Похожие презентации:
6.1.3.1
1.
ТРЕНИНГ«Әріптер әлемі»
Нұсқау. «Материк» Осы сөздегі әріптерді пайдаланып
барынша көп географиялық сөз құрау қажет
МАТЕРИК
2.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ«БЛИЦ» әдісі
Оқушылар ЖИ мүмкіншілігі арқылы жасалынған «блиц» әдісі арқылы өткенге шолу жасайды
Geo_aqparat.kz - 6.1.3.1
Дескриптор
Жалпы – 2 балл
-Зерттеу сұрағына сәйкес тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды дұрыс анықтайды – 1
балл;
-Зерттеу барысындағы басқарылатын (тұрақты) айнымалыларды дұрыс ажыратады –
1 балл.
3.
«АДАЛ АЗАМАТ»бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған
нақты мысал келтіріледі.
«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» дәйексөзі
Ұлжанның мейірімі — жан дүниені байытатын
рухани тірек
Бәйбіше Ұлжан – ақылды, байсалды, әзіл-оспаққа
ұста, әділ әрі жұмсақ мінезді жан. Ол шаңырақтың
ішкі берекесі мен жылулығының ұйытқысы
болды.
Жүрек жылуы: Құнанбайдың қаталдығынан
қаймыққан немесе өмірден әділетсіздік көрген
сәттерде Абай анасының кең құшағына, жылы
сөзіне сүйенді. Ұлжанның парасаты мен
адамгершілігі Абайдың жан дүниесіне ізгілік
нұрын септі.
Халық қазынасына баулу: Ұлжан арқылы Абай
қазақ халқының ауыз әдебиетін, шешендік өнерін,
ана тілінің байлығын бойына сіңірді. Ана мейірімі
баланың жүрегіне мерімділік, эмпатия және
халыққа деген сүйіспеншілік ұялатты.
4.
ЖАҢА САБАҚ«КІЛТТІК СӨЗДЕРІ» әдісі
Оқушылар тақырыпқа байланысты негізгі кілттік
сөздерді атайды. Оқушылар сабақтың тақырыбын
анықтайды
❖ Зерттеу
❖ Қауіпсіздік ережелері
Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
5.
Сабақтың тақырыбыЗерттеуді жоспарлау және жүргізу
Оқу
бағдарламасына 6.1.3.1 қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жоспар
сәйкес
оқыту бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу
мақсаттары:
Сабақтың мақсаты
Зерттеу жұмысы кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін
біледі және дайын алгоритм бойынша тәжірибенің
қарапайым қадамдарын орындайды.
ЕББҚ: Мұғалімнің қолдауымен немесе көрнекі суреттер
арқылы негізгі қауіпсіздік ережелерін атайды және зерттеу
жоспарындағы ең оңай 1-2 қадамды орындайды.
6.
МАҒЫНАНЫ ТАНУ«ТҮРТІП АЛУ» әдісі
Бейнеролик: Зерттеуді жоспарлау және қауіпсіздік ережелері
❖ Зерттеуді жоспарлауда нені ескеру қажет?
❖ Зерттеуді жоспарлауда қандай қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет?
https://youtu.be/RwSHr0vcCVw
7.
№1. ТАПСЫРМА«ЛОГИКАЛЫҚ ТІЗБЕК» әдісі
(ЖТ) Жеке тапсырма
(функционалдық сауаттылық тапсырмасы)
Оқушылар ЖИ мүмкіншілігі арқылы жасалынған «логикалық тізбек» әдісі арқылы зерттеуді жоспарлаудың дұрыс
алгоритмін құрастырады
Geo_aqparat.kz - 6.1.3.1
❖ Зерттеу нысандары
❖ Әдебиетке шолу жасау
❖ Зерттеу міндеттерін анықтау
❖ Қорытындылар
❖ Теориялық зерттеу
❖ Ғылыми зерттеудің мақсаты
❖ Эксперимент
❖ Зерттеу тақырыбының өзектілігі
❖ Нәтижелерге талдау жасау
❖ Зерттеу пәні
❖ Зерттеудің ғылыми жаңалығы
❖ Болжам жасау
Дескриптор
Жалпы – 3 балл
-Зерттеудің кіріспе бөлімдерінің (өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны
мен пәні) логикалық реттілігін дұрыс орналастырады – 1 балл;
-Негізгі теориялық кезеңдердің (болжам жасау, жаңалығын анықтау,
әдебиетке шолу, теориялық зерттеу) ретін дәл табады – 1 балл;
-Жұмыстың қорытындылау кезеңдерін (эксперимент, талдау, қорытынды)
қатесіз сәйкестендіреді – 1 балл.
