0.97M
Категория: МедицинаМедицина

Алғашқы көмек

1.

Мезгіл бағыныңқы
сабақтас құрмалас
сөйлем. Жарақаттанған
кезіндегі.Алғашқы көмек

2.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы
тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің
түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы, Тапсырманы тиянақтап алғысы
келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші
жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды
тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші
жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің
құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес
айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп
аталады.

3.

Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы, Аудан орталығына
қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.
2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы, Біреуге жақсылық жасасаң, ол
ешқашан жерде қалмайды.
3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс,
көмектес септікті есімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады.
Мысалы, Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген
бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы
бұзылып тұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп ата бергенде, ауыл үстін
айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.
4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген көмекші
сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін
ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке
серуендеуге беттеді.

4.

5.

Алғашқы көмек
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап
қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың
қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу,
т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару
(өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе
таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу;
жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне
жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

6.

7.

8.

Спасибо за внимание!
English     Русский Правила