Похожие презентации:
№2_8_4_2_1_өсімдік_пен_жануар_ұлпаларын_жіктеу (3)
1.
2.
Ынтымақтастық атмосферасы«Бірлік тізбегі»
Оқушылармен амандасады. «Бүгін біз зертханада бір
команда болып жұмыс істейміз. Жақсы командаға қандай
қасиет қажет?» деп сұрайды. Оқушылардың жауаптарын
«тыңдау – қолдау – көмектесу – жауапкершілік»
сөздерімен толықтырады.
Әр оқушы жанындағы оқушыға бір қысқа тілек
айтады: «Саған бүгін сәтті зерттеу тілеймін!»,
«Жауабыңды тыңдауға дайынмын!», «Бірге нәтижеге
жетейік!».
«Біздің ортақ ережеміз: Бірге зерттейміз → бір-бірімізді
тыңдаймыз → бірге қорытынды жасаймыз» дейді.
Құндылық:
Бірлік және ынтымақ – өзара қолдау,
пікірді құрметтеу және ортақ нәтижеге жауапкершілікпен
қатысу арқылы көрінеді.
3.
Үй тапсырмасын сұраусекунд»
«3 айырмашылық – 30
Өткен сабақтағы «Екі жасуша – 3 айырмашылық» үй
тапсырмасын ауызша тексереді. Экранға «Прокариот
Эукариот» ұғымдарын көрсетеді. Оқушыларға кезекпен 30
секунд ішінде бір айырмашылықтан айтуды ұсынады.
Бағыттаушы сұрақтар:
1. Ядросында қандай айырмашылық бар?
2. 2. ДНҚ қайда орналасады?
3. 3. Митохондрия қай жасушада болады?
Бір оқушының жауабын келесі оқушы қайталамай, жаңа
дерекпен толықтырады.
Құндылық:
Бірлік және ынтымақ – сыныптасының
жауабын мұқият тыңдап, ойын толықтырады.
4.
5.
6.
https://youtu.be/P5XisEXR0AU7.
Ұлпа: Өсімдік және Жануар ҰлпаларыҰлпа – шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі
ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың
жиынтығы. Көпжасушалы ағзаларда жасушалар белгілі
бір қызмет атқаруға маманданып, ұлпаларды түзеді.
Ұлпалардың құрылысы олардың атқаратын қызметіне
сәйкес бейімделген.
Өсімдік ұлпалары
Жануар ұлпалары
• Түзуші
• Эпителий
• Жабын
• Дәнекер
• Негізгі
• Бұлшықет
• Өткізгіш
• Жүйке
• Механикалық
• Бөліп шығарушы
8.
Өсімдік Ұлпаларының ЖіктелуіӨсімдік ұлпаларының әрқайсысы нақты орналасу орны мен маманданған қызметіне сай ерекше
құрылымға ие. Алты негізгі ұлпа түрі өсімдіктің тіршілік әрекетін жан-жақты қамтамасыз етеді.
Түзуші ұлпа
Жабын ұлпа
Жасушалары үнемі бөлініп, өсімдіктің өсуін
қамтамасыз етеді. Ұшар бүршіктерде және
тамыр ұшында орналасады.
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы
ортаның қолайсыз әсерінен — ыстық, суық,
зиянкестерден — қорғайды.
Негізгі ұлпа
Өткізгіш ұлпа
Фотосинтез, қор жинау және газ алмасу
қызметтерін атқарады. Жапырақта, сабақта
кеңінен таралған.
Өсімдік бойымен заттардың тасымалдануын
қамтамасыз етеді. Ксилема су мен
минералды тасиды, флоэма органикалық
заттарды тасиды.
Механикалық ұлпа
Бөліп шығарушы ұлпа
Өсімдік мүшелеріне беріктік пен тірек
береді, өсімдікті жел мен ауырлыққа қарсы
ұстайды.
Өсімдікке қажетті эфир майлары, шайыр,
нектар сияқты заттарды түзеді және бөліп
шығарады.
9.
Жануар Ұлпаларының ЖіктелуіЖануар ағзасында ұлпалардың төрт негізгі түрі болады.
Әрқайсысы ерекше жасушалық құрылымға және
маманданған қызметке ие.
