41.13M
Категория: ФизикаФизика

Координация және реттелу

1.

2.

КООРДИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕТТЕЛУ
Жүйке жасушаларының құрылысы
Нейрон - жүйке жүйесінің құрылымдық және қызмет атқару
бірлігі, жүйке жасушасы.
! ЕСТЕ САҚТА!
Нейрондар ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, кодтауға,
таратуға, сақтауға, тітіркенулерге жауап ұйымдастыруға,
басқа нейрондармен және мүше жасушаларымен байланыс
орнатуға қабілетті жасушалар.
Нейрондардың ерекшелігі: электрлік
разрядтарды электрлік разрядтарды өндіруге
және өзінің арнайы ұштары нейротүтікшелер
синапстар арқылы ақпаратты беруге
қабілеттілігі.
Нейромедиаторлар - нейронның аксоплазмасында түзілетін
таратқыш заттар (ацетилхолин, катехоламиндер т.б.)

3.

! ЕСТЕ САҚТА!
Нейрондардың мөлшері 6 -120 мкм-ге дейін ауытқиды
Адам миындағы нейрондардың саны 10^11-ге жуық
Бір нейронда 10000-ға дейін синапстар болуы мүмкін.
Миелинді қабықша - аксонды қаптайтын, электр оқшаулайтын
қабықша.
Миелинді қабықшаны глиальдық жасушалар түзеді, олар: шеткі
жүйке жүйесіндегі Шванн жасушалары мен орталық жүйке
жүйесіндегі олинодендроциттер. Цитоплазмасы болмайды.
Нейронның құрылысы
Нейрон денесі (сома) - ядросы, цитоплазмасы және
органоидтары бар орталық бөлігі. Трофикалық қызмет
атқарады, ақпарат қабылдайды
Дендрит - нейронның негізгі қабылдаушы алаңы
Аксон - ұзын өсіндісі.

4.

!
ЕСТЕ САҚТА!
Нейрон бөліктері
қабылдаушы - дендриттер, нейрон денесі
интегративті - аксондық төмпешікті дене
хабарлаушы - аксон және аксондық төмпешік.
Нейрон мембранасының қалыңдығы 6 нм.
Нейрон мембрасында кездеседі
нәруыз сорғыштар - иондар мен молекулалардың
жасушадағы концентрация градиентіне қарсы қозғалысын
қамтамасыз етеді
өзектерге орналасқан нәруыздар - молекулаларды талғап
өткізеді
рецепторлық нәруыздар - қажет молекуланы танып,
мембранаға бекітеді
ферменттер - нейронның үстіңгі бетіндегі химиялық
реакциялардың жүруін жеңілдетеді
нейрон пигменттері - меланин ж/е липофусцин - ортаңғы
ми қара заты нейрондарында, жүйке ядросында,
симпатикалық жүйке жүйесінде болады
нейротүтікшелер - нейрон денесін тесіп өтеді ж/е
ақпараттың сақталуына, таралуына қатысады.
Нейрон органоидтері
Гольджи н/е пластинкалық жиынтық - нейрон органелласы,
ядроны сыртынан тор тәрізді қоршайды, биологиялық
белсенді қосылыстардың синтезіне қатысады
Лизосомалар ж/е ферменттер - гидролизді қамтамасыз
етеді
Митохондриялар - нейронның энергетикалық қажеттілігін
қамтамасыз ететін органоидтер
Нейрон ядросы - ұсақ тесіктері бар екі қабатты
мембранамен қоршалған, осы тесіктер арқылы
нуклеоплазма мен цитоплазма арасында алмасу жүреді.

5.

Нейронның типтері:
униполярлық ж/е
биполярлық
псевдоуниполярлық
униполярлық
биполярлық
псевдоуниполярлық
мультиполярлық
мультиполярлық
дендрит
ядро
миелинді
аксон
қабықша
рецепторлар
Униполярлық - тек үшкіл (тройничный) жүйкенің
мезэнцефаликалық ядросында болады. Шайнау бұлшықетінің
сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Псевдоуниполярлық - екі өсінді болады, екі өсінді нейрон
денесінің жанында қосылады. Бұлар ауырсыну, температура,
проприоцепциялық, жанасу, бароцепциялық, тербеліс
сезімталдығын қабылдайды.
Биполярлық - бір аксон, бір дендрит болады. Көру, есту жән иіс
сезу жүйкелерінде кездеседі.
Мультиполярлық - бірнеше дендрит пен бір аксон болады.

6.

1. Жүйке жүйесінің құрылымдық және қызмет атқару бірлігі:
Нейрон
2. Ақпараттарды қабылдауға, өңдеуге, кодтауға, таратуға,
сақтауға, сонымен қатар тітіркенулерге жауап ұйымдастыруға,
басқа нейрондармен және мүше жасушаларымен байланыс
орнатуға қабілетті жасушалар: Нейрондар
3. Нейронның ерекшелігі: Электрлік разрядтар өндіруге,
синапс арқылы ақпарат беруге қабілетті
4. Нейронның қызмет атқаруына мүмкіндік беретін
аксоплазмасында түзілетін таратқыш зат: Нейромедиатор
5. Нейромедиаторлар: Ацетилхолин, катехоламин
6. Нақты бір қызметті ұйымдастырушы нейрондар бірлесіп
түзеді: Топтар, популяциялар, ансамбльдер, бағаналар,ядролар
7. Үлкен ми сыңарларындағы, мишық қыртысындағы нейрондар
қалыптастырады: Жасуша қабаттары
8. Жасушалық топтасулар құрайды: Мидың сұр заты
9. Көптеген нейрон аксондарын қаптайтын, электр оқшаулайтын
қабықша: Миелинді қабықша
10. Миелинді қабықшаны түзеді
Глиальдық жасушала
Шеткі жүйке жүйесіндегі Шванн жасушалар
Орталық жүйке жүйесіндегі олигодендроциттер
11. Миелинді өсіндіде болмайды: Цитоплазма
12. Қызметіне байланысты нейронның бөліктері
қабылдаушы-дендрит, нейрон денесінің мембранасы
интегративті-аксондық төмпешікті дене
хабарлаушы-аксон және аксондық төмпешік
13. Нейронның негізгі қабылдаушы алаңы: Дендриттер
14. Ақпараттықтан басқа, өзінің өсінділері жәе олардың
синапстарымен қоса алғанда трофикалық қызмет атқараты
нейрон бөлімі: Нейрон денесі (сома)

7.

