Похожие презентации:
Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары
1.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯӨРКЕНИЕТТЕРІНІҢ
ЕЖЕЛГІ ОШАҚТАРЫ
2.
Отырықшы-егіншілікөркениеттің ерекшелігі
Орталық
Азияның
оңтүстік
бөлігінде
ортаазиялық
отырықшы-егіншілік өркениет қалыптасты. Отырықшыегіншілік мәдениет белгілі бір аймақтарда, өзендер мен тау
етегіндегі жазираларда (оазистерде) пайда болды. Бір
ерекшелігі
оның
көшпелі
өркениетпен
тығыз
байланыстылығында еді. Бұл сауда айырбасынан байқалды.
Далалықтар трансконтиненталды саудаға араласып, делдал
қызметін де атқарды.
Орталық
Азияның
отырықшы-егінші
өркениетінің
ерекшеліктері – бірнеше тұрақты мәдени ошақта өмір
сүруі және көшпелі өркениетпен тығыз байланыстылығы.
Осындай өзара байланыстың нәтижесінде бұрын иран
тілінде сөйлеген халықтар түркіленді
3.
Бұл өркениеттің негізгі тоғыз ошағынбөліп қарастыруға болады
Маргуш
Бактрия
Хорезм
Соғды
Сырдария
жазирасы
Ферғана
Жетісу
Шаш
Шығыс
Түркістан
Шаш, Сырдария аймағы
және Жетісу Қазақстан
аумағымен
тікелей
байланысты.
4.
,,,,Жетісу
Хорезм
Соғды
Шаш
Маргуш
Ферғана
Бактрия
5.
Маргуш(Маргиан)
Б.з.б.ХVІІІ-ХІІІ ғасырлардағы
қола
дәуірінде,
Орталық Азияның оңтүстігінде Мурғаб жазирасында
Маргуш (Мариан) отырықшы-егінші және қалалық
мәдениеті
пайда
болды.
Бұл
мәдениет
Әмударияның төменгі ағысындағы Бактрияға
таралды. Оны кейде «Окс өркениеті» деп те атайды.
Окс-Әмударияның ежелгі грекше атауы. Осы себепті
Орталық Азияны трансоксиандық деп жиі атайды.
Бұл «Окстың арғы жағындағы мемлекет» (гректер
секілді бұл жерге оңтүстік-батыстан келетіндерге
берілген атау) дегенді білдіреді. Маргиана мен
Бактрия б.з.б. І мыңжылдықтың ортасына дейін
біртұтас мәдени аймақ болып саналды.
6.
Маргуш(Маргиан)
Маргуштың екі негізгі қаласы- V Намазгадепе
мен Алтын- депенің мықты қорғандары мен
көп бөлмелі үйлері болды.
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта астанасы Гонур
болды. Маргуштықтар Алдыңғы Азия
мен
Инд
өзені
аңғарындағы
өркениеттермен байланыс орнатты.
Б.з.б. І мыңжылдықтың І жартысында
Мерв қаласы пайда болды. Ол мұсылман
дәуіріндегі Орталық Азияның ең басты
қалаларының бірі саналды.
7.
ХорезмӘмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ.
Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басында аймақта хорезмдік
отырықшы-егіншілік
өркениет
пайда
болды.
Бұл
мәдениеттің негізі Даладан бастау алған.
Б.з.б. І мыңжылдықтың басында өлкеге
хорезмдіктер қоныстанып, Әмудариядан су
тартып,
канал
жүйелерін
жетілдірді.
Суландыру жүйелері хорезмдік өркениеттің
негізіне айналды.
Хорезмнің
астанасы
Топыраққалада
әртүрлі
суреттермен,
мүсіндермен
безендірілген сәулетті сарайлар болды
Хорезмның дербес мемлекет ретінде
өркендеген
кезі
Хорезмшах
мемлекеті, кейін Хиуа хандығы
кезінде болды.
8.
СоғдыӘмудария мен Сырдария аралығында ірі егіншілік
аймағында Мараканд (Самарқанд) қаласы пайда болды.
Соғдының солтүстігінде Шаш (Ташкент) жазирасы
орналасқан.
Соғдыда халық тығыз қоныстанды және бұл аймақ
әр түрлі мемлекеттердің құрамында болды.
Соғдылықтардың өз жазуы болды, негізінен сауда
және қолөнершілікпен айналысты.
Соғдының Ұлы Жібек жолының бойында
орналасуы және трансконтиненталды саудада
делдалдық қызмет атқаруы оның гүлденуіне
әкелді. Олар Ұлы Жібек жолының бойында
орналасқан Шығыс Түркістан, Жетісу және Тараз
өңірлерінде сауда орындарын ашты.
Самарқанд Әмір Темір империясының астанасы
болды. Кейінгі ғасырларда Соғды Бұхара
хандығының құрамына енді.
Арабтар жаулап алған соң Самарқанд Мәуеннахрдың
астанасы болды. Мәуераннахр- грекше Трансоксиана
«өзеннің арғы жағындағы ел» дегенді білдіреді.
Гректерден соң арабтар да Әмударияның солтүстігінде
жатқан жерді осылай атады. Мәуераннахрдың аумағы
9.
ФерғанаТау арасындағы ойпат. Бұл жерге су Сырдариядан тартылған. Ферғана
ахеменидтік және Александр Македонский империяларының құрамында
болған. Осы жерге А.Македонский өз империясының солтүстігіндегі ең шеткі
қала-Александрия Эсхатты салуды бұйырды. Александрия Эсхат («Шеткі
Александрия») Тарым алабының батысындағы Қашқар ауданында, грек
жауынгерінің мүсіні табылған аймақта орналасқан деген болжам бар.
