165.03K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Еңбек нарықтары жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты реттегіш ретінде

1.

«Еңбек экономикасы» пәні
Тақырып 4. ЕҢБЕК НАРЫҚТАРЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ МЕН
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ РЕТТЕГІШ РЕТІНДЕ
Абылкасимова Жибек Ануарбековна,
Phd, БЖМ қауымдастырылған профессоры

2.

4.1 Жұмыспен қамтылу және олардың сипаттамасы
4.2. Жұмысшы күшіне деген сұранысты
қалыптастырудың негізгі бағыттары
Қарастырылатын
сұрақтар:
4.3. Жұмысшы күшіне деген ұсынымды
қалыптастырудың негізгі бағыттары
4.4. Еңбек нарықтарын сегменттеу (саралау)
4.5. Жұмыссыздық деңгейін нарық жағдайында болжау

3.

Жұмыспен қамтылған
адам – ақы үшін немесе
мүлікті пайдалану,
тауарларды өндіру және
сату, жұмыстарды
орындау, қызметтерді
көрсету арқылы кіріс алу
жолымен қызметті
жүзеге асыратын жеке
тұлға.
Еңбек ресурстары - халықтың өзі, яғни еңбек етуге
қабілетті жастағы адамдар жиынтығы емес, ол
адамдардың еңбек етуге деген жиынтық қабілеті.
Жұмыспен қамтылу нысандары кең, ол меншік
нысандары әр түрлі кәсіпорындарда, ұйымдар мен
мекемелерден жалданып істейтін жұмыспен қатар
кәсіпкерлікті, өзін жұмыспен қамтуды, жеке және
шығармашылық еңбекті, жеке қожалықтағы жұмысты,
үй шаруашылығы және бала тәрбиесімен айналысуды,
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаруды,
арнаулы орта және жоғары оқу орындарындағы күндізгі
оқуды қамтиды. Демек, еңбек ресустары мен жұмыспен
қамтылу бір бірімен байланысты, өйткені жұмыспен
қамтылу нысандарының кеңеюі еңбек ресурстарын
көбейтеді.

4.

Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы
төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған,
тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша
қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы
жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары
(қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың
құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары),
сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері
болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында,
құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда
қызмет өткеріп жүргендер.

5.

Жұмыспен қамтылудың толық және тиімді болып
бөлінеді.
2023 жылдың
IV тоқсанында
жұмыспен қамту
деңгейі 15 жастан
үлкен жастағы халық
санына шаққанда
65,1%, жұмыс күшінің
санына шаққанда –
95,3% құрады.
Жұмыспен толық қамтылу - жұмыс іздегендер
мен жұмыс істегісі келгендердің
барлығы
жұмыспен қамтамасыз етілгенін білдіреді және
жұмыс күшіне деген сұраныс пен үсынымның
арасындағы теңдікті сипаттайды.
Жұмыспен тиімді
сипатталады:
қамтылу
екі
тұрғыдан
Экономикалық - адам ресурсын анағұрлым тиімді
пайдалану;
Әлеуметтік - еңбек адам мүддесіне толық
сәйкестігі.
Сөйтіп, жұмыспен толық қамтылу жұмыспен
қамтылуды саны жағынан сипаттайтын болса,
тиімдісі - сапа тұрғысынан.

6.

Жұмыссыздықты туғызатын себептердің сипатына
қарап оның үш түрге бөліп қарастырады:
Бірінші түрі - фрикциондық
жұмыссыздық,
адамдардың жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне
байланысты, яғни жеке тұлғалық сипаты бар және
тұрағы, кәсібі, өмір кезеңдерінің ауысуымен
байланысты - оқу, зейнетақыға шығу, балалы болу
және бала өсіру (әйелдер үшін).
Екінші түрі - құрылымдық жұмыссыздық, ол
тұтыну сұранысы мен технологияның өзгеруіне,
жұмыс күшінің жұмыс орындарының жаңа
құрылымына сәйкес еместігіне байланысты.
Үшінші түрі - циклдік жұмыссыздық, ол
экономикалық дағдарыста пайда болатын іскерлік
белсенділіктің белсендеуі кезінде жұмыс күшіне
деген сұраныс кенет қысқарғанда пайда болады.

