Похожие презентации:
ГОГ 4-лек
1.
4-дәріс. ЭНДОГЕНДІК (ҚҰРЫЛЫМДЫҚ –ТЕКТОНИКАЛЫҚ) ПРОЦЕСТЕР. ЖЕРСІЛКІНУ.
• Жоспары:
1. Эндогендік процестер туралы түсінік
2. Жерсілкіну
3. Жер бедері пішіндері
2.
1.Жердің беті ешқашан тыныштық қалпында болмайды. Жер бетінің бірбөлігі баяу көтеріледі де, басқа бөлігі баяу ойысып, төмен түседі, ал үшінші
жерде қарқынды қатпарлы процестер жүріп жатады. Тектоникалық
қозғалыстардың негізгі қайнар көздері – жер айналуының механикалық
энергиясы, радиоактивтік заттардың ыдырауы, гравитациялық (ауырлық
күші) энергия жəне жер қойнауындағы жылу ағындары мен əр түрлі
физикалық-химиялық процестердің қуаты.
Осы аталған табиғи күштердің əрекетінен таулар құрылуы, жанартау
атқылауы жəне жер сілкіну процестері бастау алады. Жер қыртысының
көтеріле дамуы барысында ірі континенттік массивтер құрылады, ал төмен
ойысқан кезінде мұхит жəне теңіз қазаншұңқырлары түзіледі. Құрлықтың
төмендеуінен трангрессия (теңіздер мен мұхиттар аймағы-ның ұлғаюы), ал
көтеріле дамуына байланысты регрессия (құрлық аймағының ұлғаюы) жəне
теңіздердің кейін шегіну құбылыстары туындайды. Өзендердің, көлдердің
жəне теңіздердің терраса кешендерінің пайда болуы жер қыртысының
тербелмелі тектоникалық қозғалыстарына байланысты.
3.
• Эндогендік процестер деп жердің ішкі энергиясына, ауырлықкүшіне жəне Жер айналған кезде пайда болатын күштерге
байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер.
Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, əр
түрлі химиялық реакциялар жəне жер қыртысының астындағы
массалардың өзгеруі жəне т.б. жатады.
• Эндогендік
процестер
тектоникалық
қозғалыстар
(жер
қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің
ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм
процестері (магманың көтерілуі, бедердің жанартаулық
пішіндерінің құрылуы мен жанартаудың атқылауы), тау
жыныстарының метаморфизмі жəне пайдалы қазбалар кен
орындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогенндік
процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады жəне
экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына
қатысады.
4.
• Литосфералық тақталарды қозғалысқакелтіріп, материктер пішіндері мен
мұхиттар айдынын өзгертуші басты күш
те осы ішкі күш болып табылады.
Материктердегі ірі жазықтар мен таулар,
мұхит табанындағы қазаншұңқырлар мен
суасты орта жоталары да ішкі күш əрекеті
нəтижесінде түзілген жер бедерінің ірі
құрылымдары болып саналады. Жер
қыртысындағы ішкі күштер əсерінен
болатын қозғалыстарды жалпы атпен –
тектоникалық қозғалыстар деп атайды.
Тектоникалық қозғалыстар байқалатын
жер қыртысының 700 километрге дейінгі
бөлігі – тектоносфера деп аталады. Бұл
жер қыртысы мен жоғарғы мантияның
жалғасқан бөлігіне сəйкес келеді.
5.
• 2.Басқа эндогендік факторларға қарағанда, жер сілкінісіжер бедерінің қалыптасуында айрықша рөл атқарады.
• Жер сілкінуі деп жер қойнауының потенциалдық
энергияларының кездейсоқ, кенеттен босанып шығуын
жəне қазіргі тектоника процестерге байланысты жер
бетінің тербелуін, жойқын шайқалуын атайды. Жер
сілкінісінің геоморфологиялық белгісі тектоникалық
жарылымдардың
жер
бетінде
сейсмикалық
жік
(сейсмошов) түрінде пайда болуымен сипатталады.
• Мысалы, 1931 жылы Қытай Халық Республикасының
батыс бөлігіндегі Шынжан өлкесінің Фуюн аймағы
маңында болған жер сілкінісі кезінде жерасты дүмпуінің
нəтижесінде жердің бетінде көптеген жарықтар пайда
болған. Олардың кейбіреулерінің ұзындығы жүздеген
метрден бірнеше километрге дейін жетіп, көптеген төбелер
мен аңғарларды қиып өткен.
• Жапонияда 1923 ж. жер сілкінісінен Токио қаласынан
оңтүстікте жатқан Сагами шығанағының бір бөлігі (150
км2 аймақ жер) бірден 200-250 м биіктікке көтеріліп, басқа
бөлігі 150-200 метрге төмен түсіп кеткен.
Жер сілкінудің әсерінен жер
бетінің өзгерілуі
6.
• Жер сілкінгеннен кейін көп жағдайда жер бетінде опырық, яғниграбен тектес тектоникалық құрылым пайда болады. Жер бетінде
олар əр мөлшердегі ойпаң түрінде түзілетін пішіндер. 1957 ж
Гоби-Алтай жер сілкінісі болған аймақтарда ұзындығы 2,7
километр, ені 800 метр грабен түзілді. Оның жыртылу жігі
бойындағы қозғалыс амплитудасы 4 метрге жеткен. Түзілген
кертпештердің ұзындығы 500 километрге дейін созылып,
үңірейген жарықтарының ені 20 метрге, кейбір жерлерде 60
метрге жеткен. Қара-Ертіс өзенінің бастауындағы аймақтарда
тереңдігі 14 метрге жеткен грабендер Фуюн жер сілкінісінен кейін
пайда болған. 1962 ж. Байкал маңында болған жер сілкінуден
кейін аумағы 260 километрге жеткен Селенга атырауының
солтүстік-шығысындағы едəуір бөлігі кенет құлдырай құлап,
оның орнына тереңдігі 8 метрге жеткен Провал шығанағы
қалыптасқан. 1976 ж. Қытай халқы қуаты Рихтер шкаласы
бойынша 8 баллға сəйкес келетін өте зауалды жер сілкінісін
басынан өткерді. Оның сырткіндігі (эпицентрі) Қытай астанасы
Пекиннен шығысқа қарай небары 150 километр жерде, Солтүстік
Қытайдың халқы қалың орналасқан аймағында болған. Бұл жер
сілкінісінің зардабы бүкіл əлем халқының зəресін алып, жандарын
түршіктірді. 242000 адам бірден қаза тапты, Таншан қаласы
тұтасымен қирап, жердің бетінде көптеген жарықшақтар пайда
болды.
