121.33K
Категория: ПравоПраво

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық заңдағы орны мен қазіргі таңдағы оның пайда болу себептері

1.

Сыбайлас
жемқорлық
қылмыстарының
қылмыстық
заңдағы орны мен
қазіргі таңдағы
оның пайда болу
себептері
З.ғ.к., доцент
Егізбаев Н.О.

2.

Адал болмай азаматпын
демегін.
Б.Момышұлы

3.

ҚР Қылмыстық кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі
2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

4.

3-бап. Осы Кодексте қамтылған
кейбір ұғымдарды түсіндіру
29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар /20 қылмыс/ – осы
Кодекстің
189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),
190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),
216 (екінші бөлігінің 4) тармағында),
217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында),
218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында),
234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында),
249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),
307 (үшінші бөлігінің 3) тармағында),
361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында),
364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450,
451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және
452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;

5.

БАПТАР
ҚЫЛМЫСТЫҢ АТАУЫ
ЖАЗАНЫҢ МӨЛШЕРІ
189
Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi 5 жылдан 10 жылға дейiнгi
иемденiп алу немесе таланмерзiмге бас бостандығынан
таражға салу
айыруға жазаланады.
190
Алаяқтық
3 жылдан 7 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
216
Іс жүзінде жұмыстар
орындалмай, қызметтер
көрсетілмей, тауарлар тиепжөнелтілмей шот-фактура жазу
бойынша әрекеттер жасау
3 жылдан 7 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығын
шектеуге не сол мерзімге бас
бостандығынан айыруға
жазаланады.

6.

БАПТАР
ҚЫЛМЫСТЫҢ АТАУЫ
ЖАЗАНЫҢ МӨЛШЕРІ
217
Қаржылық (инвестициялық)
пирамиданы құру және оған
басшылық ету
5 жылдан 10 екі жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
218
Қылмыстық жолмен алынған
ақшаны және (немесе) өзге
мүлікті заңдастыру (жылыстату)
3 жылдан 7 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
234
Экономикалық контрабанда
3 жылдан 8 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
249
Рейдерлiк
7 жылдан 10 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
307
Заңсыз ойын бизнесiн
ұйымдастыру
4 жылдан 7 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
361
Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс 4 жылдан 8 жылға дейінгі
пайдалану
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

7.

БАПТАР
ҚЫЛМЫСТЫҢ АТАУЫ
ЖАЗАНЫҢ МӨЛШЕРІ
362
Билiктi немесе лауазымдық
өкiлеттiктерді асыра пайдалану
5 жылдан 10 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
364
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз
қатысу
4 жылға дейінгі мерзімге бас бас
бостандығынан айыруға
жазаланады.
365
Заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасау
3 жылдан 7 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
366
Пара алу
10 жылдан 15 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
367
Пара беру
10 жылдан 15 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
368
Парақорлыққа делдал болу
6 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын айыруға
жазаланады.

8.

БАПТАР
ҚЫЛМЫСТЫҢ АТАУЫ
ЖАЗАНЫҢ МӨЛШЕРІ
369
Қызметтiк жалғандық жасау
3 жылдан 6 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
370
Қызметтегi әрекетсiздiк
4 жылдан 8 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
450
Билiктi терiс пайдалану
10 жылдан 20 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға не өмір бойына бас
бостандығынан айыруға
жазаланады.
451
Билiктi асыра пайдалану
5 жылдан 7 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын
айыруға жазаланады.
452
Биліктің әрекетсіздігі
10 жылдан 20 жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

9.

Парақорлық
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең
қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара
берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түптамырын жою үшін қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да
пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде
саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы
қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың
қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және
басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді,
заңдылық қағидаларын жоққа шығарып,
азаматтардың конституциялық құқықтары мен
заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

10.

Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу
және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде
жүзеге асырылып келеді. Қандай да
болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар
азаматтардың құқығын таптап, заңсыз
әрекеттерге баратын болса, әділдікті
орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура
биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып,
әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы
бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік
дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді
көздеп отырған шақта сол адами қалыппарасат биігінен көрінуге тиіспіз.

11.

Сыбайлас жемқорлықтың
криминологиядағы түрлері
КОРПОРАТИВТІ
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
капиталдың елден
шығарылуы, салық
төлеуден жалтару,
кәсіпкерлігін жүргізу
үшін шенеуніктерге
пара беру, үстемақы
алу үшін
монополиялық
жағдайды
пайдалану, келісім,
сараптама мен
сертификат алу үшін
пара беру
САЯСИ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
ақша алып, мемлекеттік
сатып алудың бюджеттік
қаржысын заңсыз бөлу,
түрлі мемлекеттік
қызметтердің
орындалуын тездету
үшін пара алу, түрлі
заңбұзушылықтарды
жасыру үшін ақша
бопсалау, қаржының
депозит не облигация
ретінде қаржы
ұйымдарына жіберілуі,
инвесторларға заңсыз
түрде қолайлы жағдай
жасау
ТҰРМЫСТЫҚ
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
түрлі әлеуметтік
жеңілдіктер мен
қызмет үшін
тұрғындардан
пара алу, заңның
бұзылуын
жасыру, түрлі
рұқсатнамалар
алу

12.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың
пайда болу себептері
ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕР
САЯСИ
СЕБЕПТЕР
ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАҒЫ
ФАКТОРЛАР
ҰЙЫМДЫҚИНСТИТУЦИОНАЛДЫ
СЕБЕПТЕР
МӘДЕНИЭТИКАЛЫҚ
СИПАТТАҒЫ
ФАКТОРЛАР

13.

Әлеуметтік-экономикалық
себептер
жағымсыз әлеуметтік-экономикалық
факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас
жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және
таратылуының себептері болып табылады
алайда, әлеуметтік-экономикалық факторлар
белгілі бір жағдайларда сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған
құралдар болуы әбден мүмкін

14.

Саяси себептер
бостандыққа ие азаматтық қоғам (мемлекет) жемқорлық деңгейі өте төмен болуының
кепілі
саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың
жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық
өрістеуінің басты шарты
мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі
өзгеруі елдегі әлеуметтік-экономикалық
ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады

15.

Ұйымдық-институционалды
себептер
Мысалы, экономика саласында мемлекеттің
өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас
жемқорлықтың дамуына алғышарттар
қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын
шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі».
Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым
сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры
тереңдей түседі.

16.

Құқықтық сипаттағы факторлар
Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің
заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы
мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа
тарту және жазалау жүйесінің болмауы,
мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты
ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал
бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып
жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз
байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай
фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде.
Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те
кең тараған. Бұлар сыбайлас жемқорлық қалыпты
нормаға айналады.

17.

Мәдени-этикалық сипаттағы
факторлар
Сыбайлас жемқорлыққа мәдени-этикалық
факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл
емес, себебі бұл сала «материалды емес».
Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас
жемқорлықтың негізгі себебі ретінде
қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің
ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас
жемқорлықтың дамуының алғышарттары
болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет
норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау
қиындық келтіреді.

18.

Қорытындылай келе,
Жемқорлық - қаупі жағынан өзге қылмыстардан артық
болмаса еш кем емес - жау. Сондықтан сыбайлас
жемқорлықтын алдын-алуға күш салу, күресу
баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен
елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра
болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға,
дамыған 30 елдің қатарына кіруге,тура жолмен еңбек
етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс
болмақ.
Ендеше, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал
еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық
құндылықтарымызды дарытып әлемдік
бәсекелестікке шығу – біздің міндетіміз !

19.

НАРАЗ ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН
КӨП РАХМЕТ!
English     Русский Правила