Органикалық ДЗ функционалдық топтар бойынша сараптамасы
Лекцияның жоспары
ОҚ функционалдық топтарының анықталуы және сараптамасы
ОҚ функционалдық топтарының анықталуы және сараптамасы
Амин тобының сапалық реакциялары
Біріншілік ароматты аминдер
Біріншілік алифатикалық аминдер
Біріншілік амин тобының диазоттау әдісімен сандық анықталуы (нитритометрия)
Екіншілік алифатикалық және ароматты аминдер
Үшіншілік аминдер
Нитро- және нитрозотоптардың сандық анықталуы
Нитро- және нитрозотоптардың сандық анықталуы
Функционалдық топтардың сапалық реакциялары
Спирттер
Спирттік гидроксил тобының сандық анықталуы
Тотықтыру әдісі
Этерификация реакциясы
Ацетил тобының анықталуы
Альдегидтер, кетондар
Альдегидтер мен кетондардың сандық анықталуы
Қосып алу реакциясы
Орын басу реакциясы
Орын басу реакциясы
Тотығу реакциясы
Тотығу реакциясы
Галогендердің анықталуы
Қорытынды
283.50K

ПС 10. ДЗ функционалдық топтар бойынша сәйкестендіру 2

1. Органикалық ДЗ функционалдық топтар бойынша сараптамасы

«Фармация»,
«Фармацевтикалық өндірістің технологиясы»
мамандықтары

2. Лекцияның жоспары

1. Органикалық қосылыстардың (ОҚ)
функционалдық топтарының анықталуы және
сараптамасы
2. Аминдердің сараптамасы
3. Нитро- және нитрозоқосылыстар
4. Спирттердің сараптамасы
5. Ацетил тобының сараптамасы
6. Альдегидтер мен кетондардың сараптамасы
7. Галогендердің сараптамасы

3. ОҚ функционалдық топтарының анықталуы және сараптамасы

• Органикалық қосылыстардың сараптамасы
бейорганикалық қосылыстардан өзгеше
болады. Мысалы, бейорганикалық заттардың
сапалық сараптамасы иондық реакцияларға
негізделген, оның мақсаты – заттың
құрамындағы иондарды анықтау. Ал
органикалық қосылыстардың қасиеттері
заттың элементтік құрамына ғана емес,
функционалдық топтарға және олардың
орнына байланысты болып келеді.

4. ОҚ функционалдық топтарының анықталуы және сараптамасы

• Органикалық қосылыстарды зерттеудің
маңызды міндеті – функционалдық топтарды
анықтау. Органикалық қосылыстардың
химиялық анықталу әдістері функционалдық
топтардың реакцияларына негізделген.
Мысалы, спирттерді сапалық және сандық
анықтау үшін спирттік топтың реакциялары,
альдегидтер, кетондар, аминдерді сараптау
үшін -СНО, -СО, -NH2 және т.б. топтардың
сипатты реакциялары қолданылады.

5. Амин тобының сапалық реакциялары

• Алифатикалық біріншілік аминдер – азотты
қышқылмен әрекеттесіп, спирт, азот және су түзіледі.
• Алифатикалық екіншілік аминдер – азотты
қышқылмен нитрозамин және су түзіледі.
• Алифатикалық үшіншілік аминдер – азотты
қышқылмен әрекеттеспейді.
• Ароматты біріншілік аминдер – азотты қышқылмен
диазоний тұздары түзіледі.
• Ароматты екіншілік аминдер – азотты қышқылмен
нитрозамин және су түзіледі.
• Ароматты үшіншілік аминдер – азотты қышқылмен
п-нитрозоқосылыстар түзіледі.

6. Біріншілік ароматты аминдер

7. Біріншілік алифатикалық аминдер

8. Біріншілік амин тобының диазоттау әдісімен сандық анықталуы (нитритометрия)

• Препараттың нақты өлшендісі (0,001 г/моль) 20 мл
сұйытылған тұз қышқылында ерітіледі және көлемі
сумен 80 мл-ге жеткізіледі. 1 г калий бромиді
қосылады және үнемі араластырыла отырылып, 0,1
н. натрий нитритімен титрленеді, ол титрлеу басында
минутына 2 мл-ден, ал соңында – минутына 0,05 млден қосылады. Титрлеу соңы йодкрахмалдық
қағаздың тұрақты бояуы бойынша анықталады.

9. Екіншілік алифатикалық және ароматты аминдер

10. Үшіншілік аминдер

11. Нитро- және нитрозотоптардың сандық анықталуы

• Нитроқосылыстарды анықтау үшін олардың титан (III)
хлоридімен (TiCl3), қалайы (II) хлоридімен (SnCl2)
немесе мырышпен тотықсызданып, әрі қарай аминді
қосылыстың диазотталу әдісі қолданылады.
• Анықталатын нитроқосылыстың мөлшері TiCl3
немесе SnCl2 титрленген ерітінділерінің көлемімен
өлшенеді.

12. Нитро- және нитрозотоптардың сандық анықталуы

• Нитроқосылыстардың сәйкес аминдерге
мырыш шаңымен тотықсыздануы қышқылдық
ортада (НСІ, СН3СООН) жүреді. Аминдер
натрий нитриті ерітіндісімен титрленеді:
• Бұл әдіс сол сияқты нитрозоқосылыстар үшін
де қолданылады.

