Дәріс 1: Кіріспе. «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» ғылым ретіндегі анықтамасы, түсінігі, мақсаты және міндеттері
Экология ғылымының анықтамасы
Еңбек қауіпсізідігі жөнінде стандарттар жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2.51M
Категория: ЭкологияЭкология

Экология 1 дәріс

1. Дәріс 1: Кіріспе. «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» ғылым ретіндегі анықтамасы, түсінігі, мақсаты және міндеттері

Дайындаған: аға оқытушы, Турсбекова Г.Ж.

2.

Экология (Oikos – тұрғын үй; logos – ілім) терминін ғылымға 1866
жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экология – қоршаған
орта туралы ғылым. Экологияның бөлімдері:
Биоэкология
Геоэкология
Әлеуметтік экология
Қолданбалы экология
Биоэкология
Аутэкология –особь пен қоршаған орта ара қатынасын зерттейді.
Демэкология – популяциялар экологиясы.
Синэкология – бірлестіктер экологиясы.
Барлық организмдер қоректік жағынан атқаратын функцияларына
байланысты үлкен үш топқа бөлінеді:
продуценттер
консументтер
редуценттер

3. Экология ғылымының анықтамасы

Экология — тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара
байланысын зерттейтін ғылым. «Экология» термині гректің oikos — «үй», «мекен»
және logos — «ғылым», «ілім» деген сөздерінен шыққан. Демек, экологияны тірі
ағзалардың табиғи мекені туралы ғылым деп түсіндіруге болады.
«Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологі Эрнст Геккель енгізген. Ол
экологияны тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін
биология саласы ретінде қарастырды. Қазіргі уақытта экологияның зерттеу аясы
кеңейіп, ол табиғи жүйелермен қатар адамның шаруашылық қызметінің
қоршаған ортаға әсерін де зерттейтін кешенді ғылымға айналды.
Экология биология, география, химия, физика, медицина, экономика,
әлеуметтану және құқық салаларымен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі
экология тек табиғат туралы ғылым емес, адам мен қоғамның тұрақты дамуын
қамтамасыз ететін маңызды ғылыми бағыт болып саналады.

4.

5.

6.

7.

8.

Продуценттер – біріншілік продукцияны өндірушілер (жасыл
өсімдіктер), өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар
есебінен құратын автотрофты организмдер. Олар өздерінің
тіршілік етуіне қажетті органикалық заттарды Күн сәулесін
пайдаланып, бейорганикалық заттардан фотосинтез
реакциялары арқылы, өздігінен өндіре алатын организмдер.
Консументтер – бұлар гетеротрофты организмдер,
продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық
заттармен қоректенеді. Консументтерге барлық жануарлар
жатады. Консументтер бірінші және екінші реттік болып
бөлінеді:
бірінші реттік консументтер – тек қана өсімдіктермен
қоректенетін жануарлар
екінші реттік консументтер – жануарлармен қоректенетін
организмдер, жыртқыштар.

9.

Редуценттер – ыдыратушылар, өлі органикалық заттармен
қоректенеді, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық
қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы азот, минералды
элементтер және көмір қышқыл газы экосистемаға кайтарылып
шығарылады.
Барлық тірі организмдердің жиынтығы биоценоз деп аталады.
Биоценоз:
Өсімдіктер;
Жануарлар;
Микроорганизмдер.
Биотоп (экотоп) – қоршаған орта. Биотоп:
Атмосфера;
Гидросфера;
Литосфера.
Биогеоценоз - жер бетіндегі (құрлықтағы) бірлестік. Терминді
ғылымға енгізген орыс ғалымы В.Н.Сукачев(1880-1967).
Биогеоценоз = биоценоз + биотоп. Биогеоценоз, яғни биосфера екі
құрамдас бөліктен тұрады:
Абиотикалық (биотоп);
Биотикалық (биоценоз)

10.

Экосистема – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас
ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесетін тірі организмдер мен
қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Терминді ғылымға 1935 жылы
ағылшын ғалымы А.Тенсли енгізген. Экосистеманың түрлері:
◼ Құрлық экосистемалары
◼ Тұщы сулар экосистемалары
◼ Теңіз экосистемалары
Биогеоценоз - экосистеманың бір бөлігі. Құрлық экосистемалары:
◼ Тундра
◼ Тайга
◼ Орманды дала
◼ Дала
◼ Шөлейттер, шөлдер
◼ Тропикалық ормандар
Тұщы су экосистемалары:
◼ Көлдер
◼ Өзендер
◼ Тоғандар
◼ Бұлақтар
◼ Батпақтар
Теңіз экосистемалары:
◼ Теңіздер
◼ Ашық мұхит
Экосистеманың қасиеттері:
◼ Өнімділігі
◼ Тұрақтылығы
◼ Сукцессия
◼ климакс

11.

