Похожие презентации:
Географиялық деректерді өңдеу және талдау
1.
ТРЕНИНГ«Әріптер әлемі»
Нұсқау. «Материк» Осы сөздегі әріптерді пайдаланып
барынша көп географиялық сөз құрау қажет
МАТЕРИК
2.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ«БЛИЦ» әдісі
Оқушылар ЖИ мүмкіншілігі арқылы жасалынған «блиц» әдісі арқылы өткенге шолу жасайды
Geo_aqparat.kz - 8.1.1.4
Дескриптор
Жалпы – 2 балл
-Далалық зерттеу әдісіне қатысты қойылған сұрақтардың мәнін түсініп, дұрыс жауап береді —
1 балл.
-Картографиялық зерттеу әдісіне қатысты қойылған сұрақтардың мәнін түсініп, дұрыс жауап
береді — 1 балл.
3.
«АДАЛ АЗАМАТ»бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған
нақты мысал келтіріледі.
«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» дәйексөзі
Ұлжанның мейірімі — жан дүниені байытатын
рухани тірек
Бәйбіше Ұлжан – ақылды, байсалды, әзіл-оспаққа
ұста, әділ әрі жұмсақ мінезді жан. Ол шаңырақтың
ішкі берекесі мен жылулығының ұйытқысы
болды.
Жүрек жылуы: Құнанбайдың қаталдығынан
қаймыққан немесе өмірден әділетсіздік көрген
сәттерде Абай анасының кең құшағына, жылы
сөзіне сүйенді. Ұлжанның парасаты мен
адамгершілігі Абайдың жан дүниесіне ізгілік
нұрын септі.
Халық қазынасына баулу: Ұлжан арқылы Абай
қазақ халқының ауыз әдебиетін, шешендік өнерін,
ана тілінің байлығын бойына сіңірді. Ана мейірімі
баланың жүрегіне мерімділік, эмпатия және
халыққа деген сүйіспеншілік ұялатты.
4.
ЖАҢА САБАҚ«КІЛТТІК СӨЗДЕРІ» әдісі
Оқушылар тақырыпқа байланысты негізгі кілттік
сөздерді атайды. Оқушылар сабақтың тақырыбын
анықтайды
✓ Сандық деректер
✓ Сапалық деректер
Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
5.
Сабақтың тақырыбыГеографиялық деректерді өңдеу және талдау
Оқу
бағдарламасына 8. 1. 1. 4 қазақстандық компонентті қосымша қамтумен
сәйкес
оқыту сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп,
мақсаттары:
талдайды
Сабақтың мақсаты
Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеу мен
талдау
дағдыларын
қалыптастыру,
қазақстандық
компонентті қосымша қамту арқылы өлкетанулық
материалдарды зерттеу тәсілдерін меңгерту. ЕББҚ:
Қазақстанның географиялық нысандары туралы дайын
сандық және сапалық деректерді (карта, кесте) қолданып,
қарапайым талдау жасауды үйрену.
6.
МАҒЫНАНЫ ТАНУ«ТҮРТІП АЛУ» әдісі
Бейнеролик: Географиялық деректерді өңдеу және талдау
❖ Географиядағы сандық әдістерге мысал келтіріңіздер?
❖ Географиядағы сапалық әдістерге мысал келтіріңіздер?
https://youtu.be/6b2lGelKm_E
7.
Географиялық деректер сипатына қарайГеографиялық нысандарды,
үдерістер мен құбылыстарды дәл
сипаттап, олардың өлшемдері,
ауқымдары, мерзімдері және т.б
туралы нақты мәлімет береді –
Сандық деректер
Зерттелетін нысанның
сипаттамасы жасалып,
түсіндірме берілетін әдіс –
Сапалық өңдеу
Сандық деректер берілген сипаттама
Сандық деректерсіз берілген сипаттама
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы – жер Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы – жер
қыртысы. Оның орташа қалыңдығы қыртысы. Ол мұхиттар астында жұқа
мұхиттар астында 5 – 10 км, материктерде болады, материктерде одан қалыңырақ, ал
35 – 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км биік таулы аудандарда өте қалың болады
– ге дейін жетеді
8.
9.
№1. ТАПСЫРМА«ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА» әдісі
(ТЖ) Топтық жұмыс
(функционалдық сауаттылық тапсырмасы)
Оқушылар «интерактивті карта» әдісі арқылы Сарыарқа, Мұғалжар және Алтай таулары туралы
ақпараттарды сандық және сапалық деректерге жіктеп климатограмма жасайды
І.Топ. Сарыарқа
ІІ.Топ. Алтай
ІІІ.Топ. Мұғалжар
Тапсырма:
Оқушылар нысандар туралы сандық
және сапалық деректерді талдап кестеге
толтырады
Климатограммаға қажет мәліметтер
❖ Қардың қалыңдығы;
❖ Орташа жауын – шашын мөлшері;
❖ Орташа температура;
Нысандары
Сандық
деректер
Сапалық
деректер
Сарыарқа
Алтай
Мұғалжар
Geo_aqparat.kz - 8.1.1.4
Климатограмма
10.
