Похожие презентации:
5. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
1.
Агробизнес және кәсіпкерлікнегіздері
Толысбаева Маржан Советбековна
«Экономика» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к.
2.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫДӘРІС ЖОСПАРЫ
1.
2.
3.
4.
5.
Еңбек ресурстары және жұмысбастылық мәселесі
Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс
Кәсіпорынның персоналын жоспарлау
Еңбек ресурстарын пайдалану
Еңбек өнімділігі
3.
Еңбек ресурсы - ұлттық экономика саласындағы, өңіріндегі,мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті, белгілі бір
материалдық құндылықты өндіруге немесе қызметті орындауға
физикалық, интелектілік мүмкіншілігі бар тұлғаларды сипаттайды.
Еңбек ресурстарына жататындар:
• еңбекке жарамды жастағы халық: еркектер мен әйелдер 16-63 жас
аралығындағылар.
• қоғамдық өндіріспен айналысатын еңбекке жарамды жастағылардан
үлкендер мен кішілер.
• Жұмыс істемейтін I және II топтағы еңбек және соғыс мүгедектері мен
еңбекке жарамды жастағы, бірақ жеңілдетілген жағдайлармен
қарттығы бойынша зейнетақы алатын жұмыс істемейтіндер еңбек
ресурстарын құрамына кірмейді.
4.
Еңбек ресурстары - экономикалық белсенділік мәртебесі бойыншаэкономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес
халық болып бөлінеді.
Экономикалық белсенді халық – халықтың жұмыспен қамтылған
бөлігі, еңбекке қабілетті адамдардың басым көпшілігі.
Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) - жасына
қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген
халық.
Жұмыссыздар - экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс
орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа
дайын адамдар.
5.
• Экономикалықбелсенді
емес
халық
үй
шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді
жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.
Мұндай халық жұмыспен қамтамасыз етілген немесе
жұмыссыздар қатарына қосылмайды.
• Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды
жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік
шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты
іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және
жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс
істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.
6.
ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚЖұмысбастылық еңбекке қабілетті адамдардың толық жұмыспен
қамтылуы.
Жұмысбастылық деп - адамдардың еңбектерінің
нәтижесінде өзіне және қоғамға пайда әкелетін, қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекеттердің жиынтығын
атауға болады.
Жұмысбастылықты 3 топқа ажыратуға болады:
Экономикадағы ақылы түрдегі жұмысбастылар - олар
қоғамның негізгі байлығын (рухани және заттық) құрайды.
Әскер қатарында жүргендер еңбек нәтижесіне қарай табыс
алмайды, бірақ олар мемлекеттің қауіпсіздігін сақтайды,
экономикада жұмыспен қамтылған халықтың бейбіт еңбек етуіне
жағдай жасайды.
Өндірістен тыс оқып жүргендер еңбек қоры ретінде табиғат заңы
бойынша жұмысқа қабілеті жоқ адамдардың орнын толтырады.
7.
Экономикалық үрдістерге қатысуы бойыншажұмысбастылық 3 топқа бөлінеді:
• Жалдамалы жұмыскерлер - еңбек күшін сатуға
бағытталған адамдар.
• Жұмыс берушілер - бұл қозғаушы күш. Оларға
кәсіпкерлер, меншік иелері, өз кәсіпкерлік қабілетін
жүзеге асырушылар жатады.
• Өзіндік жұмысбастылар - өз есебінен жұмыс
істейтіндер, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын
өндірістік кооператив мүшелері.
8.
Кәсіпорын кадрлары - бұл кәсіпорында қызмет ететінжәне тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік
топтар қызметкерлерінің жиынтығы.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен
категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы
кадрлар құрылымын сипаттайды.
Негізінен кәсіпорын кадрлары келесідей бөлінеді:
өндірістік персонал және персонал, өндірістік емес
бөлімшелердегі жұмысбастылар.
Өндірістік персонал - өндірісте жұмысбасты және оған
қызмет көрсететін жұмысшылар, олар кәсіпорынның еңбек
ресурстарының ең негізгі бөліктерін құрайды.
9.
• Кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымыеңбекті кәсіби және білікті тұрғыдан бөлу
негізінде қалыптасады.
• Кәсіп дегеніміздің өзін қандайда бір дайындықты
қажет ететін еңбек әрекеті деп түсінуге болады.
• Ал біліктілік жұмысшының таңдап алған кәсібін
меңгере алу деңгейі және ол біліктілік
мөлшерімен (санатымен) көрсетіледі.
10.
• Кәсіпорынданегізінен
персоналдық
келу және тізімдік құрамы бөліп көрсетіледі.
• Келу құрамы - бір тәулік бойы нақты жұмысқа
келген жұмысшылар саны.
• Тізімдік құрамы - барлық тұрақты және уақытша
жұмыскерлер
және
де
оның
ішіне
іс
сапардағылар, кезекті демалыстағылар, әскери
жиындағылар.
11.
• Кадрларқозғалысын
талдау
үшін
әртүрлі
көрсеткіштер қолданылады.
• Кадрларды қабылдау (Кп) коэффициенті қандайда бір
мерзім уақытында қабылданған жұмысшылар санымен
осы кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына
арақатынасымен анықталады:
• Кп=Pп/Р*100
• мұндағы, Рп – қабылданған жұмысшылар саны, адам;
• Р - қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.
12.
• Кадрларды шығару (тұрақсыздық) коэффициенті(Кв) белгіленген мерзім аралығында қандайда бір
себептермен жұмыстан шығарылған жұмыскерлер
санымен осы кезеңдегі қызметкерлердің орташа
тізімдік санына арақатынасымен анықталады:
• Кв=Pув/Р*100
• мұндағы, Рув – шығарылған жұмысшылар саны, адам;
• Р – қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.
