Похожие презентации:
Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес-жоспарлау
1.
7-дәрісКәсіпкерлік қызметтегі
бизнес-жоспарлау
2.
Дәріс сабағының мазмұны1. Бизнес-жоспар мәні, мақсаттары, артықшылықтар
2. Бизнес-жоспардың құрылымы
3. Бизнес-жоспардың хатталу стилі
3.
Бизнес-жоспар кімге бағытталуы мүмкін?өзіңізге арналған
жергілікті немесе
шетелдік серіктеспен
біріккен кәсіпорын
құруға арналған
несие үшін банкке
бағытталған
инвесторлардың
қаражаттарын
тартуға арналған
жаңа қызметкерлерді
тартуға арналған
өзге компаниямен
бірігуге
арналған
4.
Бизнес-жоспардыжасаудағы мақсат
сыртқы
мақсаттар
ішкі
мақсаттар
5.
Бизнес-жоспар түзудің ішкі мақсаттарыфирма қызметінің нақты бағыттарын, мақсаттық нарықтарын және осы нарықтардағы фирманың орнын анықтау;
фирманың ұзақмерзімдік және қысқамерзімдік мақсаттарын, оларға жету стратегиясы мен тактикасын
қалыптастыру. Стратегияны іске асыруға жауапты тұлғаларды белгілеу;
фирманың тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің құрамын таңдау және көрсеткіштерін
белгілеу. Оларды өндіру мен сату бойынша өндірістік және сауда ұсталымдарын бағалау;
фирмада бар кадрлардың, олардың еңбек уәждемесі шартарының алға қойылған мақсаттарға жету үшін
қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау;
фирманың нарықты зерттеу, жарнама, сатылымдарды ынталандыру, баға қою, сату арналары және т.б.
бойынша маркетингтік шараларының құрамын белгілеу;
фирманың қаржылық жағдайын және қолда бар қаржылық және материалдық қорлардың алға қойылған
мақсаттарға жету мүмкіндіктеріне сәйкестігін бағалау;
бизнес-жоспардың іс жүзінде орындалуына кедергі келтіруі мүмкін қиындықтарды, «суасты тастарын» алдын-ала
ескеру.
6.
Қойылғанмақсаттарға сәйкес
атқарылуы тиіс
міндеттерді дәлірек
айқындауға
көмектеседі
Фирманың
нарықта болып
жатқан
өзгерістерге
дайын болуына
көмектеседі
Барлық
орындаушылар мен
қатысушылардың
ойлары, ынталарын,
ұсыныстарын
ескеруге мүмкіндік
береді
Басқарушыларды
инновацияларды
белсенді түрде
енгізуге
мәжбүрлейді
Бизнес –жоспалау
артықшылықтары
Қойылған
мақсаттарға қол
жеткізу бойынша
барлық деңгейдегі
басқарушылардың
міндеттері мен
жауапкершіліктерін
айқындайды
Өз идеяларын басқа
да инвесторлардың
идеяларымен
үйлестіруге
мүмкіндік береді
Қойылған
мақсаттарға қол
жеткізуге
жұмсалған күшқуатын дұрыс
үйлестіруге
көмектеседі
Берілген бизнесжобаның жүзеге
асырылуын бақылау
үшін қажетті
көрсеткіштерді
бекітеді
7.
Бизнес-жоспарды дайындау кезеңдеріқажетті
ақпарат көзін
анықтау
оны
дайындау
мақсаттарын
белгілеу
өз мақсаттық
оқырманинвесторлар
ын белгілеу
жасалып
жатқан
құжаттың
жалпы
құрылымын
айқындау
бизнесжоспардың
әрбір
белгіленген
тарауын
дайындауға
қажетті
ақпараттарды
жинау
тікелей
бизнесжоспарды
жазу
8.
Бизнес-жоспар мынадай құрамдас бөліктерден тұрады-
негізгі бет;
түйіндеме;
мазмұны;
өз бизнесінің тарихы (егер кәсіпорын жұмыс істеп жатқан болса);
өнімдердің (қызметтердің) сипаттамасы;
нарықтар;
бәсекелестер: бәсекелестік стратегияны бағалау мен таңдау;
өндірістік жоспар (жедел жоспар);
маркетинг жоспары;
ұйымдастырушылық жоспар (еңбек ресурстары жөніндегі жоспар);
қаржылық жоспар және тәуекелді бағалау;
қосымшалар.
9.