15. Дендриттер мен аксондардың өсуін қамтамасыз етеді: Сома
16. Нейрон мемранасы
қалыңдығы-6 нм
липидтік молекулалардың екі қабатынан тұрады
молекулалардың гидрофильдік ұштармен сыртқа қарап
орналасады
молекулалардың гидрофобты ұштарымен ішке қарай
бағытталып орналасады.
17. Иондар мен молекулалардың жасушадағы коцентрация
градиентіне қарсы қозғалысын қамтамасыз етеді: Нәруыз–
"сорғыш"
18. Мембрананың талғап өткізгіштігін қамтамасыз етеді:
Өзектерге орналасқан нәруыздар
19. Қажетті молекулаларды танып, оларды мембрааға бекітеді:
Рецепторлық нәруыздар
20. Мембранаға орналасып, нейронның үстіңгі бетіндегі
химиялық реакциялардың жүруін жеңілдетеді: Ферменттер
21. Гольджи немесе пластинкалық жиынтық
нейрон органелласы
ядроны сыртынан тор тәрізді қоршайды
нейросекреторлық, биологиялық белсенді қосылыстардың
синтезіне қатысады.
22. Нейрондағы бірқатар заттардың гидролизін қамтамасыз
етеді: Лизосома мен ферменттер
23. Нейрон пигменттері: Меланин, липофусцин
24. Ортаңғы ми қара заттарының нейрондарында, кез келген
жүйкенің ядроларында және симпатикалық жүйке жүйесінің
жасушаларында болады: Нейрон пигменттері
25. Нейронның энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді:
Митохондрия
26. Митохондриялар көп шоғырланатын нейрон бөліктері: Аксон
төмпешігі, синапстар аймағы

8.

27. Нейрон денесін тесіп өтеді және ақпараттың сақталуына,
таралуына қатысады: Нейротүтікше
28. Ұсақ тесіктері бар екі қабатты мембранамен қоршалған
органоид: Нейрон ядросы
29. Ядродағы тесіктер арқылы байланысады: Нуклеоплазма мен
цитоплазма
30. Құрылысы бойынша нейрондардың 3 типі
униполярлы
биополярлы
мультиполярлық
31. Тек үшкіл жүйкенің мезэнцефаликалық ядросында болатын
нейрон: Униполярлық
32. Шайнау бұлшықеттерінің проприорецепторлық
сезімталдығын қамтамасыз ететін нейрондар: Униполярлық
33. Басқа униполярлық нейрондарды атайды:
Псевдоуниполярлық
34. Екі өсіндісі болатын (біреуі шеткі аймақтан, екіншісі орталық
жүйке жүйесінің құрылымынан келеді) нейрондар:
Псевдоуниполярлық
35. Псевдоуниполярлық нейрондар кездеседі: Сенсорлық
түйіндерде- арқатұс, үшкіл
36. Псевдоуниполярлық нейрондардың қызметі: Ауырсыну,
температуралық, проприоцепциялық, жанасу,
барорецепциялық, тербеліс сезімталдығын қабылдауды
қамтамасыз ету
37. Бір аксон және бір дендриті болатын нейрон: Биполярлық
38. Көру, есту, иіс сезу жүйкелерінің шеткі бөліктерінде
кездесетін нейрондар: Биполярлық
39. Бірнеше дендриттері және бір аксоны болатын нейрон:
Мультиполярлық

9.

Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы.
Әрекет потенциалы - мембрана заряды өзгеріп, қозу
толқынының таралуы, сигналдық (реттеуші) рөл атқаратын жүйке
немесе бұлшықет импульстерінің физикалық негізі.
Әрекет потенциалы негізінде байқалады
Тірі жасуша мембранасы полярланған (қарама - қарсылық)
Мембранаға талғап өткізгіштік тән
Қозатын жасушаның мембранасы өзінің өткізгіштігін тез арада
өзгертуге қабілетті.
тыныштық жағдайында
мембрананың сыртқы жағы
мембрананың ішкі жағы
мембрана
мембрананың сыртқы жағы
мембрананың ішкі жағы
әрекет потенциалы пайда болған кезде
Импульс әсер еткенде мембранадағы тепе-теңдік өзгеріп,
натрий-калий сорғысы кері бағытта жұмыс істей бастайды.
Мембрана ішінде теріс зарядталған иондар бар және оң
зарядталған К болады. Ал мембрана сыртында оң зарядталған
Na, Са, К иондары болады. Сондықтан қалыпты жағдайда
мембрана ішінде теріс заряд сақталады, ал сыртында оң заряд
сақталады.

10.

! ЕСТЕ САҚТА!
Мембрана потенциалы кез-келген жасушаға тән, ал әрекет
потенциалы қозатын жасушаларға тән.
Тыныштық потенциалы - тыныштық жағдай, қозбаған күй.
! ЕСТЕ САҚТА!
Мембраналық тыныштық потенциалы = - 70, - 90 мВ.
Әрекет потенциалы кезеңдері
Предспайк - мембрананың ауыспалы деңгейге дейін баяу
деполяризациясы
Үдемелі потенциал немесе спайк - деполяризациядан және
реполяризациядан тұрады
Теріс іздік потенциал - мембрана деполяризациясының
ауыспалы кезеңінен поляризацияның бастапқы кезеңіне
дейін (іздік деполяризация)
Оң іздік потенциал - мембраналық потенциалдың ұлғаюы
және оның біртіндеп бастапқы көлеміне қайтуы.

11.

Бәрі немесе ештеңе заңы - қозатын ұлпа жасушасының
мембранасы стимулға не мүлде жауап бермейді, не күшпен
өте жоғары деңгейде жауап береді.
1. Тірі жасушаның мембранасы бойымен қозу дабылын беру
процесі кезінде таралатын қозу толқыны: Әрекет потенциалы
2. Сигналдық рөл атқаратын жүйке немесе бұлшықет
импульстерінің физикалық негізі: Әрекет потенциалы
3. Әрекет потенциалының негізінде байқалатын құбылыстар
тірі жасуша мембранасы полярланған (қарама-қарсылық)
мембранаға талғап өткізгіштік тән
қозатын жасушаның мембанасы өзінің өткізгіштігін тез
арада өткізуге қабілетті.
4. Әрекет потенциалының кезеңдері
предспай
үдемелі потенциал немесе спай
теріс ізді потенциа
оң іздік потенциал

12.

5. Мембрананың ауыспалы деңгейге дейін баяу
деполяризациялану процесі: Предспайк
6. Өрлеме бөліктен (мембрана деполяризациясы) және төмен
түсетін бөліктен (мембрана реполяризациясы) тұрады: Спайк
(үдемелі потенциал)
7. Мембрана деполяризациясының ауыспалы кезеңіне
поляризацияның бастапқы кезеңіне дейін: Теріс іздік потенциал
8. Мембраналық потенциалдың ұлғаюы және оның біртіндеп
бастапқы көлеміне қайтуы: Оң іздік потенциал
9. Жасушының тыныштық жағдайында мембрананың екі
жағындағы иондар потенциалының тұрақты айырмашылығын
сақтауы: Тыныштық потенциалы
Әрекет потенциалының
инициациясы мен трансмиссиясы.
Нейрон аксонының бойымен қозудың берілуі.
Жүйке жүйесі аксонының бойымен дабылдар басқа нейрондарға
беріледі.
Аксонның сыртқы қабаты
көптеген молекулалардан түзілген
өзектердің рөлін атқаратын күрделі құрылым орналасқан
олардың бойымен иондар жасушаның ішіне де, сыртына да
қарай өте алады.
Жасуша тыныштық жағдайда болып, жүйке импульстерін
өткізбеген кезде натрий - калий сорғысы калий иондарын
жасуша ішіне қарай өткізіп, натрий иондарын сыртқа
шығарады.

