
Тақырыбы: Логистиканы ақпараттық қамтамасыз етуді
дамытудағы заманауи бағыттар.
Орындаған: Атаханов Бөріхан
Тексерген: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна

2.

Алматы, 2021ж
Жаһандану процесінің қарқынды дамуына байланысты логистикалық
қызметтердің заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі
бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жұмыс барысын жеңілдету үшін
стратегиялық маңызды боп саналады.
Ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету кәсіпорындағы көптеген
кедергілерді жойып, жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, оның көз ілестірмей
дамуы және жылдам өзгеріп отыруы логистикалық компаниялардың алдына
ақпараттық технологиялық бағыт таңдауда икемді болу міндетін қоюда.
Осы зерттеуде логистиканы ақпараттық технологиялармен сәтті
қамтамасыз ету арқылы толағай жетістіктерге жеткен компаниялардың
тәжірибесі қаралып, ақпараттық технологияның логистикалық қызмет
секторына ықпалы талданатын және интеграциялық дамуының заманауи
бағыттары анықталатын болады.
Зерттеудің мақсаты – логистикадағы ақпараттық тенденцияларды саралай
отырып, сала аспектісінің даму бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі – логистика сферасындағы ақпараттық технологиялық
инновациялар бағыттары.
Зерттеу пәні – әлемдік экономиканың үздік логистикалық
компаниялардың инновациялық тәжірибелері мен жаңалықтары, сонымен
қатар зерттеу институттарының мәлімдемелері.
Құрылатын гипотеза: халықаралық логистика саласындағы көшбасшы
ақпараттық инновациялық бағыттарды анықтау – заманауи кәсіпорын
табыстылығының бірден-бір кепілі.
Гипотезаға негіздеме: қазіргі төртінші индустриалды революция
жағдайында ақпараттық технологиялар барлық, соның ішінде логистикалық
кәсіпорындар мен бөлімдердің негізі болып табылады. Сондықтан
ақпараттық қамтамасыздандырудың маңыздылығын жіті бағаламаған
кәсіпорын нарықта инновациялық кәсіпорындармен терезесі тең жұмыс
жасауы мүмкін емес.
Зерттеуде қолданылған әдістер: гипотезаға аргумент боп табылатын
тарихи дәйектерді талдау; зерттеу институты ғалымдарының пікіріне сүйену;
логистика саласындағы аналитик-эксперттердің тұжырымдамаларын саралау.

3.

Қазіргі заманда, ақпараттық технологиялар (АТ) экономиканың барлық
салаларында, соның ішінде логистикада нарықтық табыстың шешуші
факторы болып табылады. Ақпараттық технология логистикада приоритетке
ие боп қана қоймай, жаңа логистикалық модельдердің қалыптасуына әкеп
соқты. Сондықтан компаниялар үшін ақпараттық технологиямен қамтамасыз
етудегі заманауи бағыттарды дұрыс таңдау – нарықта өмір сүрудің кепілі боп
отыр.
Зерттеушілер А.Гюнасекаран және Э.Нгай [10] «Шағын логистикалық
компанияны
сәтті
басқару»
кітабында
заманауи
ақпараттық
технологиялардың дәстүрлі логистикадағы кедергілерді жойып, қандай жаңа
бағыттарды қалыптастырғанын, әрі қандай қиыншылықтар алып келгенін
үрдісті түрде сипаттайды.
Логистикадағы дұрыс таңдалған ақпараттық технологиялардың
стратегиялық маңыздылығын Ренко, С., Фикко, Д. [5] өз еңбектерінде
«...логистикадағы дифференциацияның қайнар көзіне айналдыратын шешуші
факторлардың бірі – ақпараттық технология және бұл рөл технологияның
қазіргі дамуымен маңыздылығы мен әртүрлілігін арттыруда...» деп көрсетеді.
Ал Чепмен, Р.Л., Соосай, С., Кандагампули, Дж. [1] өз еңбектерінде
логистика сферасындағы ақпараттық инновациялық технологияға қатысты
әдебиеттер мен соңғы жаңалықтарға шолу жасай отырып, «логистикалық
фирмалар бизнес модельдерін жетілдіру және бәсекеге қабілетті
артықшылықтарға ие болу үшін инновациялық ақпараттық технологияны
қабылдау мен оны шығармашылықпен байланыстыруы шарт» деп атап өтеді.
Логистика сферасында ақпараттық технологияға бағытталған
жаңалықтар мен зерттеулер салыстырмалы түрде кем, оның себебі, логистика
технологияны жасап шығарушы не дамытушы емес, көбіне өзге салалардың
технологиялық жетістіктерін бейімдеуші сала боп есептелінеді [2].
Әйткенмен соңғы онжылдықта логистика ғылымының қыры
ашылмаған саласын зерделеу жақсы белең алып келеді: патенттік деректерді
саралай келе өндірістік салаларда, мысалы логистика саласындағы
электронды сауда мен қаржылық қызметтерде ақпараттық технологиялардың
дамуын зерттеулердің едәуір өсуіне куә болуымызға болады [3].
Логистикадағы ақпараттық технологияның даму бағыттарын және
перспективасын зерттеу еңбектеріне эксперттік әдебиеттерді [12,13,14,15,16],

