Похожие презентации:
Антибиотиктер. Антибиотиктердің әлемдік өндірісі өте үлкен
1.
АНТИБИОТИКТЕР2.
Антибиотиктердің әлемдік өндірісі өте үлкен. Оларісікке қарсы және микробқа қарсы препараттар. Бұрын
емдеуге мүмкін емес ауруларды емдеуге мүмкіндік
берді: туберкулез, сепсис, мерез. Медицинадан гөрі
антибиотиктер өсімдік шаруашылығында, мал
шаруашылығында, ветеринарияда және тамақ
өнеркәсібінде қолданылады.
Микроорганизмдерде антибиотиктер түзілетін
процесс антибиоз деп аталады.
•Антибиоз процесті қолданбалы пайдалану идеяны Л.
Пастер мен Мечников ұсынған.
•Антибиотик атауын З. Ваксман 1942 ж ұсынған.
•Антибиотиктер микроорганизм клеткаларында
түзілетін екінші реттік метаболиттердің тобына жатады.
3.
Антибиотиктер туралы негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтанпенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.. Антибиотикалық
заттарды қолдану өте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда
көгерген ірімшік, кейіннен көгерген нан іріңді жараларды емдеу үшін
қолданылғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап
келген орыс ғалымы А.Г. Полотебнов (1872 ж) айтуы бойынша пенициллиум
саңырауқұлағының спорының көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны
емдеуге болады.
4.
Белгілі табиғи антибиотиктердің ішінен (14000 жұық)медицинада ауруларды емдеу үшін 2 -3 %-ті ғана
пайдалынады, 97%-ті медицина дәрі препараттарға
ұсынатын талаптарына сай келмейді. Антибиотиктер
дамыған мемлекеттердің фармацевтикалық өнеркәсібі
шығаратын препараттардың ішінде бірінші орынды
алады. Жыл сайын дүние жүзінде 100000 т
антибиотиктер шығарылады, антибиотиктерді шығару
үшін 20 млрд доллар шамасындай жүмсалынады,
сатылған күны 5 млрд долларға жетеді.
5.
Антиобиотиктерді топтастырады:• әсер ететін микроорганизмнің түріне байланысты;
• химиялық құрылымына байланысты;
• әсерінің спектрі мен түріне байланысты;
• әсер ететін механизміне байланысты.
Антибиотиктер әсер ету типі бойынша 2 топқа
бөлінеді:
Бактериостатикалық –микробтардың өсіп-көбеюін тоқтататын
Бактерицидтік – микробтарды жоятын
6.
ЖіктелуіШЫҒУ ТЕГІ БОЙЫНША
ӘСЕР ЕТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША
Табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар
тіндерінен айда болады)
Антибактериальды(ішек және
нейрохирургиялық инфекция, тыныс және
зәр шығару жолдарының инфекциялары
кезінде, эндокардит, менингит)
Жартылай синтетикалық ( табиғи
молекула модификациясы арқылы
алады)
Синтетикалық ( жасанды түрде
өндіріледі)
Саңырауқұлаққа қарсы ( тері
инфекциялары, ауыз және жұтқыншақ
инфекциялары)
Ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен
қатерлі ісіктер үшін қолданылады)
7.
АЛУ ЖОЛДАРЫ1.БИОЛОГИЯЛЫҚ СИНТЕЗ
Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу
үшін, микроорганизмдердің жоғарғы
өнімді штаммдарын және оларды
өсіретін арнайы қоректік орталарын
пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен
пенициллинді алады.
2.ХИМИЯЛЫҚ СИНТЕЗ
Кейбір антибиотиктердің құрылымын
білгеннен кейін, оларды химиялық
синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі
туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған
алғашқы антибиотктердің алғашқысы
– левомицетин.
3. КОМБИНИРЛЕНГЕН ТӘСІЛ
Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы
болып табылады. Биологиялық синтез
жолымен антибиотиктің ядросын алса
(мысалы, пенициллен в-аминопенициллан
қышқылын) ал, химиялық синтез
жолымен оған әр түрлі радикалдарды
қосады. Осы тәсілмен алынған
антибиотиктерді жартылай синтетикалық
деп атайды
8.