8.
ҚЫЗЫҚ ЕКЕНОқушыларға тақырыпқа байланысты қызықты информация беріледі
❖ Зертханалық қондырғылар 220 В және 310 В кернеулік токпен жұмыс істейді. Адам
ағзасының шамамен 70%-ы судан тұратындықтан, денеміз токты өте жақсы өткізеді.
Сондықтан электр тізбегін қосатын және ажырататын құрылғыға дымқыл қолмен
жақындауға қатаң тыйым салынады.
❖ Көзді қорғайтын арнайы көзілдіріктер тарихи қайғылы оқиғалардан кейін ғана міндетті
талапқа айналды. Газ жанарғысын ойлап тапқан әйгілі ғалым Роберт Бунзен
зертханадағы жарылыс кезінде қорғаныс құралын тақпағандықтан, бір көзінен
айырылған. Содан бастап көзге арналған қорғаныш тәжірибенің ажырамас бөлігі
болды.
❖ Төтенше жағдай кезіндегі 112 құтқару қызметінің нөмірі арнайы алгоритммен жұмыс
істейді. Ұялы телефонда сим-карта болмаса да, теңгерімде қаражат бітсе де немесе
экран бұғатталып тұрса да, бұл нөмір кез келген қолжетімді ұялы байланыс
операторының мұнарасы арқылы сигнал жібере алады.
9.
№2. ТАПСЫРМА«КВИНТИЛИАННЫҢ 7 СҰРАҒЫ» әдісі
(ЖТ)Жеке жұмыс
(функционалдық сауаттылық тапсырмасы)
Оқушылар ЖИ ассистенттің көмегімен «Квинтилианның 7 сұрағы» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы
тапсырманы орындайды
Зерттеу сұрағы: «Жергілікті аумақтағы ауыз су тапшылығы» мәселесін талдап, зерттеу жобасын орындаңыз
Квинтилиан
сұрағы
Кім?
Зерттеудегі мағынасы
Не?
Нысан (Нақты қандай құбылыс немесе зат зерттеледі?)
Қайда?
Қашан?
Немен?
Орны (Зерттеу қай аумақта немесе жерде жүргізіледі?)
Уақыты (Мәселе қай уақыт аралығын қамтиды?)
Құралы (Қандай құрал-жабдық, ресурс немесе дереккөздер керек?)
Қалай?
Неге?
Әдісі (Зерттеу қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асады?)
Себебі / Мақсаты (Бұл зерттеуді жүргізудің түпкі мақсаты не?)
Субъект (Мәселе кімдерге қатысты немесе оны кім зерттейді?)
Geo_aqparat.kz - 6.1.3.1 2 тапсырма
Тақырыпқа бейімделген
жауабыңыз
10.
№3. ТАПСЫРМА«ЭССЕ» әдісі
(ЖТ)Жеке жұмыс
(ФС тапсырмасы)
Оқушылар тақырыпқа байланысты эссе жазу арқылы тақырыпты бекітеді
Тақырыбы: «Қауіпсіздік ережесі — табысты тәжірибенің кепілі»
Бағалау критерийі: Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік
техникасы ережелерінің маңыздылығын талдайды және оның
салдарларын бағалай отырып, өз ойын эссе түрінде жүйелі түрде
жеткізеді.
Дескриптор
Жалпы – 2 балл
-Зерттеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын және оны
бұзудың ықтимал салдарларын талдай отырып сипаттайды – 1 балл;
-Эссе құрылымын (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақтай отырып, өз ойын
жүйелі әрі нақты мысалдармен жеткізеді – 1 балл.
11.
Кері байланыс«ҚҚҚ» әдісі
Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгендігі жөнінде қққ әдісі арқылы
қорытындылайды
❖ Құнды
❖ Қиын
❖ Қызық
Geo_aqparat.kz - "Бағалау шкаласы" әдісі