4.

эмпирикалық зерттеулерді [17,18] және өзге сипаттағы ғылыми еңбектерді
жатқызуға болады.
Көптеген зерттеушілер логистикадағы жаңа қалыптасып келе жатқан
ақпараттық инновациялық технологияларды түрлі критерийлерге бөлу
арқылы зерттеуге тырысады. Мысалы, Ж.Хаммант [4] логистиканы қолдау
технологиясын пайдалануға әсер ететін ақпараттық технологиялар
тенденцияларын зерттеді және тенденцияларды төрт тақырыпқа топтады.
Тақырыптарға интеграция мен икемділік, электронды мәліметтер алмасу,
аппараттық құралдар және байланыс технологиялары кіреді.
Л.Эллрам, Л.Лонд және М.Вебер [6] бөлшек сауда саласындағы
логистикаға АТ-ның қазіргі және болашақтағы әсерін зерттей отырып, озық
технологиялар болып табылатын электронды мәліметтер алмасу, сату
нүктелері және штрих-кодтау мәселелеріне баса назар аударды. Олардың
нәтижелері бөлшек сауда басшыларының сауалнамасына негізделген.
Ж.Аурамо, А.Аминофф және М.Пунакиви [7] электронды бизнес
логистикасындағы эксперттермен сұхбаттар мен семинар негізінде
электронды бизнес логистикасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының
негізгі тақырыптарын және ондағы басымдықтарды анықтады және жіктеді.
Нәтижесінде ғылыми-зерттеу тақырыптарының үш санаты, соның ішінде
ақпараттық ағын, жабдықтау желісі және физикалық материал ағыны
ұсынылды және әр түрлі ғылыми-зерттеу тақырыптарын біріктіру арқылы
түрлі зерттеу тақырыптары ұсынылды.
Й.Харрис, Й.Ванг және Х.Ванг [8] логистикадағы инновациялық
мүмкіндіктерді зерттеді және ЕуроОдақ шеңберіндегі бағдарламалық
жобаларды талдау негізінде жүк мультимодальды тасымалдаудың болашақ
технологиялық дамуына қатысты жаңа бизнес модельдерді болжады.
Delphi зерттеу техникасын қолдана отырып, Ф.Кэч and С.Сюринг [9]
жеткізілім желілеріндегі үлкен деректерді талдауға қатысты келешек 43
мүмкіндіктер мен қиындықтарды анықтады. Әдебиеттегі бұл мәліметтердің
барлығы бүгінгі логистикадағы және технологиялық үрдістерді іздеудегі
технологиялардың әсерін түсіну үшін пайдалы ақпарат береді.
Зерттеушілердің тұжырымдауынша, «...сарапшыларға негізделген зерттеу
жеке тұлғалардың білімі мен тәжірибесіне бейім нәтижелер береді.
Технологиялар тез дамып келе жатқан және әр түрлі салалардағы озық
технологиялар бәсекелестік жолдарын өзгертетін қазіргі жағдайда бұл бір
жақты ақпарат алу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ ақпараттық

5.

