Похожие презентации:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері
1.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіБастауышта оқыту және педагогика кафедрасы
Бастауыш мектептегі тәрбие
жұмысының критерийлері
Presented by 211/1
Орындаған:
Нагыматдин Ботагөз
Ділдан Маржан
Сейілханова Мейіріммерей
Ілімтәліп Қарақат
Ясын Эльдана
Серғали Милана
2.
Тәрбие жұмысы - бұл жекетұлғаны қалыптастыруға,
оның моральдық,
адамгершілік, этикалық,
әлеуметтік, мәдени және
зияткерлік қасиеттерін
дамытуға бағытталған ісшаралар кешені. Ол мектептер,
университеттер,
балабақшалар, отбасылар,
қоғамдық ұйымдар және т.б
әртүрлі білім беру және
әлеуметтік контексттерде
жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының мақсаты қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға
және бейімделуге қабілетті, дамыған
тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие
жұмысы аясында әртүрлі әдістер,
идеялар мен тұжырымдамалар,
сондай-ақ ата-аналармен,
мұғалімдермен, психологтармен
және басқа мамандармен өзара
әрекеттесу қолданылады.
Тәрбие жұмысының критерийлері - бұл білім
беру процесінде тәрбиенің мақсаттары мен
міндеттерін анықтайтын белгілі бір
стандарттар, бағдарлар немесе талаптар. Олар
мұғалімдерге өз жұмысының тиімділігін және
оқушыларды тәрбиелеуде қойылған
мақсаттарға жетуді бағалауға көмектеседі.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда Блум
таксономиясы негізге орын алады: білімдік, танымдық
үдерісті қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте
күрделенетін 6 деңгейді қамтиды: білім, түсіну, қол-дану,
талдау, жинақтау, бағалау денгейді қолдауға болады.
Жоғарыда аты аталған барлық технология тәрбие
технологиялармен жүйелі түрде сабақтасып жатады.
3.
Тәрбие жұмысының жалпы критерийлерін ұсынғанғалымдардың бірі - Лев Семенович Выготский. Ол екі
процестің: оқыту мен тәрбиелеудің түбегейлі өзара
әрекеттесу тұжырымдамасын жасады. Оның теориясына
сәйкес, тәрбие жақын даму аймағын, яғни баланың
тәжірибелі үлгісінің көмегімен көтеріле алатын даму
деңгейін ескеруі керек. Выготский ұсынған тәрбие
жұмысының критерийлері мыналарды қамтиды:
1. Оқушылардың жеке қажеттіліктері мен даму деңгейін
ескере отырып, олардың оқу процесіне белсенді
қатысуына ықпал ету.
2. Коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін
әлеуметтік өзара іс-қимыл және бірлескен қызмет үшін
жағдайлар жасау.
3. Баланың танымдық қызығушылығын және оқу
процесіне белсенді қатысуын ынталандыратын қызметті
ұйымдастыру.
4. Оқушылардың позитивті өзін-өзі бағалауы мен өз
қабілеттеріне деген сенімділігін қалыптастыруды қолдау.
5. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
оқытудың сараланған тәсілдерін қолдану.
6. Қолайлы білім беру ортасын құру үшін ата-аналармен
және қоғамдық қауымдастықпен ынтымақтастық.
Бұл критерийлер баланың жеке басын дамытуға және оны
қоғамдағы өмірге дайындауға бағытталған тәрбие
жұмысының маңызды аспектілерін көрсетеді.
4.
Сондай-ақ, “Сынып жетекші” журналының редакторыВладимир Лизинакий Михаилович табысты тәрбие
жұмысын ұйымдастырудың мынандай критерийлерін
ұсынған болатын:
1) Мектептегі барлық педагогикалық ұжымының
тәрбие процесіне қосылуы.
2) Директордың үйлестіруші рөлі және әкімшіліктің
мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысуы.
3) ата-аналарды тәрбие процесіне қосу.
4) білім беру процесіне қатысушыларды ақпараттық
қамтамасыз ету.
5) педагогтердің қоғамдық және ғылыми субъектілерін
біріктіру мақсатында тәрбиелеу ұйымын құру.
6) мектепте тәрбиені қолдау қорының болуы.
7) мектептегі тәрбие іс-әрекетінің басты шарты тәрбиелеу ортасын және оң психологиялықпедагогикалық климатты құру болып саналуға тиіс.