7.

Жұмысшы күшіне деген сұраныстың қалыптасуы жұмыс
берушінің талаптары мен мүдделігіне бағынады. Ал
жұмыс берушінің мақсаты - өзі басқарып отырған
кәсіпорынның пайда табу үшін бәсекеге қабілетіне
қамтамасыз
ету.
Жұмысшы күшіне деген сұранысты қалыптастыру
саясатының бiрiншi және негiзгi бағыты - жұмыс
орындарын сақтау және жаңарту (жетілдіру), жаңа жұмыс
орындарын ашу, қажетсіз немесе тиімсіз дегенін жою. Бұл
шаралар жергілікті және аймақтық билік органдарының
қолдауымен ең алдымен тұтыну тауарларын өндіру және
қызмет
көрсету
саласына
қажет.

8.

Жұмысшы күшіне деген сұранысты қалыптастыру саясатының
бiрiншi және негiзгi бағыты - жұмыс орындарын сақтау және
жаңарту (жетілдіру), жаңа жұмыс орындарын ашу, қажетсіз немесе
тиімсіз дегенін жою. Бұл шаралар жергілікті және аймақтық билік
органдарының қолдауымен ең алдымен тұтыну тауарларын өндіру
және қызмет көрсету саласына қажет қаржыны тарту үшін жүзеге
асырылады.
Екінші бағыты - кәсіпкерлікті дамыту негізінде жұмыс орындарын
ашу. Осы тұрғыдан қарағанда шағын кәсіпорындар тиімді.
Үшінші бағыты - ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру. Бұл шетелдік тәжірибеден келген ұғым
жұмыссыздарға жергілікті басқару органдарының қарауындағы
объектілерде қызмет көрсету, жөндеу, тазалау, құрылыс
жүргізумен жұмыс беруді білдіреді.
Төртінші бағыты - еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі адамдарға
арналған жұмыс орындарын ашу. Әлеуметтік бағыты айқын
болғанымен, жұмыс күшіне деген сұраныстың мәні сақталады, тек
бұйымдар мен қызмет түрлеріне тапсырыс берілгенде оны істейтін
адамның мүмкіндіктері шектеулі екендігі ескерілуі тиіс. Бұл
сонымен қатар мүгедектерге еңбек етуге, еңбек ету құқығын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

9.

Жұмысшы
күшінің
ұсынымының
қалыптасуы
жұмысшының талаптары мен мүдделерін білдіреді.
Ал оның ең басты мақсаты - мазмұны, еңбек
шарттары және ақысын қанағаттандыратын жұмыс
табу.
Жұмысшы күші ұсынымын қалыптастыру саясатының
бірінші және негізгі бағыты - қызметкерлердің және
олардың
құрамын
қалыптастыру
мәселесіне
байланысты.
Екінші бағыты - өзін-өзі жұмыспен қамту тауарларын
өндіру және қызмет көрсету бойынша жұмысшының
өз бастамасымен жүзеге асырылатын жеке еңбек
қызметімен байланысты.
Үшінші бағыты - жұмыс бағытын реттеу. Әлемде
қалыптасқан жұмыс уақытын қысқарту тенденциясы
жұмыспен қамтылуды азайтуға әкеп соғатын
саясатты қолайсыз деп есептелмеуге тиіс екендігін
көрсетеді.
Төртінші бағыты - жұмысшылар мен жұмыс
берушілердің талап - мүдделерін үйлестіру үшін
көші-қон процесттерді реттеу.

10.

Жұмыс күші сұранысы мен ұсынымы саясатының
осыдан бұрын жоғарыда зерттелген бағыттарын
әрқайсысын бөлек немесе жиынтығын жүзеге асыру ең тиімді нәтижеге екі маңызды шартты сақтағанда
жеткізеді:
1. еңбек нарықтарын сегменттеу;
2. өзге ресурстар нарықтарымен өзара
әреукеттесуін қамтамасыз ету.
Еңбек нарықтарын сегменттеу барысында қоғам
дамуының саяси экономикалық және әлеуметтік
факторларының ықпалымен нарықтардың сипаты
мен әдеп-ғұрыптарымен ерекшеленетін жеке
нарықтарға,
сегменттерге
бөлу
қажеттілігі
туындайды.
Еңбек нарығының сегментациясы – бұл бір бірінен
түрлі сипаттары және тәртіп ережелерімен
ерекшеленетін жұмыскерлерді тұрақты жабық
секторларға
немесе
сегменттерге
бөліп
орналастыру.

