375.68K
Категория: ФизикаФизика

Физикалық факторлар әсерінен туындайтын кәсштік аурулар. Вибрациялық ауру

1.

Кафедра меңгерушісі, PhD
Кульбаева Ш.К.
Көкшетау 2023

2.

1. Діріл ауруларының дамуына қандай факторлар әкеледі?
2. Діріл ауруларының жіктемелерін атаңыз.
3. Діріл ауруының диагностикасының функциональды әдістерін атаңыз.
4. Діріл кәсіби зияндылық факторы болып табылатын өндірістерді атаңыз?

3.

Тербеліс-діріл ауруының диагностикасы қиын, ол ауру табылып, диагноз қойылған
жағдайда дәрігерлер көп жағдайда әкімшіліктерге дәлелдеуіне мәжбүр болады, сол себептен
диагноз қойылмай әсіресе кәсіптік өндірістер жекешелінген заманда статистикалық тіркеуге
алынбайтыны кездеседі.
Тербеліс-діріл ауруы техникалық үрдістердің өндіріске еніп, өрлеуінен дамыған ауыру.
Тербеліс-діріл ауруы кәсіптік сырқаттардың ішінде бірінші орындардың бірін алады және де
оның төмендеуі әліге дейін байқалмайды. Әртүрлі елдердің региондарында тербеліс-діріл
ауруы (ТА) тұрғындардың арасында 21-26%-да кездеседі. Бұл ауру әсіресе техникасы жақсы
дамыған елдерде көп тараған, Жапонияда, Германияда, Англияда, Швецияда. Бұл елдерде
таулыкен өнеркәсіптері жақсы дамыған, әсіресе пневмовиброқұралымен бөлшектерді
өңдегенде, шойын балғамен жұмыс істегендерде жиі кездесетіні мәлім.

4.

Бірінші рет 1911 жылы Лорига (Англия) шойын балғамен жұмыс істегендердің арасында
саусақтардың ағарғандығы жайында жазды. 1917 жылы Алиса Гамильтон оны "өлген саусақтардың неврозы" деп атады. М.Е. Маршак (1924 ж.) әртүрлі бөлшектерді шегелеумен
айналысқан жұмысшылардың саусақ-тарының ағарғандығын байқаған. Е.Ц. АндрееваГаланина (1952 ж. еңбек гигиенасы мен кәсіптік сырқаттар кафедрасының бірінші
меңгерушісі) алғашында мынадай диагноздар қойды: "Ангионевроз. Псевдо-Рейно сырқаты"
деп. Тербеліс-діріл сырқаты деген диагноз қойылғанда, тіпті тербелу мен діріл әсері
көрсетілген жағдайда да дәрігерге қиын тиеді. Тек елімізде 1955 жылы "Тербеліс-діріл
ауыруы" (вибрационная болезнь) - деген термин пайда болды, бірақ оны дүние жүзінде
бірден қабылдай қойған жоқ.
Бүгінгі күнге дейін тербеліс сырқаты бірінші проблемалық ауру болып табылады.
Қазірде ауырудың диагностикасында қателіктер көп болуда, мысалы: кәсіптік әсері бар
науқасты клиникаға жібергенде Рейно ауруы, сирингомиелия, жүйелі склеродермия аурулары
қойылғандарға клинникалық анализ жүргізгенде, науқастарда ТА болғаны анықталады.

5.

Тербеліс-діріл ауруы өндіріс үрдісіндегі дірілді жұмыстардың әсерінен пайда болатын
ерекше кәсіптік ауру. Тербелістің негізгі сипаттары: бұл тербеліс жиілігі мен шайқалуы
(амплитудасы) және де оның туындылары -жылдамдық пен шапшаңдылық. Тербеліс
жиілігі герцпен өлшенеді (секундына бір тербеліс), ал амплитуда мм/сек өлшенеді.
Тербеліс жиілігі 8-16 Гц болса, онда бұны төменгі жиіліктегі тербеліс дейді, ал 31-63 Гц
орташа және 125-1000 Гц үлкен жиіліктегі тербелістеріне жатқызады. Тербеліс-діріл
ауруын негізінен тудыратын 16-250 Гц жиіліктері. Тербеліс жылдамдығын қабылдау
табалдырығы 10-4 м/с, ал ауру сезімінің табалдырығы 1 м/с-на тең. Ілеспелі өндірістік
факторлар: шу, тоңу, статикалық-динамикалық ауыртпалықтар, шарасыз жұмыстар,
жалпы иммундық реактивтіліктің төмендеуі патологияның тез дамуына және сырқаттың
клиникалық көрінісінің өзгеруіне әсер етеді.
Жұмысшының тербеліспен қатысуына қарай:
1) жергілікті;
2) жалпы;
3) үйлестірілген тербелістерді ажыратады.

