Похожие презентации:
Фонетиканы оқыту әдістемесі. Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
1.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОңтүстікҚазақстан педагогикалық университеті
Фонетиканы оқыту әдістемесі .
Бастауыш мектепте фонетиканы
оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Дайындағандар
Асилхан Н. Сәт Н. Ускенбай Ш.
2.
ЖоспарыКІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 Фонетиканы оқыту-қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
1.1. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері...................................5
1.2.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесін оқыту...............................6
2 Фонетиканы оқыту заңдылықтары мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.1. Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшеліктері....................................17
2.2 Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру тәсілдері.....................................18
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................21
3.
1. Фонетиканы оқыту-қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы1.1 Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері
Оқушы тілдің дыбыстық жүйесін жақсы игеруі үшін фонетика-графикалық талдаудың ойдағыдай жүргізілуі қажет.
Мұғалімнің оқушының жазбаша да, ауызша да сауатты болуына ерекше назар аударғаны жөн. Ол үшін күнделікті сабақта
дыбыстық әріптік талдаулар жүргізіліп, оқушының дыбыстық жүйені саналы түрде түсінуіне толық мүмкіндік жасалуы керек.
Сондықтан фонетикалық талдауға мынандай талаптар қойылады:
• 1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз
тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.
• 2.Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поэзиялық
шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйренеді, логикалық
ойын жетілдіреді.
• 3.Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше
назар аудару қажет. Ол үшін сабақ үстінде ретіне қарай мектеп оқушыларына
арналған орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді үнемі пайдаланып отыру керек.
• 4.Оқушының фонетика-графиялық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра
отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа ерекше
көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс.
4.
5.Жазбаша және ауызша сауаттылық тіл білімінің дыбыстық жүйесін жақсыигерумен тікелей байланысты. Сондықтан қандай мысал алынбасын, "қалай
айтылады, қалай жазылады?" деген мәселе естен шықпауға тиіс. Демек, оқушы
дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны
саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет.
6. Дауысты және дауысты дыбыстардың жергілікті ерекшелікке байланысты
екінші бір дыбыспен алмасып айтылатын жағдайы болады. Мысалы: әдеби тілдегі
шана, шақыр деген сөздерді чана, чақыр, қай жаққа, жоқ деудің орнына қай йаққа,
джоқ, қорыдынды, ұқсат деудің орнына құрытынды, оқсат деп айту бар.
Яғни оқушы фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің түрлі дыбыстық
заңдылықтарымен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай
ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есіңде сақтап, сауатты жазу
дағдысын меңгереді.
5.
Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес,оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін
жеткізе білуге үйрету. Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда «...қазақ
тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар
ескеріледі:
1) қазақ тіл білімінің фонетика
саласының орфография мен
орфоэпияның соңғы табыстары;
2) қазақ тілі фонетикасының
негізін танытатын материалдар;
3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп,
оқып, және жаза алатындай білім мен
дағдылар беретін тілдік материалдар;
4) оқушылардың ой-өрісі мен жас
ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ
тілі фонетикасының материалдары...
» деген ғалым Әбдірахман
Исабаевтың негізгі сілтемелері мен
бағыттары өз құндылығын жоймаған
деп атауға болады[3,121].
6.
Кез-келген шет тілін оқытқанда әдіскер-ғалымдар мынадай оқытудың кешенді түрінұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Осы әрекеттерді фонетиканы
оқыту барысында қолдану өзінің оң нәтижелерін көрсетеді.
1. Тыңдалым әрекеті. Оқушының
дыбыстарды жеке, бір-бірімен
тіркесте, сөз ішінде естіп қабылдау
дағдысы қалыптасады.
2. Айтылым әрекеті. Бұл әрекет
арқылы оқушы әрбір дыбысты жеке,
сөз тіркесінде сөз басында, сөз
арасында, сөз аяғында сөйлемде
айтуға, дұрыс айтуға, орфоэпиялық
нормаларды сақтауға жаттығады.
3. Оқылым әрекеті. Ауызша
айтылған дыбыстарды буында, сөзде,
сөз тіркесінде, сөйлемде дауыстап
немесе ішінен оқу.
4. Жазылым әрекеті. Оқушы
орфографиялық және орфоэпиялық
нормаларды дұрыс сақтай отырып,
сөздің дұрыс жазылу заңдылықтарын
меңгереді.
5. Тілдесім әрекеті. Оқушы
орфографиялық және орфоэпиялық
нормаларды дұрыс сақтай отырып,
ойын еркін жеткізуге, тілдесуге
дағдыланады
7.
