Похожие презентации:
тарих_философиясы_(1)
1.
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ2.
ЖОСПАР:Тарих философиясы
• Тарих философиясы, жалпы ұғым.
• Р.Аронның “Тарих философиясы” деген
еңбегі
• К.Ясперс философиясы
• Тарих философиясы жайлы көзқарастар
3.
I БӨЛІМТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
• Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру
нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және
гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық
бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш
абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік
бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер
тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп
есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз
ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер
процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан
Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының
рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі
байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және
қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады.
4.
Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихидрамасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың ісәрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып
негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген
онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның
ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған
позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа
варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер,
Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих
философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман,
Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі
мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға
қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл
ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау
тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де,
тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден
мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай
ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам
философиясының бір аспектісі ретінде орын алады.
5.
КӨРНЕКТІ БАТЫС ҒАЛЫМЫ Р. АРОН ӨЗІНІҢ “ТАРИХФИЛОСОФИЯСЫ” ДЕГЕН ЕҢБЕГІНДЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ
ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІН АТАП КӨРСЕТЕДІ:
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің
көбеюі және соған сәйкес ауыл
шаруашылығының үлесінің кемуі;
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс
құралдарына деген меншік
формаларының еш маңызы жоқ.
материалдық молшылықтарға жету;
6.
К. ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖЕКЕ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ХХ
ҒАСЫРДА ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЛЫПТАСТЫ. ОҒАН СЕБЕП БОЛҒАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ
ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ДАҒДАРЫСТАР ДЕП АЙТУҒА БОЛАДЫ. ХХ
ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ІЛІМІДЕРДІҢ АВТОРЛАРЫ К. ЯСПЕРС (1883-1969)
ПЕН А. ТОЙНБИ (1889-1975). ЯСПЕРС ҰСЫНҒАН ТАРИХИ КОНЦЕПЦИЯНЫҢ
НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ “ОСЕВОЕ ВРЕМЯ” ДЕП АТАЛАДЫ. ОСЕВОЕ ВРЕМЯ ДЕП
ЯСПЕРС ТАРИХТЫҢ БЕЛГІЛІ КЕЗЕҢДІ АТАҒАН. БҰЛ КЕЗЕҢ БІЗДІҢ
ДӘУІРІМІЗДЕН БҰРЫН ЖЕТІНШІ ҒАСЫРДА БАСТАЛЫП ХРИСТОС ДӘҮІРІНДЕ
АЯҚТАЛАДЫ. ОНЫҢ БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ РУХАНИ, ДІНІ, ҒЫЛЫМИ,
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ІЛІМДІРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫН КЕЛТІРЕДІ. МӘДЕНИЕТТІҢ
БЕЛГІЛІ ОШАҚТАРЫ КӨНЕ ҮНДІ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ГРЕК ЕЛДЕРІ САНАЛАДЫ.
ЯСПЕРС ҮШІН ТАРИХТЫҢ ӨЗІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБЫЛЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР АЛҒА ҰМТЫЛЫП, СОҢЫНЫН
КӨПШІЛІКТІ ЕРТЕ ЖҮРЕДІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ЯСПЕРСТІҢ
ОЙЫНША ХРИСТОСТЫ, БУДДАНЫ, КОНФУЦИЙДІ, ПИФАГОРДЫ ҚОСУҒА
БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ТАРИХИ ПРОЦЕССТІ ЯСПЕРС АДАМНЫҢ РУХАНИ
ӨМІРІМЕН ТЕҢІСТІРГЕН. ҰҚСАС ПІКІРДІ А. ТОЙНБИДІҢ ІЛІМІНДЕ КӨРУГЕ
БОЛАДЫ. ТАБИҒИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАРАҒАНДА ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ
НЕГІЗІНДЕ РУХАНИ ПРОЦЕСТЕР ЖАТЫР. ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРҒАНДАЙ,
ӘЛЕМНІҢ ӨЗІ АДАМДАРДЫҢ АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЯДЫ. ӘРБІР ӨРКЕНИЕТ
СОЛ МАҚСАТТЫ ОРЫНДАУҒА ТАЛПЫНАДЫ. БҰЛ ТАЛПЫНЫСҚА ІЛІКПЕГЕН
ХАЛЫҚТАР ТАРИХТЫҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛЫПҚОЯДЫ. ЖАЛПЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚОЙҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ ТАРИХТЫҢ ЖӘНЕ
ТІРШІЛІКТІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘНІ.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
Қазақ философиясыОтандық философия
18.