6.

Жергілікті тербеліс діріл ауруы көбіне соқпалы немесе айналмалы механикаландырылған
аспаптармен жұмыс істейтіндердің көбіне қолы арқылы беріледі. Ал жұмыс орнының
шайқалуы жалпы тербелісті тудырады. Үйлестірілген тербеліс деген жалпы және
жергілікті тербелістер қосылғанда болады. Тербеліс-діріл сырқаты көбінесе көлікте,
металл өңдеу, машина жасау, таукендерін қопару құрылыс жұмысында жеңіл
өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында және т.б. жерлерде жұмыс істейтін
жұмысшыларда кездеседі. Көптеген машиналардың жұмысы тербеліспен бірге жүреді.
Тербеліске келесі мамандықтар ұшырайды: металл құю, металл қысқартушылар,
шегелеушілер, бұрғылаушылар, тас кесушілер, жонушылар, өңдеп тегістеушілер,
жылтыратушылар, ұштаушылар, зімпарашылар, слесарь құрастырушылар, орман
құлатушылар, бетон құюшылар, дәрі жасаушылар, бульдозерді жүргізушілер,
тракторшылар, ұшқыштар, теңізшілер т.б.
Қарап отырсаңыздар біздің Қазақстанда бұл ауру жиі кездесуі мүмкін (әлі зерттелмеген).
Ол мына өндіріс дамыған қалаларда: Павлодар, Екібастүз, Шымкентте, Өскеменде,
Қарағанды, Тараз, Орал, Жаңатас, Жезқазған, т.б. қалаларда жұмыс істеген
жұмысшыларда кездеседі. Ал Алматыда мақта-мата комбинатында, ауыр машина жасау
зауыты, жиһаз жасау фабрикасы және т.б. өндірістерді айтуға болады.

7.

Тербеліс ауыруының патогенезі өзінің дамуымен, полиморфологиялық түрлерімен
ерекшеленеді. Ауру нерв, жүрек қан тамырлар жүйесінің, тірек қимыл
аппараттарының ішкі органдардың қызметтерінің рефлекторлық бұзылыстарымен
өтеді. Оның пайда болуына негізінен нейрогуморалдық, нейрогормоналдық,
рефлекторлық және реттеу механизмдерінің бұзылыстары жатады.
Тербеліс ағзалардың барлық тінімен қабылданады, негізінен басты нерв және сүйек
тіндерімен, кейінгі жақсы өткізгіш және резонатор, вибрация тері қабатында,
қолдың, табанның, бұлшықеттің тамырларында орыналасқан тербеліс
сезімталдығымен, яғни Фатер-Пачини денешіктерімен қабылданып, тиісті орталықтарға жеткізіледі. Тербеліс ұзақ уақыт шеткі рецепторларға әсер етсе, тербеліс
сезімтал талшықтар арқылы жоғары орталықтарға тез тарайды. Афференттік
импульстар рефлекторлық түрде жұлынның вегетативтік симпатикалық
түйіндеріндегі тамыр орталығына одан ретикулярлық формация бағаналарына, ми
қыртысына өтеді, аймақтық қанайналымы мен гомеостаз бұзылады. Қозу тербеліс
орталықтарынан көршілес аймақтарға беріліп, шеткі қанайналымын, ауру сезімін,
температуралық және тербеліс сезімдерінің бұзылуына әкеледі.

8.