1.2.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесін оқытуТіліміздегі дыбыстардың емлесін оқытуға байланысты оқулықта берілген
материалдардың жүйесін сақтай отырып, сондай-ақ қосымша методикалық көмекші
құралдардағы кейбір әріптердің емлесін үйрету үшін алынған мысалдарды
пайдалану қажет.
Әрбір әріптің емлесін үйретуде тек сөздің басында қолданылатыны ғана емес
(алмас, алмалы, арпа), сол әріптің сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін де
мысалдар арқылы дәлелдей түсу қажет. Мына мысалды шашыраңқы сызықпен беріп,
қазақтың байырғы сөздерінде де, термин сөздерінде де қолданылатын нақты
мысалдармен алған жөн.
Сабақты түсіндіру кезінде оқушының өзіне мысал ойлатып, сабақты
жандандыруға, оқушыларды белсенді түрде жұмыс істеуге дағды беру
көзделінуі тиіс.
Кейбір емлелік жағынан айрықша ерекшелігі бар сөздерді дәптеріне
жаздыртып қою керек. Мысалы, мына сөздердің жазылуын есінде сақтау:
куә, кінә, сірә, іре, мә, жә, мәрмәр, іңкәр, зәмзәм, зәбір, зәру, зәулім,
жәбірлеу, жәдитше, кәде, мәре-сіре, бәсеңсу, бәсіре, уәкіл, уәзір,т.б. [2,67-68].
8.
Сөйлемнің, сөйлемдегі сөз бен сөз тіркестерінің (соңыра, қорытынды, шешеді)айтылуына бірден-бір әсер ететін-екпін: Сондықтан тіліміздегі сөздердің жазылу
заңдылығы мен айтылу заңдылығына тікелей әсер етіп, соңра қортынды, шешед
түрінде айтылуға мәжбүр етіп тұрған-екпін. Егер екпін болмайтын болса, сөйлемдегі
сөз бірімен-бірі қосылып, сөз жігін ажыратуға болмас еді. Екпін сөйлемдегі
сөздердің дұрыс айтылуына да көп әсер етеді. Яғни бұл-тіл білімінің фонетика
саласындағы негізгі тақырыптардың бірі. Демек екпіннің мәнін ешбір төмендетуге
болмайды. Сабақта тақтаға айтылуы және жазылуы деп көрсете отырып, түрлі
мысалдар жаздыруға көбірек көңіл бөлу қажет[7,56].
Соңғы буындарда-ө,ұ,ү, айтылғанымен, бірақ жазылмайтыны ерекше ескертілуге
тиіс. Бұған мына таблицаны пайдалану қажет:
Жазылуы
Айтылуы
Құлын 1-буында-ұ-ы-ұ-ү
құлұн
Қоңыр 1-буында-о-ы-о-ұ
қоңұр
Көне 1-буында-о-е-ө-е
көнө
Бөлім 1-буында-ө-і-ө-ү
бөлүм
Үлгі 1-буында-ү-е-ү-ө
үлгү
Үлкен 1-буында-ү-е-ү-ө
үлкен
Туыс 1-буында –у(ұ-у)-ы
тұуұс
Гуіл 1-буында у(үу)
гүуүл
9.
Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай жіктелетінінкейбір дауыссыз дыбыстарды жұптап айту арқылы меңгерту орынды. Демек,
мұғалім оқушының өзінң табиғи есту қабілетін жетілдіруі қажет, сондықтан да
фонетиканы өтіп жатқанда оқушы үшін берілетін мысалдар тек жазылып қана
қойылмауы керек, сонымен қатар оқушылар ол мысалдарды әрі айтып, әрі естуі
керек.
Дауыссыз дыбыстар
Ұяң
Қатаң
Үнді
б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч
Мұрын жолды м, н, ң
Ауыз жолды р, л, й, у (бау)
Оқушылар мен студенттерге дауыссыз дыбыстардың емлесін үйреткен кезде
әріптің жазылуы мен дыбыстың айтылуына көңіл аудартып белгілі бір дыбыстың
қолданылуындағы ерекшелікті жан- жақты түсіндіре отырып, дыбыстарды дұрыс
айта білуге дағды берген жөн.
10.
2 Фонетиканы оқыту заңдылықтары мен дағдыларын қалыптастыру жолдары2.1. Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшеліктері
Бұл тақырыпты түсіндіру үшін мұғалім қазақ алфавиті жазылған плакатты
пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру керек. Мұғалім кез келген бір оқушыға
алфавитті оқытып шығып, ол оқушы алфавиттегі әріпті дұрыс айтты ма, әлде қате
айтты ма соны бақылап, сол бақылаудың негізінде жаңа сабақты бастап кетуі керек.