технологиялық
үрдістердің
заманауи
тенденцияларын
зерттеудің
сараптамалық процесі қымбатқа түсуде, өйткені технологиялардың саны мен
бағыттары да тоқтаусыз көбеюде...».
Жіктелген
зерттеулерге
қарамастан,
көптеген
логистикалық
әдебиеттерде, тіпті логистикалық сфера практикасында, технологиялық
инновациялардың орны жиі назардан тыс қалады. Мысалы, Ж.Р.Сток [2]
логистика саласындағы 317 диссертациялардың тезистерін талдау
жұмысында
қорғаушылардың
заманауи
ақпараттық
технология
жұмыстарымен аз айналысқанын көрсетеді. Мұның себебін ол өз
талдауында: «... технологиялық жаңашылдыққа онша назар аудармау
тәжірибелік логистикалық қызмет провайдерлерімен ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) аз жүргізілгендігімен
байланысты болуы мүмкін; ақпараттық технология сала ішілік дамығаннан
гөрі өзге салалардан қабылданды. Тиісінше, логистикалық әдебиеттердің
көпшілігі логистикаға технологияларды өзге салалардан қабылдау мен
қолдануды зерттеуге едәуір күш жұмсады...» деп келтіреді.
Қайткенмен, логистика сферасының субъектілері, әдетте, технологияны
жасаушылардан
гөрі
технологияны
қабылдаушы
болғанымен,
«...логистикадағы технологиялық ландшафтты түсіну олардың стратегиялары
мен бизнес-саясатында маңызды болып табылады...» деп көрсетеді К.Бюсь –
«... мысалы, технологиялық қабілеті төмен немесе бизнесті дамыту
сатысында логистикалық қызметтерді жеткізушілер компаниялар арасында
білім мен технология трансфертін жеңілдету үшін жоғары технологиялы
клиенттік фирмалармен ынтымақтастықты қолдана алады. Мұндай
серіктестік тіпті логистикалық қызметтерді жеткізушілерге жаңа,
технологияға негізделген бизнес-модель жасауға мүмкіндік бере алады...».
Осындай үрдістерді сәтті пайдаланудың міндетті шарты – жаһандық
логистика саласында ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудың заманауи
бағыттарынан хабардар болу және жаңа бағыттарды қалыптастыру боп
табылады.

6.

Логистиканың
дамып
келе
жатқан
негізгі
ақпараттық
технологияларына PI, ақылды қойма, үлкен деректерді басқару, IoT және
жасанды интеллект, т.б. кіреді. Бұл технологиялар қазіргі кезде жабдықтау
тізбегінің кез-келген компоненттеріне әсер етеді, атап айтқанда
тұтынушылардың талаптарын орындау, жеткізушілерді сатып алу, сатып алу,
тарату, тасымалдау және сақтау, т.б.
Логистикада ақпараттық технологиялардың перспективалық даму
бағыттарының 4 логистикалық сценарийін келтіруге болады; олар ең
алдымен сектор ішіндегі жүйелілік пен бәсекелестіктің дамуына негізделген:
1-сценарий - PI(Physical Internet): сценарийдегі басым мәселе - қазіргі
нарық субъектілерінің өз позицияларын сақтауға мүмкіндік беретін бірлескен
жұмыстарың өсуі. Мысалы, стандартты жеткізілім өлшемдеріне, таңбалауға
және жүйелерге негізделген «Физикалық Интернет» (немесе «PI»)
шешімдерін көбірек қолдану.
2-сценарий - Start-up, shake up: бұл сценарийдің орын алуына жаңа
стартаптер қатысушылар үлкен әсер етеді. Мысалы: «есіктен-есікке»
жеткізудегі инновациялар, бұлтты платформалар мен «мобильді бөлісу»
сияқты жаңа технологиялар.
3-сценарий - Кешенді бәсекелестік: нарықтағы жаппай бәсекелестікке
тек логистикалық компаниялар емес, өзге салалар субъектілерінің
логистикалық бөлімшелері де қатысады. Сәйкесінше, бұл логистикадағы
ақпараттық технологияның жаппай дамуына алып келеді.
4-сценарий - Масштаб: қазіргі нарық көшбасшылары кішігірім
ойыншыларын сатып алу, консолидация арқылы масштабқа қол жеткізу және
кішігірім кәсіпкерліктерді инновацияларды енгізу арқылы басып озып,
нарықтың басым позициясы үшін бәсекелеседі.
Ақпараттық
технология
1-сценарий PI(Physical
Internet):
Артықшылықтары
Кемшіліктері
• Жеткізілім тізбегінің ашықтығы,
қауіпсіздігі және тиімділігі
жақсарды.
• Экологиялық тұрақтылықты
жақсарту (ресурстарды тиімді
жоспарлау).
• Жеткізілім тізбегінің қауіпсіздігі
• Деректердің құпиялығы мен
қауіпсіздігіне қатысты әлеуметтік
күтулер өзгеруі мүмкін
• Деректер қауіпсіздігі мен
құпиялылыққа қатысты ережелер
күшейтілуі немесе күшейтілуі
мүмкін

