4.07M

Дәріс 3 Мәдениет Семиотикасының сипаты

1.

МӘДЕНИЕТ СЕМИОТИКАСЫНЫҢ СИПАТЫ
Дәріс 3
Лектор : Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна

2.

Максаты
Мәдениеттің семиотикалық таңбалар
жүйесін зерттеу және Қазақстан
қоғамының трансформациясы және
модернизациясы жағдайларында
тұлғаралык қатынастарды мәдениеттегі
кұндылықтар жүйесін зерделеу.

3.

Жоспары
3.1 Коммуникациялық мәдениет кешенін семиотикалық зерттеу
3.2 Белгі мен таңба
3.3 Мәдени код және семиотика
3.4 Мәдени рәміз

4.

3.1
Коммуникациялық
мәдениет кешенін
семиотикалық зерттеу

5.

Мәдени коммуникация құбылыстарын
семиотикалық тұрғыдан Зерттеу және
жалпы рәміздік белгі мәселелер бойынша
ізденістер семиотика мен семантиканың
дамуына байланысты батыстық
зерттеушілер тарапынан өрістеді:
К.-О Апель, Ч. Моррис, Ч. Пирс, Э. Кассирер, М.
Фуко, Р. Гвардини, В. Тэрнер, К. Леви-Строс, Д.
Фрезер, Ж. Деррида. Ж. Делез, Ф. Гваттари, О.
Шпенглер, Ф. Лиотар А. Тойнби және т.б.
Рәмізді белгінің коммуникациялық
мәдениеттегі маңыздылығы Ю.М.
Лотман, А.Ф. Лосев П.А.
Флоренский, П.Г. Богатырев, және
еңбектерінде зерттеліп қамтылған.

6.

Академик Ә. Марғұланның үш томдык еңбектері қызықты
деректермен, кұнды мазмұнымен қатар, әрбір мәдени
артефакттың семиотикалық технологиясын сипаттап,
қолдану орнын анықтайды.
Қазақ Халқының мәдениеті, қатынастары, қөленері,
тұрмысы жайлы жазылған Ш. Уәлиханов коммуникациялық
еңбектерінің маңызы зор.

7.

Белгі туралы ғылымның негізгі ұстанымдарын алғашқы
болып американ логигінің бірі Ч.С. Пирс (1839-1914)
қалыптастырды. Ол шындық пен ғылыми білім үдерісін
түсіндіретін ғылыми логиканың құрылуына ұмтылған,
және белгінің қызмет жасау үрдісі-семиозисті зерттеді:
Сонымен қатар Пирс семиотикалық жұмыс істеудің
параметрлерін белгіледі, олар:
репрезентант
икондық белгі-индекс-символ
интерпретант
«белгінің үш тағанды табиғаты»
Ч.С. Пирс

8.

Семиотика (грек. semeion - белгі) ақпаратты және түрлі белгілік жүйелердің
қасиеттерін сақтап философиялықтеориялық тұрғыдан зерттейтін ілім.
Икондық қатынас - (ұқсастық принципі
бойынша) белгіні өзінше түсінетін кейбір
қасиеттері бойынша жалпылама түсінік.

9.

С.К. Огден
И.А. Ричардс
«Мағынаның
мағынасы: Тілдің
ойлауға ықпалын
зерттеу және
ғылыми
рәмізшілдік»
деген кітапта
денотат
Огден-Ричардс үшбұрышы деп аталатын семантикалық
модельді ұсынды
1) объектіні бейнелейтін,
логикада «денотат», ал
лингвистикада «референт»
деп аталатын
Мағына -білімнің тұлғалық субъективтік формасы,
ал мән "қоғамдық білімнің объективті кодталған
формасы».
3)немесе «рәміз»
таңба
2)немесе
«мән-мағына»
концепт

10.

Семиотика мәтінді формальды анықтауға мүмкіндік береді.
Ю.А. Шрейдер
символикалық түрде оны былай келтіреді.
Т = <У, М, ф1,... фт, 0>
Ю.А. Шрейдер
Бұл жерде Т-мәтін,
ф1, ф2,... фм-М топтамасындағы
синтаксистік қатынастар
Әрбір мәдени қауым және мәдениет «белгі» қызметінің
семиотикасын зерттеп талдауды қажет етеді.
Яғни К.А. Свасьян айтқандай, «жалпы мәдениет
туралы айту, рәміз туралы айту деген сөз».
К.А. Свасьян

11.

