Еркін экономикалық аймақ туралы ұғым
Еркін экономикалық аймақтағы шетелдік инвесторлар үшін қарастырылатын жеңілдіктер:
Еркін экономикалық аймақтар құрудағы қолайлы жағдайлар:
Еркін экономикалық аймақтың түрлері
Қазақстанның еркін экономикалық аймағы
Қазақстанның еркін экономикалық аймақтары
1.53M
Категория: ОбразованиеОбразование

Аймақтық экономика саясаты

1.

2. Еркін экономикалық аймақ туралы ұғым

ХХ
ғасырдың
2-жартысынан
бастап
халықаралық
экономикалық
қатынастың
ажырамас бөлігіне айналған еркін (арнайы)
экономикалық аймақтар (ЕЭА) құрылды.
Еркін экономикалық аймақ дегеніміз –
мемлекет аумағының өзге бөліктерінен
айрықша
болатын,
жеңілдіктерге
ие
шаруашылық әрекет режимі орнатылған аудан.
Олар сыртқа сауда анклавы болып табылады.

3. Еркін экономикалық аймақтағы шетелдік инвесторлар үшін қарастырылатын жеңілдіктер:

1.Қаржылық жеңілдіктер. ЕЭА-да компанияларға жер мен
өндірістік ғимараттарды жалдағанда, несие алуда,
коммуналдық төлемде жеңілдіктер жасалынады.
2.Сыртқы сауда жеңілдіктері. Компаниялар үшін сыртқы
сауда операцияларын жүзеге асыруда жеңілдіктер,
экспорттық-импорттық баж салықтарын төмендету немесе
тіпті бұл төлемдерден босату қарастырылған.
3.Салықтық жеңілдіктер. Салық жеңілдігі пайдаға, табысқа
және мүлікке салынатын салықтарды төмендетіп, кей
жағдайда мүлде алып тастау арқылы шетелдік қаржының
келуне мүмкіндіктер жасайды.
4.Әкімшілік жеңілдіктер. Бұл фирмаларды тіркеуде, шетел
азаматтарының елге келуі мен қайтуының режимдерін
реттеуде, фирмалар мен азаматтарды тіркеуде қызмет
көрсету тәртібіне жеңілдіктер енгізуді қамтиды.

4. Еркін экономикалық аймақтар құрудағы қолайлы жағдайлар:

1.Географиялық орынның қолайлығы (мемлекеттік
шекара, халықаралық көлік жолдарына жақын болуы);
2.Жетілген инфрақұрылымның болуы (қазіргі заманғы
электр, су, телекоммуникация, АКТ);
3.Әлеуметтік инфрақұрылымның болуы (стандартқа сай
келетін тұрғын үйлер, білім ошақтары, емхана, мәдени
және демалыс орындары т.б.);
4.Жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі (арзан да білікті
жұмыс күші);
5.Қаржылық қызмет көрсету (халықаралық деңгейдегі
қаржы орталықтары);
6.Заңнамалық негіздердің жасалуы

5. Еркін экономикалық аймақтың түрлері

1.Еркін сауда зоналары, еркін порттар, бажсыз
қоймалар;
2.Экспорттық өнеркәсіп зоналары;
3.Кешенді экономикалық зоналар;
4.Ғылыми-технологиялық зоналар;
5.Оффшорлық
орталықтар
мен
салық
аймақтары.