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫЖоспар:
1. Көне қазақтардың философиясы (б.з.д.VІІ-б.з.Vғғ.);
2. Орта ғасырлық түркі кезеңі (VІ-ХІVғғ.);
3. Қазақ ақын-жырау философиясы (ХV-ХVІІІғ.ғ.);
4. “Зар заман”, ағартушылық философиясы (ХІХ – ХХғ.
басы);
5. Қазіргі қазақ философиясы (ХХғ. 30 жылдарынан
бері).
19.
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІК СИПАТЫ:• Тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;
• Философиялық ой ерекше формада – әдеби
шығармада, өлең-жырларды, нақыл сөздер мен қара
сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;
• Батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке
ойшылдардың дүниеуи көзқарастары құныдылыққа
ие;
• Адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптары
басым.
20.
Қазақ философиясы тарихы көне дүниеденбасталады.
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра,
Анахарс, Ишпақайлардан, Әл Фараби, Яссауи, Абай,
Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз
түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзгге тоқтаған адамды өте
жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» деген. Ұлт дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани
мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия
пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін
ойлау формалары ұлттық философия болмақ.
21.
КӨНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АТЫ БЕЛГІЛІОЙШЫЛДАР:
• Заратуштра –осында үш мың жыл бұрынғы азиялық ұлы
даладағы тұңғыш пайғамбардың бірі.
• Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана,
тапқыр, шешен. Татымсыз көп достан, тартымды бір дос
артық деген сөзі бар.
Анахарс ескерткішіне: “Тіліңе, құлқына, тәніне ие бол!” деп
жазылған. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші
не? –деген сұраққа ол: “Тіл” деп жауап берген.
22.
Ортағасырлық түркі кезеңі философиясыныңерекшеліктері:
Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм
элементтері;
Жоғары құдай Тәңірі – көк идеясы;
Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара
бастауы;
Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық –
генетикалық және этникалық–лингвистикалық
процестерінің дамуы;
Қазақ эпос–жырларындағы философиялық толғаулар;
Авторы мәлім поэзияның, шығармалардың ең ертедегі
үлгілерінің пайда бола бастауы.
23.
Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасымифологиялық, космоцентрлік, яғни, адам мен
ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда Ғарыш
пен Жердің Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннің,
Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан
шыққаны туралы айтылған.
Ерте қазақи түркілер арасында әртүрлі діндер таралған,
олардың ішінде ең әйгілері – отқа табыну, жануарларға
табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі –Дихан
ата, желдің пірі –Жалаңаш ата, жылқы пірі –Қамбар ата,
қойға–Шопан ата, түйеге –Ойсылқара.
24.
Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақытәкелуші. Жоғары құдай Тәңірі көк идеясы көптеген түрлі
халықтардың, с.і. қазақтардың ата –бабаларының да
дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың
негізі Көкке Тәңірі және Жер–Суға сыйыну болды.
Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер –Су,
міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!» –
деп жазылған. Тағы бір жерінде: «Жоғарыда зеңгір көк,
төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің
арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына
менің ата–бабаларым үстемдік құрған!»
25.
VIII ғ. Қазақтар ислам дінін қабылдады. ИсламҚазақстанда христиан дінін де, будда дінін де, зороастра
дінін де, жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып
шығара бастады. Сөйтіп, қазақтар политеизмнен
монотеизмге өтті. Сонымен бірге қазақ халқы мен оның
тілі қалыптасуының этникалық–генетикалық этникалық–
лингвистикалық процесінің қалыптасуының да маңызы
зор болды. Қазақ эпикалық –жырлары «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Ер Сайын», «Ер Тарғын», «Қамбар
батыр» және т.б. философиялық ой кешулер шыңдала
бастады.
26.
ТҮРКІ КЕЗЕҢ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет
Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани, Майқы би
Төбейұлы, Мөңке би Төлеұлы, Едіге би
Құтлық-Қабанұлы, Бәйдібек би Қарашаұлы .
27.