Семиотика терминімен қатар «семиозис» ұғымы қатар жүреді. Семиозис
(грек тілінде sema - белгі) - термині семиотикада қабылданған, белгі
мағынасының дамуын білдіреді.
Ертеде гректер семиозисті
біріншіден, белгі ретіндегі нақты нәрсені
«Семиозис» терминін ертеде грек физиологтарының
бірі Пергамалық Гален диагноз қоюга колданған.
Семиозис белгілері ауруды талдап көрсетті.
екіншіден, белгі нені білдіріп тұр немесе не
нәрсеге бағыт беріп тұр (десигнат);
үшіншіден, затқа белгі ретінде берілген күштің әсерін енгізіп анықтайды дейді

12.

Шексіздікті Пирс былай жорамалдайды: егер берілген
объектінің гипотетикалық өмір сүруінің ең соңғы, ең күрделі,
аяқтаушы талдауын (интерпретантасын) алсақ, онда ол
интепретанта біздің санамызда сол объектінің өзі болып
қалады.
Р. Якобсо́н
Ч. С. Пирс
Пирстің бұл пікірлерін Р. Якобсонның семиотикалық моделінде көрнекі аңғаруға болады: Хабар контексті
Семиотикалық талдау үдерісі шексіз Пирстің шектеусіз семиозис идеясы осыған негізделген, семиозис белгі
таңдаудың динамикалық үдерісі, оның өмір сүруінің жанды мүмкіндігі.
Семиозис идеясы белгі мен сыртқы дүние арасындағы қатынастың мәнін көрсетеді.

13.

Бенвенист
Белгілі ғалым Бенвенист, белгі конпоненттерінің
өзара қатынасы емес, бүтіндей белгінің
шындыққа қатынасынын еркіндігін кейіннен
анықтайды
Пирстің семиотикасы Соссюрдін Семиологиясы семиотикалық
парадигманы қалыптастырады: белгі семиотикасы және белгі
жүйесі ретінде тіл семиотикасы.
Соссюр

14.

3.2
Белгі мен танба
М.Хайдеггер
М.Хайдеггерден метафизиканың «деструкциясын» «деконструкцияга
Семиотикалық Ж. Деррида (бұзылуын) (бұзып барып қайта құруға)
айналдырды. Дерриданың түсінігінше, бәрін-әдісті де, ұғымды да, жүйені
де деконструкциялауға болады.
Ж. Деррида

15.

Манипуляция
Семиозисті Э.К Саудабекова санаға манипуляция
жасаудың құралы ретінде қарастырса, неміс социологі
Г. Франке санаға манипуляция жасаудың құралы
ретінде жарнаманы алады. Осындай ұстаным орыс
тілді әдебиетте кең таралған.
Манипуляция - бұл биліктің әсер етуші ресурстарының бірі болып табылады». А.А. Хамидов
болса, Г. Франке сияқты, БАҚ санаға манипуляция жасаудың құралына айналып кетті дейді.
С.Г. Кара-Мурза,

16.

Семиотика
Кез-келген тіл денотатив пен коннотативтің қиылысу коннотативті
нәтижесі болып табылады. Семиотика жүйесінің динамикалық
шындығы осындай.
Готлоб Фреге (1848-1925) бойынша семиотика дәстүрлі
хабарламаны екі түрлі деңгейде ажыратады: денотативті
(денотат хабарлама фактісі) және (коннотация-мәдени
әлеуметтік рәміздің қосымша мағынасын шартты жүктеу).
Готлоб Фреге

17.

Коммуникациялык арналар саналуан болғандығына сай
коммуникациялық белгілер де көп түрлі. Олардын арасындағы
маңыздылары:
вербальды емес арна
иконикалық құжаттар арнасы
вербальды (тілдік) арна
рәміздік кұжаттар арнасы
орындау өнері арналары (музыка, би; театр);
радио мен теледидар арнасы
әдебиет және әдеби тіл арнасы
мультимедиялык арна

18.

Мәдениет
- бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің
семиотикалык кызметі).

19.

Жыныстық мәдени
коммуникациялар семиотикасын
көбірек қарастырған - Симона де
Бовуар. 1949 ж. оның «Екінші
жыныс» деген зерттеуі шығады.
Симона де Бовуар
Бұл жерде ең бірінші рет әйелдің ерекшелігі теориялык философия
тұрғысында қарастырылады. Де Бовуар бойынша әр индивид өзінің
тіршілігінде өмір сүруін ақтау үшін трансценденция қажеттігін
сезінеді.

20.

Ольфакция
Ольфакция (иіс сезіну) Семантикасы да кунделікті
коммуникацияда маңызды рөл атқарады. «Парфюмер»
деген романында Зюскинд «кім иісті білсе, сол адамдар
жүрегін билейді» дейді.

21.

3.3
Мәдени код және
семиотика
Код дегеніміз ақпарат таңбаларының жиынтығы және
белгілі бір ережелер жүйесі, олардың көмегімен ақпаратты
беруге, өңдеуге мүмкіндік бар.

