1/11

Буддизм.Тармақтары

1.

Буддизм
Орындаған:Көшербай Қ.
Экл15-1

2.

Жоспары
➲1.Буддизм
➲2.Тармақтары
➲3.Сенім
➲4.Дивали
мерекесі

3.

Буддизм
Буддизм(санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) —
дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI
Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің
негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа
ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы
жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз
тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

4.

5.

Тармақтары
Хинаяна (Кіші күйме, Кіші жол)— буддалық қауымдар (сангхалар) біздің
дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінгеннен кейін тараған ертедегі
буддизмнің бұл ілімді махаянадан («үлкен шеңбер») айыру үшін алған
атауы.
Махаяна (Ұлы күйме, Ұлы жол) — хинаянаның өте ертедегі буддизмінен
біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінген бағыт. Оның негізінде басты
міндеті тіршілік иелерін жаппай қайғы қасіреттен құтқару болып саналатын
көмекші-бодхиссаттвалар рөлі туралы мағлуматтар жатады. Махаянистік
буддизмнің Орталық және , Шығыс Азияға тарауы, онда әр түрлі діндер
мен сенімдердің тоқайласуы немесе өзара жарыса өмір сүруі нәтижесінде
Будда ілімінің алғашқы мистикалық бағыты.
Ваджраяна - (Алмасты күйме, Алмасты жол) — махаяна буддизмінің
тибеттік ламаизмде және буддизмнің Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Азияның жекелеген мектептерінде кең тараған тантристік формасы.Өзіне
буддалықтан сырт мағлұматтарды, жергілікті сенімдер мен діндерді
біріктіру арқылы буддалық ілімді алғашқы қалпынан көп өзгертіп жіберіп
отырды.

6.

Сенім
Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет")
баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері
бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея
айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік,
өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің
тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді.
Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи
бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол
үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
➲Азап бар;
➲Азапта себеп бар;
➲Азапта соң бар;
➲Жол азаптың тоқталуы бар.

7.

Дивали мерекесі
Санскрит тілінен аударғанда «Дивали» немесе «Дипавали» - «шоқ»
дегенді білдіреді. Жыл сайын Картик (қазан-қараша) айының
басында өткізілетін бұл фестиваль бес күнге созылады. Фестиваль
қараңғылықты жарық, зұлымдықты мейірімділік жеңеді деген
ұғымның нышаны ретінде ұйымдастырылады.
Аталған мерекеге байланысты бірнеше аңыз бар. Вишнуиттар
Дивали мерекесін Рам патшаның тәж кию рәсімімен
байланыстырады. Оның таққа отыру түні туған бақытты күнінде
бүкіл елде осындай шоқтар мерекесі ұйымдастырылған екен.
Мереке – сол күннің жалғасы. Ал енді бір аңыздарда Рам патшаның
салиқалы саясатымен, ұшы-қиыры жоқ ақылымен жүргізген
билігінің арқасында халық қараңғылық рухынан құтылған дейді.
Тұтатылатын оттар - патшаның осы жақсылығына деген ел
алғысының нышаны екен.

8.

9.

Дивали Үндістанның әр ауданында әртүрлі атап өтіледі. Мәселен
Батыс Үндістанның сауда-саттықпен айналысатын аудандарында
Дивали Жаңа Жыл мерекесімен тұспа-тұс келеді. Бұл күні
саудагерлер есеп-қисап дәптерлерін ретке келтіріп, дүңгіршектерін
тазалайды. Кешкісін дүкендер мен үйлерде майлы шырақтар немесе
электр шамдары жағылады.
Үндістанның көп аймағында Дивали Байлық және Құнарлылық
Патшайымы Лакшмидің құрметіне арналып өткізіледі. Бір қызығы,
Дивали қазақ халқында атап өтілетін Наурыз мерекесіне ұқсас келеді.
Бұл күні үндістер де үйлерін жақсылап тазартып, Патшайым
қараңғыны ұнатпайды деген сеніммен түні бойы шырақ жағып қояды.
Оған кіруге оңай болсын деп есіктер мен терезелерді ашық
қалдырады. Сүт құйылған ыдысқа тиын салып, құлшылық жасайды.
Үндістанның Оңтүстігінде Дивали мерекесі ерекше өткізіледі. Бұл
күні үндістер денелеріне кокос майын жағып алып жүреді. Олардың
сенімі бойынша, май оларды күнәларынан тазартады екен.

10.

11.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
English     Русский Правила