13. Функционалдық топтардың сапалық реакциялары

• Бір атомдық спирттер – тотығу және
этерификация реакциялары.
• Көп атомдық спирттер – гликоляттардың
түзілуі.
• Альдегидтер – күміс-айна реакциясы.
• Карбон қышқылдары – индикаторлар,
этерификация реакциясы.
• Тиолдар – сынап, қорғасын тұздарымен
әрекеттеседі
• Галогендер – жану реакциясы

14. Спирттер

15. Спирттік гидроксил тобының сандық анықталуы

• Спирттердің сандық сараптамасы физикалық және
химиялық әдістермен орындалады.
• Физикалық әдістермен спирттердің тығыздығы,
қайнау температурсы және берілген температуралық
интервалдағы айдалған көлемі анықталады. Кейбір
спирттердің (этиленгликоль, глицерин) сыну
көрсеткіші өлшенеді.
• Химиялық сараптау әдістері тотығу және
этерификация реакцияларына негізделген.
Қанықпаған спирттердің ерітіндідегі мөлшері
бромдалу реакциясымен анықталады.

16. Тотықтыру әдісі

• Әдіс бөтен тотықсыздандырғыштар болмағанда
қолданылады. Осы әдіспен изопропил спирті,
глицерин, сол сияқты сулы-спирттік ерітінділердегі
этил және метил спирттері анықталады.
• Тотықтырғыш – калий бихроматы. Этил спирті сірке
қышқылына дейін, метил спирті құмырсқа альдегиді
немесе құмырсқа қышқылына дейін тотығады.
• Екіншілік спирттер кетондарға айналады, ал көп
атомдық спирттер көмірқышқыл газына дейін
ыдырайды.

17. Этерификация реакциясы

• Этерификация реакциясы алифаттық спирттерді
анықтау үшін қолданылады. Ацилдеуші агент ретінде
сірке ангидриді пиридиндік ортада пайдаланылады.
• Су қосылғанда, C5H5N-CH3COOH сірке қышқылын
түзе гидролизденеді, ол сілтімен фенолфталеин
қатысында тирленеді.

18. Ацетил тобының анықталуы

• Ацетил тобы көптеген дәрілік заттардың құрамына
енеді және олардың синтезінің аралық өнімі болып
келеді, сондықтан кең қолданылатын техникалық
сараптау әдісіне жатады.
• Ацетил тобын анықтау үшін азотты элементтік
сараптау үшін пайдаланылатын құрал қолданылады.
Бірақ бұл жағдайда қабылдағыш тоңазытқышпен
айдалған сұйықты ауаның көмір қышқылынан
қорғауға арналған натрондық әгі бар түтік қойылған
тығын арқылы жалғасады.

19. Альдегидтер, кетондар

R–CH=O + 2[Ag(NH3)2]OH → RCOOH + 2Ag↓ + 4NH3 + H2O

20. Альдегидтер мен кетондардың сандық анықталуы

Альдегидтер мен кетондардың сандық
анықталу әдістері негізделген реакциялар:
• Натрий сульфитінің әсерінен бисульфиттік
қосылыстардың түзілуі (қосып алу);
• Тұз қышқылды гидроксиламиннің әсерінен
альдоксимдер мен кетоксимдердің түзілуі
(орын басу);
• альдегидтер мен кетондардың тотығуы.

21. Қосып алу реакциясы

• Бисульфиттік қосылыстардың түзілу
реакциясы натрий сульфиті немесе
бисульфитімен орындалады:
• Түзілетін сілтінің эквиваленттік мөлшері тұз
қышқылымен титрленеді.
• Әдіс формальдегид үшін қолданылады.

22. Орын басу реакциясы

• Альдегидтер мен кетондарға карбонил тобының
оттегісі =N-ОН радикалына алмасу реакциясы тән.
Нәтижесінде альдоксимдер мен кетоксимдер
түзіледі.
• Жұмысшы ерітінді ретінде тұз қышқылды немесе
күкірт қышқылды гидроксиламиннің (NH2OH-HCl)
немесе (NH2OH)2-H2SO4 спирттік немесе сулы
ерітіндісі қолданылады.
• Гидроксиламиннің тұзы карбонилдық қосылыстарға
әсер еткенде, оксим және қышқылдың эквиваленттік
мөлшері түзіледі:

23. Орын басу реакциясы


• Бөлінген қышқыл сілтімен титрленеді; индикатор –
бромфенолдық көктің ерітіндісі (ерітіндінің бояуы
сарғыш-жасылдан күлгін-көкке дейін өзгереді).

24. Тотығу реакциясы

• Аналитикалық практикада альдегидтер мен
кетондардың йодпен сілтілік ортада тотығуы
қолданылады:
• Йод артығымен қосылады, оның артық
мөлшері натрий тиосульфатымен титрленеді.

25. Тотығу реакциясы

• Кетондар альдегидтерден гөрі қиындау тотығады,
нәтижесінде алкилдардың біреуінің карбонил
тобымен байланысы үзіліп, көміртек атомдарының
мөлшері аздау қышқыл пайда болады. Сілтілік
ортада орындалатын реакцияның теңдеуі:

26. Галогендердің анықталуы

• Органикалық қосылыстардағы галогендерді анықтау
үшін оттек атмосферасында жағу әдісі қолданылады.
(Бұл әдісті фосфор, күкірт, селен және басқа кейбір
элементтерді анықтау үшін пайдалануға болады)
• Анықтау шлифтелген термотұрақты шыны колбада
жүргізіледі. Жағу аяқталған соң колбадағы зат
жақсылап араластырылады және 30-60 минуттан
кейін жану өнімдері элементке сәйкес келетін әдіспен
анықталады, мысалы, йод натрий тиосульфаты
ерітіндісімен титрленеді.

27. Қорытынды

• Жалпы фармакопеялық бапта ДЗ жалпы
сарапталу әдістері келтіріледі.
• Жекеше баптарда функционалдық топтар
мен аниондарға байланысты ДЗ шынайлығын
дәлелдеу әдістері берілген.
• Жекеше баптардың тараулары жалпы
фармакопеялық баптарға негізделген.
English     Русский Правила