Экосистеманың негізгі экологиялық көрсеткіштері
тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге
және өздігінен реттелуге қабылеті бар. Осы
қабілетті экосистеманың гомеостазы деп атайды.
Белгілі уақыт бірлігінде экосистемада биомассаның
өсуі. Белгілі уақыт бірлігінде продуценттердің
түзген биомассасы бірінші реттік өнімділік деп
аталады. Белгілі уақыт бірлігінде консументтердің
түзген биомассасы екінші реттік өнімділік деп
аталады.
Экосистеманың сыртқы әсерлерден туатын
өзгерістерге төтеп беріп, бұрынғы қалпына келіп
отыру қабілетін - экосистеманың тұрақтылығы деп
атайды. Бір биогеоценоздың (бірлестіктің) басқа
биогеоценозбен алмасуын экологиялық сукцессия
деп атайды.

12.

Белгілі бір особь өзі сияқты особьтардың
ортасында болатын, белгілі бір территорияны
мекендейтін
бір түрді
популяция (халық) деп
атайды. Барлық тірі организмдер тек популяция
түрінде өмір сүреді. Популяция – бір кеңістікті
мекендейтін, бір түрге жататын особьтардың
жиынтығы. Жеке популяциялардың өмір сүру
заңдылықтарын, оның сыртқы және ішкі әсерлерден
өзгеруін демэкология зерттейді. Бірге өмір сүретін
популяциялардың жиынтығы биоценозды құрайды.
Популяцияның берілген уақыттағы жағдайын
оның
– саны, тығыздығы
көрсеткіштері
сипаттайды. Динамикалық көрсеткіштеріне туылу,
өлім, популяция өсімі және дамуы жатады.
Популяцияның динамикасы – оның негізгі
биологиялық көрсеткіштерінің уақыт бойынша
өзгеруі

13.

• Қәзіргі экология ғылымының зерттеу жұмыстары – табиғатты тікелей
бақылау және бір жүйеге келтіру, тәжірбие және модельдеу
жұмыстарын үйлестіру негізінде жүргізіледі. Тұрлі зерттеулер және
алға қойылған қажетті мәселелерді шешу, әр түрлі экологиялық
әдістерді қолдануды қажет етеді.
• Кез келген экологиялық зерттеулердің қажетті бөлігінің бірі – ол
мәліметтерді тіркеу әдістері және қоршаған ортаның жағдайын
бағалау. Бұларға метеорогиялық бақылаулар: температураны өлшеу,
су мөлдірлігін, тұздылығын және химиялық құрамын анықтау,
топырақтың радиациялық фонын, химиялық және бактериялық
ластану және т.б. жатады. Бұл зерттеулерді жүргізу үшін эколог
қажетті. Сезімтал приборларды және жетілдірілдеген әдістерді
меңгеруі тиіс және сол жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.

14.

Қазіргі кезде физика-химиялық және химиялық экспрес анализдер,
оларды отырып бақылауда және олардың нәтижелерін компьютерлік
өңдеуге ең кейінгі жаңа әдістер жан-жақты қолдануда және жанжақты ақпарат таратуда.
Өсімдіктердің, жануарлардың және организмдердің сандық есептері
және биомассаларды бағдарлау әдістері, биологиялық экологиялық
зерттеу әдістемелерінің негізгі болып табылатын жүйе.
Осы жүйелерді дер кезінде қабарлап, таратып, көбейтіп отыру
қажет.бұл жағдайлар белгілі бір аумақтағы, судағы немесе
топырақтағы жануарларға есеп жүргізіп, оларды ұстап және белгілер
салып, олардың сандық өсу динамикасын, көбеюін зерттеу,
экологиялық демографиялық әдістерін игеруді қажет етті. Бұлардың
бәрі дер кезінде ақпаратпен қамтамасыз ету экосистеманы басқару
үшін, түрлі организмдердің құрып кетпеуіне және олардың әрі түрлі
биологиялық түрлерін сақтауға мүмкіншілік береді.

15.

Экологиялық қажетті әдістердің бірі, орта факторларының
организмдердің тіршілік әрекетіне әсерін зерттеу. әр түрлі күрделі
және ұзақ байқаулар жүргізу, ал көпшілігінде лаборатория жағдайында, белгігі мөлшердегі қажетті факторлардың өсімдіктерге
немесе жануарларға әсерін қарас-тырып, осы алынған нәтижелердің
адам экологиясына қажеттілігін анықтау. Осындай әдістермен
оптималды немесе шектік жағдайлар анықталады. Мысалы, осындай
тәжірбие реттіндегі зерттеу әдістерімен, химиялық қосылыстардың
зияны жоқ жоғарғы концентрациясы анықталды.
Кеінгі жылдары, өте қуатты жаңа компьютерлерді жаңа
программаларды қолдана отырып, әр түрлі күрделі экологиялық
мәселелерді шешуге болады. Сондықтан да бұл істеліп жатқан әр
түрлі әдістермен тәсілдері қолдана отырып қоршаған ортаға
тигізетін зиянды әрі тиімді жағдайларын алып отырамыз. Ол алған
ақпараттарды халыққа таратып, көбейтіп, жинастыру қажет етеді.
Сондықтан да, қазіргі қарастыратын мәселелеріміз сол ақпаратпен
қалай қамтамасыз ету екені туралы.