13.

Әрекет потенциалы - натрий және калий иондарының қарқынды
түрде орын ауыстыруынан болған кернеудің күрт өзгерісі.
Әр нейрон өзінің көршілес нейронынан синапс деп аталатын
кішігірім саңылаумен бөлінген
әр өсіндінің ұшында көпіршіктер (пресинапстық) кішкентай
қапшықтар болады
олардың әрқайсысында ерекше қосылыстар нейромедиаторлар орналасқан
импульс келгенде нейромедиаторлар келесі жасушаның
рецепторларымен байланысады.
Қайта тартып алу - нейромедиаторлар жүйке импульсін бір
нейроннан келесісіне бергеннен кейін олар диффузиялануы
н/е химиялық ыдырауға ұшырауы, н/е өз көпіршіктеріне қайта
оралуы.
!
ЕСТЕ САҚТА!
Нейромедиаторлар: ацетилхолин, дофамин, гистамин,
серотонин, норадреналин.

14.

1. Натрий және калий иондарының қарқынды түрде орын
ауыстыруынан болған кернеудің күрт өзгерісі: Әрекет
потенциалы
2. Әр өсіндінің ұшында болатын кішкентай қапшықтар:
Көпіршіктер (пресинапстық)
3. Әр өсіндінің ұшындағы көпіршіктерде болады:
Нейромедиаторлар
4. Серотонин нейромедиаторын қайта тартып алуды тежейтін
препарат: Прозак препараты және ұқсас антипрессанттар
Рефрактерлік кезең және оның рөлі
Рефрактерлік кезең – жүйке жасушасы немесе бұлшықет
талшықтарының әрекет потенциалының туындауынан кейін
мүлдем қозу болмаған жағдайы, қандай тітіркенгіш әсер етсе де
қозудың туындамауы
Бұл кезеңде поляризацияның қайта қалпына келуі реполяризацияға ұшырайды.
Бұлшықеттің рефрактерлік кезеңі жүйке ұлпасына қарағанда
ұзағырақ болады. Жүйкенікі – 14 мс, ал көлденең жолақты
бұлшықетте - 35 мс.
Бұлшықеттің құбылмалылығы жүйке ұлпасына қарағанда төмен:
бақаның балтыр бұлшықеті 1 с-та 200 - 500, шонданай жүйкесі
500 - 1000 қозу толқынын жасайды.
Бұлшықеттің жиырылуы
жекелеген жиырылу
сіресіп жиырылу
Жекелеген бұлшықеттердің жиырылуы
Бұлшықеттің жиырылуы тітіркенгіш әсер ете салып басталмайды,
белгілі бір уақыт өткен сон басталады, бұны латентті кезең деп
атайды.

15.

Бұлшықеттің ұзақ әрі біріккен жиырылуы сіреспелі (тетаникалық)
жиырылу деп аталады. Бұған қаңқа бұлшықеттері жатады.
Рефрактерлік кезеңі ұзақ болуына байланысты бірыңғай салалы
бұлшықет пен жүрек бұлшықеті сіреспелі жиырылуға қабілетсіз.
Сіреспе жиырылу бұлшықеттердің жекелеген жиырылуының
жиынтығы нәтижесінде туындайды.
Бұлшықет толық босаңсымай жатып әсер етсе тісшелі жиырылу
типі туындайды. Ол жетілмеген сіреспе деп аталады. Тісшелі
сіреспе - 1 с-та 30-ға дейінгі жиіліктегі жүйке импульсі кезінде
пайда болады.
Жетілген сіреспе 1 с-та 40 - 50-ге дейінгі жиіліктегі жүйке
импульстері әсерінен болатын қаңқа бұлшықеттерінің қалыпты
жұмыс жағдайы.
! ЕСТЕ САҚТА!
Сіреспелі жиырылудың жекелеген жиырылудан
артықшылығы – күштірек, ұзаққа созылады, жүкті ұстауға
көмектеседі т.б.
Бұлшықеттің жиырылуы кезіндегі химиялық айналымдар
Оттекті (аэробты фаза) химиялық айналым
сүт қышқылы = көмірқышқыл газы + су (тотығу процессі)
сүт қышқылының қалған бөлігі глюкоза және одан әрі
гликогенге дейін айналуына жұмсалады
организм бұлшықет жиырылуының соңында гликогеннің
жартысын жоғалтады; 40 % - і жылуға айналады.

16.

Біріңғай салалы бұлшықеттердің физиологиялық ерекшеліктері
біріңғай салалы бұлшықет ішкі мүшелер мен қантамырлар
қабырғасын түзеді
миофибриллаларында көлденең сызықтары болмайды
жиырылғыш нәруыздар ретіз орналасады
бұлшықет талшықтары қысқа - 50 - ден 200 мкм - ге дейін.
Бірыңғай салалы бұлшықеттері қысқа – 50-ден 200 мкм-ге дейін.
Қозу 2 – 15 см/с. Қозу бір талшықтан екінші талшыққа беріле алады.
1. Жүйке жасушасы немесе бұлшықет талшықтарының әрекет
потенциалының туындауынан кейін мүлдем қозу болмаған
жаңдайы, қандай тітіркендіргіш әсер етсе де қозудың
туындамауы: Рефрактерлік кезең
2. Бұлшықеттердің жиырылу түрлері
жекелеген жиырыл
сіресіп жиырылу
3. Бұлшықеттің жиырылуы тітіркендіргіш әсер ете салып
басталмайды, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін
басталады, бұл кезең: Латентті немесе жасырын кезең
4. Тітіргендіргіш әсер еткеннен бұлшықет реакциясы басталған
мезетке дейінгі уақыт: Латентті кезең
5. Бұлшықеттің ұзақ әрі біріккен жиырылуы: Сіреспелі
(тетаникалық) жиырылу немесе сіреспе(тетанус)
6. Сіреспелі жиырылуға қабілетті бұлшықеттер: Қаңқа
бұлшықеттері
7. Егер тітіркендіргіш импульстер арасы жақын болса және
олардың әрқайсысы бұлшықет толық босаңсу жүріп үлгермеген
мезетте әсер етсе, туындайтын жиырылу типі: Тісшелі жиырылу
8. 1 с-та 40-50-ге дейінгі жиіліктегі жүйке импульстері әсерінен
болатын қаңқа бұлшықетінің қалыпты жұмыс жағдайы: Жетілген
сіреспе

17.