Керіну дәрежесіне қарай бірінші жіктелуін А.А. Дрогичина мен Н.Б. Метлина 1959 ж.
ұсынды. Бұнда аурудың 3 дәрежесін ажыратады:
• Бастапқы, айқын емес I кезеңі - жеңіл дәреже;
• Орташа дамыған II кезеңі - орташа дәреже;
• Айқын дамыған III кезеңі - ауыр дәреже.
1963 жылы Е.Ц. Андреева-Галанина мш В.Г. Артамонова аурудың жіктелуін ұсынды, онда
тербеліс ауруы 3 түрге бөлінген.
1. Жергілікті тербеліс әсерінен болған;
2. Жалпы тербеліс пен сілкінудің әсерінен болған;
3. Үйлестірілген тербеліс әсерінен болған;

9.

Жалпы тербеліс-дірілден болған ТА-ң жіктелуі (М.Б.Метлина, В.Г.Артамонова т.б., 1989
ж.) І-дәрежелі(алғашқы көріністер):
1. Ангиодистониялық синдром (церебральді нгмесе шеткі);
2. Вегетативті-вестибулярлық синдром;
3. Сенсорлық (вегетативті-сенсорлық) аяқ-қолдың полижвро патиялық синромы.
ІІ-дәрежелі (орташа ауырлық көріністер):
1. Церебралдық-шеткі ангиодистониялық синдром;
2. Сенсорлық полиневропатиялық синдром:
а) полирадикулярлық бұзылыстармеи;
б) екіншілік бел-сегізкөз түбірлік синдроммен (бел-сегізкөз остеохондрозының
нәтижесінде);
в) нерв жүйесінің функционалдық бұзылыстарымен (неврастения синдромы);
ІІІ-дәрежелі (ауыр көріністер):
1. Сенсорлық-моторлық полиневропатиялық синдром;
2. Дисциркуляторлық энцефалопатиялар шеткі полиневропатиямен қосарланған синдром
(энцефалополиневропатиялық синдром).

10.

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ:
Аурудың клиникасы әртүрлі және көптеген ағзалар мен жүйелердің зақымдануымен, оның ішінде көбінесе шеткі қанайналымы, нерв
жүйесі, тірек-қозғалыс аппаратының өзгеруімен көрінеді.
I. Жергілікті тербеліс әсерінен пайда болған ТА механикаландырылған қол аспаптарымея жұмыс істейтін жұмысшыларда кездеседі, ауру
бірте-бірте дамиды, негізгі жұмысшыларда жұмыс өтілі көп адамдарда дамиды. Көбінесе тербеліс құрал сайманымен жұмыс жасау стажы
3 жылдан 6 жылға дейін. Жұмыс өтілінен басқа ауысым (смена) кезіндегі түйісу уақыты қолданылған күшке, қуатқа, желдетуге және
шуылға байланысты.
ТА-ның бастапқы көрінісі (І-кезең) шеткері ангиодистониялық синдром немесе қолдардың сенсорлық полиневропатиясы. Бұнда
науқастардың негізгі шағымдары: қол саусақтарының сәл ағару "ұстамасы", ол қолды суық сумен жуғанда және жалпы тоңғанда пайда
болады, қолдың сыздап, сырқырап ауыруы, қолдың ұюы және жыбырлау сияқты сезімнің пайда болуы, саусақтардың тоңуы және
терлеуі. Қарағанда саусақтың сәл ағарғанын байқауға болады. Салқын судан кейін саусақ ұшының мұздауына және бастың ауыратынына
шағымданады.
Сырқаттың орташа (II - кезең) дамыған кезеңінде айтылған симптомдар үдеп, оған қолдың тырысуы мен әлсіздігі, бастың жайылмалы
ауыруы, жүрек соғуының жиілеуі қосылады. Тексеріп қарағанда саусақтарының көгеріп жансыздануы және шамадан тыс тершеңдік, тері
қабатының температурасының төмендеуі және саусақтарының сезімталдығының бұзылуы анықталады. Тырнақ орналасқан жерлерге
капилляроскопия жасағанда олардың спастикоатониялық немесе атониялық қалыпта болуы көрінеді. Термография жасағанда-10%-ке
дейінгі гипотермия немесе саусақтар мея қолдардың кейбір бөліктерінде ауытқуларын байқауға болады. Саусақтың реографиясы
артериолдардың физиологиялық жағдайдағы күш қуатының өсуін және оларда қан толымының азаюын байқауға болады. Алдында
ангиодистониялық, кейін ангиоспастикалық синдром ретінде көрінеді ("өлген саусақтар" симптомы дамиды), онан әрі ангиоспастикалық
синдром жоғарылап, ауыру, тербеліс сезімталдығының бұзылуы (гиперестезиялар) немесе кейін төмендеуі (гипестезиялар) өседі
(паллестезиометрия әдіспен табылады), ісік пайда болады, ал кейбір науқастарда трофикалық бұзылыстар: шамадан тыс қабыршықтану,
тері немесе шырышты қабықтың қалыңдап қатаюы (пахидермия) пайда болады. Тері асты жұмсақ тіндерде де өзгеріс болуы мүмкін,
айтқандай жасушалардың ісінуі, бұлшықетінің тартылып ауыруы қысқа немесе ұзын "қолғап" ретінде полиневритикалық синдромы
байқалады. Одан басқа да сүйектердің зақымдануы мүмкін - саусақ сүйектерінің қоректенуі нашарлайды, сүйек тіндерінің
остеопороздануы, остеолизі, сүйектердің қатаюы (остеосклероз) немесе эностоз, периостоз пайда болады. Басқа буындарда
омыртқалардың остеохондрозы тез дамиды. Көбінесе қолдың айқын ауыруы байқалады, вегетативтік-трофикалық,
астеноневротикалық, тінде барлық зат алмасу үрдістері бұзылады: белоктық, витаминдік, электролиттік. Олар көптеген ағзалардың
зақымдануына септігін тигізеді.
ТА анық көрсетілген кезеңі - III дәреже қазіргі уақытта өте сирек кездеседі. Бұнда клиникалық сенсорлық-моторлық
полиневропатиялық синдромдар едәуір түрінде байқалады. ІІI-дәрежелі жалпы тербелістің әсерінен пайда болған ТА қазіргі кезде
кездеспейді. Қосарланған ТА-ның клиникасы жергілікті және жалпы тербеліс-діріл әсерінен тұрады.