Клиникада қолданылуы бойынша 2 топқа бөлінеді:Негізгі антибиотиктер –микроорганизмдерге
сезімталдығын анықтағанға дейін қолданылатын;
Резервті – негізгі антибиотиктерге микробтардың
тұрақтылығы дамығанда немесе олар ағзамен
үйлеспегенде
Уақыт өте микроорганизмдер антибиотиктер әсеріне тұрақты болады, оны резистенттілік деп атады.
Резистенттілік туындау механизмі – генетикалық мутация.
Резистенттілік себептері:
Шектен тыс антибиотиктерді
пайдалану
Кейбір елдерде антибиотиктерді
рецептсіз сату
Антибиотиктерді малдың
тағамына және жуғыш заттарға
қосу
9.
Антибиотиктердің ашылуы медициналық үлкен жетістікболды. Сынға қарамастан, антибиотиктер өлімге әкелетін
ауруларды емдейді. Антибиотиктердің ағзаға әсері үнемі
зерттеліп, жетілдірілген штамдар шығарылуда.
Антибиотиктердің адамға пайдасы зияннан жоғары
болатын аурулар тізімі:
• пневмония;
• туберкулез;
• асқазан-ішек жолдарының инфекциясы;
• жыныстық ауру;
• қанмен улану;
• операциядан кейінгі асқынулар.
10.
11.
•Бізді қоршаған дүниенің бәрінде де микроағзалар тіршілік етеді.Олармен күресу үшін антибиотикке жүгінеміз. Алайда
антибиотиктердің пайдалы жақтарынан қарағанда зиянды
жақтарының да жетерлігін ескеруіміз қажет. Атап айтсақ,
• - Уыты әсері;
• - Антибиотиктердің әсерінен дисбактериоз және аллергиялық
реакциялары дамиды;
• - Иммунитет тежеледі, ауру асқынады;
• - Организмді жұқпалы аурулардан қорғайтын ерекше және
ерекшесіз факторлар тежеледі, соның ішінде
иммуноглобулиндердің түзілуі, комплемент жүйесі, лизоцим
ақуыздың әсері.
12.
Антибиотиктер дайындау бойынша кәсiпорындарды ерекше топқабiріктірген. Қазір химиялық қосылыстың әр түрлі класына жататын
антибиотиктердің 400 түрі бар. Антибиотиктердің медицинада
қолданылуы антибактериалды қасиетке негізделген.
Антибиотиктерді алудың технологиялық процессі, белгілі реттілікте
және қажетті сәйкес қондырғыларда жүретін бірнеше сатыдан
тұрады:
•егістік материалды өсіру және антибиотиктердің биосинтезі
(ферментация);
•көбейген сұйықтықты алдын-ала өңдеу;
•фильтрлеу;
•бөліп алу және химиялық тазалау;
•дайын дәрілік түрлерді дайындау;
•бөлшектеу және орамдау;
13.
Антибиотиктер өндірісінде еңбек гигиенасы ауаға жоғары дисперстіантибиотикті шаңның, химиялық заттардың технологиялық процесінде
қолданылатын бу мен газдың және артық жылу бөлінуімен сипатталады.
Жұмысшылар антибиотиктерді ферментациялау сатысында бөлмені
және қондырғыны стерильдеу үшін қолданылатын фенол мен
формальдигид буының және түзілетін шаңның әсеріне ұшырауы мүмкін.
Осы зиянды факторлардың әсерінен мамандыққа байланысты аурулар
туындайды, оларға аллергия, дерматит, экзема, бронхиалды астма,
дисбактериоз, анемия, лейкопения және т.б. жатады
Антибиотиктер өндірісінде жұмыс істейтіндердің денсаулығын
зерттегенде әр түрлі улану әсерлері анықталады, олар терінің дуылдап
қышуы, бастың жиі ауруы, көздің шаншып ауруы, тамақтың ауруы және
кебуі, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, метеоризм, іштің ауруы деген
көрсеткіштермен сипатталады.
14.
Ангина кезінде тағайындалатын антибиотиктерІсікке қарсы антибиотиктер
15.
Пенициллин өндірісіПенициллин антибиотигің өндіру – қайталама метаболитті алу үшін субстрат қосылған мерзімді өсіруді
қолданудың жақсы мысалы.
Егу материалын дайындау келесі кезеңдерді қамтиды:
1) сыйымдылығы аз аппараттарда (инокуляторларда) 1-ші генерациядағы егу мицелийін өсіру;
2) сыйымдылығы үлкен аппараттарда 2-ші генерациядағы егу мицелиясын өсіру.