9. Сіреспелі жиырылудан басқа бұлшықеттің тағы бір ұзақ
жиырылу түрі: Сіресім қатпа буыны
10. Ішкі мүшелер мен қантамырлар қабырғасын түзетін
бұлшықет түрі: Бірыңғай салалы бұлшықет
11. Миофибриллалардың көлденең сызықтары болмайтын
бұлшықет: Бірыңғай салалы бұлшықет
12. Ұзақ тоникалық жиырылу тән бұлшықет: бірыңғай салалы
13. Бұлшықет талшығының ұзындығы өзгеретін жиырылу түрі:
Изотоникалық
14.Бұлшықет талшықтарына күш түсу едәуір артатын,
ұзындықтары іс жүзінде өзгермейтін жиырылу түрі:
Изометриялық
15. Рефрактерлік кезеңнің ұзақ болуына байланысты сіреспелі
жиырлуға қабілетсіз бұлшықеттер: Бірыңғайсалалы, көлденең
жолақты
Миелинденген нейрондардың артықшылығы.
Миелинденген және миелинденбеген
нейрондарды салыстыру
Миелинді қабықша - аксонды қоршай орналасқан Шванн
жасушаларынан қалыптасады.
Липидтік зат - сфингомиелин
мембраналық қатпарлар түзеді
өте жақсы оқшаулағыш, аксон мембранасы арқылы иондық
токты 5000 есе төмендетеді.
Ранвье бунағы
аксонның бойымен қатарласа орналасқан әрбір екі Шванн
жасушасының арасында кішкене ғана (2-3 мкм)
оқшауланбаған аймақ
осы арадағы аксон мембранасы арқылы жасуша сыртындағы
сұйықтықтан иондар жасушаішілік ортаға ж/е керісінше
бағытта емін - еркін өте алады.

18.

Шванн жасушасы
Ранвье бунағы
нейрон
денесі
миелин
аксон
Сальтаторлық өткізу - бұл қабықшасы электр тогына біршама
күшті кедергі болатын миелинденген жүйкелердің бойымен
жүйке импульстерін секірмелі өткізу.
Раньве бунағының орналасуы: жүйкенің ұзына бойында жүйелі
түрде (1 - 2 мм сайын) миелинді қабықшаның микроскопиялық
ақауы (дефектісі) ретінде.
Жүйке импульсін өткізу.
Раньве бунағында натрий ж/е калий өзектерінің жоғары
тығыздығы байқалады.
Миелинденген жүйке талшығы бойымен қозудың өтуі сальтаторлық - қозбаған бөлікке секіріп өту

19.

Сальтаторлық өткізудің артықшылығы:
Аксонның бойымен үлкен арақашықтықтар арқылы секіру
01 механизмі импульстің миелинденген талшықтарда өту
жылдамдығын 5-50 есеге арттырады;
02
Аксон үшін энергияны сақтайды, тек бунақтар ғана
деполяризацияланады, бұл басқа жағдайлармен
салыстырғанда иондарды жоғалтуды шамамен 100 есеге
төмендетуге мүмкіндік береді.
Миелинденбеген
талшықтар
Миелинденген
талшықтар
Әрекет потенциалының таралуы
үздіксіз таралады
әрекет потенциалдары
орын ауыстырмайды,
пайда болған жерінде
жойылады.
секірмелі түрде
(сальтаторлық өткізу)
таралады
Ранвье бунағы бар
аймақтардағы иондық
өзектерге тәуелді
потенциалдар
концентрациясы тән.
Миеленденбеген жүйке талшықтары бойымен қозудың өтуі астафетті.

20.

Миелинденбеген ж/е миелинденген аксондардың бойымен
әрекет потенциалының таралу жылдамдығы
1. Миеленденген жүйке талшығы бойымен қозудың өтуі сальтаторлық - қозған бөліктен қозбаған бөлікке секіріп өту.
2. Миеленденбеген жүйке талшықтары бойымен қозудың өтуі астафетті.
1. Аксонды қоршай орналасқан Шванн жасушаларынан
қалыптасатын қабықша: Миелинденген қабықша
2. Жақсы оқшаулағыш болып табылатын липидті зат:
Сфингомиелин
3. Өте жақсы оқшаулағыш: Сфингомиелин
4. Шванн жасушасының арасында қалған кішкене ғана-ұзындығы
небәрі 2-3 мкм-ге шамалас оқшауланбаған аумақ: Ранвье бунағы

21.

5. Қабықшасы электр тогына біршама күшті кедергі болатын
миелинденген жүйкелердің бойымен жүйке импульстерін
секірмелі өткізу: Сальтаторлық өткізу
6. Натрий және калий өзектерінің жоғары тығыздығы байқалады:
Раньве бунағында
7. Талшықтардың қалың миелинденген қабықшаларынан өте
алмайды: Иондар
8. Раньве бунағы арқылы оңай диффузияланады: Иондар
9. Сальтаторлық өткізудің екі артықшылығы
аксонның бойымен үлкен арақашықтықтар арқылы «секіру»
механизмі импульстің миелинденген талшықтарда өту
жылдамдығын 5-50 есеге арттырады
сальтаторлық өткізу үшін энергияны сақтайды
10.Миелинденбеген талшықтардың бойымен үздіксіз таралады:
Әрекет потенциалы
11. Орын ауыстармайды, пайда болған жерінде жойылады: Әрекет
потенциалы
12. Секірмелі өткізудің артықшылығы: Энергетикалық тұрғыда
оның үнемшілдігі, өйткені мембрананың 1%-ке жуық бөлігін
алатын Раньве бунағы ғана қозады
Орталық жүйке жүйесінің құрылысы
Организм - өздігінен реттелетін,
жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден
тұратын күрделі жүйе.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан
тұрады.
Орталық жүйке жүйесі: көру, есту, жанасуды сезу, иіс сезу сияқты
сезім мүшелеріне, сондай - ақ сезімге (эмоцияға) , ойға, есте
сақтауға жауапты.

22.

Ми
жұмсақ кеуек тәрізді жүйке жасушалары нейрондардан тұрады
ересек адамның миы 1200 - 1500 г
ми бөлімдері: жартышарлардан (оң және сол),
мишық, ми діңі.
Мидың ақ заты - жүйке жолдарын құрап,
нейрондар денесін байланыстыратын жүйке
талшықтары
Мидың сұр заты - нейрондар денесінен
құралады.
Оң және сол жақ ми жартышарлары ақпаратты алу, өңдеу
және сақтауға жауапты
Мишық мидың артқы жағында орналасады: қозғалыс
үйлесіміне жауапты
Ми діңі - ми мен жұлын арасында орналасқа ми бөлімі.
Аштық, жүрек соғуы, тыныс алу ж/е дене температурасы
сияқты қызметтерге жауапты.
Бас сүйегі - миды сыртқы ортаның
әсерлерінен қорғайды. Жұлын сұйығы
бас сүйегі қуысында белгілі бір қысымда
болады.
Бас сүйек ішіндегі қысым - жұлын
сұйығының миға түсіретін қысымы.
Менингит - мидың сыртқы жағы қапталған
жұмсақ және қатты қабықшаларының
қабынуынан туындайтын ауру.
1. Өздігінен реттелетін, жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден
тұратын күрделі жүйе: Организм
2. Орталық жүйке жүйесіне жатады: Ми мен жұлын

23.