Кәсіпорын мен өнімнің сипаттамасыКәсіпорын сипаттамасында келесі мәліметтер көрсетіледі:
кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы, тіркелген
күні мен орны, тіркеу куәлігінің нөмірі, заңды мекенжайы,
банк реквизиттері;
кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
жарғылық капиталдың көлемі;
кәсіпорынның құрылтайшылары, олардың жарғылық
капиталдағы үлестерін көрсете отырып;
басшыларына мінездеме;
кәсіпорынның негізгі қызмет түрі;
кәсіпорынның мақсатын тұжырымдау;
бәсекелестер мен өз кәсіпорнының күшті және әлсіз
тұстарын бағалау.
10.
Тауардың (өнімнің, қызметтің) сипаттамасына жататынмәселелердің тізімі мынадай болуы мүмкін:
1. Тауар мен оны қолдану тәсілдерінің нақты сипаттамасы: ерекшеліктері (химиялық,
физикалық, механикалық және т.б. ), оны әлеуетті тұтынушылардың қажеттіліктерімен
түйіндесуі.
2. Таңдап алынған тауарды қолдану қарқыны (уақыт өте келе оны тұтыну деңгейі арта
ма немесе төмендей ме, оны қолданудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін бе?). Фирма өз
тауарының өмірлік айналым кезеңін қандай күйде көреді?
3. Бәсекелестер ұсынып отырған дәл осындай тауардың (қызметтің) диапазоны қандай?
Таңдап алынған тауардың, бәсекелестердің үлгілерімен салыстырғанда, қайталанбас
ерекшелігі бар ма, нарық (тұтынушылар) тауардың қайталанбас, өзіне тән ерекшелігі
болуын қажет ете ме?
4. Тауардың қорғаныс деңгейі қандай, яғни кәсіпкердің сауда маркасымен тіркелген
патенті, авторлық құқығы, т.б. бар ма?
11.
Нарық пен негізгі бәсекелестерді талдау• Бұл бөлімде нарықтың абсолютті өлшемдерін, нарықтың негізгі
сегменттерін (тұтынушылар топтары) көрсету керек. Нарық түрлі ішкі
және сыртқы факторларға қаншалықты сезімтал, ол кезеңдік және
маусымдық тербелістерге ұшырай ма және т.б. анықтау қажет.
• Өз бәсекелестерін, олардың басып алған нарықтағы үлесін, бағыт алған
сегменттерін, басқа да факторларды ескеріп, сипаттап жазу керек.
• Нарықтың жалпы тартымдылығы туралы қорытынды жасау маңызды. Егер
ол қанағаттанарлық болса, өзінің әлеуетті үлесін белгілеп, өз өнімдерінің
сатылымына болжам жасау қажет. Ол ақшалай көрсеткіштермен де,
физикалық бірліктермен де көрсетілуі керек.
• Сатылым нарығын бағалау мыналарды анықтаудан тұрады:
• сұраныс деңгейі;
• сұраныстың қанағаттандырылу дәрежесі;
• бәсекелестік деңгейі;
• өнімдерді сатып алуға дайын тұтынушылар үлесі.
12.
Өндіріс жоспары келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс• Негізгі өндіріс әдістері мен технологиялары қандай?
• Өндірістік үдерістің, тауар шығару операцияларының жалпы құрылымы қандай?
Операцияларда артықшылықтарға қол жеткізу мүмкін бе? Өндірістік үдерістің құрылымын
өндірістік ағымдар сызбасының көмегімен көрсеткен дұрыс.
• Қандай шикізат пен материалдар қажет? Фирманың негізгі жабдықтаушылары кімдер?
Олардың аттары мен мекенжайларын көрсету.
• Қиындық туғызатын факторлар («тар орындар») анықталды ма? Олар жабдықтаушылар,
қандай да бір операцияға жұмсалатын уақыт, т.б. болуы мүмкін.
• Өндірісті ұйымдастыру үшін қандай қуаттылық қажет? Кәсіпорында іске қосылып қойған
қуаттылық бар ма? Оларды кеңейту жоспарлары, қуаттылықты кеңейтуге байланысты
шығындар және кеңейту кезеңі қандай?
• Өндірістік операцияларды орындау кезінде қайталану жағдайлары, күтпеген оқиғалар
қаншалықты жиі орын алады?
• Сапаны бақылау қалай жүзеге асырылады?
• Қолда бар және қажетті жабдықтардың сипаттамасы, оларды таңдау қалай жүзеге асырылады?
• Өндіріс қайда орналасады? Орналасқан жері мен географиялық шарттары жағынан өндіріске
қойылатын талаптар.
