309.75K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Тақырыпты таңдау. Зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеу

1.

ДӘРІС 4.
«ТАҚЫРЫПТЫ
ТАҢДАУ. ЗЕРТТЕУ
ТАҚЫРЫБЫНЫҢ
ӨЗЕКТІЛІГІН
НЕГІЗДЕУ»

2.

МАҚСАТЫ:
зерттеу
тақырыбын
таңдау
қағидаларымен танысу
ЖОСПАР:
1.Зерттеу тақырыбын таңдау
2.Зерттеу тақырыбының
өзектілігін негіздеу

3.

СҰРАҚ 1.ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар
тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық
мәселелерді шешу әдістері болады.
Зерттеу тақырыбын таңдау проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеу
тақырыбын таңдауда келесіге назар аудару керек:
- Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады,
- Тақырып – проблема байланысына назар аудару;
- Зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше
тақырыптардың ішінен өзін және басқаларды қызықтыратын, өзіне жақын
тақырыпты таңдау;
- Зерттеушіні толғандырып жүрген тақырыпты алу. Тақырыпты нақтылау,
түзету, тұжырымдарды қарапайымдау қажет.

4.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып –
проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық
міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және
маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде
қиындықтарды шешу).
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе
әлеуметтік тұлғалық бағдар).
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).

5.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
- Тақырып қызықты, тартатындай болу керек.
-Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы
тиетіндей болу керек.
-Зерттеушінің қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін
тақырып аясын таңдау керек.
-Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық,
ерекшелік элементтері болу керек.
-Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу
керек.
-Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек.
-Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

6.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің
жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы
қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе
жақшасыз).

7.

ПРОБЛЕМАНЫ ҚОЮ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
1. Проблеманы қою
2. Проблеманы негіздеу
3. Проблеманы анықтау
Қарама –
қайшылықтарды тіркеу
Сұрақтар
Теориялық білімнің және
табылған тәсілдердің
жетімсіздігін анықтау
Негіздер
(алғышарттар)
Ізденіс бағыты
және нәтижелері
Бейне
(нәтиженің
жобасы)
Кішігірім проблемалар, міндеттер

8.

ТАҚЫРЫППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
-Қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
-Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
-Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
-Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
-Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
-Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу
үрдісі барысында нақтылау.

9.

СҰРАҚ 2.ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ
Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін «көкейкестілік»,
«зерттеудің көкейкестілігі», «зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері»,
«көкейкестілікті анықтайтын әдістер» және т. б. түсініктер бар.
Көкейкесті деген сөз:
1) осы сәтке өте маңызды; көкейкесті тақырып;
2) «Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші» деген мағынаны білдіреді.

10.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі – ғылыми зерттеулердің
сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың
ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс
арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді.
Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын
ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын
нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар
арасындағы қайшылықтарды сипаттайды.

11.

ЗЕРТТЕУДІҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ, ӨЗЕКТІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ
МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Зерттеу тақырыбы
Мәселені
бағытталған
білім
Зерттеудің өзектілігі
Зерттеудің мәселесі
шешуге Жаңа мазмұнға, жаңа нормаға • зерттеу нәтижесінде жаңа білім алу
жаңа немесе әрекеттің жаңа тәсіліне арқылы
қазіргі
нормаларға
қажеттілікті негіздейді.
қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
• экспериментте сынақтан өткен,
практикаға ендірілген әрекет тәсілі
арқылы
қазіргі
нормалар
мен
қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
• зерттеуде алынған жаңа білім, жаңа
әрекет тәсілі арқылы қазіргі норма мен
әрекет тәсілі арасындағы сәйкессіздік
көрінеді.
Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады.

12.

Ғылыми бағыттың
негіздемесі
Зерттеу тақырыбының практикалық
көкейкестілігінің негіздемесі
зерттелетін мәселенің
маңыздылығы
мен
оны
шешудің
қажеттілігін көрсету)
(педагогикалық үдеріс нәтижелерін
бағалау: келешекте болмауға тиіс
оқушылардың
білімі
мен
тәрбиелілігіндегі
кемшіліктерді
көрсету; осы кемшіліктерге апаратын
педагогикалық үдеріс кемшіліктерін
көрсету)
(
Тақырыптың ғылыми
көкейкестілігінің негіздемесі
ғылымдағы
мәселенің
зерттелу дәрежесін көрсету,
жеткіліксіз
зерделенген
қырларын көрсету)
(
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ

13.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !
English     Русский Правила