3. Орталық жүйке жүйесінің басты қызметі: Барлық әрекетімізге
жауап қайтаратын рефлекстерді жүзеге асыру
4. Орталық жүйке жүйесі жауапты: Көру, есту, жанасуды сезі, иіс
сезу сияқты сезім мүшелеріне, сезімге(эмоцияға), ойға, есте
сақтауға
5. Ересек адамның миының салмағы: 1200-1500 г
6. Мидың негізгі үш бөлімі: Жартышарлар (оқ және сол), мишық
және ми діңі
7. Жүйке жолдарын құрап, нейрондар денесін байланыстыратын
жүйке талшықтары: Ақ зат
8. Мидың сұр затын құрайды: Нейрондар денесі
9. Ақпаратты талдау, өңдеу, сақтауға жауапты ми бөлімдері: Оң
және сол ми жартышарлары
10. Қозғалыс үйлесіміне (координациясына) жауапты ми бөлігі:
Мишық
11. Мидың артқы жағында орналасады: Мишық
12. Ми мен жұлын арасында орналасқан ми бөлімі: Ми діңі
13. Ми діңі қандай қызметтерге жауапты: Аштық, жүрек соғуы,
тыныс алу, дене температурасы
14. Мидағы ерекше сұйықтық: Жұлын сұйықтығы(ликвор)
15. Жұлын сұйығының миға түсіретін қысымы: Бас сүйек ішіндегі
қысым
16. Мидың сыртқы қабықшалары қабынуынан дамитын ауру:
Менингит
17. Екі ми жартышарының алты бөлімі: Маңдай, төбе, самай,
шүйде, орталық (аралдық) бөлім, лимбикалық бөлім
18. Маңдай бөлімі жауап береді: Сөйлеуге
19. Шүйде бөлімі жауапты: Визуалды қабылдауға
20. Самай бөлімі жауапты: Дыбыстық тітіркендіргіштерге

24.

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы
Ми бөлімдері
Атқаратын қызметі
Мишық
ең алғаш құстарда пайда болды
қимылды үйлестіру, тепе - теңдікті сақтау,
бұлшықет тонусын қалыпты ұстау.
Сопақша ми
жұлынның жалғасы
3 орталық бар: тыныс алу, жүректің соғуы,
асқорыту
тыныс алу рефлекстері (жөтелу, түшкіру )
асқорыту рефлексі (жұту, сілекей бөлу,
құсу)
сопақша ми зақымдалса адам өліп кетеді.
Ортаңғы ми
бұлшықет тонусын сақтайды
көру, есту орталықтары бар
статокинетикалық рефлекстер: дененің
түзу сызықты не айналып қозғалуы, басты
тез бұрып қарау, жарық пен дыбысты
бағдарлау.

25.

Ми бөлімдері
Көпір
Аралық ми
Атқаратын қызметі
ең алғаш құстарда пайда болды
қимылды үйлестіру, тепе - теңдікті сақтау,
бұлшықет тонусын қалыпты ұстау.
көру төмпешігі (таламус) мен төмпешікасты
(гипоталамус) аймағы орналасқан
көру төмпешігі: сезімтал нейрондар
келеді
солғын дене: барлық қозғалтқыш
орталықтардың жинағы
төмпешікасты: вегатативті жүйке
жүйесінің жоғарғы мүшесі, зат алмасу,
жылу реттеу, дене температурасын
реттеу, тамыр қозғалыстары орталықтары
орналасқан
беттің қызаруы, жүрек соғуы жиілігі, ішкі
секреция бездерінің орталықтары бар.
Үлкен ми сыңарлары:

26.

Үлкен ми сыңарларының көлденең кесіндісі.
Үлкен ми сыңарлары
Сол жақ бөлігі
Оң жақ бөлігі
логикалық ойлауға
шығармашылық
қабілетті
бағытқа жауапты
сол жақ бөлігінің
оң жақ бөлігінің қызметі
қызметі басым болса -
басым болса - солақай
оңқай
Ми сыңарларының әрқайсысы ірі жүлгелермен
бірнеше бөліктерге бөлінеді.
Жүлгелер
Бөлінеді
Орталық жүлгелер
маңдай бөлігін төбе
бөліктен ажыратады
Бүйірлік жүлгелер
самай және төбе
бөліктерін ажыратады
Төбе
төбе және шүйде
бөліктерін ажыратады

27.

Ми сыңарларының
бөліктері
Қызметі
Маңдай бөлігі
4 иірім бар, салмағы 500 г
сөйлеу аппаратын реттеу
еркін қозғалыстарды үйлестіру
ойлау әрекеттерін реттеу
мінез-құлық, мотивация, қиялдау.
Аралық ми
есту орталығы бар
Төбе бөлігі
тері-бұлшықет сезімталдығына жауап
береді
төбе бөлігінің сезімтал аймағы мен
маңдай бөлігінің қимыл аймағы қатар
орналасқандықтан «соматосенсорлық
және қимыл қозғалыс қыртысына»
біріктіріледі.
Шүйде бөлігі
көру орталығы орналасқан

28.

1. Эволюциялық тұрғыда мидың ең жас бөлімі: Үлкен ми
сыңарларының қыртысы
2. Өткізгіш жолдар арқылы орталық жүйке жүйесінің барлық
бөлімдерін байланыстырады: Мишық
3. Мишықтың негізгі қызметі
қимылды үйлестір
тепе-теңдікті сақта
бұлшықет тонусын қалыпты деңгейде ұстау
4. Мишықты алып тастау немесе зақымдануының салдары
бұлшықет тонусы күрт төмендеп, олар әлсіреп босаңсид
қозғалыс кезінде тез қажид
қимыл-қозғалысы бұзылып, тепе-теңдікті сақтау мүмкін
болмайд
аяқ-қолдың , бастың қалтырауы байқалады
5. Сопақша ми мен ми көпірінде орналасқан рефлекстердің
орталықтары
тыныс алу, шайнау, жұтыну, жүрек, зат алмасуды реттеу
орталықтар
қорғаныс рефлекстері-түшкіру, жөтелу, көзді жыпылықтату,
көз жастың бөлінуі, қарашықтың ұлғаюы, кішіреюі, денені
бұру, қырағылы
вестибула аппаратының қозуына, мойын бұлшықеттерінің
тонусының өзгеруіне байланысты болатын дене қалпының
рефлекстерінің орталықтары
6. Ортаңғы мидың құрылысы: Төрт төмпешік, ми аяғы
7. Ортаңғы мидағы қызыл ядролар мен қара затта орналасады:
Сезімтал, қозғалыс орталықтары

29.

