283.30K
Категория: ОбразованиеОбразование

Жазу дағдыларын қалыптастыру тілдерді дамыту бастауыш білім беру саласындағы дағдылар

1.

Б.М.Жарылғапова

2.

Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сыныптарында тіл дамыту
жұмыстары арқылы жазу дағдыларын
қалыптастыру, сауаттылыққа үйрету
әдістерін жинақтау, талдау және тиімді
түрлерін негіздеу.

3.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
бастауыш
сыныптарда
жүргізілетін
жазу
сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын
зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдістәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік
жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп,
оқушылардың грамматика мен емле бойынша
білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс
істеудің практикалық жолдарын баяндау;
үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ
жүргізу.

4.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер,
бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңдерінде тіл
дамыту әдістемесін түрлендіре отырып, жүйелі
және тиімді қолданса, онда әліппенің 3 кезеңінде
бағдарламаға сай оқушылардың жазу дағдысын
өз деңгейінде қалыптастыруға болады.

5.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық
маңыздылығы:
тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып
оқушыларының жазу дағдысын қалыптастырудың
мәні мен мазмұны анықталып, теориялық негіздемесі
жасалынды;
сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары арқылы
бастауыш сынып оқушыларының
жазу дағдысын
қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды;
бастауыш сынып оқушыларын тіл дамыту
жұмыстары арқылы жазу дағдысын қалыптастыру
мазмұны мен әдістемесі жасалды.

6.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым,
жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру арқылы
тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.
Әліппеге дейінгі кезең. Бұл – «Әліппе» мерзімінің
жеделдетілуіне, үш айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты.
Дегенмен, осы аз уақыттың өзінде мұғалімдер пайдалы әдістәсілдерді қолдана білсе, оқушыларды мектепте дұрыс жүріптұруға, сыныпта отыра білуге төселдіруге болады.

7.

Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дауысты дыбыстардың жуан,
жіңішке болып бөлінуі, ашық естілетіні; дауыссыз дыбыстардың
ұяң, созылыңқы, кейбір шұғыл түрлері таныстырылады яғни,
дыбыстық талдау-жинақтау дағдылары жетілдіріледі. Әліппе
әріптерін меңгеріп, әріптердің баспа және жазба түрлерін бас және
кіші әріпті ажырата білуді үйренеді. Буындардың екі дыбысты
тұйық, ашық, үш дыбысты бітеу буындар оқылады. Екі, үш, төрт
әріптен құралған сөздер, екі сөзден құралған сөйлем оқылады және
ауызша, жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттері
жетілдіріледі.
«Әліппеден» кейінгі кезең. Бұл кезеңде оқушылардың оқу және
жазу машықтары жетіле түседі. Мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқу,
«іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу және тыңдау-түсіну,
байланыстырып сөйлеу, каллиграфия нормаларын сақтап,
сауатты, қатесіз жазу дағдылары қалыптастырылады. «Әліппе»
соңында берілген материалдардың білімдік, тәрбиелік жағынан мән
беріліп, «Әліппемен» қоштасуға арналған өлең, тақпақтарды оқып
үйренеді. Бұл кезеңнің ерекшелігін, маңызын жете көрсету үшін
«Әліппе серігін», түрлі суретті кітапшаларды кеңінен пайдалану да
ескеріледі.

8.

Зерттеу негізінде мынандай міндеттер қойылады:
Сауат
ашу
кезеңдерінде
бастауыш
сынып
оқушыларының жазу дағдысын дамытудың
басты
ерекшеліктері жайындағы білімнің көлемі мен мазмұнын
байқау;
Сауат
ашу
кезеңдерінде
бастауыш
сынып
оқушыларының жазу дағдыларын дамыту жұмыстарының
ең тиімді әдіс-тәсілдерін байқаудан өткізу.

9.

Білім деңгейін анықтау критерийлері:
Жоғары деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы
тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін өте жақсы түсінеді, қызығушылығы тұрақты,
көркем жазу дағдысы қалыптасқан, жазу тәртібін сақтайды, берілген жұмысты тез
түсініп, жаттығуларды жылдам орындайды, әріп элементтерін байланыстырып,
үзіліссіз жаза алады, баспа және жазба әріптерін айыра алады, кеңістікте бағдарлау
дағдысы қалыптасқан, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жазады және есту, есте
сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді жатқа жаза алады.
Орта деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы
тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін жақсы түсінеді, қызығушылығы тұрақты,
көркем жазу дағдысы орташа қалыптасқан, жазу тәртібін сақтайды, бірақ қателер
жібереді, берілген жұмысты түсінеді, жаттығуларды баяу орындайды, әріп элементтерін
байланыстырып, үзіліссіз жазу тәртібін сақтауда қателіктер жібереді, баспа және жазба
әріптерін айыра алады, кеңістікте бағдарлау дағдысы орташа қалыптасқан, шағын
мәтіндерді дұрыс құрастырып жаза алады, есту, есте сақтау арқылы сөздерді,
сөйлемдерді жатқа жазуда қиналады.
Төменгі деңгей: бастауыш сынып оқушылары жазу дағдысын қалыптастырудағы
тіл дамыту жұмыстарының қажеттілігін түсінбейді, қызығушылығы тұрақсыз, көркем
жазу дағдысы орташа қалыптасқан, жазу тәртібін сақтамайды, берілген жұмысты
түсінеді, жаттығуларды баяу орындайды, әріп элементтерін байланыстырып, үзіліссіз
жазу тәртібін сақтамайды, баспа және жазба әріптерін айыра алады, кеңістікте
бағдарлау дағдысы қалыптаспаған, шағын мәтіндерді дұрыс құрастырып жаза
алмайды, есту, есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді жатқа жазуда қиналады.

