2.87M

Алғашқы мед.көмек (2)

1.

Алғашқы медициналық көмек
көрсету

2.

Алғашқы көмек — адам өміріне немесе
денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін
сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін
азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар.

3.

Алғашқы көмектің негізгі шаралары : апатқа түскен
адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару);
апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды
жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату,
жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың
қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке
жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек
емдеу мекемесіне жеткізу немесе
жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын
шақыру.

4.

Алғашқы медициналық көмек ережелері
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт
негізгі ережені сақтау керек. Оқиға орнын тексеру,
жарақат алған адамды тексеру, жедел жәрдем
шақыру және жарақат алған адамды қайта тексеру.
Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын
алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.

5.

Оқиға орнын тексеру. Жарақат алған
адамның, айналадағы адамдардың
өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін
тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан
электр сымдары, түтін немесе терең су
сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге
қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел
жәрдем шақырып, көмек көрсетуді
мамандарға қалдыру керек. Зардап
шеккен адамды сабырға шақыруға
тырысыңыз.

6.

Жарақат алған адамды тексеру. Тыныс алу және
жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек.
Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз
жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы
қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде
тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер
ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.
Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру
керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын
саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса,
жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай
жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні
басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке
тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.

7.

8.

9.

10.

11.

Қорытындылай келе өмірге қауіп туғызатын
жағдайларда жарақат алған адамға жедел көмек
көрсету алгоритмі маңызды рөл атқарады. Жарақат
алған адамның жедел көмек көрсеткен кезде қауіпсіздік
шараларын ескеру қажет. Жедел көмекті меңгеру
арқылы адамның өмірін сақтап қалуға болады.
English     Русский Правила