11.

ДИАГНОСТИКАСЫ
Тербеліс ауруларды анықтау ретінде толық анамнез жинау, еңбек жағдайындағы
санитарлық-гигиеналық сипаттама жасау, сонымея бірге клиникалық-физиологиялық
әдістерді қолдана отырып, науқасты мұқият зерттеу қажет. Терең зерттеулер нәтижесінде
аурудың алғашқы көріністерін, яғни компеясацияланған түрлерін және организмнің
қызмет ету қабылеттілігін анықтауға болады. Диагнозды дәлелдеу үшін қазіргі заманда
клиникалық және параклиникалық әдістер арқылы науқасты кешендік түрде зерттеулер
жүргізіледі. Науқасты емханалық жағдайда немесе ауруханалық жағдайда зерттеулер
ұсынылған.
1.Тері термометриясы. Тері температурасын электротермометрмен зерттейді. Суықтық
сынаманы жүргізу арқылы тексереді. Бұл сынақ арқылы тамырлардың бұзылуы,
олардың дәрежесін анықтауға көмектеседі. Тері температурасын өлшеуді алақан
сыртындағы бетінде жүргізіледі. Қауіпті жағдайда сау адамдарда қол саусақтарының
терісіндегі температурасы 27-31°С болады, ал тербелмелі ауру кезінде (18-20°С)
температура төмендейді. Диагностикалық қасиеттілік, бұл суықтық сынамадан соң
температураның қалпына келуі. Алдымен саусақтар терісіндегі температурасын өлшеп
алған соң, қолдарын суға (су t - 8-10°С) батырып, 5 минут үстайды. Осы кезде
саусақтардың терісі мен түсі өзгеруін, ассиметриялық ағаруын ескеру керек. Егер
саусақтар ақшыл түске өзгеретін болса, онда сынама оң болғаны. Сынамадан соң тері
температурасын қайтадан өлшейді, сөйтіп өзінің бұрынғы температурасына келгенше
өлшейді. Бұл сынама қол саусақтарының ағару ұстамасына әкеледі, және де
компенсаторлық реакцияларды анықтауға көмектеседі. Сау адамдарда 20 минуттан соң
бұрынғы бастапқы температурасына келеді, ал тербелмелі аурудың айқын дәрежесі
кезінде бастапқы температураның келуі баяу түрде 60 минут жүреді.

12.