Эпителий ұлпасы
Дененің сыртқы бетін қаптайды, ішкі мүшелер мен
қуыстарды астарлайды. Қызметі: қорғаныш, сіңіру,
секреция.
Дәнекер ұлпа
Мүшелерді байланыстырады. Түрлері: қан, сүйек,
шеміршек, май. Тірек, қорғаныш және тасымалдау
қызметтерін атқарады.
Бұлшықет ұлпасы
Жиырылуға қабілетті жасушалардан тұрады. Дене мен
мүшелердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы
Тітіркенуді қабылдап, жүйке импульстерін өткізеді.
Негізгі жасушасы – нейрон.
10.
№1 Зертханалық Жұмыс«Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу»
Мақсаты: өсімдік ұлпаларын құрылысы мен қызметіне қарай жіктеу.
1
Микропрепараттарды зерттеу
Өсімдік ұлпаларының микропрепараттарын немесе берілген үлгілерін мұқият
қарастырыңдар.
2
Ерекшеліктерді анықтау
Ұлпа жасушаларының құрылыс ерекшеліктері мен өсімдіктегі орналасу орнын
анықтаңдар.
3
Байланысты түсіндіру
Құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты талдап, ұлпа түрін анықтаңдар.
Қорытынды: өсімдік ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері олардың атқаратын қызметіне
сәйкес келеді.
11.
№2 Зертханалық Жұмыс«Жануарлардың ұлпаларын жіктеу»
Мақсаты: жануар ұлпаларын құрылыс ерекшеліктері мен қызметіне қарай төрт топқа жіктеу. Жасушалардың
пішініне, орналасуына және жасушааралық заттың мөлшеріне назар аударыңдар.
Эпителий
Дәнекер
Жабу, қорғау, сіңіру, секреция
Байланыстыру, тірек, тасымалдау, қорғау
Бұлшықет
Жүйке
Жиырылу, қозғалыс
Тітіркенуді қабылдау және жүйке импульсін өткізу
Жалпы қорытынды: өсімдік пен жануар ағзалары әртүрлі ұлпалардан тұрады; әр ұлпа өзінің
құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай жіктеледі. Құрылым мен қызмет бір-бірімен тығыз
байланысты.
12.
Жаңа білім«Ұлпаның биологиялық паспорты» – 2 балл
Оқулықтың §2 мәтіні және суреттерімен бағытталған жұмыс ұйымдастырады.
Тақтаға «ҰЛПА → ҚҰРЫЛЫСЫ → ҚЫЗМЕТІ → ТҮРІ» алгоритмін береді.
Алдымен оқулықтағы «Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі
бойынша ұқсас жасушалар тобы» анықтамасын тапқызады. Кейін өсімдіктерде 6
тип: түзуші, негізгі, жабын, механикалық, өткізгіш, бөліп шығарушы,
жануарларда 4 тип: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке бар екенін анықтатады.
Тапсырма: ① өсімдік ұлпаларының 6 түрін анықта; ② жануар ұлпаларының 4
түрін анықта; ③ әр топтан бір ұлпаны таңдап, оның қызметін айт.
Саралау: атауын тану → жіктеу → қызметімен байланыстыру.
Құндылық:
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік – ғылыми мәтіннен нақты
ақпаратты іріктеп, терминдерді дұрыс қолданады.
13.
14.
15.
16.
Жауабы:жасушалардың пішіні
жасушалардың орналасуы
жасушааралық кеңістік
жасушаның түсі ғана
пластидтердің болуы
вакуольдің болуы
Дескриптор: ұлпаларды ажыратуға қажетті құрылымдық
белгілерді дұрыс анықтайды — 1 балл.
17.
18.
19.
20.
21.
22.
5-тапсырма. «Ұлпа SOS» — жауабыSOS-1:
Өткізгіш ұлпа
Дәлел: өткізгіш ұлпа тамырдан жапыраққа су мен
минералды заттарды тасымалдайды.
SOS-2:
Бұлшық ет ұлпасы
Дәлел: бұлшық ет ұлпасы жиырылып-босаңсу арқылы
қозғалысты қамтамасыз етеді.
Бағалау: 1 балл — екі жағдайда да ұлпа түрін дұрыс
анықтайды.