16.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
басқаруды, бақылау мен қадағалауды:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- Қазақстан Респуликасының еңбек жөніндегі уәкілеті мемлекеттік
органының мемлекеттік еңбек инспекциясы және өзгеде мемлекеттік
органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің негізгі бағыттарына келесілер
жатады:
- еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілерін әзірлеу және оларды
қабылдау;
- еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде мемлекеттік
бағдарламаларды әзірлеу;
- еңбекті қорғау жөнінде мамандарды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру және т.б.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
- ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің құқықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және
шағымдарын қарау болып табылады.

17.

Еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласындағы қадағалау мен
бақылаудың мақсаты – өндірісте еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау
заңдарының барлық талаптарын орындау болып табылады.
Мемлекеттік қадағалау.
Ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақталуын
мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге
асырады. Олар Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің облыстық Департаментінің
құрамында болады. Бұл органның негізгі функциясы болып еңбек
жағдайларын жақсарту жұмыстарын үйлестіру болып табылады.
Ішкі қадағалау.
Барлық кәсіпорындарда еңбекті қорғау мәселелерін шешу
жауапкершілігі олардың бірінші басшылығына жүктеледі. Сондықтан
еңбекті қорғау талаптарын сақтау мақсатында жұмыс беруші еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Ішкі бақылаудың
мақсаты - жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөнінде белгіленген талаптарын орындау болып табылады. Бұл қызмет
өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

18. Еңбек қауіпсізідігі жөнінде стандарттар жүйесі

Қазақстан Республикасының стандарттар жүйесінің
ұйымдастыру құрылымы төмендегідей:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі уәкілеттік орган, олардың аймақтық
бөлімшелері мен уәкілетке қарайтын кәсіпорындар;
2) стандарттау саласындағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару органдары;
3) жеке және заңды тұлғалар, сол сияқты
техникалық комитеттер, стандарттау бойынша
эксперт-аудиторлар;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарттар қоры;

19.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті құжатына
жататындар:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
- технико-экономикалық ақпараттарының мемлекеттік топтасуы;
- мемлекетаралық стандарттар – МАСТ, технико-экономикалық
ақпарттар топтасуы, ережелер, нұсқкаулар, методикалық нұсқаулар
және стандартизация бойынша кепілдемелер;
- ғылыми-техникалық стандарттар, инженерлік қоғамдар және
басқа да қоғамдық бірлестіктер;
- кепілдемелер;
- фирмалық стандарттар;
- техникалық жағдайлар;
- салалық стандарттар.

20. Қорытынды

«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» — табиғаттың жағдайын, адамның
қоршаған ортамен байланысын және әртүрлі қауіптерден қорғану
жолдарын зерттейтін кешенді пән. Оның басты мақсаты — табиғи ортаны
сақтау, адам денсаулығын қорғау және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын
қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде экологиялық білім мен қауіпсіздік ережелерін меңгеру
әрбір маман үшін маңызды. Себебі адамның кәсіби және күнделікті
қызметі қоршаған ортаға әсер етеді, ал табиғи ортаның жағдайы
адамның өмір сапасы мен денсаулығын анықтайды. Сондықтан табиғатты
қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және қауіпсіздік талаптарын
сақтау — бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

21.

Бақылау сұрақтары:
•Экология ғылымы нені зерттейді?
•«Экология» терминін ғылымға кім және қай жылы енгізді?
•Экологияның негізгі зерттеу нысандарын атаңыз.
•Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?
•Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз не?
•Қауіп пен тәуекел ұғымдарының айырмашылығы қандай?
•Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?
•Табиғи және техногендік қауіптерге мысал келтіріңіз.
•Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерді атаңыз.
•Экологиялық мәдениет адамның қандай әрекеттерінен көрінеді?

22. Пайдаланылған әдебиеттер

1.Закон РК «Об охране окружающей среды». -Алматы:, 1997 г.
2. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. Л.:Гидрометеоиздат, 1984.
3. Руководство по контролю загрязнения атмосферы. -М.: Госкомгидромет
СССР, 1991.-191 с.
4. Назаров И.И. и др. Основы дистанционных методов мониторинга
загрязнения природной среды.-Л.: Гидрометеоиздат, 1983.
5. Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт
экологического мониторинга. -М.:Наука, 1983.
6.Əдістемелік нұсқаулар (Алматы: ҚазҰТУ): Ауаны ластаушы заттардан
қорғау/Қазова А.М. және т.б.(2002); Топырақ ресурстарының күйіне көлік
жүйесінің обьектілерінің әсері/Ақбасова А.Д. және т.б. (2005).
English     Русский Правила