1.56M
Категория: ОбразованиеОбразование

Педагогика. 1 дәріс

1.

Педагогика
Дәрістер

2.

ПЕДАГОГИКАНЫҢ
ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРI
1.1 Педагогиканың ғылымдық мәнi.
Оның ерекше бiлiм саласына бөлiнуi және зерттеу
аймағы
1. Тәрбие қажеттiлiгi мен педагогикалық теория дамуының
әлеуметтiк-экономикалық
факторлары

3.

01
02
03
04
Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б.
Құдиярова А. М.
Педагогика. Алматы. 2006.
Бабанский Ю.
Педагогика. -Москва, 2018
.
Ильина Т.
Педагогика, -М., 2014.
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р.
Педагогика. - Астана, 2008
.
әдебиеттер

4.

'
Барша заттың
бастауын
тапсаң,
көп нәрсе
түсiнерсiң

5.

Ескеретiн жəйт, аталған мəселелердi
қарастыруда əрдайым екi
тұжырымды жадтан шығармау
лазым:
:
1. Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң жəне дəуiр
тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын
қоғам қажеттiлiгiнен дамып, қалыптасады.
2. Адамзат бiлiмiнiң қай саласы болмасын ғылымдық
дəрежеге көтерiлуi үшiн тек ерекше, соған ғана тəн
зерттеу аймағы бөлiнiп, нақтылануы қажет.

6.

Осы тұрғыдан алып қарасақ
1
Педагогиканың
жайы қалай?
2
Педагогиканың
ғылым ретiнде
пайда болып,
дамуының
себептерi неде?
3
Педагогиканың
жалпы заттық
дүние мен бiлiм
жүйесiндегi орны
қандай?

7.

Педагогиканың жайы қалай?
Педагогикалық бiлiм өсiп келе жатқан əулеттi тұрмысқа
дайындауға немесе тəрбиеге бағышталған адамзат iс-əрекетiнiң ерекше
бiр саласына кiредi.
Шынында да, педагогика жөнiнде сөз болғанда, әдетте, бұл термин
оқу-тәрбие, адамды қалып-тастыру түсiнiктерiмен баламалас қолданылады.
Ал, тәрбиенiң өзi жас әулеттi тұрмысқа дайындау құралы ретiнде, адамзат
қоғамының iргетасы қалануымен бiрге пайда болады.
Еңбек құралдарын жасау, табиғат өнiмдерiн меншiктеуге
байланысты өндiрiстiк және бiрлiктi iс-әрекет пен қызметтiк тәжiрибелердi
жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткiзудi мақсат-мүддесiне
айналдырды. Қоғамдық iлгерiлеудiң өзi осы өмiрге жаңадан енген әрбiр
әулеттiң өз ата - бабаларының өндiрiстiк, әлеуметтiк және рухани
құндылықтарын игерумен бiрге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып,
өзiнен соңғыларға жеткiзiп беруi арқылы iске асып отырады және әрi қарай
дамиды.
Сонымен жинақталған өндiрiстiк, әлеуметтiк және рухани тәжiрибенi
келесi әулетке жеткiзiп отыру, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының
алғы-шарттары және маңызды қызметiне айналады.
Мiне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан
ажырамайды және оған ежелден-ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды
тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше iс-әрекет ретiнде қоғам дамуының
барлық кезеңдерiнде де өз маңыздылығын жоймаған.

8.

Педагогиканың ғылым ретiнде пайда болып, дамуының себептерi неде?
Ал әрқандай қоғамдық құбылыс ретiнде тәрбиелiк қызмет пен оның сипаты бiр
қалыпта
тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздiксiз жетiлiп
дамуда болды.
Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндiрiстiк және адамгершiлiк тәжiрибенi, бiрлiктi
еңбек әрекетiнде, үлкендермен араласа жүрiп игерiп отырды. Осылайша жағдай тайпалық
қауымға дейiн де, тайпалық қауым кезiнде де күнделiктi iс-әрекеттiң қарапайымдылығанан
болған едi. Сондықтан да бұл дәуiрде тәрбие адамдардың арнайы кәсiби қызметi бола
алмады, яғни арнайы тәрбиелiк мекемелер болмады, тәрбиенi кәсiпке айналдырған
адамдардың да қажеттiгi әлi туындамаған кез едi.
Құл иленеушiлiк қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды. Бiрақ, уақыт өткен
сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы,
қолөнершiлiк бiрте-бiрте дамып, күрделенедi. Адамдардың қоршаған дүние жөнiндегi
iлiмдерi жиналып, келе-келе ғылымның дамуына бастау бердi.
Жаңарған қоғамдық жағдайда өнiдiрiстiк тәжiрибе мен ғылыми бiлiктердi игеру
ендi арнайы және ұзақ мерзiмдi үйренусiз мүмкiн болмай қалды. Өндiрiстiк даму мен
күрделену өрiс алып, ғылым-бiлiм қоры жинақталған сайын, өсiп келе жатқан әулеттi
тұрмысқа арнайы дайындаудың қажеттiгi арта түстi де, оларды арнайы ұйымдастырылған
тәрбиеге тартудың маңызы барған сайын күшейiп отырды. Осылайша, бiлiм беру мен
тәрбие қоғамның объективтi қажеттiгiне айналды және оның бұдан былай дамуының ең
маңызды алғышарты болды.
Мiне осыдан бастап, адамзат қоғамының белгiлi кезеңiнде, дәлiрек құл иеленушi
дәуiрдiң аяғына таман, өндiрiс пен ғылым едәуiр дамыған шақта ерекше қоғамдық
қызметке айналды, арнайы тәрбиелiк мекемелер пайда болып, кәсiби мамандыққа
балаларды оқытып, тәрбиелейтiн адамдар шыға бастады.