8. Ортаңғы мидың қызметі
бұлшықет тонусының біркелкі таралуын қамтамасыз ет
статикалық рефлекстер(дененің түзу тұрысының, түзу
қозғалысының рефлекстері) және статокинетикалық
рефлекстер;дененің жылдам түзу сызықты немесе айналып
қозғалу
басты тез бұрып қарау, жарық және дыбыс
тітіркендіргіштеріне шамалау;бағдарлау рефлекстері;жарқ
еткен жарыққа және кенеттен қатты шыққан дыбысқа
сақтықпен қарау рефлекстері
9. Аралық мида орналасады
көру төмпешіктер
солғын ден
төмпешікасты аймағы
10. Көру төмпешігі зақымданса: Сезімталдықтың бұзылады не/
се толығымен жойылады
11. Сезімтал нейрондар келіп, барлық рецепторлардан қозуды
өткізетін аралық ми бөлімі: Көру төмпешігі
12. Ми қыртысына келетін барлық сезімтал нейрондар өтеді:
Көру төмпешігі арқылы
13. Күрделі туа біткен үйлестірілген қозғалыстардың (шартсыз
рефлекстердің, түйсіктің) мүшесі: Аралық ми
14. Алуан түрлі қозғалыстарды басқаратын барлық қозғалтқыш
орталықтарының жинағы: Солғын дене
15. Солғын дене зақымдалса: Бірқатар қозғалыстардың
бұзылуы, сал ауруына алып келеді
16. Вегетативті жүйке жүйесінің жоғарғы мүшесі: Төмпешікасты
аймақ
17. Организмдегі зат алмаудың, тамыр қозғалыстарының
орталығы, жылу реттеу, дене температурасын тұрақты сақтау
орталығы: Төмпешікасты аймақ
18. Логикалық (есеп шығару, есептеу) ойлау қабілетімізге
жауапты ми бөлімі: Сол жақ ми

30.

19. Абстарктілі-логикалық ойлау типі тән ми бөлігі: Сол жақ ми
20. Кеңістіктік-бейнелі ойлау типі тән ми бөлігі: Оң жақ ми
21. Жүлгелердің негізгі үш түрі: Орталық жүлге, бүйірлік жүлге,
төбе-шүйдеаралық жүлге
22. Маңдай бөлігін төбе бөліктен ажырататын ми бөлігі: Орталық
жүлге
23. Самай және төбе бөліктерін ажырататын жүлге: Бүйірлік
жүлге
24. Төбе және шүйде бөліктерін ажыратады: Төбе-шүйдеаралық
жүлге
25. Маңдай бөлігінің атқаратын қызметі
еркін қозғалыстарды үйлестір
сөйлеу аппаратын ретте
ойлау әрекеттерін реттеу
Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жұлын
омыртқа жотасының өзегінде орналасқан
ұзындығы 40 - 45 см
диаметрі 1,5 см-ге жуық
ерекшелігі: сегменттердің болуы
сегмент саны - 31.
Әр сегменттен бір жұп қозғалтқыш, бір жұп сезгіш түбірлер
шығады
мойын бөлімінен 8 жұп
кеудеден 12 жұп
белден 5 жұп
сегізкөзден 5 жұп
құйымшақтан 1 жұп қозғалтқыш және сезгіш түбірлер шығады.

31.

Жұлынның ішкі құрылыс
ақ және сұр заттан тұрады: сұр зат ортасында орналасады
сұр зат пішіні - H әріпіне ұқсайды ж/е қанатын жайған көбелек
тәрізді
сұр заттың ортасынан ұзына бойы жұлын өзегі өтеді, онда
жұлын сұйықтығы болады
жұлын өзегі миға жеткенде кеңейіп, ми қарыншасын түзеді.

32.

!
ЕСТЕ САҚТА!
Сұр заттың алдыңғы жағы жуандау, қысқа өсінділері алдыңғы
мүйіздері, артқы ұзындау өсінділері артқы мүйіздері деп
аталады. Бүйірлік өсінделрі бүйірлік мүйіздерді құрайды
артқы мүйізге артқы сезімтал түбірлер енеді
алдыңғы мүйізден бұлшықеттерге бағытталатын алдыңғы
қозғалтқыш түбірлер шығады
бүйірлік мүйіздерде вегетативті жүйке жүйесінің
ядролары орналасқан.
Жұлынның мойын бөлімінің көлденең кесіндісі.
Жұлынның сұр заты миелиндік талшықтардан тұратын ақ
затпен қоршалған.
Бағаналар - миелиндік талшықтардың ерекше шоғырға
жинақталуы. Алдыңғы мүйіздердің арасында алдыңғы
бағаналар, артқыларының арасында артқы бағаналар
орналасқан.
Бағаналар арқылы жұлынды мимен байланыстыру қызметін
атқаратын өткізгіш жүйкелер өтеді.
01
02
!
Өрлеме немесе орталыққа тепкіш өткізгіштер - афференттік импульстерді миға жеткізеді;
Төмен түсетін немесе орталықтан тепкіш - эфференттік қозғалтқыш импульсті мидан жұлынға жеткізеді.
ЕСТЕ САҚТА!
Сұр заттың қызметі - сезімтал импульстерді жұлынның
қозғалтқыш рецепторларына тасымалдау.
Жұлын деңгейінде қарапайым рефлекстік доға қалыптасады,
бұл жұлын автоматизмі түрлерінің бірі.

33.

1. Омыртқалардың бүйірлік өсінділерінен түзілген омыртқа
жотасының өзегінде орналасады: Жұлын
2. Жұлынның үш түрлі қабықшасы: Жұмсақ, торлы, қатты
3. Жұлынның ұзындығы, сегменттер саны: 40-45 см, 31 сегмент
4. Қол бұлшықеттерінің іс-әрекетін басқарады: Мойын иық
өрімінен шығатын шынтақ, кәрі жілік, орталық жүйкелер
5. Жұлынның сегменттерінен шығатын түбірлер: Бір жұп
қозғалтқыш (алдыңғы), бір жұп сезімтал (артқы)
6. Жұлын сегменттері
мойынның 8 жұп
кеуденің 12 жұп
белден 5 жұп
құйымшақтан 1 жұп қозғалтқыш, сезімтал түбірлері
7. Аяқ бұлшықеттерінің іс-әрекетін басқарады: Бел-сегізкөз
өрімінен шығатын құйымшақ, сегізкөз, ортан жілік жүйкелері
8. Жұлын өзегі миға жеткенде кеңейіп түзеді: Ми қарыншаларын
9. Ерекше шоғырлаға жиналған миелиндік талшықтар: Бағаналар
10. Жұлынды мимен байланыстырады: Өткізгіштер
11. Өткізгіштердің түрлері: Орталыққа тепкіш (афференттік)
өткізгіш, орталықтан тепкіш(эфференттік) өткізгіш
12. Сезімтал импульстерді шеткі мүшелерден миға жеткізетін
өткізгіш: Орталыққа тепкіш (афференттік) өткізгіш
13. Қозғалтқыш импульстерді ми қыртысынан және мидың басқа
бөлімдерінен жұлынға жеткізеді: Орталықтан тепкіш
(эфференттік) өткізгіш
14. Сұр заттың қызметі: Сезімтал импульстерді жұлынның
қозғалтқыш рецепторларына тасымалдау
15. Жоғары мойын сегменттерінде орналасатын орталық: Көкет
жұмысын реттейтін орталық
16. Мойының 8-ші сегментінде орналасқан орталық: Қарашықты
кеңейтетін орталық

34.