• Болашақта өндірісті жүргізу үшін қажет болатын жұмыс күші қандай? Жұмысшылардың
біліктілігі жабдықтардың мүмкіндіктері мен спецификасына сәйкес келе ме?
13.
Өндірістік жоспардың құрылымы мынадайА. кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы:
• өнімді шығару (сату) көлемі
• сату-сатып алу шарттарына сәйкес өнімдерді өткізу үлесі
• өнімді шығару (сату) көлемінің өсу қарқыны.
Б. Технологиялық үдерістің сызбасы.
В. Негізгі қорларға қажеттілік:
• ғимараттар мен құрылыстар;
• жұмыс машиналары мен жабдықтар;
• көлік құралдары;
• жалпы қажеттілік пен негізгі қорлардың өсімі;
• негізгі өндірістік қорлардың құны.
Г. Өндіріс жоспары:
• айналым қаражатына қажеттілікті жоспарлау;
• шикізат пен көмекші материалдардың құны
Д. Қызметкерлер мен жалақыға қажеттілік.
Е. Өзіндік құнды есептеу (калькуляциялау).
14.
Маркетингтік жоспармақсаттары
кәсіпкердің фирманың
маркетингтік қызметінің
негізгі мақсаттары мен
міндеттерін, стратегиясын
білуі
маркетологтар жоспарды өз
тауарының нарқын игеруге
және құруға бағытталған
әрекетке басшылық ретінде
пайдалана алуы
инвесторлардың нарықтың
жеткілікті сыйымдылығы
мен болашақ
мүмкіндіктеріне көз жеткізу
15.
Маркетингтік жоспар төмендегі сауалдарға жауап беруі тиіс:1. Кәсіпорын бағдар алып отырған нарықтағы тұтынушылардың негізгі
сипаттамалары қандай (табыс деңгейі, жасы, жынысы, мінез-құлықтық
қағидаттары және т.б.), яғни аталған нарықтың негізгі сегменттері қандай?
2. Бизнес нарықтың аталған сегментіндегі қандай орыннан үміттене алады?
Фирма бәсекелестерді тықсырып шығаруға ниетті ме, әлде өзінің бос орнын таба
ма?
3. Фирманың тауарына бағаны есептеудің негізгі әдістемесі қандай? Таңдап
алынған баға деңгейі фирманы қандай таза табыспен қамтамасыз етеді?
Тұтынушылар үшін бағаны төмендету мен жеңілдіктер жүйесі қарастырылған
ба?
4. Фирма тауарларды таратудың қандай арналарын пайдаланатын болады? Ол
делдалдардың қызметіне жүгіне ме, әлде тауарды тұтынушыға тікелей ұсына ма?
5. Фирма өз тауарларын тиімді жылжыту үшін қандай шараларды қабылдайды
(жарнама, өткізуді ынталандыру, насихаттау, жеке сатылымдар)? Тауарларды
жылжытуды қаржыландыруға арналған бюджет қалай белгіленеді?
6. Фирма өз өнімдеріне техникалық кепілдемелер жүйесін қолдана ма?
Сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді қалай жоспарлайды?
16.
Ұйымдастырушылық жоспарЖоспарды түзу үшін төмендегі сауалдар бағдар бола алады:
• Негізгі үлескерлер мен акционерлер кімдер?
• Меншік иелерінің фирманы күнделікті басқаруға қатысуы неден көрінеді?
• Өкілеттіктер қызметкерлер, басқарушылар арасында қалай бөлінеді?
• Қызметкерлермен жасалатын келісімшарттың негізгі сипаттары қандай?
Сыйақы төлеу қалай жүзеге асырылады?
• Фирма қызметкерлердің фирманың капиталына қатысуының түрлі
нысандарын қолдана ма? Егер қолданса, нақты қандай түрлерін?
• Фирманың ұйымдық құрылымы, бөлімшелерінің бір-бірімен өзара әрекеттесу
тәсілдері қандай? Ұйымның құрылымын сызба түрінде бейнелеген дұрыс, ол
ұйымның ішкі құрылымын, оның түрлі бөлімдерінің өзара әрекеттесуін
көрнекті түрде түсіндіреді.
17.