Қорқыт – қазақтар айтып, қастер тұтып келгенҚорқыттың да оғыздардың «Деде Қорқыт» кітабы деп
аталатын дастанның да түбір бір. Қорқыт аңыздары
сонау VII-VIII ғасырлар тұңғиығына бастайтын, кәделі
шындықтардың көзін ашатын жәдігер. «Қорқыт
айтқан» делінетін кейбір сөздер:
Өшкен жанбайды, өлген тірілмейді;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;
Тәккәпарлықты тәңірім сүймес;
Қара есек басына жүген кигізсең де тұлпар болмас;
28.
• Жүсіп Баласағұни – «Құтадұғұ білік» поэмасыныңавторы. «Құтты білім» – заманындағы ресми әдеби тіл
– араб тілінде емес, түркі халықтарының тіліндегі
бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады.
Баласағұнның өмірге деген көзқарасының үш қайнар
көзін атауға болады – философиялы, шамандық және
исламдық.
• Махмұт Қашқари атақты «Диуани лұғат ат–түрік»
деген кітабын 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында
жазып бітірген. Бұл кітап түркітану әлемінің
энциклопедиясы.
29.
Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167) «жахрия»(экстаз) немесе «Яссауия» деп аталатын сопылық
–мистикалық ағымның негізін қалады.
«Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»)– 149
хикметтен тұратын кітабы Қожа Ахметтің соңында
қалған бірден–бір мұра. Бұл кітапта негізінен төрт
нәрсеге көңіл бөлінеді:
шариғат– ислам дінінің заңдары мен ғұрыптары
тарикат– сопылық идеясы, жүретін жолы
хакикат– Құдаймен бірігу, оған шексіз жақындау
мағрифат– дін жолын танып, оқып білу
Шариғатсыз, тарикатсыз, мағрифатсыз хакикат
болмайды.
30.
• Ахмет Игунеки (ХIIғ.) «Ақиқат сыйы»(«Хибат–ул–хакайк») дегендидактикалық поэма жазған.
• Сүлеймен Бақырғани (1104-1186) еңбектері: «бақырған кітабы»,
«Хазірет Мәриям кітабы», «Ақыр заман кітабы».
• Майқы би Төбейұлы (1105-1225(?) ж.ж.) халық аңызында қазақ
руларын үш жүзге топтап, 40 рудың таңбасын жартасқа қащатқан.
• Мөңке би Төбеұлы (1205-1259 ж.ж.)– Шыңғысханның
Керөлеңдегі ордасында қаған би болып сайланған.
• Едіге би Құтлық–Қабанұлы (1354-1419) Маңғыт әулетінен
шыққан, Қаратаудың теріскей бетіндегі Құмкент қаласында туған.
Ол Алтын Орда жерінің билеген, шешен болған.
• Бәйдібек би Қарашаұлы (1356-1419) қазақтың атақты биі, әрі хан
болған батыр. Бәйдібек би «бұлақ көрсең көзін аш, құдық көрсең
шегенде, оның басына тал ек» – дейді екен.
31.
XV-XVIII ғ.ғ. қазақ философиясының ерекшелігі:ақын –жыраулар философиясы;
би –шешендер философиясы;
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі
философиялық ойлар;
Қазақ ақындық шығармашылығының үш кезеңі:
Жыраулық кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы);
Ақын шығармашылық кезеңі (XVIII-XIX ғ. басы);
Ақын өлеңші, айтыс өнері кезеңі (XIX-XX ғ. басы).
32.
ХV-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:Асан Қайғы Сәбитұлы,
Қазтуған жырау
Сүйіншіұлы,
Шалкиіз Тіленшіұлы,
Доспанбет жырау,
Жиембет жырау
Бортоғашұлы,
Ақтамберді жырау,
Заһир ад-дин Мұхаммед
Бабыр,
Мұхаммед Қайдар
Дулати,
Қадырғали Жалаири,
Төле би Әлібекұлы,
Қаздауысты Қазыбек би
Келдібекұлы,
Әйтеке би Бәйбекұлы,
Бұқар жырау
Қалқаманұлы,
Шал ақын – Тілеуке
Құлекеұлы.
33.
Асан қайғы Сәбитұлы– қазақ халқының қамын, болашағынойлаған «дала философы». Ел қамын жеп қайғы –қасірет кешкен
Асан атына кейін «қайғы» сөзі қойылып аңыздалып кеткен. Оның
ойынша жер үстінде, адамзат түіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ
бар, оның аты–«Жер ұйық».