10.

Педагогикалық тәжірибелік жұмыс барысында сауат ашу пәнінде
бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын дамыту тәжірибесін
қалыптастыру бойынша зерттеу экспериментін ұйымдастыру үшін мынадай
міндет қойылды: сауат ашу кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының
жазу дағдысын дамыту тәжірибесін қалыптастырудың жалпы қойылымын
айқындау.
Әдістеме: Сөздік жұмыс
Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі
оқылған сөздің мағынасын түсініп жазу, сол арқылы оқушыларды саналы
оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, сауатты жазуға
дағдыландыру.
Көрнекіліктер мен құралдар: Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық
материалдар.
Тапсырма: Көру диктанты
Қасық, орындық, мысық, орын, қамыс, ыдыс, шахтер, щетка, цирк, концерт,
чемодан, шофер, ферма.
Оқушылар суреттердегі заттардың атауын дұрыс, қатесіз, әдемі және
сөздерді буынға бөліп жазу қажет.

11.

Әдістеменің қорытындысы:
Жоғары
Орта
Төмен
50%
36%
41%
30%
23%
Сыналушы топ
20%
Бақылау тобы

12.

Әдістеме: Сөйлем құрастырып жазу
Мақсаты: жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын
дамыту, сөйлем құрастырып жазуға үйрету.
Тапсырма: Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме
құрастырып және оның дыбыстық, буындық құрамын көрсететін сызбамен
жұмыс жүргізу.
Әдістеменің қорытындысы:
Жоғары
Орта
Төмен
46%
45%
36%
18%
Сыналушы топ
35%
20%
Бақылау тобы

13.

Әдістеме: Байланыстырып сөйлеуге және жазуға үйрету
Мақсаты: Үлгі бойынша және сұраққа толық жауап алу арқылы
сөйлемдер құрастыруға және оларды байланыстырып жазуға үйрету.
Тапсырма: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеу. Тақырып
төңірегіндегі тірек сөздері арқылы шығарма жазу.
Әдістеменің қорытындысы:
Жоғары
41%
Орта
Төмен
41%
18%
Сыналушы топ
40%
40%
20%
Бақылау тобы

14.

Жоғарыда аталған әдістемелерді пайдалану барысында оқушылар тіл дамыту
жұмыстары арқылы жазу дағдысын қалыптастыруда жаңа сөздер үйрету, сөздік қорын
дамыту, сөйлем құрастырып жазу, оқылған сөздің мағынасын түсініп жазу, сол арқылы
оқушыларды саналы оқу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, сауатты жазу, оқылған
шығарма мазмұнын әңгімелеу және тақырып төңірегіндегі тірек сөздері арқылы
шығарма жазу барысында көркем, сауатты жазу деңгейлерінің төмен екендігін көрсетті:
Сыналушы топ:
Жоғары деңгей – 20%
Орта деңгей – 41%
Төмен деңгей - 39%
Бақылау тобы:Жоғары деңгей – 20%
Орта деңгей – 35%
Төмен деңгей - 45%
Жоғары
41%
Орта
Төмен
45%
39%
20%
Сыналушы топ
35%
20%
Бақылау тобы

15.

Сауат ашу кезеңдерінде берілетін тапсырмалар:
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Ж дыбысынан басталатын сөздер айту.
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу.
Шығармашылық тапсырма:
Бес жолды өлең құрастыру
Берілген әріптерден сөз құра
Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр, т.с.с
Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы.
Өлең оқыту сабағы.
Жазу сабағы.
Оқылған әңгіме бойынша Жазу сабағы.

16.

Қалыптастырушы тәжірибелік жұмысының нәтижесі
Сынып
Сыналушы
топ
Бақылау
тобы
Оқушылар Жоғары деңгей
саны
22
64
(14 оқушы)
20
20
(4 оқушы)
Жоғары деңгей
Орта деңгей
Төмен деңгей
36
(8 оқушы)
40
(8 оқушы)
-
(- оқушы)
40
(8 оқушы)
Орта деңгей
Төмен деңгей
64%
40%
36%
40%
20%
0%
Сыналушы топ
Бақылау тобы

17.

Сауат ашу кезеңі 4 кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезеңде - дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке
болып бөлінуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері үйретіледі.
Екінші кезеңде - қысаң дауысты дыбыстармен, буынның
түрлерімен танысады, сюжетті суреттеумен, кестелермен
жұмыс жүргізеді.
Үшінші кезеңде - жіңішке дауысты дыбыстарды
дауыссыз дыбыстардан ажыратып жазуды үйретеді.
Төртінші кезеңде - орыс алфивитінен енген
дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен жұмыс жүргізу.

18.

Жүргізілген зерттеулер бойынша мынадай ұсыныстар
жасауға болады:
бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын
қалыптастыруды өз деңгейінде өткізу үшін ЖОО-ның
студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған оқу
құралдарын, әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау;
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отыра әр оқушыға
шағын әріптер ойылып жазылған алфавит шығару (бояу
үшін);
Бастауыш сынып мұғалімдерінің каллиграфиясын
жетілдіру үшін және жазу арқылы адамға психологиялық
мінездеме беруге үйрететін қысқа мерзімді курстар
ұйымдастыру.
English     Русский Правила