КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ
Дәріс жоспары:
1. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы
жұмысшылар
басшылар
Біліктілік жұмыскерлердің берілген кәсіпті немесе мамандықты игеру шамасын сипаттайды және біліктілік(тарифтік) разрядтарында,
Персоналдың сандық сипаттамасының көрсеткіштері:
Кәсіпорындағы жұмыскерлер қозғалысының көрсеткіштері:
2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау
Ауысымдағы негізгі жұмысшылардың қатысу саны: Мұндағы, Тр - өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы, норма-сағат; Тсм – жұмыс
3. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі есептеу әдістері
4. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері
5. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы .
Блиц тест
Пайдаланылған әдебиеттер:
789.00K
Категории: ЭкономикаЭкономика БизнесБизнес

Кәсіпорынның еңбек ресурстары

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

«Кәсіпорын экономикасы» пәні
экономика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы Тлеубергенова М.А.

2. Дәріс жоспары:

1. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және
сипаттамасы
2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына
қажеттілігін анықтау
3. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды
дамытудағы рөлі есептеу әдістері
4. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары
және резервтері
5. Кәсіпорындағы персоналды басқару
тұжырымдамасы

3. 1. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы

Еңбек ресурстары – бұл халық
шаруашылығындағы жұмыстар үшін
қажетті физикалық дамуды, білімді және
тәжірибені иемденген, еңбекке қабілетті
жастағы тұрғындардың бөлігі.
Кәсіпорын персоналы (кадрлар, еңбек
ұжымы) – бұл кәсіпорынның, фирманың,
ұйымның білікті жұмыскерлерінің негізгі
құрамы. «Кәсіпорын персоналы»
категориясы кадрлық потенциалды,
өндірістің еңбек және адам ресурстарын
сипаттайды. Ол кәсіпорында жұмыс
жасайтын және оның тізімдік құрамына
енетін әрқилы кәсіби-біліктілік
топтардағы жұмыскерлердің жиынтығын
бейнелейді.

4.

Еңбек персоналы
Өндірістік персонал
Қызметкерлер
Мамандар
Қызметкерлер
Басшылар
Көмекші
Негізгі
Жұмысшылар
Өндірістік емес персонал

5. жұмысшылар

мамандар

6. басшылар

қызметкерлер

7.

Жұмыскерлердің әрқилы категориясының олардың жалпы
санындағы арақатынасы кәсіпорын кадрларының
(персоналының) құрылымын сипаттайды.
Біліктілігі
Еңбек өтілі
Білім деңгейі
Жынысы
Жасы
Кадр құрылымы

8. Біліктілік жұмыскерлердің берілген кәсіпті немесе мамандықты игеру шамасын сипаттайды және біліктілік(тарифтік) разрядтарында,

категорияларында
бейнеленеді.
Жұмысшы
Маман
Жоғары
білікті
1
Категория
Білікті
2 категория
Төмен
3 категория
Біліктілігі жоқ
Категориясы жоқ

9. Персоналдың сандық сипаттамасының көрсеткіштері:

Тізімдік сан
Белгілі бір датадағы жұмысқа
қабылданған және жұмыстан шыққан
жұмыскерлерді ескере отырып, осы
күндегі тізімдік құрамдағы жұмыскерлер
саны
Қатысу саны
Өндірістік тапсырманы
орындау үшін жұмысқа
шығуы
тиіс тізімдік құрам
жұмыскерлерінің есептік
саны.
Бір айдағы жұмыскерлердің
орташа тізімдік саны айдың
әрбір календарлық күніндегі
тізімдік құрам жұмыскерлер
санының қосындысын айдың
календерлық күндер санына
бөлу жолымен анықталады.

10. Кәсіпорындағы жұмыскерлер қозғалысының көрсеткіштері:

Қабылдау жөніндегі
айналым коэффициенті
Шығу жөніндегі
айналым коэффициенті
Кадрлар ағымдылығы
коэффициенті

11. 2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау

Персоналға деген қажеттілік – бұл таңдалған даму стратегиясына сәйкес
фирма алдыныдағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін объективті
қажетті сәйкес құрылым мен біліктіліктегі жұмыскерлер жиынтығы.
Жоспарлы кезеңдегі кәсіпорын жұмыскерлерінің саны:
Чпл=Чб * Ig+Э
Мұндағы, Чпл – жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік жоспарлы саны;
Чб - базистік кезеңдегі жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік саны;
Ig - жоспарлы кезеңдегі өндіріс көлемінің өзгеру индексі;
Э – жұмыс жасатындардың бастапқы санының жалпы өзгерісі.
Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жоспарлы саны:
Чпл = Qпл\Впл
Мұндағы, Qпл - өнім шығарудың жоспарланған көлемі;
Впл - өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне жоспарланатын өнім
өндірімі.

12. Ауысымдағы негізгі жұмысшылардың қатысу саны: Мұндағы, Тр - өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы, норма-сағат; Тсм – жұмыс

Ауысымдағы негізгі жұмысшылардың қатысу саны:
Чосяв=Тр\Тсм * Dп * S * Квн
Мұндағы, Тр - өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы, норма-сағат;
Тсм – жұмыс ауысымының ұзақтығы немесе бір жұмысшының жұмы уақытының
ауысым қоры, сағат;
Dп – жоспарлы кезеңдегі кәсіпорын жұмысының тәулік саны;
S – тәуліктегі жұмыс ауысымдарының саны;
Квн – нормаларды орындаудың жоспарлы коэффициенті.
Талап етілетін жұмысшылардың орташа тізімдік саны:
ЧосСП =Чяв * Ксн
Мұндағы, Ксн- орташа тізімдік құрам коэффициенті. Бұл коэффициент былай
есептеледі: Ксн=Fn\f,
Fn – жұмыс уақытының номиналды қоры (календарлық жұмыс күндерінің саны);
f – бір жұмысшының шынайы жұмыс уақытының қоры (жұмыс күндерінің
жоспарланатын саны).
Өндіріс процесі үздіксіз кәсіпорындарда жабдықтарға қызмет көрсетумен,
жөндеумен айналысатын персонал саны:
ЧобСП=(n * S\Но)*Ксп
Мұндағы, ЧобСП – жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың
тізімдік саны; Но – қызмет көрсетудің ауысмдық нормасы (бір жұмысшыға
келетін жабдықтар бірлігінің саны).

13. 3. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі есептеу әдістері

Еңбек өнімділігі
Өнім өндірімі
В=g/Чсп
Мұндағы, g – натуралды
немесе шартты-натуралды
Өлшем бірліктердегі өндірілген
Өнім немесе орындалған
жұмыс көлемі;
Чсп – жұмыс жасайтындардың
орташа тізімдік саны;
Өнімнің еңбек сыйымдылығы
Тр=Т/g
Т- өнім өндірісіне шығындалған
уақыт, норма-сағат

14.

Өндірімді анықтау әдістері
Натуралдық әдіс ең
қарапайым және сенімді әдіс,
мұнда өндірілген өнім көлемі
натуралдық көріністе
есептеледі.көруге мүмкіндік
береді.
Құндық әдісте еңбек
өнімділігі көрсеткіші ақшалай
бірлікте бейнеленген
өндірілген өнімнің жұмыс
уақыты шығындарына
арақатынасы ретінде
анықталады.
Әртекті және аяқталмаған
өнім өндіретін жұмыс
орындарында,
бригадаларда, цехтарда
өндірім көрсеткіші нормасағаттарда анықталады.

15.

Еңбек
сыйымдылығына
енетін шығындар
құрамы

16. 4. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері

Еңбек өнімділігінің
өзгеру факторлары
дегеніміз оның деңгейі
мен динамикасының
өзгеруін негіздейтін
себептер

17.

Еңбек өнімділігінің өсу факторлары
Аймақтық-экономикалық (табиғи-климаттық жағдайлар, олардың өзгерісі;жұмыс
орындары мен еңбек ресурстарының теңгерілімі) және экономика-географиялық
факторлар(кен орын ауданының игерілуі; жергілікті құрылыс материалдарының
болуы;жұмыс күшінің, электр энергиясының,судың бос ресурстарының болуы;жер
рельефі;коммуникацияға дейінгі қашықтық);
Құрылымдық жылжулар факторлары – бұл сатып алатын
бұйымдар мен жартылай фабрикаттар үлесінің өзгеруіндегі
жылжулар,өндіріс көлемінің өсуіне байланысты жұмыс
жасайтындар санының салыстырмалы қысқаруы;
ҒТП-ны жеделдету факторлары – тиімділігі жоғары техниканың
жаңа буынын енгізу; прогрессивті базалық технологияны қолдану,
жобалауда автоматтандырылған жүйелерді пайдалану; қазіргі
заманғы ЭЕМ-ді қолдану;
Ұйымдық факторлар – басқару мен өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіру,еңбекті ұйымдастыру мен ынталандырудың қазіргі
заманғы формаларын енгізу;
Әлеуметтік факторлар – зиянды және ауыр еңбек көлемдерін
қысқарту; еңбек жағдайын жақсарту; әлеуметтік әріптестік
факторлары.

18.

Еңбек өнімділігін
арттырудың ішкі
өндірістік резервтері
Еңбек
сыйымдылығын
төмендету
Жұмыс уақытын
пайдалануды
жақсарту
Материалдық
ресурстарды
үнемдеу

19. 5. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы .

Персоналды басқару
кәсіпорынның еңбек ресурстарымен және олардың
фирма ішіндегі қатынастарымен
байланысқан менеджмент бөлігі.
Жалдау
кәсіпорынға жұмыскерлерді тарту жөніндегі
шаралар жүйесін, үміткерлерді зерттеу
және оларды сұрыптау процесін енгізеді.
Персоналды орналастыру
қабылданған жұмыскерлерді олардың қабілеттері
мен кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
жүйесіне сәйкес бөлімшелер мен
жұмыс орындарына бөлу
Персоналды кәсіби үйрету
жұмыскердің қабілеті мен мүмкіндігін жұмыс
сипаты мен мазмұнына сәйкестендіруді
қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты

20. Блиц тест

1. Персонал қозғалысының көрсеткіштері:
береді
A. Уақытша бос адамдар
F. Жұмыстан шығарылғандар
B. Өз еркімен жұмыстан кеткен
4.Еңбек ресурстарының сапалық
қызметкерлер саны
көрсеткіштері:
C. Жұмыс іздеп жүргендер
A. жұмысшылардың еңбек демалыстары
D. Жұмыссыздар
B. кадрлар ағымы
E. Есепке алынбаған қызметкерлер
C. жұмысшылардың орташа тізімдік саны
F. Жүктілігі бойынша демалыс алғандар D. орташа еңбекақы
2. Еңбек ресурстарының сандық
E. кәсіби деңгейі
сипаттамасының көрсеткіштері:
F. біліктілік деңгейі
A. кадрлар құрамы
5. Еңбек ресурстары:
B. жұмысшылар біліктілігі
Кәсіпорынды басқару шеңберінде
C. орташа айлық еңбекақы
таңдалған саясат
D. жұмысшылардың орташа тізімдік саны A. Персоналды басқару мәселелері
E. мамандардың орташа тізімдік саны
B. Құрал-жабдықтар мен ғимараттардан
3. Тізімдік құрамға енгізілетіндер:
тұрады
A. Кәсіпорын қаражаты есебінен
C. Ұйымның алға қойған мақсаттары
біліктілікті арттыру курсында оқитындар D. Кәсіпорынның жұмысшы күшін
B. Нақты жұмыс істейтіндер
құрайды
C. Өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген
E. Персонал қызметінің
студенттер
функциялары,құрылымы және
D. Жұмыстан қысқартылғандар
мәселелері
E. Еселенген салым мөлшерінде жауап

21. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414
Кодексі
2. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу
құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
3. Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші
басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек,
К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
4. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын
экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
5. Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ Алматы: Отан, 2015.
6.
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж.
Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет
7.
Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия.
Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. –
212 с.
English     Русский Правила