11.

Еңбек нарығының сегменттері болып:
1. Алғашқы еңбек нарығы;
2. Қайталама (екінші) еңбек нарығы
табылады.
Алғашқы еңбек нарығы — бұл еңбек нарығына
тұрақты жұмыспен қамтылу, еңбек ақының
жоғарғы деңгейі, кәсіби жоғарлауының мүмкіндігі,
үдемелі технология және басқару жүйесіне тән
еңбек нарығы.
Қайталама еңбек нарығы кадрлардың, жұмыспен
қамтылудың тұрақсыздығымен, еңбек ақы
деңгейінің төмен болуымен, кәсіптік өсудің және
кәсіп одақтарының жоқтығы мен сипатталады.

12.

Еңбектің нарығы сегменттерге бөліну себептері:
1. Өндірістің экологиялық
деңгейіндегі айырмашылық;
тиімділігі
2.
Еңбектің
әлеуметтік
деңгейіндегі айырмашылық;
тиімділігі
3. Құқықтың әлеуметтік
деңгейіндегі айырмашылық.
тиімділігі

13.

Халықтың жұмыспен
қамтылуын іріктеп
зерттеу деректері
бойынша 2023 жылдың
IV тоқсанында Қазақстан
экономикасының түрлі
салаларында 9 млн адам
жұмыспен қамтылды,
оның ішінде 6,9 млн
адам (экономикада
жұмыспен
қамтылғандардың
жалпы санының 76,4%)
жалдамалы жұмыспен,
2,1 млн адам
(экономикада жұмыспен
қамтылғандардың
жалпы санының 23,6%)
өзін-өзі жұмыспен
қамтыды.
Еңбектің нарығы ішкі және сыртқы болып
бөлінеді.
Ішкі еңбек нарығы – бұл бір кәсіпорынның
шеңберіндегі жұмыс беруші мен жалдамалы
жұмысшылар
арасындағы
әлеуметтік-еңбек
қатынастарының жұйесі.
Сыртқы еңбек нарығы – елдің, аймақтың, саланың
аумақтарымен шектеледі.

14.

Экономикада істейтін тұлғалардың бәрін шартты
түрде 3 топқа бөлуге болады:
1. Мемлекеттік секторда формалды жұмыспен
шұғылданатындар;
2. Жекеленген секторда формалды жұмыспен
шұғылданатындар;
З. Формалды емес секторда жұмыс істейтіндер.

15.

Еңбек белгілері бойынша еңбек нарығы
келесідей сегменттеледі:
1. Демографиялық сипаттамалары (жынысы,
жасы және басқ.).
2. Географиялық жағдайы, орналасуы.
3. Жұмысшы күшінің әлеуметтік-экономикалық
сипаттамалары (тұрмыс жағдайы, еңбек ақы,
күн көрісі).
4. Экономикалық көрсеткіштері бойынша (еңбек
тиімділігі, өнімділігі және т.б.).
5. Қызметкердің психофизиологиялық
қасиеттері;
6. Мінез-құлықтық сипаттамалары бойынша.

16.

Еңбек нарығының (ЕН) құрылымы. Жиынтық
еңбек нарығы жиынтық сұраным мен жиынтық
ұсынымнан тұрады. Ағымдағы еңбек нарығы
жұмысшы күші және жұмыс орындарының табиғи
орналасулары арқылы пайда болады және келесі
элементтерден тұрады:
1. Ашық еңбек нарығы - бұл жұмысты үнемі
іздейтін, кәсіби біліктілігін жоғарлатуға ұмтылатын
экономикалық белсенді елді атайды.
2. Жабық еңбек нарығы
– бұл экономика
саласында формалды жұмыспен қамтылған,
алайда өндірістің қысқартылуына байланысты,
жұмыстан шығып қалуы мүмкін адамдар
категориясы.

17.