6. Қазақстанның еркін экономикалық аймағы

Қазақстандағы алғашқы ЕЭА 1991 ж. пайда болды: Жезқазған облысындағы
Жәйрем-Атасу,
Талдықорған
облысындағы
Жаркент,
Алакөл
және
„Талдықорғанвнештранс“ кәсіпорны, Қостанай облысындағы Лисаков қаласы және
Алматы қаласындағы „Атакент” еркін сауда аймақтары. Сондай-ақ, бірнеше облыс
(Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау) ЕЭА болып жарияланды.
Алайда алғашқы тәжірибе қызмет етудің құқықтық және ұйымдық механизмінің
жетілдірілмеуі салдарынан көзделген мақсатқа жетпеді, оларға қаржылық, салық
және басқа мәселелерді шешуде қажетті деңгейде дербестік берілмеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2823
„Қазақстан Республикасындағы арнаулы экономикалық аймақтар туралы“
Жарлығымен Қазақстанда тағы да 4 экспорттық-өндірістік тұрпаттағы ЕЭА
құрылды: Лисаков ЕЭА (Қостанай облысы, Лисаков қаласы); Қызылорда ЕЭА
(Қызылорда қаласы); Ақмола ЕЭА (Астана қаласы) және Жәйрем-Атасу ЕЭА
(Қарағанды облысында). ЕЭА-ны тек аймақтық проблема ретінде қарастыру
олардың ел экономикасын дамытудағы рөлін жете бағаламауға әкеліп соқтырды.
Әлемдік тәжірибе ЕЭА-лар дұрыс құрылған жағдайда өндірістің дағдарыс пен
құлдыраудан шығудың, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту арқылы
экон. тұрақтандырудың тиімді жолдарының бірі екенін көрсетеді. Ондай аймақтарда
кедендік және салық салудың, қаржыландырудың, баға мен валюта бағамының
ерекше тәртібі мен механизмдерін орнату әжептәуір қаржылық, материалдық,
техникалық және еңбек ресурстарын іске қосады.

7. Қазақстанның еркін экономикалық аймақтары

8.

Кез келген ұлттық экономика қалыптасқан өндіріс түрлерімен ерекшеленеді. Ал
өндіріс пен шаруашылық түрлері ел аумағында орналасқан. Тарихи түрде әрбір
елдің экономикасы белгілі бір халықтың жер аумағын игеруге, ондағы табиғат
жағдайына және ресурстарына байланысты болған.

9.

Аймақтық экономика – елдің жеке аймақтарының табиғи-экономикалық
жағдайларына байланысты өндіргіш күштердің орналасуы мен әлеуметтік экономикалық процестердің дамуы туралы ғылыми білім саласы.
“Регион” – латын тілінен аударғанда “аймақ” деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанның ұлттық экономикасында ХХ ғасырдың 60 -70 жылдарында
қолданыла бастаған.
Регион – табиғи ерекшеліктерімен анықталатын географиялық ұғым.
Регион (аймақ) - әлеметтік-экономикалық кеңістіктің біртұтастығы.
Аймақтық экономиканың ерекшеліктері:
*әкімшілік құрылымы
*әкімшілік-территориялық аумағы
*орналасқан өндіріс салалары
*шаруашылық түрлері
*инфрақұрылым жүйесі
*тұрғындар мекендері
*әкімшілік басқару объектілері
Аймақ экономикасының түпкі мақсаты – тұрғындардың тұрмыс деңгейін
тұрақтандыру, мүмкін болғанынша жоғарылату

10.

Шартты түрде оқшауланған ұдайы өндіріс жүйесі
Шартты түрде оқшауланған әлеуметтік –
экономикалық жүйе
Басқа аймақтармен байланыстағы экономикалық
жүйе

11.

Аймақтық экономиканың табысты қызмет атқаруы көбінде жергілікті
әкімшіліктің оңтайлы шешім қабылдауына байланысты, осы аймақтың
экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктері мен артықшылықтарына
сәкес экономикалық саясат жүргізуге тіреледі.
Аймақтық саясаттың іс шаралары
Қолдауды қажет ететін аймақтың шегін
анықтау
Әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуының концепциясын жасау
Аймақтық саясатты жүзеге асырушы
субъектілерге нақты міндеттер жүктеу

12.

Өндіріс секторын дамыту
негізінде – жұмыссыздық
деңгейін қысқарту,
тұрңындарды тұрақты
табыспен қамтамассыз ету.
Аймақтық тұрмыс
деңгейіндегі алшақтықты
жою.
Экономикасы жоғары дамыған
және экономикасы
жеткілікті дамымаған
аймақтарды индустрия
орталықтарына қосу арқылы
әл – ауқатты жақсарту.
Аймақтардың өзін – өзі
толық қаржыландыра
алуына ықпал жасау.
English     Русский Правила