197.75K
Категория: МедицинаМедицина

Мамандық таңдау - маңызды шешім

1.

«Мамандық таңдау –
маңызды шешім»

2.

- Бүгін кімнің көңіл-күйі жақсы «Алақай»деп айқайласын
-Кім бүгін таңертен дәмді таңғы ас ішті қарын сипасын
-Кофеге немесе шайға сүт және қант қосып ішетіңдер
орындарынан тұрып, айналсын
-Кімнің бойы 1,65 болса «Ура» деп айқайласын
-Осы тренингке қатысқандар «Қуаныштымын»
деп айтсын

3.

«ҚАЛАЙМЫН»
«ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ»
«КЕРЕК»

4.

Бірінші белгілі қағида «ҚАЛАЙМЫН»
Мамандықты таңдағанда өзіңізді не
қызықтырды, жұмыс орнында
күнделікті немен айналысқанды қалар
едіңіз деген сұрақтарға жауап табуға
көңіл бөлсеңіз бірінші қағиданы
орындайсыз.

5.

Екінші қағида
«ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ»
Егер сіз таңдаған мамандыққа
қажет қасиеттерге ие болсаңыз,
онда келешекте қалаған
мамандығыңыздың шебері бола
аласыз

6.

Үшінші қағида «КЕРЕК»
Бұл жерде ең бастысы еңбек ортасында
қажетті мамандықты таңдай білу.
Алдағы уақыттарда бұл мамандыққа
сұраныс бола ма, жоқ па деп ойланған
дұрыс болады.
«Кім боламын?» деген сұраққа жауап
бергенде осы қағидаларды пайдалана
біліңіз.

7.

Адам-адам : мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны ретінде
басқа адам болып табылады, ал қызмет сипаттамасысатушы, заңгер банкирлер және т.б. мамандықтар жатады.
Адам-белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстактілі
ұғымдармен жұмыс жасауды білу керек және ой-өрісі өте кең
болу керек. Бұл бухгалтер, электронщик, статистик, банк
қызметкері және т.б. мамандықтар жатады.
Адам-табиғат : бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат
процестері мен құбылыстармен жұмыс істейді. Олар мал
дәрігері, агроном, гидролог, эколог.
Адам-техника: барлық техникалық мамандықтар, слесарь,
электромонтер,инженер-механик,прораб, технолог.
Адам-көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім,
талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар,
дизайнерлер, суретшілер, әнші,актерлер.

8.

Психогеометриялық тест.
Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы,
нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты,
тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, төзімді,шыдамды қырсық, табанды,
эрудициясы басым, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске
құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы
жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, шыдамсыз , сөз тапқыш, ортадағы қарымқатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш – көңіл-үйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп
нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз,
басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады,
тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең
пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез
шешім қабылдай алмайды, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады,
өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл,
ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы
дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары,
барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын
ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы
мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

9.

«Кім шапшаң» ойыны.
Ортаға оқушылар шығады. Әр топқа
әріптер беріледі, әріптерді
құрастырып қазір кезде сұранысы бар
мамандықтар шығады.

10.

Келіп тұрған
қонақтарға сұрақтар

11.

“.... Адам кез келген жұмысқа жарамды
бола бермейді. Жұмысты неғұрлым
жетік және жақсы атқарса білгір
және шебер болып шығады. Қандай
әрекет, қандай іс істесек те содан
рахмет табу, соның рахатын көру
біздің мақсатымыз болып табылады. ”
Әбунасыр әл Фараби

12.

“Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар, қалан”
Абай
Кірпіш дүниеге кетігін тауып қаланып,
алға ұмтылып, арманыңызға жетіп, елге
қажетті мамандық иесі болыңыздар!

13.

Рефлексия:
Өзіңіз үшін қандай қорытынды
жасадыңыз, ойландыратын
жағдай болды ма?
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

14.

Назарларыңызға
рақмет!
English     Русский Правила