Қадырғали би Қосымұлы Жалаири – қазақ ғұлама ғалымы, биі,
ойшылы. «Жамиғат тауарих», «Жылнамалар жинағы» тарихи –
шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мәшһүр болған.
«Ойлап айтқан сөз де, ойнап айтқан сөзде оралмайды» – деген
Қадырғали.
Бұқар жырау Қалқаманұлы –қазақ халұының рухани
тарихындағы ең үлкен ойшылдардың бірі. Ол адам табиғаты,
өмірі, тіршілік мәні, оның өтпелі болмысы, уақыт өлшемі, дәуір
сыры, әлем мен болмыс туралы ойлар толғандырды.
Шал ақын – Тілеуке Тілеукеұлы қазақтың атақты ақыны,
ойшылы, философы. Оның негізгі тақырыбы – адам өмірі мен
оның мәні, мораль, этика. дін
34.
ХІХ-ХХҒ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢӨКІЛДЕРІ:
• Махамбет Өтемісұлы;
• Шернияз Жарылғасұлы;
• Жанақ Сағындықұлы;
• Шөже Қаржаубайұлы;
• Сүйінбай Аронұлы;
“Зар заман поэзиясы” өкілдері:
• Дулат Бабатайұлы,
• Шортанбай Қанайұлы;
• Мұрат Мөңкеұлы.
35.
АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫ(1845.10.08-1904Ж.)
Абай бойынша ғылым мен таным мақсаты:
- Ақиқатты тану;
- Пайдалы мен зиянды ажырата білу;
- Адамды адам ету;
- Әрдайым өлшемді, шаманы білу, сақтау.;
- Ақыл-оймен Алланы, яғни Даналық - Махаббат Әділетті тану.
36.
ЖАС ҚАРТАЙМАҚ, ЖОҚ ТУМАҚ, ТУҒАНӨЛМЕК, ТАҒДЫР ЖОҚ ӨТКЕН ӨМІР
ҚАЙТА КЕЛМЕК, БАСҚАН ІЗ, КӨРГЕН
ҚЫЗЫҚ АРТТА ҚАЛМАҚ, БІР ҚҰДАЙДАН
БАСҚАНЫҢ БӘРІ ӨЗГЕРМЕК.
37.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858-1931).• Шығармалары: “Үш анық”, “Шежіре”,
“Мұсылмандық шарты” және өлеңдері.
Үш анық:
- Сенім ақиқаты. Алланы тану және
жанның өлмеуі;
- Ғылым ақиқаты. Сезімдік қабылдау және
рационалдық ойлау;
- Жан ақиқаты – ұждан. Ұждан: ынсап,
әділет, мейірім.
38.
“АДАМДАҒЫ: ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ –ҮШЕУІ ҚОСЫЛЫП ҰЖДАН ДЕГЕН ҰҒЫМ
ШЫҒАДЫ. МҰНЫ ОРЫСША СОВЕСТЬ ДЕП
АТАЙДЫ... БҰҒАН НАНА АЛМАҒАН АДАМНЫҢ
ЖҮРЕГІН ЕШ БІР ҒЫЛЫМ, ӨНЕР, ЕШ БІР ЗАҢ
ТАЗАРТА АЛМАЙДЫ... ҰЖДАНЫ СОЛ ЖАННЫҢ
АЗЫҒЫ ЕКЕНІНЕ АҚЫЛМЕН СЫНАП ІСТЕСЕ,
ОНЫҢ ЖҮРЕГІН ЕШ НӘРСЕ ҚАРАЙТА
АЛМАЙДЫ.” – ДЕЙДІ ШӘКӘРІМ
.
39.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – мұрасы халық назарынан тысқұпияда ұзақ жылдар жасырын жатты. Тұңғиығы түпсіз тірлік –
болмыстың түрлі –түрлі саласын салмақтап, оның нақылдары
сан –қырлы философиялық тақырыптарды қамтиды.
Мағжан Жұмабайұлы ойлау туралы: «Ойлау адам өмірінде
аса қымбат орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар
сықылды, заттарды, көріністерді құр жадында, есіне ғана
алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған
түсіне алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не
болтынын, тұрмысы қалай өзгеретінін білмейтін бір
сағылаусыз соқыр болар еді. Адам ойлау арқасында ғана
заңдардың, көріністердің, араларындағы байламды белгілеп,
оларды бар қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие
болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.
