1.03M
Категория: МедицинаМедицина

Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлау және қылмыстық процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен

1.

ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ
АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ІСТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН
ТАНЫСТЫРУ

2.

• Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге
асыратын адам қылмыстық іс бойынша
қылмыстық процестік кодексінің 113бабының талаптарына сәйкес
дәлелденуге жататын барлық мәнжайлардың анықталғанын мойындап,
күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды
өкілі іске қатысып отырған болса,
оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның
өкілін, азаматтық талапкерді,
азаматтық жауапкерді, олардың
өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін
жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша
түрде хабардар етеді.

3.

• Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді,
азаматтық жауапкерді және олардың
өкілдерін іс материалдарымен
таныстыру
1. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің
ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған
жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс
материалдарымен немесе олардың
танысқысы келген бір бөлігімен
таныстырады. Азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер немесе олардың
өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген
болса, іс материалдарының азаматтық
талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.

4.

• Күдікті мен оның қорғаушысын
істің барлық материалдарымен
таныстыру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам
осы Кодекстің 295-бабының талаптарын орындай отырып,
күдіктіге және оның қорғаушысына айыптаулар тізімін
қоспағанда, тігіліп, нөмірленіп, іс парақтарының
тізімдемесіне енгізіліп, байланып және тергеу органының
мөрімен куәландырылып қойылуға тиіс қылмыстық істің
барлық материалдарын ұсынады. Күдіктінің немесе оның
қорғаушысының өтінуі бойынша танысу үшін заттай
дәлелдемелер де ұсынылады және егер тергеу әрекеттерінің
хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар,
бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат
жеткізгіштер тыңдатып-көрсетіледі. Күдіктінің немесе
оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің
материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады.

5.

• Қылмыстық істің материалдарымен танысу
аяқталған соң мәлімделген өтінішхаттарды
қарау және шешу тәртібі
1. ҚПК тің 294-бабында көрсетілген адамдардың
қылмыстық іс материалдарымен танысуы
аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді
жүзеге асыратын адам қандай да бір өтінішхаттардың
немесе өзге де мәлімдемелердің бар-жоғын анықтайды.
2. Күдіктінің, оның қорғаушысының, заңды өкілінің,
жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық
жауапкердің және олардың өкілдерінің іс
материалдармен танысқаннан кейін ауызша мәлімдеген
өтінішхаттары танысу туралы хаттамаға енгізіледі.
Процеске қатысушы өтінішхатты жазбаша түрде
баяндау ниеті туралы мәлімдеген жағдайларда, оны
дайындауға қажетті, үш тәуліктен аспайтын уақыт
ұсынылады, таныстыру туралы хаттамада бұл туралы
белгі жасалады. Жазбаша өтінішхат іске қоса беріледі.
English     Русский Правила