Өйткені кейбір оқушылар б/ бе, г/ге, с/эс, т/те, ф/эф деудің орнына /бы/, г/гі, с/сы,
т/ты, ф/фы деп қате айтады.
Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік
ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Әдетте, оқушылар мен студенттер
арасында дыбыс пен әріпті шатастырып, бірінің орнына біірн қолдану жиі кездеседі.
Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау (сөйлеу) мүшелері арқылы жасалады.
Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І. Кеңесбаев пен Ш.
Сарыбаевтың еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға
нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.
11.
Буын мен екпін бірімен- бірі тығыз байланысты. Тіліміздегі сөздердіңтабиғи үзілістерге бөлініп, айтылуын буын дейміз. Сөздің буынға бөлінуі
дауысты дыбысқа байланысты. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың
тіркесуіне қарай буынның үш түрін білеміз. Сөз буын бойынша
тасымалданады.
Буын мен екпіннің үйлесуі, байланыстылығы поэзиялық шығарма
үшін ерекше мәні бар. Бұл екеуінің бірлестігін ескере отырып, поэзиялық
шығармаларды дұрыс оқи білу керектігін ескере отырып, сабақ жүргізуіміз
керек.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын, көруге
Көкірегінде болсын көз.
(Абай)
12.
2.2 Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру тәсілдеріҚазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы
зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты.
Рас, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерде дыбыстарды айта білу
дағдысына байланысты бекіген апроксимация принципі бар. Бұл принципті
барлық әдіскерлер мен тілшілер еңбектерінде негіз етіп алады.
Апроксимация принципі дегеніміз – үйренетін тілдің дыбыстарын айту
кезінде оны сол тілге бейімдеп, жақындап айту. Бұл принцип бойынша, дыбысты,
яғни сөзді айту барысында әр ұлттың өзіндік тілдік акценті сақталады. Үйренуші
бөтен тілдің дыбыстарын тұп-тура дәл сол ұлттың өкіліндей айтуы екіталай тек
оған ұқсатып, жақындап, сәйкестендіріп қана айтуы мүмкін.
Сондықтан бір тілдің фонетикалық дағдыларын меңгеру – сөйлеу кезінде
сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік
таңбаларды тілдік дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жанжақты игеру. Яғни, бұл сөйлей білу мен сөйленген сөзді дұрыс түсіне білу
дағдыларын меңгеру дегенді білдіреді [16,239].
13.
Тілдік қарым-қатынаста фонетикалық дағдыларды меңгеру екі жақтыболуы керек:
Сөйлеушінің (не оқушының) фонетикалық дағдыларды білуі;
Тыңдаушының фонетикалық дағдыларды білуі. Сөйлеуші не оқушы
дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда өз ойын жеткізе алады.
Тіл үйренушінің мақсаты – сөйлеу кезінде дыбыстарды өз кажетіне қарай
дұрыс пайдалана білу және мүмкіндігінше дауыстап ауызша түсінікті етіп айтуға
қалыптасу.
Тіл үйренуші тілдік қарым – қатынаста бірде сөйлеуші, бірде тыңдаушы
болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеушіге болсын, тыңдаушыға болсын
фонетикалық дағдыларды меңгерудің маңызы зор.
Себебі, фонетикалық материалдардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің
дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де ортақ [17,77].
14.
Қазақ тілі дыбыстарын үйрету, айту барысында фонетикалық дағдылардымеңгеру үшін әр түрлі ерекшеліктерді білуге тура келеді. Олар:
Дыбыстардың жасалуына қатысты артикуляциялық
базаны игеру;
Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктерді
білу;
Дыбыстардың естілуіне қатысты өзгешеліктерді тану.
Дыбыстардың қолданылу ережелеріне қатысты
ерекшеліктерді меңгеру.
15.
Фонетикалық дағдыларды меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстардың бәрі ісжүзінде дұрыс сөйлеу процесін жүзеге асыру мақсатын көздей отырып, сабақта
оқушылардың көп уақытын алмау керек, ол жалпы оқыту жүйесінің бір бөлшегі
ретінде басқа тілдік материалдармен кірігіп кеткені абзал.
Оқушылардың меңгерген фонетикалық дағдыларын дамытудың жолы
– материалдарды үнемі қайталап отыру; тілдік ортаны жоғалтпай, адамдар
арасында үздіксіз сөйлесу, тілдесу процесін жүзеге асыру; үйренгенді
күнделікті өмірде пайдалана білу.