9.

Педагогиканың жалпы заттық дүние мен бiлiм
жүйесiндегi орны қандай?
Тәрбиенiң дербес қоғамдық қызметi сипат ала
бастауы адамдарда тәрбиелiк қызмет тәжiрибесiн жинақтап,
қортындылауды ойластыру қажеттiгiн туындатты.
Тәрбиенiң кең өрiс алып
күрделенуi тәрбие
қызметiмен байланысты теориялық бiлiмдердiң ерекше
саласының қарқыны мен дамуына жол ашты.
Адамзат баласы өзінің жинақтаған тәжірибесін келер
ұрпаққа жеткізіп отырмаса, даму үдерісі болмас еді.
Сондықтан да қоғам алдында тәрбиеші мамандығына деген
қажеттіліктер туындады. Алғашқы мұғалімдер қызметін
ақсақалдар, тәрбиелі адамдар атқарды.
«Педагог» термині құл иеленушілік кезеңде Ежелгі
Грецияда пайда болды, бұл термин кейін біртұтас ғылымның
атауына айналды. Ол кезде бұл термин құл иеленушілердің
балаларын мектепке ертіп апаратын құл деген мағынаны
білдіретін еді.

10.

2. Педагогиканың арнайы ғылым-бiлiм саласына бөлiнiп шығуы және оның
көрнектi өкілдері
Ағылшын
жаратылыстанушысы жəне
философы Фрэнсис Бэкон
/1561-1626/
Джон Локк /1632-1704/
''Тəрбие жөнiндегi ойлар''
еңбегiнде тәрбиенiң
психологиялық негiздерiне
және адамгершiлiк
қалыптастыру мәселесiне мән
бердi.
1623 жылы өзiнiң ''Ғылымның
қадiр-қасиетi және жетiлуi''
атты трактатын жария еттi. .
Жан-Жак Руссо /1712-1781/
Ян Амос Коменскийдiң
/1592-1670/
баланы табиғаттан дарынды
деп таныды.
Коменскийдiң әйгiлi ''Ұлы
дидактика'' атты еңбегiнде
оқытудың баяндалды.
''Аналар мектебi'' атты
кiтабында отбасы
тәрбиесiтуралы жазылды.
Адольф Дистерверг
/1790-1866/
Балалардың оқу жұмысының белсендiлiгiн
арттыру, шәкiрттердiң өзiндiк оқуына мән беру,
халық мұғалiмдерiн дайындау.
Иоганн Генрих Песталоцци
/1746-1827/
''Лингард пен Гертруда''
шығармасында тәрбиенiң
адамгершiлiкке негiзделген
демократиялық идеяларын
дамытты.
Иоганн Гербарт /1776-1841/
Оқыту мен тәрбиенiң
психологиялық негiздерiн
жобалап бердi

11.

2. Педагогиканың арнайы ғылым-бiлiм саласына бөлiнiп шығуы және оның
көрнектi өкілдері
ХII ғ. мен ХIХ ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның
үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тəрбиелiк идеялардың
өрбiген заманы болды. Педагогикалық ойдың аса
кемелденген орталығы Ресейде К. Д. Ушинский (1824-1870), Н.
И. Пирогов (1810-1881), В. И. Водовозов (1825-1886), А. Ф.
Лесгафт (1837-1909), Л. Н. Толстой (1828-1910) жəне т. б.
Еңбектерi үлкен маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тəрбие мəселелерi Ы.
Алтынсарин, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, С. Асфандияров
сынды жəне т.б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың
еңбектерiнде өз көрiнiсiн тауып, бiздiң дəуiрiмiзге дейiн
жетiп, егемендi ел ұрпағын тəрбиелеуде таптырмас құралға
айналып отыр.

12.

Педагогика пәнi және зерттейтiн негiзгi
проблемалары
Педагогика адам дамуы
мен қалыптасуының
мəн-мағынасын зерттей
отырып, арнайы
ұйымдастырылған үрдiс
сипатындағы тəрбиенiң
теориясы мен əдiстерiн
айқындайды.
Педагогика тəрбие
теориясы мен əдiстемесiн
нақтылай отырып, жеке
адам дамуының астарлы,
тереңде жатқан тетiктерiн
жəне оның дайындығына
қоғам тарапынан
қойылған талаптар мен
əлеуметтiк сапаларға орай
арнайы ұйымдастырылған
қалыптасу процесiн
зерттейдi.

13.

Бақылау сұрақтары
Тəрбие қажеттiгi мен педагогикалық теорияның дамуына себепшi
болған қоғамдық-экономикалық объективтiк шарттар қандай?
Тəрбие жөнiндегi ғылым-педагогика атауы қалай келiп шықты
жəне ол қай кезеңде дербес ғылым саласына бөлiндi?
Адам тəрбиесiндегi сыртқы жəне iшкi ықпалдардың
рөлiн сипаттап берiңiз?
Педагогика ненi зерттейдi жəне қандай
проблемалармен шұғылданады?
Көрнектi тұрмыс деректерiн пайдалана отырып,
тəрбиенiң қоғамда жəне адам қалыптасуындағы
беделiнiң артуын түсiндiрiп берiңiз?

14.

THANK YOU
English     Русский Правила