7.

(алаяқтықты азайту)
2-сценарий Start-up, shake
up
3-сценарий Кешенді
бәсекелестік
4-сценарий Масштаб
• Сектордың ынтымақтастыққа
инвестиция салуға деген ықыласы
мен мүмкіндігі
• Халықаралық органдар
стандарттауды басқара ма
• Деректердің қауіпсіздігіне
байланысты компаниялардың
қабылдауға дайын екендігі белгісіз
• Көлденең ынтымақтастықты
қалыптастыру
• Тиімділігі мен ашықтығы
• Тығындарды азайту (үшінші
тараптардың сертификаттауы)
• Қателерді азайту (қағаз жүзінде
құжаттама болмайды)
• Клиенттердің тәжірибесін және • Деректерді өңдеу қабілетінің даму
операциялардағы жедел
қарқыны белгісіз
тиімділікті жақсарту
• Деректердің қауіпсіздігіне
• Түгендеудің үлкен көрінісі және
қатысты сұрақтар
оны басқару
• Деректердің құпиялығы мен
• Жақсартылған ‘болжалды қызмет қауіпсіздігіне қатысты әлеуметтік
көрсету’
күтулер өзгеруі мүмкін
• Деректер қауіпсіздігі мен
құпиялылықты реттеу күшейтілуі
немесе күшейтілуі мүмкін
• Бейімделу деңгейі белгісіз
• Бір немесе екі басым шешімдердің
пайда болатын-болмайтындығы
немесе бірнеше бәсекелес
шешімдердің болуы белгісіз
• Платформаларға негізделген
• Шығындардың дамуы түсініксіз
жаңа бизнес модельдерін қосу
(белгілі бір масштабқа жеткеннен
және тиімділікті арттыру
кейін физикалық деректер
• Тиімділіктің жоғарылауы
орталықтары бұрынғыдай арзанға
түседі)
• Деректердің қауіпсіздігіне
қатысты белгісіздіктер
Ал Gartner зерттеу институтының мәлімдемесі бойынша бүгінде
логистикалық компаниялар мен олардың қызметіне әсер ететін он негізгі
ақпараттық технологиялық тенденция бағыттарын бөліп көрсетуге
болады:
1
Device Mesh
2
Ambient User
Experience
3
3D баспа
материалдарын
Тенденция мобильді құрылғылар, тұтынушылық және
тұрмыстық электронды құрылғылар, автомобиль құрылғылары
мен заттардың Интернеттегі сенсорлары сияқты қоршаған
ортаны қорғау құралдарын қолданатын экокомпания санының
өсуіне қатысты.
Тренд; виртуалды әлемді нақты әлеммен байланыстырады. Кадр
дайындау, түрлі көлік құрылғыларын сынақтан өткізу кезінде
қолданылады.
3D принтерлерге арналған практикалық қосымшалар көптеген
салаларға, соның ішінде логистикада қолданысын кеңейтеді.

8.