17. Бел-сегізкөз бөлімдерінде орналасатын орталықтар: Қуық,
тікішек, жыныс мүшелерінің әрекетін реттейтін вегетативті
орталықтары
18. Жұлын автоматизмі түрлерінің бірі: Қарапайым рефлекстік
доға
19. Сезімтал импульс келіп түскенде пайда болады: Қозғалтқыш
импульстер
20. Жұлын өзегінде болады: Жұлын сұйықтығы
Механорецепторлардың түрлері
Механорецепторалар - сезімтал жүйке талшықтарының
ұштарындағы рецепторлар.
Адамның тегіс терісіндегі рецепторлар:
1. Пачини денешігі;
2. Мейснер денешігі;
3. Меркель дискісі;
4. Руффин денешігі;
5. Гольджи сіңірлі мүшесі.
Жанасу тітіркендіргіштеріне жауап қайтаратын
механорецепторлар бөлінеді: жылдам және баяу бейімделгіштер.
I. Жылдам бейімделгіштер: Мейснер денешігі (30 - 40 Гц жиілікті
сезеді), Пачини денешігі (250 Гц жиілікті сезеді) жоғарғы тыныс алу
жолдарынан бастап, альвеоланың эпителийіне дейін орналасады.
Шаң, шырыш, темекі түтіні, аммиак, эфир секілді улы заттардың
түсуі кезінде қозады.
II. Баяу бейімделгіштер: Меркель дискісі, Руффин денешігі
бірыңғай салалы бұлшықеттерде кездеседі. Бұл рецепторлардың
стимулы Геринг-Брейер рефлексін тудырады - тыныс алу және
тыныс шығару кезінде байқалады. Сонымен бірге өкпеде J
рецепторлары бар.

35.

Жанасу
механорецепторлар
- жанасу, қысым, созылуды, тербелісті
сезеді
Барорецепторлар
- қантамырда, жүректе, бірыңғай салалы
бұлшықеттерде орналасады
Проприорецепторлар
- бұлшықет-буын аппараттарында жиырылу
мен босаңсуларға жауап қайтарады
(бұлшықет ұршығы мен сіңір рецепторлары
- Гольджи мүшесі)
Вестибулорецепторлар
- вестибулярлы аппаратта болады
Терморецепторлар
- температураның өзгеруін сезеді
Механорецепторлар
- механикалық әсерге жауап береді
Өкпенің J - рецепторлар
альвеолалардың қабырғасы маңында капиллярлармен
жанасқан жерлерде орналасқан
өкпеден де, өкпе қантамырлары жағынан келгенде де
тітіркендіргіштерге жауап қайтара алады
рецепторлар тыныс алу орталықттарымен
миелинсіздендірілген афференттік С - талшықтарымен
байланысқан
белсенділігін қан плазмасында сутек иондары
концентрациясы артқанда, өкпе ұлпалары қысылғанда, өкпе
ісінгенде арттыра алады
J - рецепторларының тітіркенуі жиі әрі үстіртін тыныс алуды,
рефлекторлық бронхоконструкцияны ж/е демікпені
тудырады.
1. Сезімтал жүйке талшықтарының ұштарындағы рецепторлар:
Механорецепторлар
2. Механорецепторлардың қызметі: Әртүрлі механикалық
тітіркенгіштерге: жанасу, қысым, созылу, тербелістер,т.б.
сырттан немесе организнің ішкі мүшелерінде пайда болған
әсерлерге жауап қайтарады

36.

3. Терінің әртүрлі тереңдігінде және түрлі құрылымдық
түзілістерде болады: Механорецепторлар
4. Рецепторлардың сезімтал жүйкелерінің бос жатқан жүйке
ұштары: Механорецепторлар
5. Тегіс терідегі (түктері болмайтын тері) рецепторлардың 4
негізгі типі
Пачини денешіг
Мейснер денешіг
Меркель дискіс
Руффин денешіг
Гольджи сіңірлі мүшесі
6. Жанасу тітіркендіргіштеріне жауап қайтаратын
механорецепторлар түрлері
жылда
баяу бейімделетін
7. Жылдам бейімделгіштер
фолликулярлы түктердің рецепторлар
түксіз терідегі Мейснер денешіг
теріасты ұлпасында орналасатын Пачини денешігі
8. Баяу бейімделетін тері рецепторлары
Меркель дискіс
Руффин денешігі
9. Нүктелік рецепторлық алаңы болатын механорецептор:
Меркель дискісі
10. Тері созылғанда белсендірілетін механорецептор: Руффин
денешігі

37.

11. Механорецепторлардың түрлері
жанасу механорецептор
барорецепторла
проприорецепторла
вестибулорецепторлар
12. Жануарлар мен адамдардың сыртқы жабынында орналасқан,
жанасуды, қысымды, созылуды, тербелістерді қабылдайтын
механорецептор: жанасу механорецепторы
13. Механикалық тітіркенгіштерді қабылдайтын рецепторлардың
екі типі
механорецепторла
Пачини денешігі
14. Қантамырларда, жүректе, бірыңғай салалы бұлшықетті қуыс
мүшелерде орналасатын, қан қысымның өзгеруі кезінде қарын
мен ішекте газ жиналғанғы созылуларға жауап қайтаратын
механорецептор: Барорецепторлар
15. Бұлшықет-буын аппараттарында орналасатын, қаңқа
бұлшықеттерінің жиырылуы немесе босаңсуы кезідегі
созылуларға жауап қайтарады: Проприорецепторлар
16. Денені немесе басты июі кезіндегі жылдамдық пен
тербелістерге жауап қайтарады: Вестибулорецепторлар
17. Сыртқы әсерлерге салыстырмалы түрде баяу бейімделетін,
уақытты ажыратуы нашар рецептор: Қысымды бағалайтын
механорецепторлар
18. Пайда болған тербелістерге жауап қайтарады: Пачини
денешігі
19. Бұлшықет рецепторлары: Проприорецепторлар
20. Бұлшықет ұршығы мен сіңір рецепторлары: Гольджи мүшесі
21. Тыныс алу жолдарының ұлпаларында орналасқан
механорецепторлардың екі негізгі типі
жылдам бейімделуші рецепторла
созылу рецепторлары

38.

22. Жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, альвеолаға дейінгі
эпителийде және субэпителий қабатында орналасқан
механорецептор: Жылдам бейімделуші рецепторлар
23. Иіскеу және жөтелу сияқты күрделі рефлекстердің бастамасы
болып табылатын рецепторлар: Жылдам бейімделуші
рецепторлар
24. Кеңірдек пенбронхының шырышты қабықшасына
механикалық немесе химиялық тітіркендіргіштер түсуі кезінде
қозатын рецептор: Жылдам бейімделуші рецептор
25. Тітіркендіргіштер күшінің өзгеруіне жауап қайтаратын
рецептор: Жылдам бейімделуші рецептор
26. Өкпенің созылуы кезінде басты тыныс алу жолдарындағы,
яғни бронхы тармақтарындағы бірыңғай саласы бұлшықеттерде
шектелетін механорецептор: Баяу бейімделетін рецепторлар
27. Баяу бейімделетін рецепторлардың стимулы: Геринг-Брейер
рефлексі
28. Жануарларда өкпеге ауа толғанда тыныс алу фазасы тыныс
шығару фазасына рефлексті түрде ауысуына алып келуінен
байқалатын рефлекс: Геринг-Брейер рефлексі
29. Ұйқ кезіде тыныс алудың рефлекторлық тоқтауы тыныс алу
кезеңінңі келесі фазасының ауысуын қамтамасыз ететін
рефлекс: Геринг-Брейер рефлексі
30. Альвеолалардың қабырғасы маңында капиллярлармен
жанасқан жерлерде орналасқан рецептор: өкпенің Jрецепторлары
31. Тыныс алу орталықтарымен миелинсіздендірілген
афференттік С-талшықтармен байланысқан рецепторлар:
Өкпенің J-рецепторлары
32. Өкпенің J-рецепторларының тітіркенуі тудырады: Жиі
үстіртін тыныс алу, рефлекторлық бронхконструкцияны,
демікпені

39.

ХОЛИНЕРГИЯЛЫҚ СИНАПС
ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Холинергиялық синапс - екі нейронның немесе нейрон мен
дабыл қабылдайтын эффекторлық жасушалардың түйіскен жері.
Синапс екі мембранадан тұрады
синап алды ( пресинапстық) және синапстан кейінгі
(постинапстық) мембрана
синапстық қуыс.
пресинапстық
мембрана
постсинапстық
мембрана
пресинапстық
мембрана
постсинапстық
мембрана
Жүйке импульстері медиаторлар (таратқыш заттар) арқылы
қамтамасыз етіледі.

40.

Парасимпатикалық жүйке жүйесінің медиаторлары ацетилхолин рецепторлары - екі типті холинорецепторлар: М
(мускарин), Н (никотин).
Холинергиялық синапстардің түрлері:
I. Мускаринге сезімтал - М-холинорецепторлар, мускарин улы
саңырауқұлақтарда болатын алкалоид;
II. Никотинге сезімтал - Н-холинорецепторлар, никотин темекі
жапырағында болатын алкалоид.
Холинорецепторлардың орналасуына байланысты түрлері
М1 холинорецепторлар - вегетативті ганглия мен ОЖЖ-да
орналасқан. Ерекшелігі: синапстан тыс жайылмай
орналасқан
М2 холинорецепторлар - жүректе орналасқан
М3 холинорецепторлар - бірыңғай салалы бұлшықеттер мен
эндокриндік бездерде болады
М4 холинорецепторлар - жүректе, өкпеде, ОЖЖ - да болады
М5 холинорецепторлар - ОЖЖ - да, көздің мөлдір қабағында,
сілекей безінде, мононуклеарлы қан жасушаларында болады.
Н-холинорецепторлары әрбір ганглия алды талшықтарының
ұштарындағы ганглия нейрондарының синапстан кейінгі
мембраналарында (парасимпатикалық ж/е симпатикалық
ганглияларда), синокаротидтік аймақта, бүйрекүсті безінің милы
қабатында, нейрогипофизде, Реншоу жасушаларында, қаңқа
бұлшықеттерінде орналасады.
1. Екі нейронның немесе нейрон мен дабыл қабылдайтын
эффекторлық жасушалардың түйіскен жері: Холинергиялық
синапстар
2. Синапстың құрылысы
екі мембрана-синапс алды, синапстан кейінгі мембран
синапстық қуыс

41.

3. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің медиаторлары:
Ацетилхолин рецепторлар
4. Екі типті холинорецепторлар: Н (никотин) және М (мускарин)
5. Жүйке импульстарын өткізетін таратқыш заттар: Медиаторлар
6. Мускаринге сезімтал золинорецептор: М-холинорецептор
7. Бірқатар улы саңырауқұлақтарға тән алкалоид: Мускарин
8. Шыбынжұтқа тән алкалоид: Мускарин
9. Никотинге сезімтал холинорецепторлар:
Н-холинорецепторлар
10. Темекі жапырағының құрамындағы алкалоид: Никотин
11. М-холинорецепторлардың орналасуына байланысты
жіктелген түрлері
М1-холинорецепторла
М2-холинорецепторла
М3-холинорецепторла
М4-холинорецепторла
М5-холинорецепторлар
12. Вегетативті ганглиялар мен ОЖЖ-да орналасқан:
М1-холинорецепторлар
13. Жүректе орналасқан, олардың кейбіреулерінің
ацетилхолиннің босап шығуын төмендететін қасиеті болатын Мхолинорецептор: М2-холинорецепторлар
14. Бірыңғай салалы бұлшықеттерде және көп бөлігі
эндокриндік бездерде орналасқан М-холинорецептор: М3холинорецепторлар

42.

15. Жүректе, өкпе альвеолаларының қабырғасында, ОЖЖ-да
орналасқан М-холинорецепторлар: М4-холинорецепторлар
16. ОЖЖ-да, көздің сыртқы мөлдір қабығында, сілекей
бездерінде, мононуклеарлы қан жасушаларында орналасқан
М-холинорецепторлар: М5-холинорецепторлар
17. Н-холинорецепторлары орналасады
әрбір ганглия алды талшықтарының ұштарындағы
ганглия нейрондарының синапстан кейінгі
мембраналарында
синокаротидтік аймақта
бүйрекүсті безінің милы қабатында
нейрогипофизде
Реншоу жасушаларында
қаңқа бұлшықеттерінде
Жетістік бір күнде келмейді.
Ол күнделікті оқығаннан, үйренгеннен келеді.
Барлығы бірден болмайды!
English     Русский Правила