• Кадрлардың тұрақтылық (Кс) коэффициентін - ол
қабылданған мен шығарылғандардың аз мөлшерімен
қызметкерлердің орташа тізімдік санына арқатынасы
негізінде есептеледі.
13.
Еңбекпотенциалы
еңбек
ресурстарына
қарағанда кең мағынаны қамтиды.
• Еңбек потенциалы - бұл жеке адамның, әр
түрлі жұмыскерлер тобының, бүкіл еңбекке
жарамды халықтың қоғамдық пайдалы еңбекке
қатысуы бойынша санын, сапасын және еңбекке
қабілеттілік өлшемдерін анықтайтын интегралды
сипаттамасы.
14.
• Еңбек потенциалының сандық және сапалық сипаттамаларыболады.
• Сандық сипаттамасы келесілерді анықтайды:
• еңбек ресурстарының саны;
• бір жұмыскердің бір жылдағы орта есеп пен алғандағы жұмыс істеген
уақытының мөлшері;
• еңбектің интенсивтігі (қажетті персоналдар саны).
• Сапалық сипаттамасы келесілерді анықтайды:
• физикалық құраушысы (адамның бойы, салмағы, дене өлшемі және
т.б.);
• интеллегтуалдылығы (ақыл-ой, медерлік, өз дегенін орындау қабілеті,
талант);
• әлеуметтік (өмір сүру деңгейі, әлеуметтік ортасы, материалды, рухани
қажеттілік);
• мамандығы (білім деңгейі, тәжірибесі, кәсібі).
15.
• Персоналды жоспарлау барысындабірқатар қағидаларды ескеру керек:
• қызметкерлердің мүдделерін қорғау;
• персоналдың үнемі (үздіксіз) қозғалыста
болуы;
• үйлесімділік (орындардың бір-бірімен
ауыспалығы);
• үнемділік (жоспарлауға кеткен шығындар
мейлінше төмен болу керек).
16.
• Кәсіпорынның еңбек ресурстары - бұл кәсіпорындажұмыс жасайтын және оның тізімдік құрамына
кіретін
әртүрлі
кәсіби-біліктілік
тобындағы
жұмысшылар жиыны.
• Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың
негізгі міндеттері:
• кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз
етілуін талдау;
• еңбек ресурстарының қозғалысын талдау;
• жұмыс уақытын пайдалануды талдау;
• еңбек өнімділігі мен өнімнің еңбек сыйымдылығын
талдау;
• еңбекақы төлеуді талдау.
17.
Кәсіпорын еңбек ресурстарының пайдалану тиімділігін еңбек өнімділігі
сипаттайды.
Еңбек өнімділігі материалдық өндіріске кететін шығындардың тиімділігін
сипаттай отырып, жұмыс уақыты бірлігінде өндірілетін өнім санымен немесе
өнім бірлігіне кететін еңбек шығынымен анықталады.
Еңбек өнімділігінің деңгейі екі көрсеткішпен сипатталады:
1. Уақыт бірлігіндегі өнімділік (тікелей көрсеткіш).
2. Өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы (кері көрсеткіш).
Тікелей көрсеткіш мына формуламен көрсетіледі:
Еө= Q/EШ
Мұндағы: Q -өндірілген өнім көлемі, ЕШ-өндіріске кеткен еңбек шығындары.
Еңбек тәсілі бойынша еңбек өнімділігі еңбек сиымдылығының
өнеркәсіптік-өндірістік персонал санына қатынасымен анықталады
18.
• Еңбек сыйымдылығының құрамына енгізілген еңбекшығындарына байланысты мынадай түрлері бар:
• 1.Технологиялық - негізгі жұмысшылар мен келісімді
жұмысшылардың шығындарын қамтиды.
• 2. Өндіріске қызмет көрсету еңбек сыйымдылығы қосалқы жұмысшылардың еңбек шығындарын қамтиды.
• 3. Өндірістік еңбек сыйымдылығы - барлық
жұмысшылардың еңбек шығындары жатады.
• 4. Өндірісті басқарудың еңбек сыйымдылығы инженерлік-техникалық қызметкерлер, кіші қызмет
көрсетуші персонал мен күзет орындарының
жұмысшыларының еңбек шығындарын қамтиды.
• 5. Толық еңбек сиымдылығы - өндірістік персоналының
барлық категорияларының еңбек шығындарын қамтиды.
19.
• Еңбек өнімділігінің жоғарлауына жету үшін мынажағдайлармен байланысты:
• өнім шығысының жоғарлауы кәсіпорынның барлық
өнімділік қуаты арқылы, себебі бұл жағдайда
өнімділіктің тек қана жұмысшының уақыт шығынын
өзгермелі бөлігі жоғарлайды, ал тұрақты бөлігі өзгеріссіз
қалады. Ақыр аяғында өнім шығару уақытының шығыны
төмендейді;
• еңбек өнімділігінің қысқарту шығыны арқылы өндіріс
интенсификациясы, сапа өнімінің жоғарлауы, өндірістің
механикалық және автоматикалық комплекстеріне
енгізілуі, өндірістің техника және технологиялық
жаңаруы, уақыт шығынын қысқарту арқылы өндіріс
ұйымын жақсарту.
20.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:1. Еңбек ресурстары түсінігі, еңбек ресурстарының құрамы
2. ҚР-дағы жұмыссыздықтың деңгейі, бұл саладағы
мемлекет саясаты
3. Еңбек өнімділігі экономикалық категория ретіндегі
4. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
5. Еңбек өнімділігін арттырудың жолдары
Экономика