Жұмыссыздық деңгейі
(Халықаралық еңбек
ұйымының әдістемесі
бойынша) 4,7%
құрады. Жұмыссыздар
саны (ХЕҰ әдістемесі
бойынша) 445,9 мың
адамды құрады.
Жұмыссыздық

елдегі
еңбекке
қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы
еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын
әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын
және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы
жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және
одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық
санының жұмыс күші санындағы процентпен
өлшенген үлесі.

18.

Жұмыссыздық деңгейін бағалау өлшемі - үш аумақтық
(зона) біріне жатқызу болып табылады.
Жұмыссыз, бірақ
жұмыс іздемеген
немесе жұмысқа
кірісуге дайын емес
адамдар саны
(әлеуетті жұмыс күші)
29,3 мың адамды
құрады.
Жұмыс күш құрамына
кірмейтін
адамдардың үлесі 15
және одан жоғары
жастағы халықтың
31,7%-ын құрады.
Бірінші аумақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Осы
аумаққа қарауы еңбек нарығының қалыпты жағдайын
сипаттайды. Оның шеңбері аймақтың экономикалық,
әлеуметтік
және
демографиялық
құрылымына,
(тұрақтылығына) кәсіпорын қызметшілері құрамының
тұрақтылығына байланысты бар шеңберде анықталады
(1,0-2,06).
Екінші аумақ - жұмыссыздық мүмкін болатын деңгейі
еңбек нарығындағы инфляциялық процестерлген, яғни
жұмыс күші ұсынымы және жұмыс күшіне деген төлеуге
қабілетті сұраныс арасындағы айырмашылықтың
өсуімен жұмыс күші бағасының төмендеуі, алайда
реттеу арқылы жалпы экономикалық жағдайдың
тұрақтылығын сақтау шеңберінде институшылдық.
Үшінші аумақ - жұмыссыздықтың әлеуметтік тұрғыдан
қауіпті деңгейі ол жұмыс күшінің басқаруға көнбейтін
гиперинфляциямен, оның құнсыздануы мен жаппай
жұмыссыздықпен сипатталады.

19.

Еңбек нарығының негізін қалыптастырудың
әдістемесі
Жұмыс күш құрамына
кірмейтін адамдардың
үлесі 15 және одан
жоғары жастағы
халықтың 31,7%-ын
құрады.

20.

Қазақстан
Республикасының
өңірлері бойынша
жұмыспен қамтылу
көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы
Абай
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Жетісу
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Ұлытау
Шығыс Қазақстан
Астана қаласы
Алматы қаласы
Шымкент қаласы
Жұмыспен қамтылған халық,
барлығы
9 042 276
292 970
405 187
439 493
704 062
333 680
333 423
544 560
299 705
523 844
438 186
330 966
340 012
381 586
268 931
796 422
102 451
369 115
662 754
1 046 411
428 518

21.

Оның ішінде
Барлығы
қала халқы
оның ішінде
екі жыныс
бойынша
Жұмыссыз халықтың
жұмыс іздестіру
ұзақтығы бойынша
мәліметтер
Жұмыссыз халық,
барлығы
одан жұмыс
іздестіргендер:
ерлер
ауыл халқы
оның ішінде
екі
жыныс
әйелде б-ша
р
245
408 276 802
ерлер
оның ішінде
екі
жыныс
бойынш
әйелдер
ерлер әйелдер
а
123 822 152 980 169 084
76
656
445 886
200 478
1 айдан аз
112 619
51 015
61 604
63 155
27 948
35 207
49 464
1-ден 3 айға дейін
110 227
52 293
57 934
70 574
32 366
38 208
39 653
3-тен 6 айға дейін
112 051
47 696
64 355
72 074
32 699
39 375
39 977
6-дан 12 айға дейін
59 735
27 171
32 564
44 303
19 139
25 164
1 жыл және одан көп
50 022
21 446
28 576
26 081
11 055
15 026
15 432 8 032
10
23 941 391
олардан жұмыс немесе
бизнесті бастау туралы
уағдаласқан жұмыспен
қамтылған халық
1 232
857
375
615
615-
617
23
067
19
927
14
997
242
92 428
26 397
19 726
24 980
7 400
13 550
375
English     Русский Правила