Тәуекелдер жөніндегі жоспарТәуекелдердің түрлері
Сұраныстың тұрақсыздығы
Баламаның пайда болуы
Табысқа кері әсері
Бағаның
төмендеуі
Бәсекелестердің бағаны төмендетуі
Сұраныстың төмендеуі
Бәсекелестердегі өндірістің артуы
Бағаның төмендеуі
Салықтардың көбеюі
Тұтынушылардың төлем қабілетінің
төмендеуі
Шикізат, материалдар, тасымалдау
Сатылымның азаюы немесе бағаның
төмендеуі
бағасының өсуі
Жабдықтаушыларға
баламаның болмауы
сұраныстың
Таза табыстың азаюы
Сатылымның азаюы
Шикізат, материалдар, тасымалдау
бағасының өсуінен табыстың азаюы
Бағаның өсуінен табыстың азаюы
Несиелердің көбеюі немесе өндіріс
көлемінің төмендеуі
тәуелділік,
Айналым қаражатының жетіспеуі
өсуінен
18.
Қаржылық жоспар• Бизнес-жоспардың қаржылық тармағында келесі негізгі
сәттерді көрсету қажет:
• табыстылық: бар тәуекелдерді ескере отырып, бизнеске
қатысушылардың қатысу мүмкіндігін қарастыру үшін олар үшін
кәсіпорынның қаншалықты тартымды екендігін бағалауға мүмкіндік
береді;
• қолма-қол ақша ағымы: осы бизнеске салынған инвестиция қауіпсіз
болып табыла ма, қатысушыларға тиесілі төлемдер кестеге сай төлене
ме, соны бағалауға мүмкіндік береді.
• Бизнес-жоспардың қаржылық тармағы үш негізгі
қаржылық есептен тұрады:
• баланстық есеп (бизнестің қаржылық төлем қабілетінің суреті);
• кірістер мен шығыстар туралы есеп (табыстылығы жөнінде ақпарат
береді);
• қолма-қол ақша ағымы туралы есеп (бизнестің қолма-қол ақша тудыру
және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау қабілеті жөнінде
ақпарат береді).
19.
Табыстар мен шығыстар туралы есепСатылымдар
А
А
Ауыспалы шығындар:
шикізат пен материалдар
басқа да ауыспалы шығындар
артық қорлардың өзгеруі
Барлығы ауыспалы шығындар
Ішкі пайда
В
С
В
С = А-В
Тұрақты шығындар:
өтемпұл
қызметкерлер
жалдау
сақтандыру
жарнама
коммуналдық қызметтер
салықтар
басқалары
Барлығы тұрақты шығындар
Несиелер мен салықтар бойынша пайыздарды төлегенге дейінгі пайда
Несиелер бойынша пайыздар
Салықтарды төлегенге дейінгі пайда
Табыс салығы
Таза пайда
D
E
F
G
H
I
D
E = C-D
F
g = E-F
H
I = g-H
20.
БАЛАНСАктивтер
Негізгі қаражат:
Жеке
капитал
және
міндеттемелер
Жеке капитал___________________
жер және ғимараттар
Ұзақмерзімдік міндеттемелер:
станоктар мен жабдықтар
ұзақмерзімдік несие
көлік және т.б..
мерзімі шегерілген салықтар
Барлығы негізгі қаражат
Айналым қаражаты:
Барлығы
ұзақ
мерзімдік
міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелер:
шикізат пен материалдар
• қысқамерзімді несиелер
аяқталмаған өндіріс
• салықтар бойынша қарыз
• басқа да несие қарыздары
тауарлы-материалдық қор
Барлығы айналым қаражаты
Барлығы ағымдағы міндеттемелер
Барлығы активтер
Барлығы пассивтер
21.
Ақша қаражаттары қозғалысының есебіАталуы
ҚҚС мөлшері
Пайда салынатын салық мөлшерлемесі
Салықтық жеңілдіктер
Тауарларды (қызметті) өткізуден түскен кіріс
Операциялық қызметтен келген барлық ақша ағымы
Тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төлем
Еңбек ақы бойынша төлемдер
Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлеу
Корпоративті табыс салығы
Бюджетке төленетін басқа төлемдер
Басқа төлемдер
Операциялық қызметтен кеткен барлық ақша ағымы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕН ТҮСЕТІН ТАЗА АҒЫМ
жыл
22.
Негізгі құрал жабдықтар өткізуМатериалдық емес активтерді өткізу
Басқа түсімдер
Инвестициялық қызметтен келген барлық ақша ағымы
Негізгі құрал жабдықтар алу
Материалдық емес активтер алу
Басқа төлемдер
Инвестициялық қызметтен кеткен барлық ақша ағымы
ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНЕН ТҮСЕТІН ТАЗА АҒЫМ
Қарыздар алу
Басқа түсімдер
Қаржы қызметінен келген барлық ақша ағымы
Қарыздарды өтеу
Дивиденттер төлеу
Басқа төлемдер
Қаржы қызметінен кеткен барлық ақша ағымы
ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНЕН ТҮСЕТІН ТАЗА АҒЫМ
БАРЛЫҒЫ: АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҰЛҒАЮЫ. (АЗАЮЫ.)