4
5
6
7
8
9
10
басқару
Ақпарат
Мәліметтер саны өте үлкен қарқынмен өсуде, сәйкесінше
логистикада аналитикалық жүйелерге сұраныс артады.
Advanced
Озық машиналық оқыту кезінде терең жүйке торлары (DNN)
Machine
классикалық есептеу және ақпарат басқарудан тыс, әлемді
Learning
өздігінен қабылдауға үйренетін жүйелер құруға көшеді. DNNдер бұл тапсырмаларды автоматтандырады және ақпараттың
барлық трендімен байланысты негізгі міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді.
Автономды
Машиналық оқыту роботтарды, автономды машиналарды,
агенттер мен виртуалды жеке көмекшілерді (VPA) және ақылды кеңесшілерді
заттар
қоса алғанда, автономды (немесе, кем дегенде, жартылай
автономды) тәртіпте жұмыс жасайтын ақылды машиналарды
іске асырудың спектрі. Роботтар сияқты физикалық ақылды
машиналардағы жетістіктер үлкен назар аударғанымен,
бағдарламалық қамтамасыздандыруға негізделген ақылды
машиналар тиімдірек және кеңірек жұмыс жасайды.
Қауіпсіздікке
Цифрлық бизнестің күрделілігі ұйымға қауіп төндіреді. АТ
бейімделетін
көшбасшылары қауіп-қатерлерді анықтауға және оларға жауап
архитектура
беруге, сондай-ақ дәстүрлі блоктау мен шабуылдарды
болдырмайтын басқа шараларға назар аударады. Қолданбаның
өзін-өзі қорғауы, сонымен қатар пайдаланушының және
субъектінің мінез-құлық талдауы қауіпсіздіктің адаптивті
архитектурасын орындауға көмектеседі.
Жетілдірілген Цифрлы тор және ақылды машиналар ұйымдар үшін өміршең
жүйелік
болу үшін есептеуіш архитектурасының талаптарын қажет етеді.
архитектура
Қажетті күшейтуді қамтамасыз ететін жоғары қуатты және өте
тиімді нейроморфтық архитектуралар болып табылады.
Нейроморфтық архитектураның асты сызылған технологиясы
ретінде өрісте бағдарламаланатын қақпа массивтерімен (FPGAs)
жанармай алынады, бұл сәулет өнертабысында терафлопқа
қарағанда жоғары жылдамдықта жұмыс істей алатын маңызды
жетістіктер бар.
Mesh
Монолитті,
сызықтық
қосымшалар
дизайнымен
қолданбалары байланыстырылған интегративті тәсілге кеңінен жол береді:
мен
қолданбалар мен қызметтер архитектурасы. Бағдарламалық
сервистерінің
қамтамасыздандырумен анықталған қолданбалы қызметтердің
архитектурасы көмегімен қосылатын бұл жаңа тәсіл веб-масштабтағы
өнімділікке, икемділікке және ептілікке мүмкіндік береді.
Микросервис архитектурасы - бұл жергілікті жерде де, бұлтта да
жылдам жеткізуді және ауқымды орналастыруды қолдайтын
таратылған қосымшаларды құрудың жаңа үлгісі.
Интернет
IoT платформалары торлы қосымша мен қызмет архитектурасын
заттар
толықтырады. IoT платформасының менеджменті, қауіпсіздігі,
платформалары интеграциясы және басқа технологиялары мен стандарттары IoT
элементтерін құру, басқару және бекіту мүмкіндіктерінің
базалық жиынтығы болып табылады. IoT - бұл цифрлық тордың
және қоршаған ортадағы пайдаланушы тәжірибесінің ажырамас
бөлігі және IoT платформаларының дамып келе жатқан және
динамикалық әлемі оларды мүмкіндік береді.

9.