№2. ТАПСЫРМА«КЕЙС» әдісі
(ЖТ)Жеке жұмыс
(функционалдық сауаттылық тапсырмасы)
Оқушылар «кейс» әдісі арқылы Қазақстанның физикалық географиясына байланысты сандық және сапалық
ақпараттарды талдап жіктейді
Слайд 11
Сандық деректер
Суреттер үлкейтіледі
Сапалық деректер
Дескриптор
Жалпы – 3 балл
-Мәтіннен географиялық нысандардың сандық деректерін
(ауданы, ұзындығы, биіктігі, қашықтығы) дұрыс тауып
жазады — 1 балл.
-Мәтіннен
географиялық
нысандардың
сапалық
деректерін (табиғи сипаттамасы, ландшафт ерекшелігі)
дұрыс анықтап кестеге енгізеді — 1 балл.
-Барлық
ақпаратты
сандық
және
сапалық
категорияларға қатесіз жіктеп, толық талдау жасайды
— 1 балл.
11.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталығында орналасқан, аумағы бойынша әлемде 9-шыорынды алады. Елдің жалпы жер көлемі 2,72 миллион шаршы километрді құрайды. Бұл кеңістік
батыстан шығысқа қарай 3000 километрге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1650 километрге созылып
жатыр (сапалық сипаттама: өлкенің ландшафтық құрылымы өте алуан түрлі, онда жазықтар, шөлдер,
шөлейттер, орманды стептер және биік таулар бір-бірін алмастырады).Республиканың жер бедері батысы
мен солтүстігінде негізінен жазықты келсе, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерін асқақ тау жүйелері
алып жатыр. Елдегі ең биік нүкте — Тянь-Шань тау жүйесіндегі Хан Тәңірі шыңы, оның абсолютті
биіктігі 6995 метрге жетеді. Ал ең төменгі және терең нүктесі — Маңғыстау облысындағы Қарақия
ойысы, ол мұхит деңгейінен -132 метр төмен орналасқан (сапалық сипаттама: бұл жер қабығының терең
түсіңкіреген, табиғи жағдайы қатал, қуаң және тұзды қазаншұңқыр болып табылады).Ел аумағының
едәуір бөлігін Сарыарқа мен Мұғалжар сияқты көне таулар мен ұсақ шоқылар алып жатыр. Мұғалжар
тауы Орал тауының оңтүстік жалғасы болып табылады және оның батыс беткейлерінен Жем өзені бастау
алады.Гидрографиялық жүйесіне тоқталсақ, Қазақстанда шамамен 85 мыңға жуық өзен бар, бірақ
олардың басым бөлігі ұзындығы 10 километрден аспайтын шағын өзендер. Елдегі ең ірі әрі ұзын өзен —
Ертіс, оның жалпы ұзындығы 4248 километрді құрайды (оның ішінде 1700 километрі Қазақстан
аумағынан өтеді). Басқа да ірі өзендер қатарына Сырдария (2212 км), Жайық (2428 км) және Іле жатады.
Өзендердің қоректенуі мен су режимі әр түрлі: солтүстік және шығыс өзендері негізінен қар мен мұздық
суларынан мол су алса, оңтүстік және орталық аймақтардағы өзендердің суы азайып, кейбірі жазда
арнасынан тартылып қалады (сапалық сипаттама: ағысы баяу немесе таулы өңірлерде буырқанып ағатын
жазықтық-таулық сипатқа ие). Ел аумағындағы Каспий және Арал теңіздері, сондай-ақ Балқаш, Алакөл
сияқты көлдер бірегей тұйық су бассейндерін құрайды.
12.
№3. ТАПСЫРМА«РАНГКЕ ЖІКТЕУ» әдісі
(ЖТ)Жеке жұмыс
(ФС тапсырмасы)
Оқушылар ЖИ мүмкіншілігі арқылы жасалынған формула арқылы Қазақстан өңірлерінің халық санын рангтерге
жіктейді
Формула: X = (max - min) / 3
Geo_aqparat.kz - 8.1.1.4 №3Тапсырма
Дескриптор. Жалпы – 2 балл
-Рангтерге жіктеу формуласын дұрыс қолданып, ең жоғары және ең төменгі көрсеткіштер арқылы
интервалды (X) қатесіз есептейді — 1 балл.
-Алынған интервал мәніне сүйене отырып, өңірлерді тиісті топтарға бөліп, рангтерге дұрыс жіктейді —
1 балл.
13.
Кері байланыс«ҚҚҚ» әдісі
Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгендігі жөнінде қққ әдісі арқылы
қорытындылайды
❖ Құнды
❖ Қиын
❖ Қызық
Geo_aqparat.kz - "Бағалау шкаласы" әдісі
География