22.

Мәдени код
«Мәдени код-бұл машина болса да,
тамақ, қатынас болса да, тіпті
мәдениет контекстінде біз
тәрбиеленген ел болса да, «бұл
құбылыс немесе басқа заттардың
тылсым ойы»,-деп түсіндіреді
К. Рапай

23.

В.И. Даль сөздігінде «код»-құпия, кұпия жазба, жұмбақ
ретінде қарастырса, А. Кончаловский, А. Аузанның
сұхбаттарында мәдени код тұжырымдамасында екі
теориялық және тәжірибелік манызды сәт ұсынылған:
В.И. Даль
біріншіден, осы немесе басқа
елдегі ұлттың маңызы бар
әлеуметтік, экономикалык
және саяси үрдістерге
мәдениеттің әсер етуін
анықтау,
екіншіден-мәдени кодтың
өзгермеуінің нәтижесі
ретінде ұлттық
мәдениеттің тұтастығын
сақтау болып
саналатындығы айтылады

24.

Мәдени кодтың қажеттілігі сигналдар әлемінен
мағыналық әлемге ету кезінде туындайды.
Сигналдар әлемі дегеніміз- ақпараттармен есептелетін дискретті
бірліктер әлемі, ал мағыналар әлемі-адамды белгілі мәдениеттің
идеяларымен, бейнелерімен және құндылықтарымен байланыстыратын
мағыналы формалар әлемі.

25.

Есім – мәдени кодтың
бірі
Ерте мәдениеттерде атау жүйесі ең маңыздысымәдени код болды. Атау белгілі бір нұсқаулық немесе
кітап ретінде қызмет етті.
Қарапайым адам үшін есім мен тағайындалған
зат арасындағы байланыс ерікті немесе идеалды
бірлестік емес, өте нақты, нақты шындық болды.

26.

Ауызша мәдени кодтың
өзгеруі
Еуропадағы ауызша мәдени кодтың өзгеруі
XV ғасырдың екінші жартысында басталады,
ол ең алдымен типографиянын ойлап
табылуымен байланысты болды. Басылып
шығарылған кітаптар болып жатқан
әлеуметтік өзгерістердің мәдени жад
кодында жаппай көріну үшін жаңа
мүмкіндіктер ашты.

27.

Месопотамия
Ал жазба мәдениеттердің кодтары
біздің дәуірімізге дейінгі 3-4
мыңжылдықтың басында пайда
болған, (Ежелгі Мысыр және
Месопотамия) және бүгінгі күнге дейін
бар. Әртүрлі жергілікті
мәдениеттердегі бұл кодтардың
тарихи өзіндік және әртүрлі
формалары бар.
Ежелгі Мысыр
Жазбаша мәдениеттердің кодтарын
сипаттауда тубегейлі маңызы бар,
әлеуметтік өзгерістердін әсерінен
объективтілікпен, символизммен және
идеализммен ерекшеленетін
қарабайырлыктан пайда болатын
мифологиялық мәдени кодтың үнемі
жойылып отыратындығы.

28.

Ең көп кездесетіні- В.В. Красных
енгізген аныктамға сәйкес:
«мәдениет кодын сырткы әлемге
лақтыратын, кұрылымдайтын
және бағалайтын» тор ретінде
қарастырылады.
В.В. Красных
Сыртқы нысандар жиынтығын
білдіретін, қатаң реттелген, жүйелік
сипаттағы мәдениет кодтары
адамның ішкі жан дүниесін «әлем
суреттері объектілерінің
сипаттамаларының макрожүйесі»
ретінде қарастыруға болады

29.

табиғи
өсімдік (вегетативті, фитоморфты)
тақырыптық (материалдық немесе артефакт)
этнографиялык
зооморфты (жануарлар, териорфты)
антропоморфты
перцептивті
музыкалы
Қазіргі тіл білімінде бірқатар
мәдени анатомиялық (немесе
дене), кодтар бөлінеді:,
экономикалык
соматикалык
жарнамалық (мінез-құлықтық)
теоморфтық (құдайшылық),
ойын
медициналык
кеңістіктік
галантерея
гастрономиялық (тамак),
уақытша
түсті
рухани
метеорологиялык

30.