ДИАГНОСТИКАСЫ ЖАЛҒАСЫ
2. Капилляроскопия арқылы майда тамырлардың өзгерістерін анықтауға көмектеседі. Зерттеуге
негізінде 2 қолдың IV саусақтарың қолданылады. Саусақтың түсіне мән беру керек. Қалыпты
жағдайда тері түсі ақшыл қызғылт, капиллярлар ілмектері 1 мм - 8 капилляр болады. Әрбір ілмек
иілген түрде (шпилька тәрізді) болады. Артериялдық бөліктері веиоздық бөліктерден қысқа,
гомогенді болады. Капиллярлар жағдайы қалыпты сияқты спастикалық, спастико-атониялық немесе
атониялық сипатқа тән.
3. Альгезиметрия. Ауру сезімталдылықты анықтауда ине тәрізді альгезиметрия қолданылады. Иненің
кіру көлемін (мм бойынша) анықтау, кіргізу арқылы ауырғыштық сезімталдылығын анықтайды.
Альгезиметрді вертикалдық түрде айналмалы түрде енгізеді, градирленген шкаланы қарап, ауру
сезімталдылығын минималдық мөлшерін анықтау. Қалыпты жағдайда саусақтарды (алақан
сыртында) иненің 0,5 мм кіруі кезінде ауру сезімі анықталады, ал тербеліс ауруы кезіндегі
науқастарда ауру сезім-талдылығының табалдырығы шамалы жоғары болады.
4. Физикалық жұмысқа бұлшықеттің күші мен төзімділігі. Пружиналы динамометр және розеяблат
динамометрі қолданылады. Тербеліс ауруы кезінде бұлшықетінің күші 15-20 кг (қалыпты жағдайда
еркектер үшін 40-50 кг, ал әйелдер үшін 30-40 кг), яғни төмендеуі және төзімділігі 10-15 с (қалыпты
кезінде 50-60 с), яғни төмеядегені байқалады.
5. Электромиография (электромиограф "Медикор" фирмасы -бұлшықеттің биоэлектрлік белсенділік
потенциалы өлшенеді) бұлшықет талшықтарынан қозу, жиырылу, өту жылдамдығын анықтайды.
Шынтақ, білек, кеуде бұлшықеттерінің алғашқы қозғалысын жазып немесе визуализатор арқылы
жазып алып қарап, бұлшықеттің жиырылуын соңғы уақыттымен салыстырып, жауабын анықтайды.
Тербеліс ауруында өзгерістерінің көрсеткіштері жоғары болады.
6. Венооклюзиялық өлшемдерін білуге реоплетизмоэнцефалография жүргізіледі. Венооклюзиялық
деңгейін өлшеумен өтетін реоплетизмоэнцефалография бас ми қыртысындағы шеткі қан
айналымның сипатын бағалау үшін және де қозғалғыш анализаторлар аймағындағы қан айналымды
"бағалау үшін қолданады (ауруханалық жағдайда өткізіледі).

13.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОЗ
Рейно ауруында тербеліс сезімталдығы бұзылмаған, санитарлық өндіріс-кәсіптік
мінездеме теріс болады.
Сирингомиелия ауруы адамның жас кезінен байқалады, жұлынның әр жерінде
сегментарлы ауыр зақымдану симптомдары ерте орын алады, кәсіптік әсер жоқ,
сезімталдылықтың едәуір бұзылуы, оның толық ыдырауы, әртүрлі гипоальгезиялар,
бұлшықеттің едәуір атрофиясы, артропатиялар болады.
Жүйелі склеродермия бүл аутоиммундық ауру, клиникалық СRЕSТ-синдромдық
(кальцинаттар, Рейно синдромы, эзофагит, склеродактилия, телеангиэктазия) қабыну
үрдістерімен, лабораторлық өзгерістермен ететін және кәсіптік анамнезі жоқ ауру.

14.