Қорыта келгенде, фонетиканы өту үстінде сабақта ылғи талдау жасалады. Ол
талдауда сөздің тек дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар
сөздің дұрыс айтылуын да талдатып отыру керек. Өйткені фонетиканы өту
арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни, орфоэпиялық
норманы да меңгертеміз.
16.
Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты менміндеттері.
Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен
дағды. Фонетиканы оқу арқылы оқушы әдеби
тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар,
көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта
тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі
жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. 4
сыныптарда тілдің дыбыстық жүйесін жақсы
білумен қатар, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу
нормаларында жаттығып, ол заңдылықтарды
күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің
дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді.
17.
Оқытудың міндеттері:фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы
мәлімет беру;
қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;
тіл дыбыстарын игерту;
дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;
дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен
таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлермен таныстыру;
орфография принциптерімен таныстыру;
қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық
түсінік беру.
Қазақ тілінің фонетикасын оқытудың
мақсаты:
Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу
заңдылықтарының негізінде
оқушыларға тілдің дыбыстық
жүйесінен, дауысты, дауыссыз
дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық
құрамы мен ерекшеліктерінен,
үндестік заңынан, орфоэпия мен
орфографиядан, сонымен қатар қазақ
тілінің фонетикалық даму
заңдылықтары туралы теориялық
тұрғыдан жүйелі білім беру.
18.
1-бөлім: Менің Отаным – ҚазақстанТақырыбы: Фонетика әлеміне саяхат .
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу
мақсаттары :
Тыңдаған материал бойынша негізгі
тұсын түртіп алу және солардың негізінде
мәтіннің мазмұнын айту
19.
Түсіндірме- Мерей, тыңдашы. Айналамыздан сан түрлі дыбыстар естілді:
ұшып бара жатқан ұшақтың гүрілі, желдің гуілі, судың сылдыры,
құстардың сайрағаны, күннің күркірегені, ағаш жапырақтарының
сыбдыры .
- Бұлардан басқа тіл дыбыстары бар емес пе?! Олар бір-бірімен
бірігіп, мағыналы сөз жасайды. Тіл дыбыстарын естиміз әрі айтамыз.
Осы тіл дыбыстарының жасалу, айтылу, естілуін, буын, екпін,
интонация мәселелерін тілдің фонетика саласы қарастырады.
• Фонетика дегеніміз - тіл білімінің, яғни тілдің дыбыстық
жағын зерттейтін саласы.
Дыбыс
Фонет
ика
Буын
Үндесті
к заңы
Дауысты
дыбыс
Дауыссыз
дыбыс
буын
үндестігі
дыбыс
үндестігі
27-тапсырма.Мәтінді тыңда
Бұлт өзеннен су алса
Кейде сіркіреп, кейде нөсерлеп жауатын
жаңбыр қайдан шығады?Шағын бұлақтар,
үлкен өзендер қайда барып құяды?
Осы сулардың біразы егінді суғарғанда,
жазық жайылымға жайылғанда жерге сіңіп,
жер астындағы су қорына қосылады.Содан
кейін бастау немесе құдық арқылы қайтадан
жердің бетіне шығады.
Ал кейбіреуі үлкен көлдерге құяды.Көл
айдыны арқылы буланады да, бұлтқа
айналады. Содан соң жаңбыр болып жерге
қайта жауады.
Бабаларымыздың “Бұлт өзенннен су алса
ғана жауады” деуі содан шығар.
20.
Қорытындылай келе, М.Дүйсебаева фонетикалық талдауға мынадай талаптар қояды:1.Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, жеке
сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру
тиімді.
2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поэзиялық
шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар мақал-мәтелдер,
жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық
ойын жетілдіреді.
3. Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше назар аудару
қажет.
4. Оқушының фонетика-графикалық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра
отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа
ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс.
5... оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды
қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей
болуы қажет.
21.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы:2005.-170 б.
2. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп», 1988 ж.239 б.
3. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: «Мұрагер» баспа үйі, -2005.-176 б.
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі:-Алматы, «Рауан», 2016.-224б.
5. Сатыбаева А., Сатыбаева Г. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 2009ж. 226 б.
6. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы: Ана тілі,1991. 184 б.
7. Ұйықбаев И.К. Қазақ тілі методикасының мәселелері. –Алматы,-1969ж.
8. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері(Көмекші оқу құралы).-Алматы,1993ж.160 б.
9. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (Методикалық жинақ). Алматы, 1982 ж. 228 б.
10. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
11. Өмірбаев К.О. Қазақ тілін көпдеңгейлеп оқыту.-Алматы: «Сөздік-Словарь»,2002.-120 б.