Негізгі мәдени кодтар:
Соматикалық код -ең ежелгі.
Оған адам тәжірибесі негізінде
мән-мағынаны түсіну әрекеттері
кіреді.
Кеңістіктік код кеңістікті бөлумен,
ондағы бағдармен де байланысты
Пәннің коды барлык ана тілінде
сөйлейтіндерге ортақ ақпарат
қорына жататын әлемдегі
әртүрлі нысандар туралы білімді
көрсетеді.
Уақыт коды уақыт өсінің бөлінуін
түсіреді және адамның кеңістік
уақытындағы қозғалысын көрсетеді.
Биоморфтық код әлемде тірі тіршілік
иелерімен байланысты, өсімдік әлеміне
де осыған жатқызуға болады.
Мәдениеттің рухани коды моральдық
құндылықтардан, стандарттардан және
мәдениеттің байланысты моральдық
базалық қарсыластарынан тұрады.

31.

3.4
Мәдени рәміз
Рәміз (грек. танымдык белгі, таңба) қалпынан өзге, жанама - белгілі бір
нәрсені ез сипатында алып көрсетуден туатын эстетикалық категория.

32.

«Рәміз ешқашан белгілі бір мәдениет кезеңіне тән
емес, ол әрқашан бұл өткелден өтіп, өткеннен
болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ, рәміз
мәдениеттің тұрақты элементі»
«Рәміз ең түйінді мәндерді білдіреді. Сонымен қоса
рәміз қашанда мәтін болып табылады»
Ю.М. Лотман

33.

Қызметі
Рәміз мәдениетті біртұтастықты қамтиды, ал
мәдениеттің біртұтастық құрылымы
мазмұнында ғана емес, ол әр пішінді рәміз
тәсілінде айкындайды.
Рәміз әрдайым бар нәрсенің бар екенін
табуға мүмкіндік беріп, ол ауыстырады,
репрезентациялайды.

34.

Рәміздік мәдениеттік семиотикасы
Ю.М. Лотманның пікірінше, «мәдениет тарихының барлық
материалды әлеуметтік кодтар жүйесі мен ауқымды ақпараттар
тұрғысынан талдануы мүмкін, яғни бұл ақпараттар белгілерде
бейнеленіп, оны ұжым санасына жеткізуге мүмкіндік береді»
Г.К. Вагнердін айтуынша: «Рәмізді пішін жеке нәрсені
бейнелемейді, кұбылыс категорияларын білдіреді»

35.

«Жалпы алсак, рәміз тікелей бастау
немесе өзі үшін тікелей тіршілік
ететіндей болып көрінбейтіндей сыртқы
тіршілік етуін көрсету үшін берілген, ол
жалпы мағынада түсіндірілуі керек.»
Сондықтан біз рәміздің екі мағынасын айыра
білуіміз қажет:
Георг Вильгельм Фридрих Гегель
Біріншіден
онын мәнін
Екіншіден
осы мәнді түсіндіруін

36.

Рәміздік белгінің құрылымдық жүйесі мен мағыналық тілін ұғу барысында оның
семиотикалық заңдылықтары ескеріліп, рәміздік белгі жүйесінің үш деңгейі пайдаланылды:
1) Семантикалык деңгейде алсақ-киімдегі
берілетін мән-мағына, астарлы ой желісі. Ондағы
бейнелік тұрақты қасиеттердін космоспен, о дүние,
бұл дүниемен байланысы, кеңістік пен уакытқа
қатынасы, кеңістіктегі ориентир ретіндегі, уақыт
аралығындағы статикалы немесе динамикалы
көрінісі және оның философиялық тұрғыдан
алғанда өнердін басқа түрлеріне қатынасы
зерттеледі;
2) Синтактикалық деңгейде қарастырсақ-киімнің
көркемдік сипатының сыртқы дүниемен
байланыссыз ішкі заңдылықтары қарастырылады,
яғни біртұтас композицияға енетін жеке
элементтердің рәміздік белгісі мен өзара
қатынасынан туындайтын белгі-хабарлар болып
келеді;
3) Прагматикалык деңгейде-рәміздік белгі жүйелерінің
мән- мағынасынын адамға қызмет етуі, оларды
қолданушылар арасындағы қатынастар қарастырылады.

37.

Э. Кассирер: «Таңба рәміздік пішіннің құрылымдық
бөлшегі. Ол рухани мәнді жалпы белгілі бір сезімнін
сезімнің дара бірлігінде тасымалдайды»-деп
түсіндіреді.
Э. Кассирер
Таңбалардың нақты субъектілерге (адам, ру) қатысты мәні мен
мазмұндық сипаты қарым-қатынас мақсаттарына ғана қызмет
етуге арналған

38.

А.Ф. Лосев рәміз бен мифтің
өзара байланысын былай
сипаттайды:
«Миф дегеніміз-зат ретінде танытатын рәміз,
рәміздің субстанциялануы болып табылады. Мифте
шексіздіктің өзі даралықтарды құрылымдау
қағидасымен әрі материалды заттың толық күйінде
шынайы өмір сүреді»

39.

Назарыңызға рақмет!
English     Русский Правила