Қысқасы ойлай білетін адам –шын мағынасында адам.»
40.
Қазіргі заман қазақ философиясыныңерекшеліктері мен бағыттары:
Кеңестік дәстүрдің күшті ықпалында болды;
Философияның идеологияға айналуы;
Таным теориясы, диалектикалық логика
мәселелері;
Сана, идеалдық мәселелері;
Мәдениет, құндылықтар, әлеуметтік философия
мәселелері;
жаратылыстану ғылымдары, философиялық
методтар мәселелері
Қазіргі заман шетел философиясы ағымдарын
зерделеп, жаңғырту;
Догмалардан арылып, әлемдік философияға
жақындай түсу;
41.
Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин (1933 ж.т.) – қазіргізаман
Қазақстан
философиясының
негізін
қалаушылардың бірі. Қазақты бүкіл әлемге паш етіп
жүрген ойшыл. ХХ ғ. 60-90 жылдарын Қазақстан
философиясының «алтын дәуірі»,, таным теориясы,
логика, методология, диалектикалық ойлаудың ұстемдік
еткен заманы деп атасақ та болады.
Ж.Әбділдиннің негізгі шығармалары заманына сай орыс
тілінде жазылған: «Теориялық танымдағы бастама
мәселесі», «Логика мәселесі және таным диалектикасы»,
«Таным диалектикасы мен логикасының проблемалары»,
«Қазіргі ғылымдағы қайшылық принципі», «Осы заманғы
ғылымдағы нақтылық принциптері», «Кант диалектикасы»
және т.б. еңбектер жазды. 5 томдық «Диалектикалық
логикасы» жарық көрді.
42.
Ж.Әбділдинфилософиясында
ғылыми
–
теориялық танымдағы бастама, алғашқы бастау
мәселесіне жан –жақты талдау жасалған, оны
тарихи –логикалық тұрғыдан қарастыра отырып,
проблеманы нақты шешу мен ұғынудың қисыны
дамытылған, бастама ұғымы мен соған қатысты
категориялардың логикалық –гносеологиялық
қызметі және мәні ашылып көрсетілген, ғылыми
танымдағы оның методологиялық ролін ашу
жүзеге асырылған. Бастама дегеніміз әлде бір
дерексіз ой емес, ол өз дамуында бара –бара
күрделенетін тұтастық.
43.
Осыны әрі қарай дамыта келе жалпы мен жекенің,материя мен форманың, тарихилық пен логикалықтың,
бүтін мен бөлшектің диалектикалық қайшылықты бірлігін
көреміз. Бастаманы негіздеудегі маңызды логикалық –
әдістемелік бағдар қызметін қайшылық, тұтастық, өзін –
өзі негіздеу мен нақты тарихи принциптерді атқарады
Ж.Әбділдин: «Егер диалектика ғылым, адамзат
дүниетанымының логикасы ретінде танылатын болса,
онда ол да ең алдымен өзінің принциптеріне сәйкес
дамуға және абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту,
өрлеу ғылыми әдісімен құрылған жөн» –дейді.
44.
Ағын Қасымжанов (1931-2000)- КСРО танымал философ.Ақылбек Келбұғанов, Қажымұрат Әбішев, Ә.Нысанбаев,
М.Сәбит,
А.Хамидов,
Т.Әбжанов,
М.Орынбеков,
М.Изотов, С.Ақатаев, М.Әженов, М.Хасанов, А.Қасабек,
А.Тайжанов, А.Айталы, Т. Айтқазин, Ж.Алтаев, Т.Бурбаев,
С.Мырзалы, Б.Нұржанов. Қ.Рахматуллин.
Ғарифолла Есім (1947 ж.т.)- көрнекті философ, жазушы,
публицист. Герменевтика әдісімен жазған «Хакім Абай» –
қазіргі заман қазақ философиясындағы классикалық
туынды;
Алдан Айымбетов – «Қазақ Прометейі», бір өзі
«Казахстанская правда» газетін шығарып, бүкіл қазақтың
намысын ардақтап жүр;
Бұлұтай Мұртаза (1961 ж.т.); Досмұхан Кішібеков (1925
ж.т.) және т.б.