Кезең басындағы ақша қаражаттары
23.
• Барлық есептілік түзілгеннен кейін, оған түсіндірме жасаукерек.
• Түсіндірме мынадай есептеулер негізінде жасалуы
мүмкін:
• есептіліктің кейбір көрсеткіштерін пайдалана
отырып, спецификалық есептеулер;
• жобаның жалпы табыстылығын есептеулер;
• бизнестің қаржылық жағдайы мен құрылымы
жайында түсінік беретін жалпы коэффициенттер
24.
Бизнес-жоспардың хатталуы мен стиліБизнес-жоспарлау жөніндегі мамандар бизнес-жоспарды
түзу мен хаттаудың мынадай ережелерін орындауды
ұсынады:
1. Сөйлемдер қысқа, анық, нақты, жігерлі болуы керек.
Көпмағыналы және көмескі сөздерді қолданбаған дұрыс.
Мәтінге көп сезім берудің қажеті жоқ.
2. Техникалық жаргондарды пайдалануға әуестенудің қажеті
жоқ. Әйтпесе оқырман «автор өзі жазып отырған тақырыпты
жақсы меңгермеген» деп ойлауы мүмкін.
3. Бизнес-жоспарға тек іске қатысы бар (релевантты)
ақпараттар енгізілуі керек.
4. Бизнес-жоспарда келтірілген идеялар шектен тыс
амбициялы болмауы тиіс. Бизнестің шынайы мүмкіндіктерін
ескермей, болашақ жетістіктерінің межесін арттырудың
қажеті жоқ — тіпті бұл жарнамалық мақсатта жасалса да.
25.
5. Жоспардың қағидаларын түсіндіруге фотосуреттер, диаграммалар,кестелер мен сызбаларды пайдалану өте жақсы көмектеседі. Бұл бизнесжоспар жөніндегі әсерді айтарлықтай арттырады.
6. Жоспар құрылымының айқын болуын қамтамасыз ету керек. Материал
қысқа, жақсы орындалған параграфтарға бөлінуі қажет. Жақсы
құрылымдалған және хатталған материал жеңіл оқылады, назарға тезірек
ілінеді.
7. Бизнес-жоспардың негізгі болжамдарын, оның басты қорытындыларын
ерекше бөліп көрсету керек.
8. Бизнес-жоспардың негізгі тармақтарын түрлі, көлемді ақпараттармен
ауырлатудың қажеті жоқ, мұндай ақпараттарды қосымшаға енгізген дұрыс.
9. Бизнес-жоспармен жұмыс істеу үлкен зейінді қажет етеді, сондықтан оны
алаңдатарлық қиындықтар жоқ, барлығы жақсы жүріп жатқан кезде жазу
керек.
10. Бизнес-жоспардың негізгі қағидаларын, олар фирманың ортасындағы
күтпеген өзгерістерге бейімделе алатындай етіп белгілеу қажет.
11. Егер бизнес-жоспар қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін
даму мақсаттарына жету үшін және бизнестің жаңа салаларына кірігу үшін
түзілсе, ол «жоспарланған өзгерістерге байланысты негізгі операциялар
зардап шекпей ме?» деген сауалға жауап беруі тиіс.
26.
Бақылау сұрақтары1. Бизнес-жоспар деген не және ол кімге арналып жасалуы мүмкін?
2. Бизнес-жоспар ішкі мақсаттары қандай?
3. Бизнес-жоспар сыртқы мақсаттары қандай?
4. Бизнес-жоспар кәсіпкерге қандай артықшылықтар береді?
5. Бизнес-жоспар жасау үдерісі қандай кезеңдерден тұрады?
6. Бизнес-жоспардың құрылымы қандай негізгі бөлімдерден тұрады?
7. Бизнес-жоспар қандай стилде жазылуы тиіс?
27.
Ұсынылатын әдебиеттер1. А.А.Нургалиева . Кәсіпкерлік.-Алматы: Экономика, 2016.-275с.
2. Жуйриков К.К. Менеджмент и предпринимательство.-Алматы: Экономика,
2016.-278с.
3. Переверзев М.Предпринимательство и бизнес [Электронный ресурс].М.:ИНФРА, 2013.-174 с.
4. Кузьмина Е.Е., Кузьмина Л.П. Предпринимательская деятельность. 2-е
изд.пер. , издательство Erudit 2017 г.
5. Чеберко Е.Ф. Основы предпринимательской деятельности.- издательство
Erudit 2016 г.