Инокуляторды себу үшін қолданылатын спора дақылдары шыны бөтелкелерде тарыға
өсіріледі, кептіріледі және бөлме температурасында сақталады. Егу 2-3 флаконнан тұратын
құрғақ споралармен жүзеге асырылады.
Глюкоза, сахароза және т. б. көміртектің екінші көзі ретінде аз мөлшерде лактоза
қолданылады
Penicillium notatum-chrysogenum продуценті
16.
Стрептомицин өндірісіСтрептомицин-Streptomyces griseus өндіретін кең спектрлі антибиотик,
аминогликозидтер тұқымдасына жатады, грам-позитивті және грамтеріс бактериялардың кең спектріне қатысты бактерицидті болып келеді.
Стрептомицин –аминогликозидтер тобының
бірінші ұрпағына жататын кең спектрлі
антибиотик
Стрептомициннің дозасы-10 мг/кг, 0,75 г
аспайды.Интермиттирлеу режимі. - 15 мг/кг, бірақ
0,75 г аспайды.
Грам+ және әсіресе грам- бактерияларды
тежейді.
Стрептомицин микроб жасушасына еніп, белгілі бір ақуыздармен байланысады және бұл
матрицалық РНҚ түзілуіне және полирибосомалардың ыдырауына әкеледі. Мұндай әсер ету
механизмі ДНҚ-дан мәліметтерді оқу, бактериялардың өсуі мен дамуын тоқтату кезінде ақаулардың
пайда болуына әкеледі.
17.
Гентамицин өндірісіМедицина және ветеринария саласында "Гентамицин"
фармацевтикалық препараты ретінде Micromonospora purpurea
өндіретін C1-C2 гентамицин қоспасы пайдаланылады, оның
құрамында әдетте 20-40% C1 гентамицин, 10-30% c1a гентамицин
және 40-60% C2, C2a және C2b гентамицин бар.
Гентамицин грам-оң және грам-теріс бактериялардың
дамуын тежейді, соның ішінде Proteus, Pseudomonas,
саңырауқұлақтарға әсер етпейді. Гентамицин сульфаты
оған сезімтал микроорганизмдер тудыратын әртүрлі
жұқпалы ауруларға қолданылады. Препарат әсіресе зәр
шығару жолдарының инфекцияларында, тыныс алу
және асқазан-ішек ауруларында тиімді. Әрекеттің кең
спектріне байланысты гентамицин көбінесе аралас
инфекциямен, сондай-ақ қоздырғыш анықталмаған
кезде (жалпы жедел профилактиканы қоса)
тағайындалады.
Қоректік орта дайындау-гентамицин алудың биотехнологиялық процестерінің цикліндегі жауапты операциялардың бірі.
Биореактордағы культура дамуы да, жалпы гентамициннің биосинтезі де тұқымның саны мен сапасына байланысты.
18.
Канамицин антибиотигіКанамицин - кең спектрлі антибиотик. Ол грам-позитивті және грам-теріс микроорганизмдердің көпшілігіне, сондай-ақ
қышқылға төзімді бактерияларға бактерицидтік әсер етеді. Ол туберкулез микобактерияларының, соның ішінде
стрептомицинге, ПАС, изониазидке төзімді штаммдарға әсер етеді. Рибосомалық мембрананың 30S суббірлігімен
байланысу арқылы микроб жасушасындағы ақуыз синтезін бұзады.
Канамицин сериясының үш антибиотикі белгілі: канамицин А, көбінесе жай канамицин деп
аталады, канамицин В, сонымен қатар беканамицин (лат. Беканамицин) және канамицин С.
19.
Желудова Т.П. «Технология получения и практическое применение антибиотиков», 2006.Производство антибиотиков https://zinref.ru/000_uchebniki/03200medecina/100_lekcii_medicina_15/478.htm
Современное промышленное получение антибиотиков
https://studme.org/338745/tehnika/sovremennoe_promyshlennoe_poluchenie_antibiotikov
https://lifelib.info/biology/science_1/40.html
Производство пенициллина https://studbooks.net/1920355/meditsina/proizvodstvo_penitsillina
20.
Назар аударып тыңдағандарынызғарақмет