Похожие презентации:
Батаменен ел когерер
1.
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ2.
Қазақ халқының ежелден кележатқан рухани қазынасының бірі –
бата сөздер. «Жаңбырменен жер
көгерер, батаменен ел көгерер»,
«Көп тілеуі- көл» деп ұққан қазақ
халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ
тілек, адал ниет білдіруді дәстүр
тұтқан. Бата беру - адал ниет,
жақсы тілек білдірудің ұлттық
дәстүрі. Бата қысылғанда қуат,
қиналғанда медет беріп, әрбір ісәрекетке даңғыл жол ашып, бәлежаладан қорғайды деп есептеген.
3.
«Бата-қазақ халық ауызәдебиетінің дербес, шағын
жанры ретінде қарастырылады.
Ұйқасты, ырғақты болып
келетін, тұрақты образдарға
негізделеді».
(Шоқан Уәлиханов)
4.
Араб елінің «фатеке»сөзінен шыққан
«Фатеке» - алғыс
айту, ақ тілек білдіру
5.
Ас батасыНаурыз батасы
Теріс бата
Серттесу
батасы
Сапар батасы
6.
Балаларғаарналған бата
Той батасы
Қарияларға берілетін
бата
Қыздар мен
келіндерге берілетін
бата
Шаңыраққа бата
7.
Бұл бата дастархан жайылып ауызға асты алмас бұрын және тамақтаныпболғаннан кейін беріледі. Халқымыз әр кез тамақ ішкен сайын "Асқа адалдық,
денге саулық" деп тілек тілеп отыруды өздерінің адамдық парызы деп білген.
Мысалы:
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
8.
Халық мерекеде қыдырып, үйді-үйге барып көже ішіп жүргенде берілетін бататүрі. Аты айтып тұрғанда көбінесе Наурыз мерекесі кезінде беріледі. Әдетте, бұл
батаның мәтінінде "Жасыңыз ұзақ болсын! Көктем көңілді, ұрпақтар өмірлі
болсын! Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін" сынды тармақтар болады.
Әумин! — бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
9.
Халқымыз әрдайым жұрттың қарғысына ілігіп, теріс бата алудан сақтанған.Теріс батаны қарғыс пен жазаның ең ауыр түрі деп қарастыруға болады. Мұндай
бата көп жағдайда ата-тегін көпшілік алдында ұятқа қалдырғандарға беріледі.
Ғалымдардың айтуынша, қазақ қоғамында батаның бұл түрі сирек айтылған.
Бұдан өзге теріс батаны алғаннан кейін оны қайтару үшін жалбарыну рәсімдері
жасалатын болған.
Теріс батаға мысал ретінде "Қыз Жібек пен Төлеген" жырын қарастыруға болады.
Аталған жырда Төлегеннің теріс бата алған жері сипатталған. Осыдан кейін оның
ісі оңға баспай, ақырында жарық дүниемен қош айтысты. Яғни, халқымыз теріс
батаның әсері күшті деп есептеген.
10.
Қазақ елі ұл-қызы алыс сапарға немесе өмірін бәске тігіп жорыққа аттанардахалықты жинап, ішінен ең сыйлы деген азаматтан бата сұрайтын болған.
Осыдан кейін адамның сапары немесе жорығы сәтті болып, елге аман-есен
оралады деген наным қалыптасқан.
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Серті мен сөзде тұратын,
Сенімді болсын жолдасың.
Жолыңды кесем дегендер
Ешқашанда оңбасын.
Сәтті болып істерің,
Жақсы болсын түстерің,
Жортып бір жортып жеткенде,
Жомарт болып төсегің.
Жұғымды болсын ішкенің
Көрмеген жерді көріп қайт,
Қайырылып сәлем беріп қайт.
11.
Батаның бұл түрін ел арасындағы маңызды үлкен шараларда, белгілі біржағдайға байланысты уәде мен серт берген кезде және құдалық барысында
беретін болған. Оның өзге түрлерінен басты ерекшелігі — әруақ, ақсақал, хан
және билер алдында беріліп, соңында қол алысатындығында. Халқымыз сертті
бұзуды қарғысқа ұшыраумен теңестірген.
Бұл бата түріне этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы бір мысал келтірген-ді.
"Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын
қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы
Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер
жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: "Сомалтын қасиетті, өнегелі ана
болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы
болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс
болып саналсын", — деп, қол жайып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400
жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ", — деп баяндады
оқиғаны этнограф.
12.
Бата сөздер кез-келген жерде айтылабермейді.
Белгілі бір салтпен байланысты, белгілі
бір рәсімнің орындалу барысында
айтылады. Мысалы, нәресте дүниеге
келгенде, тұсау кескенде, ұлыстың ұлы
күнінде, үйлену тойында, қыз ұзатқанда,
т.б.
Бата беру рәсімінің өзіндік орындалу
тәртібі бар: ақ бата беру кезінде рәсімге
қатысушылар батагөймен бірге
алақандарын өздеріне қаратып жайып,
бата беру рәсімі біте бере:
«Әумин!Айтқаныңыз келсін!» деген
сияқты бекітусөздерімен бет сипайды. Ал
теріс бата беру кезінде, керісінше батагөй
алақандарын теріс қаратып жаяды.
Бата сөздер шығу төркіні
жағынаннаным-сенімдерге негізделіп,
тіршілік қажеттігінен туындағандықтан,
көркем фольклордан функциональды
сипатының басымдылығымен
ерекшеленеді.
Бата беру рәсімін кез-келген адам
орындамайды.
Жұртқа беделді, көпті көрген, жолы үлкен,
сөзге ұста, қадірлі саналатын батагөй ғана
бата беру рәсімін орындайды.
Салттың орындалу
барысындағы бата беру кезінде
батагөй– өз атынан ғана емес,
дүйім жұрт, алқалы топтың
атынан сөйлейді.
Бата сөздер әндетіліп
айтылмайды, мәнерлеп
тақпақтата, көтеріңкі
үнмен, әуезбен айтылады.
13.
14.
Баталы құлға бақБота алғанша —
қонар.
бата ал.
Алғыс алған арымас, Баталы сөз Қарғыс алған
балаға азық.
жарымас.
Атадан бата
Баталы құл арымас, алмай, үй болмас,
Батасыз құл
Ордадан үлгі
жарымас.
алмай, би болмас.
Жаңбырмен жер
Ақсақалдан бата
көгерер,
алған, Құдайдың
Батамен ел көгерер.
рақметіне
жолығар.
15.
Қазақ халқының бата сөздерінен оныңтарихы, салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері,
тағылымдық сипаттары, әсіресе, этикалықадамгершілік келбеті: отбасы жарастығын сақтауы,
өскелең ұрпағын тәрбиелеуге негізделген ізгі арманаңсары жарқын көрініс тапқан.
Батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен
қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен
ренішті де қамтиды. Ол халықты бір нәрседен
тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап
ұғым. Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің
іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын
алып, құптамай халыққа бағыт-бағдар беріп,
тәрбиелеп отырған. Қорыта айтқанда, қазақ халқы
бата арқылы өзінің жан-жүрегінде жатқан ізгі
тілектерін жеткізіп, бір адамның немесе халықтың
тілеуін тілейтін болған. Бұл дәстүр халқымыз үшін
өшпес мұра. Халқымыздың жадында бұл дәстүр әлі
күнге дейін сақталған және бата беру дәстүрі
халқымыздың жадында мәңгілік болмақ!