ЕМІ
Емі. Тербеліс ауруының түріне және дәрежесіне байланысты салыстырмалы түрде
емдеуді қолданады. Емдеуді аурудың этиологиясына, патогенезіне, симптоматикасына
байланысты жүргізеді.
1 Этиологиялық - сырқатты тудыратын себепті жоюға арналған. Ең алдымен организмге
әсер ететін тербелістер және қолайсыз жағдайларды уақытша немесе толығымен
тоқтату керек.
2. Патогенетикалық тамыр кеңейткіш және қоректендіруді жақсартатын дәрідәрмектер: никотинамид, никотин қышқылы, галидор, ангиотрофин, В1, В6, В12; С; Е
витаминдері беріледі;
• ганглиоблокаттарлар мен холинолитиктерді үйлестіре қолдану (бензогексоний,
аминазин, пахикарпин, дифацил);
• физиоемдеу тәсілдерін қолдану: 4 немесе 2 камералы ванналар нафталанмен
(ангиоспастикалық жағдайда жақсы әсер етеді) жәнг новокаинмен электроферез жасау,
балшықпен емдеу, бальноологиялық (родондық, күкіртік сутек, иодты-бромды
ванналар), магнезиялық гальваникалық жаға, массаж, кейінгі едәуір спастикалық
жағдайда жасамайды.
• Санаторлық-курорттық емге үлкен мән беріледі: Ялта, Белокуриха, Машура, Сары-Ағаш,
Жаңа-Қорған, Алма-Арасан және т.б. ұсынылады.
З.Симптоматикалық ем.

15.

Алғашқы функционалдық жағдайда жұмысшыға қосымша еңбек ауру қағазы 2 айға
беріледі, уақытша басқа жеңіл жұмысқа (тербеліссіз) көшіріледі, осымен бірге кешенді
ем тағайындалады.
Уақытша қосымша қағазымен науқас 100% айлығын сақтай отырып, еңбекке
қабылетсіздігінің дәрежесі анықталады.
Емдегеннен кейін халі жақсарсарған жағдайда, қайта жүмысына жіберіледі, егер де
әсері болмаса мүгедектікке МӘСК арқылы шығарылады немесе басқа жұмысқа
рационалды орналастырылады.
Егер адам мүгедек деп табылса, оған еңбектік реабилитациялық шаралар жасалады.
Профилакторий, санаторийге емделуге жіберіліп тұрады.

16.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА
Профилактикасы. Әр түрлі өнеркәсіптік, жұмыс орындарында қолданылатын құралдардың
тербеліс әсерлерін және қолайсыз жағдайларды азайту жұмыстары қолға алынуы қажет. Соңғы
жылдары әр түрлі құрал-саймандардың жаңа түрлері көбейді. Өнеркәсіптің әртүрлі
салаларындағы машиналар мен станоктардың конструкциялары жақсарды.
Тербелмелі жұмыстарға шектеулі уақыты қойылды және жұмыс уақытында қысқа уақытты
үзілістер (әрбір сағат сайын 10 минут) болатын болды. Өндірістік гимнастикалар жүргізіледі
(20 минут 2-3 сағат сайын). Жұмыстан соң қолға арналған жылы ванналар (1 37-38°С) немесе
жылулар қолданады.
Медициналық профилактикалық қажетті шаралар ретінде алдын-ала және кезеңдік түрде
медициналық тексерулер жүргізіледі. Жұмыс барысында медициналық шараларды ескеріп,
оны сақтау қажет.
Денсаулық Сақтау Министрлігінің нұсқауы бойынша жұмысқа қабылдауда адамның жұмыс
істеуіне байланысты қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет. Бұл қарсы көрсеткіштер орталық
нерв жүйесінің органикалық аурулары, астеникалық жағдайлар, вегетативтік нерв жүйесінің
және эндокриндік жүйенің аурулары, ангиоспазмдық-вегетативтік тамырлы дистониялар,
Рейно ауруы, облитирирлеуші эндартериит, гипертониялық криздер немесе гипотониялық
жағдайлар, коронарлық аурулар, жаралы аурулар, невриттер мен полиневриттер, миозиттер,
құлақтың есту қабылетінің төмендеуі, іріңді және қүрғақ созылмалы отиттер, созылмалы
іріңді эпитимпаниттер, вестибулопатиялар және т.б.
Кезектік медициналық тексерулер 12 айда 1 рет жүргізіледі, нәтижесінде тербеліс ауруының
алдын-алуына ұсыныстар мен нұсқаулар беріледі. Бұндай науқастарды ерекше тіркеуге алып,
жиі тексеру мен профилактикалық емдері жүргізіліп тұрады.
English     Русский Правила