Похожие презентации:
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу алгоритмі
1.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІНБІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
АЛГОРИТМІ
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
6-тарау. 43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке
дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;
3.
"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарыныңүлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31
наурыздағы № 121 бұйрығы
7-параграф. Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері
64. Лауазымдық міндеттері:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке
қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын
бейімдейді;
Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің
ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша
еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді
оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
4.
БЕЙІМДЕЛГЕН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫБілім алушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу
бағдарламасы
5.
БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫКІМДЕРГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ?
Психикалық дамуы тежелген балалар
Көру қабілеті бұзылған балалар
Есту қабілеті бұзылған балалар
Тірек қимыл-қозғалыс аппараты бұзылыған
балалар
Ауыр сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалар
Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара
әрекеттестіктің айқын бұзылуы бар балалар
6.
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларынбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының
әдістемелік нұсқау хаты
Білім алушыға қиындық туғызатын пәндердің ғана оқу
бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы
білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады және оқу
бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі білім беру
сатыларында жүзеге асырылады.
Мысалы: ПМПК қорытындысында бейімделген
жалпы білім беру бағдарламасы ұсынылған. Білім
алушы математика пәнінің оқу бағдарламасын жақсы
меңгеріп отыр, бірақ тілдік пәндердің оқу
бағдарламасын меңгеруде қиындықтары бар. Мектеп
тек тілдік пәндердің ғана оқу бағдарламасын
бейімдейді (қазақ тілі, әдебиеттік оқу). Қалған пәндер
тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы
бойынша оқытылады.
7.
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларынбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының
әдістемелік нұсқау хаты
Білім алушыда ПМПК қорытындысы болмаған жағдайда оқу
бағдарламаларын
бейімдеу
білім
беру
ұйымының
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі немесе білім беру
ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша жүзеге
асырылады. Бағдарламаны бейімдеу екі (одан артық емес) негізгі
оқу пәні бойынша белгілі бір мерзімге (1-3 тоқсан)
жоспарланады. Қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру
бағдарламасы сәйкес оқытылады.
Бейімделген оқу бағдарламалары бойынша пәндерді
меңгеруде 2-3 оқу тоқсаны ішінде тұрақты қиындықтар
сақталған жағдайда, білім беру ұйымы баланы ерекше
білім беру қажеттіліктерін бағалау, оның ішінде
баланың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқыту
бағдарламасының түрін айқындау үшін ПМПК-ға
жібереді.
8.
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларынбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының
әдістемелік нұсқау хаты
Балдық бағалау жүргізілмейтін пәндер тиісті үлгідегі
жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқытылады
(Дене шынықтыру, музыка, бастауыш сыныпта АКТ).
9.
БЕЙІМДЕЛГЕН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫБейімделген жалпы білім беру бағдарламасы – бір тоқсанға
жоспарланады. Қиындық туғызатын пәндер бойынша ғана оқу
бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі
жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу бағдарламасын
сынып жетекшісі мен арнайы педагог бірлесе отырып
бейімдейді.
Жоғарғы сыныптың пән мұғалімдері бастауыш сыныптың
мұғалімдері берген мәліметтерді негізге ала отырып, оқу
бағдарламаларын өздері бейімдейді
10.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУМақсатты жеңілдету (деңгейлерді таңдау: білу, түсіну, қолдану,
талдау, жинақтау, бағалау - оқушы үшін қол жетімді, төменгі
деңгейді таңдау);
Мақсатты қысқарту (оның көлемін азайту);
Мақсатты жекелеген кезеңдеріне бөлу;
Мақсатты келесі тоқсанға ауыстыру (егер оқушы оған қол
жеткізуге дайын болмаса, осы оқу материалы үшін базалық білім
әлі қалыптаспаған болса);
Оқытудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын
толтыруға бағытталған мақсаттарды енгізу.
11.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ АЛГОРИТМІ1. Арнайы педагог пен мұғалім педагогикалық диагностика жүргізеді:
Оқушының «өзекті даму аймағы» мен «жақын даму аймағы» анықталады
2.Арнайы педагог оқу жылының басында педагогикалық диагностика жүргізу
үшін 4-5 жеке сабақ өткізеді. Педагогикалық диагностика тиісті үлгідегі
жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
3. Арнайы педагог негізгі пәндер бойынша жетістіктер картасын толтырады.
12.
Мектеп мұғалімдері сыныпқа арналған КТЖ сәйкес сабақ өткізеді және қысқамерзімді жоспарына бейімделген оқу мақсаттарын енгізеді, жеке тапсырмалар
әзірлейді.
ЕББҚ ететін оқушының әрекеті сыныптағы білім алушылардың
әрекетімен бірдей болуы тиіс. Сыныптағы білім алушыларға 100-ге дейін
тура және кері санау ұсынылса, ЕББҚ ететін білім алушы 20-ға дейін тура
және кері санау ұсынылады.
13.
Мектептің педагог-логопедінің жеке дамыту бағдарламасына: білімалушының оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті сөздік қорын, фразалық
және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қою және сұрақтарға жауап
беру және сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар енгізіледі.
Арнайы педагог білім алудағы олқылықтармен жұмыс жасайды.
14.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒАРАҚМЕТ!