Похожие презентации:
24 -сабақ. Отынның жануы және энергияның бөлінуі
1.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің КММ №24 орта мектепТақырыбы: Отынның жануы және энергияның бөлінуі
8-сынып
Химия пәні мұғалімі: Ибраимова Улбала Ахмадияровна
2.
Оқу мақсаты8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және
құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс
газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын
ұсыну
Бағалау критерийлері
заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және
құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс
газы немесе көміртек түзілетінін түсіндіреді
парниктік эффекттің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын
ұсынады
2
3. Отын
Жанғанда жылу бөлетін заттарды отын деп атайды.Отын
табиғи отын
Таза күйінде алынған: тас
және қоңыр көмір, табиғи
газдар, ағашкөмірі, жанғыш
сланец, шымтезек
жасанды отын
Мұнай өнімдерінен
алынған бензин, керосин,
мазут
3
4. Жану
Барлық отындардың түрлері белгілі бір элементтерден,әртүрлі құрамда болады. Отын негізінен екі элемент
топтарынан тұрады.
1. Бірінші топ элементтеріне жақсы жанатын, жануды қолдайтындар
кіреді. Олар: көміртек, сутек, күкірт, оттек.
2. Екінші топқа жанбайтын және жануды қолдамайтын азот элементі
жатады.
С + O 2 = СО2 + Q
СО2 + C = 2CO + Q
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuyu
4
5. Отын
Агрегаттық күйіне байланысты:Отын
қатты отындар
Тас көмірді ауаның
қатысынсыз 10001100С –да өңдеу
арқылы кокс
алынады, оның
құрамында 87%
көміртек бар.
сұйық отындар
газ күйіндегі отындар
Мұнайда айдау тәсілі
арқылы алатын
бензинде болатын
көмірсутектер
Қатты отындарды
генераторларда
өңдегенде түзіледі
5
6. Сутегі – болашақтың отыны.
СутегіТиімділігі:
сутегі қалдықсыз жанады,
зиянды қосымша өнімдер
түзілмейді.
сутектің табиғи көзі су
болғандықтан, оны өндіру
мүмкіндігі шексіз.
Қолданысқа енбеу себебі:
өндіру технологиясы бойынша
суды айыруға электр энергиясы
көп жұмсалады.
сақтау тәсілі, оның үлкен көлем
алуында;
сутегінің ауадағы оттегімен
қопарылғыш қоспасын түзуінде
6
7. Парниктік эффект
Парниктік эффект – табиғи құбылысПарниктік эффект жылулық газдардың әсерінен жылудың артуымен
және қайтадан жан-жақа шағылысуымен сипатталады. Жылудың
шағылысқан бөлігі жердің жоғары қабаты мен төменгі атмосферасына
бағытталады.
Парниктік газдар әсері нәтижесінде ауаның орташа температурасы
көтеріледі. Көмірқышқыл газы мен метанның шамадан тыс бөлінуі
жер бетінде жылудың ұзақ тұруына әкеліп, парниктік эффектіні
күшейтеді. Бұл жағдай климаттың жылынуына алып келеді.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuy
7
8. Парниктік эффект
Мәселені шешу жолдары:Атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерін экологиялық
құрылғыларды қолдану арқылы төмендету, сонымен қатар
фильтрлер мен катализатор қолдану;
Энергия көздерінің құрылымын өзгерту. Балама энергия (күн, жел,
су, топырақтың температурасы) үлесін арттыру. Энергетикалық
ресурстар көздерінің қолданылуын азайту;
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте экологиялық таза және төмен
көміртекті технологияларды қолдану;
Шикізатты қайта өңдеуді арттыру;
Ормандарды қалпына келтіру, орман өрттерімен күресу, жасыл
көшеттер ауданын ұлғайту;
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/otynnyng-zhanuy
8
9.
Бекіту тапсырмасы1 тапсырма
Отынның алыну жолдарына анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
Кестеге толтырыңыз
Түсінік
Анықтама
Мысалдар
табиғи отын
жасанды отын
Дескриптор: білім алушы
Отынның алыну жолдарының анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді
9
10.
Дұрыс жауап1 тапсырма
Түсінік
табиғи
жасанды
Анықтама
Мысалдар
табиғаттан сол күйінде алынған тас және қоңыр көмір,
табиғи газдар,
отындар
ағашкөмірі, жанғыш
сланец, шымтезек
бензин, керосин, мазут
мұнай өнімдерінен алынған
отындар
Дескриптор: білім алушы
отынның алыну жолдарының анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді
10
11.
Бекіту тапсырмасы2 тапсырма
Парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға
көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықтаңыз
Өсу
Кему
Үй жылыту үшін күн панельдерін пайдалану
Электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану
Ағаштар отырғызу арқылы бүлінген жерлерді қалпына келтіру
Ұшақпен саяхаттау
Дескриптор: білім алушы
парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға
көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықтайды
11
12.
Дұрыс жауап2 тапсырма
Парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға
көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықта
Өсу
Үй жылыту үшін күн панельдерін пайдалану
Электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану
+
Ағаштар отырғызу арқылы бүлінген жерлерді қалпына келтіру
Ұшақпен саяхаттау
Кему
+
+
+
Дескриптор: білім алушы
парниктік әсердің пайда болуына және бұл құбылысқа қарсы тұруға
көмектесетін адамзат іс-әрекеттерін анықтайды
12
13.
Оқу тапсырмасыМеталдар мен бейметалдардың жануы кезінде
түзілетін заттарды атаңыз, реакция теңдеуін
жазыңыз.
Парниктік эффектіні тудыратын газдарды
жазыңыздар
13
14.
ҚорытындыБүгінгі сабақта:
заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін
және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда,
көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін
түсіндім
парниктік эффекттің себептерін түсіндім және
шешу жолдарын ұсындым
14
15.
Қосымша ресурстарМ.Б.Усманова, Қ.Н. Сақариянова, Б.Н.Сахариева
Химия оқулығы 8- сынып.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/
15