Б.з.б. ІІІ-б.з. VІ ғасырлар аралығында Ферғана өз билеушілері
бар дербес мемлекет болған. Оның солтүстігінде ғұндар,
шығысында қытайдың Хан империясы, оңтүстігінде
Бактриядағы Юэчжи мемлекеті орналасқан.
Сыма Цянның дерегі бойынша Даваниде (Ферғанада)
70 қала болған. Олардың жылқыларымен,
жүзімдіктерімен, ерекше гүлдерімен даңқы шықты.
Ферғана арқылы Ұлы Жібек жолы өтті.
VІ ғасырда Ферғана Түрік мемлекетінің құрамына қосылды.Ал Әмір
Темірдің заманында бұл жерде Бабыр дүниеге келді.Кейін Ферғана
Қоқан хандығының орталығы болды. Оның тарихы Қазақстанның
тарихымен тығыз байланысты.
10.
ШашСоғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің
алқабын, сондай-ақ Сырдарияның оң жағалауын қамтитын
тарихи өңір.
Бұл аймақ- қазіргі Ташкент пен Шымкент
қалалары орналасқан аймақ.
Б.з.б І мыңжылдықтың ортасында өңірде 30-ға жуық шаһар
болған. Шаш қаласының (Чачтепа, Чачкент) іргесі б.з.б. ІІІ
ғасырдан бұрын қаланған. І мыңжылдықта далалық түркілер
және соғдылықтар, кейін Мәуераннахр тұрғындарының
негізгі сауда орталығы болған.
Шаһар ХІ ғасырдан бастап Ташкент(Ташканд) атала бастады.
ХVІ ғасырда Ташкент қаласы үшін Қазақ хандығы мен
Бұхара әмірлігі арасында тартыс басталады.
ХVІІ ғасырдың басынан ХVІІІ ғасырға дейін шаһар Қазақ
хандығының иелігінде болды.
ХVІІІ ғ. соңында Ташкент Қоқан әмірлігінің билігіне өтті.
1865 жылы қаланы орыс әскері басып алып, орыс
билігіндегі Түркістанның орталығына айналды.
11.
Сырдарияжазирасы
Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта
ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңлы атауымен
Авестада кездеседі. Сыма Цян оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл
өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған
тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың
соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды.
Х ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады.
Қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң,
Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман
жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін
Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта
Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Испиджаф) және
Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан
мен бүкіл орталық Азияның тарихындағы үлкен
маңызды рөл атқарды.
12.
ЖетісуБалқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени
аймақ. Аймақтың атауы дәл «жеті өзенді» емес, «көп
сулы» деген мағынаны білдіреді. Бұл Балқаштың солтүстігі
мен шығысындағы құрғақ далалы жермен салыстырудан
шыққан атау. Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау басынан
көптеген өзен ағады, ең басты су көзі- кең арналы Іле өзені.
Ежелгі уақытта бұл жерде Үйсін мемлекетінің
орталығы болған. Б.з.б І мыңжылдықта Жетісуда
қалалар
дамып,
соғдылықтардың
сауда
орындары
өркендеген.
Өлкенің
астанасыАлматының тарихы мың жылдан асады.
13.
ШығысТүркістан
Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені
алабындағы аймақ. Осы аймақтағы Тұрпан, Қашқар, Жаркент
т.б. шаһарлар б.з.б. І мыңжылдықта Такла-Макан шөліндегі
жазираларда пайда болған.Ұлы Жібек жолындағы сауда үшін аса
маңызды рөл атқарды. Аймақтың батыс бөлігі екі мың жыл бойы
Тянь-шаньның солтүстігі мен батысындағы тарихи үдерістерге,
сондай-ақ жалпы Орталық Азиядағы оқиғаларға қатысып келеді.
14.
«Ұлы Дала»- Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға(Қытайдың солтүстік-шығысындағы облыс) дейінгі
жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең
аумақ. Бұл белдеудің ұзындығы алты мың шақырым,
ені мың шақырым.
Ұлы Дала- географиялық емес, тарихимәдени ұғым. Бұл аумақтың географиялық
атауы –Еуразия даласы.
Ұлы Даланың
оңтүстігі өзен-көлдер, теңіздер (Қара, Азов,
Каспий теңіздері) мен биік тауларға (Кавказ,
Тянь-Шань) барып тіреледі.
ҰЛЫ ДАЛА
ӨРКЕНИЕТІ
15.
Орта ғасырларда Ұлы Даланың (Дунайдан Алтайға дейінгі аралық) атауы мұсылманжазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталады. Қазақстан тарих ғылымында Х-ХVІІ
ғасырлардағы Қара теңіз бен Каспий аралығын «Батыс Дешті Қыпшақ», ал қазақ
даласын «Шығыс Дешті Қыпшақ» деп атау қалыптасқан.
16.
Ұлы Даланың маңыздытарихи-мәдени мәндері
Экологиялық
Тарих алаңы
Ашық кеңістік
Өзара ықпалдастық
Көлік дәлізі
орны
аймағы
Ұлы
Даланың Ұлы
Даланың Ұлы дала тілдік, Ұлы
Даланың Ұлы
Дала
табиғи-климаттық тарихы брысында антропологиялық шекаралық аймақтары Шығыс
пен
жағдайы көшпелі көптеген мемлекет және
этникалық көшпелі
және Батыс
(Азия
өркениеттің пайда құрылып, бірқатар араласулар
мен отырықшы
мен
Еуропа)
болуы
мен маңызды оқиғалар өзара
мәдени өркениеттердің өзара арасындағы
өркендеуіне
өтті.
байланыстардың
ықпалдасқан аймағы көлік
дәлізі
ықпал етті.
орталығы болды.
болды.
қызметін
атқарды.
История