Логистика сферасында ақпараттық технологиялар саласындағы мегатенденцияларды ішкі логистикалық операциялар критерийі бойынша
жіктеуге де болады:
1. Зерттеу: физикалық логистикалық әлемдегі оқиғаларды
мультимодальды түрде бақылау және осы оқиғаларды сандық форматқа жазу
технологияларын дамыту; RFID технологиялары, оптикалық сканерлеу
технологиялары, аудио және видео талдау кіреді; IoT.
2. Сақтау: таратылған логистикалық көздерден алынған сандық
деректерді икемді, қауіпсіз және сенімді түрде сақтау технологияларын
жасау; бұл санаттың Cloud Computing (CC) және Big Data дамуына қатты
қатысы бар.
3. Өңдеу: сандық логистикалық деректерді икемді, қауіпсіз және
сенімді түрде өңдеу технологияларын жасау; бұл санат бұлтты есептеуді,
барлық жерде қолданылатын есептеу техникасын және Peer-to-Peer (P2P)
есептеуді дамытуға байланысты.
4. Түсіну: логистикада шешім қабылдау үшін негіз бола алатын сандық
деректерді білімге айналдыру технологияларын дамыту (жоспарлау сияқты);
бұл санат Business Intelligence (BI) және Analytics-тің дамуына байланысты.
5. Синхрондау: серіктес тараптардың логистикалық қызметін
синхрондауды қолдайтын технологияларды дамыту; бұл санат Бизнеспроцестерді басқару (BPM) және сервистік оркестрлеу және хореография
саласындағы дамуға қатысты; біз Үлкен процестердің дамуын күтеміз (Үлкен
Деректер процесінің аналогы).
6. Қауіпсіздік: логистикалық серіктестіктер мен олардың қоршаған
ортасы арасындағы қауіпсіздікті, сенімділікті және консолидацияны
қолдайтын технологияларды дамыту; бұл санат BlockChain сияқты
үлестірілген шоғырландыру технологияларын дамытумен байланысты.
7. Орналастыру: жоғары жылдамдықтағы қондырғыларды қолдайтын
технологияларды әзірлеу және жоғарыда аталған санаттардың тәжірибелік
логистикалық ортада қолданылуы; біз мұнда Plug-and-Play бағдарламалық
жасақтамасы сияқты техникалық әзірлемелерді және DevOps сияқты
әдістемелік әзірлемелерді таба аламыз.

10.

Соңғы жылдары АТ қолданысының логистикалық қызметтерге
енгізілуін қалыптасқан жаңа бағыттардың ауқымынан көре аламыз.
Төмендегі суретте автомобиль бөлшектері, үй жануарлары үшін керекжарақтар, жиһаз, нәрестеге күтім жасау және көгалдандыру сияқты санаттар
әлемде онлайн және көп арналы үлесте жылдам қарқынмен қарқын алып
жатқанын көрсетеді. Бұған қоса, азық-түлік пен денсаулық сақтау өнімдері
сияқты санаттар көбіне дүкеннен сатып алынады, бірақ онлайн кіру күрт өсті.
Тұтастай алғанда, АТ-лық инновациялар «шайқас алаңында» көптеген
тауарлар санаттарының еніп, табысқа жетуін көре аламыз, бұл жылдам
жеткізілімдердің ұлғаюына әкелді және Uber Freight, Instacart, Liefery сияқты
жаңа бизнес модельдердің пайда болуына ықпал етеді.
Ескертпе: 2017 және 2019 жылдардағы сауалнамалар тиісті жылдары әдіснамаға және сауалнамаға
қатысушылар санына аздаған өзгерістер енгізіліп жүргізілді.
Дереккөз: Forrester Consumer Technographics

11.