8) жоспарлаудың демократиялық сипаты, яғни
оқушылардың да талаптарын ескеру.
9) тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың
қалыптасқан жүйесінің болуы.
5.
10) психологиялық пайдалы орта мен нақты педагогикалықталаптардың ақылға қонымды үйлесімі.
11) оқушыларды олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін
қызмет мазмұнымен оңтайлы қамту;
12) табиғи байланыстың болуы: сабақта тәрбиелеу, сабақтан тыс
тәрбиелеу, мектептен тыс тәрбиелеу.
13) тәрбиелеуге қатысушыларының кәсіби біліктілігін арттыру және
тәрбие процесін ұйымдастыру деңгейі мен сипатына қанағаттануы.
14) балалардың әртүрлі бағыттарына сәйкес келетін балалардың өзінөзі басқаруының болуы.
15) тәрбиенің ауызша менторлық сипатынан бас тарту; бірлескен
қызмет, шығармашылық, нәтижелі қарым-қатынас жолында табысқа
жету.
16)оқушыларға әлеуметтік тәжірибені берудегі, оларды өздерінің оң
тәжірибелерін жинақтау жөніндегі қызметке қосудағы тәрбиенің мәні.
17) тәрбие жұмысын уақытша норма ретінде қарастырмау (тәрбиелеудің
мәні педагогтің тәрбие жұмысына жұмсаған сағаттарының санын
қадағалауда емес, оқушылар мен ата-аналардың тәрбие процесіне
қанағаттануын және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда,
оң құндылықтар негізінде сынып ұжымын біріктіруде, тәрбиенің оң
нәтижелерінің болуын айқындауда, балалар мен ата-аналардың
қоғамдық қызметінде, балалардың қызығушылықтары бойынша
жұмысқа қатысуы бос уақытын белсенді-оң пайдалану болып
табылады).
18) оқушылардың, мектептің, сыныптың, мұғалімдердің, жолдастардың
рөлін бағалаудағы динамиканың тұрақты өсуі, оқуға қанағаттану, бос
уақытты дұрыс пайдалану, ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас
ұйымдастыру.
6.
Әбенбаевтың айтуынша тәрбие жұмысыныңмақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық
міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізінен
мынындай сұрақтарға жауап беру арқылы арқылы
жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай боп белгіленді?
2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің
қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
3. Мектеп жағдайында өткен оқу жылында қандай
міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі
қалай болды?
4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге
айрықша жауап берді?
5. Койылып отырған мақсатты жүзеге асырудың
педагогикалық мүмкіндіктері қандай?
6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы
міндеттерді шешуте даярлық дәрежесі қандай?
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана тәрбие
жұмысының нәтижесі айқын, әрі дұрыс орындалатын болады.
Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған
өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие
жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.
7.
Сынып жетекшінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық жәнепедагогикалық міндеттерді шешуді карастырады. Ол негізінен 3 бағытта
жүзете асады:
1. Окушыға тікелей ықпал жасау - оның дара даму ерекшелігін,
қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу; тәрбие ықпалының
нәтижесіне талдау жүргізу.
2 Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру үшін окушылар ұжымын
қалыптастыру:
- онда жағымды көңіл күйді қалыптастыру; -окушыларды әлеуметтік
әрекетке катыстыру; -окушылардың өзін өзі басқаруын дамыту
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектлерге
көмектесу, бақылау жасау:
- отбасына әлеуметтік қолдау көрсету; -мұғалімдер ұжымының өзара
педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;
-бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бакылау;
-мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-кимыл жасау.
8.
Қорытындылай келе, бастауышмектептегі тәрбие жұмысының
критерийлері әр оқушының
жеке тұлғасын қалыптастыруда
шешуші рөл атқарады. Олар
білім беру сапасын ғана емес,
сонымен бірге баланың
қоғамдағы өмірге дайындығын
да анықтайды. Бастауыш сынып
мұғалімдерінің оқушыларының
болашағына айтарлықтай әсер
ету мүмкіндігі бар, сондықтан
тәрбие іс-әрекеттерінде жоғары
стандарттарға ұмтылу маңызды.
9.
“ББС КЕСТЕСІ”ӘДІСІ