Логистикалық индустрияда соңғы он жыл ішінде ақпараттық
технологиялар арқасында трансформациялық өзгерістер көп болды. Қазіргі
заманның ең алпауыт компаниялары (Amazon, Alibaba, FedEx, Kuehne
&
Nagel, DHL Logistics, DB Schenker Logistics, Werner т.б.) логистика
сферасының өкілдері боп табылады және олардың жетістікке жетуі
логистиканың ақпараттық технологиялар арқылы жүйелі ұйымдастырылуы
себепті деуге болады. Walmart электронды коммерциясының сатылымы
ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілгеннен кейін 43% -ға өсті, ал
атақты Amazon қазірдің өзінде тәулік ішінде АҚШ тұрғындарының 72% -на
тауарды жеткізе алады.
Логистикадағы
ақпараттық
технологиялардың
қарқынды
дамуының басты факторы халық санының қарқынды өсуі, қалалардың
тығыздығының өсімі және сәйкесінше тиімді логистикалық қызметтерге
деген сұраныстың жаппай өсуі боп табылады. Жеткізілім тізбегінің
күрделенуі заманауи ақпараттық технологиялар енгізілмеген жағдайда
көптеген құрылымдық проблемалар мен экономикалық апаттарға алып
келетін еді.
Урбанизация мен логистикалық ақпараттық технологиялардың даму
қарқыны және сипаты пропорционалды түрде байланысты: қалалар бұрынсоңды болмаған жылдамдықпен урбанизацияның өсуіне тап болуда. 2030
жылы ғаламдық халықтың саны 8,5 миллиардқа жетеді деп күтілуде.
Қалалардағы халық санының өсуі логистикадағы ақпараттық технологияны
дамыту маңызын одан әрі арттыра түседі.
Сәйкесінше ақпараттық технологиялар (АТ) қарқынды түрде үдеп келе
жатқан
проблемалардың
шешімі
болып
табылады.
Ақпараттық

12.

технологиялар арқылы интеграцияланған жеткізілім тізбегінің жүйесі
жеткізілім тізбегі субъектілері арасындағы тиімділікті, ашықтықты,
жүйелілікті, икемділікті және тауар сапасына деген жауапкершілікті
арттырады, сұраныстың дәл болжамын қамтамасыз етеді, тапсырысты
жеткізу уақытын қысқартады және шығындарды үнемдейді, өнім мен қызмет
сапасын жақсартады, және тұтынушылардың қанағаттануын арттырады.

13.

[1] «Логистикалық қызметтердегі инновация және жаңа бизнес моделі:
тұжырымдамалық негіз» (Chapman, R.L.; Soosay, C.; Kandampully, J.
Innovation in logistic services and the new business model: A conceptual
framework)
[2] Сток Ж.Р., «Логистика және логистикалық салалардағы докторлық
зерттеулер»: 1992–1998 жж
[3] Bowersox, D.J. «Improving The Logistics Marketing/Sales Interface»,
Oak Brook, IL, USA, 1991.
[4] Hammant, J. «Information technology trends in logistics», 1995.
[5] Renko, S., Ficko, D. «New logistics technologies in improving customer
value in retailing service», 2010.
[6] Ellram, L.M., La Londe, B.J., Weber, M.M. «Retail logistics», 1999.
[7] Auramo, J., Aminoff, A., Punakivi, M. «Research agenda for e-business
logistics based on professional opinions», 2002.
[8] Harris, I., Wang, Y., Wang, H. «ICT in multimodal transport and
technological trends: Unleashing potential for the future», 2015.
[9] Kache, F., Seuring, S. «Challenges and opportunities of digital
information at the intersection of big data analytics and supply chain
management», 2017.
[10] Gunasekaran, A., Ngai, E.W.T. «The successful management of a small
logistics company», 2003.
[11] Busse, C. «A procedure for secondary data analysis: Innovation by
logistics service providers», 2010.
[12] Sandberg, E. «Understanding logistics-based competition in retail–a
business model approach», 2013.
[13] Drabik, P. «Key Aspects of Logistics for Online Store and Multichannel
Distribution», 2016.
[14] Srinivasan, R. «Technological opportunism and radical technology
adoption», 2002.

14.

[15] Lin, T.H. «Factors for information technology acceptance willingness
and adoption in logistics industry from supply chain perspectives», 2014.
[16] Olavarrieta, S. «Resource-based theory and strategic logistics research»,
2016.
[17] Ramanathan, R., Ramanathan, U., «Adoption of RFID technologies in
UK logistics: Moderating roles of size, barcode experience and government
support», 2014.
[18] Evangelista, P., Mogre, R., Perego, A., Raspagliesi, A., Sweeney, E. «A
survey based analysis of IT adoption and 3PLs’ performance», 2012.
English     Русский Правила