7.
• Ошақтары теңіздерде болатын жер сілкіністері бедердіңөзгеруінде айрықша рөл атқарады. Оларды кейде теңіз
сілкіністері деп те атайды. Мұхит түбіндегі жер сілкіністерінен
кейін мұхит бетінде биіктігі ондаған метрге жететін цунами
деген теңіз толқындары пайда болады. Ашық мұхит немесе теңіз
аймағында қалыптасқан цунамидің биіктігі 2-3 м-ден
аспағанымен, олардың таралу жылдамдығы мен толқын
ұзындығы жəне биіктігі біршама жоғары көрсеткіштермен
сипатталады. Мəселен, цунами жылдамдығын реактивті
самолеттің (ұшақтың) жылдамдығымен (сағатына 800 километрге
дейін) салыстыруға болады, ал толқындар биіктігі жағалауларға
жақындаған сайын еселене арта түсіп, кейде ондаған метрге
дейін, ұзындығы 200-300 километрге дейін жетеді.
8.
• Жер қыртысында немесемантияның
жоғары
бөлігіндегі
тау
жыныстарының
лездік
қозғалысқа келуінен жер асты
соққысы туындаған орынды
жерсілкіну ошағы, ошақтың
тереңдіктегі
орнын
гипоцентр, Жер бетіндегі
проекциясында орналасқан
ауданды
эпицентр
деп
атайды.
9.
10.
• 3.Жоғарыда айтылғандай, эндогендікпроцестердің əсерінен бедердің мега-,
макрожəне
мезопішіндері
қалыптасады. Сонымен қатар бедердің
аса ірі пішіндері – планеталық
пішіндер, жердің ішкі күштерінің
əсерінен пайда болып, олар жер
қыртысының əр түрлі екендігінің негізі
болып саналады.
• Жер
қыртысы
дегеніміз
–
литосфераның беткі бөлігін құрайтын
төменгі
жапсары
Мохорович
деңгейімен
шектелген,
жер
планетасының ең үстіңгі қабаты. Жер
қыртысы жазық бағытта да, көлденең
бағытта да біркелкі емес.
11.
12.
• Жер қыртысының құрлықтық түріне жер бетіндегі материктер сəйкес келеді.Континенттер - жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы
қабаттарының физикалық-химиялық жəне гравитациялық жіктелуі
нəтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды өте ірі гетеротекті денелер.
Континенттер екі ірі-ірі морфоқұрылым болмысына – платформаларға
жəне қозғалмалы белдеулерге (геосинклиндерге) жіктеледі. Платформалар
салғырт тектоникалық режіммен сипатталатын континентте өңірінің басты
құрылымды элементтерінің бірі. Олардың аумағы миллиондаған шаршы
километрмен өлшенеді, көлденең қимасы бір-бірінен анық ерекшеленетін екі
түрлі құрылымдық қабаттан – іргетастан жəне платформалық
жамылғысынан тұрады. Платформалық жамылғы қабаттың көмкерілген
тұстарын тақта (плита) деп атайды. Олар жер бетінде кең ауқымды
аккумуляциялық жазықтар немесе үстірттер түрінде көрініс береді. Ал,
платформаның жер бетіне шыққан іргетасын қалқандар деп атайды.
Мысалы, Еуропа платформасының Балтық және Украин қалқандары,
Сібір платформасының Алдан қалқаны бар жəне т.б. Қалқан
аймақтарында көне қатпарлы қыраттар мен денудацияланған жазықтар
(пенеплендер) кең дамыған. Орталық Қазақстандағы Қазақтың қатпарлы
өлкесі жер бетінде Сарыарқаның ұсақ шоқылары мен денудацияланған
жазықтар түрінде көрініс береді.
13.
14.
15.
• Жер қыртысының құрлықтық түріқұрлықпен шектелмей, теңіз
астындағы материктің шетін де
қамтиды. Теңіз астындағы жер
қыртысы су астындағы құрлықтың
шетінде материктік қайраңға
(шелфке), материктік беткейге
(материковый склон) жəне
материктік етекке жіктеледі
16.
• Жер қыртысының мұхиттық түріне мұхит түбіндегі əлемдікмұхит табаны және ортамұхиттық жоталары жатады. Əлемдік
мұхит табаны (ложе мирового океана) – геологиялық құрылымы
жағынан мұхиттық платформаларға сəйкес келеді. Бұл мұхит
түбінің басым бөлігін құрай отырып, жер қыртысының мұхиттық
түрімен сипатталады. Көлденең қимасының қалыңдығы 5-10 кмден аспайтын базальтты қабаттан жəне оны көмкеріп жататын
шөгінділер қабатынан тұрады; шөгінді қабаттың қалыңдығы
жүздеген метрден аспайды.
• Кейде орталық-мұхиттық жоталардың төбелері теңіз бетінен
асып, аралдар тізбегін құрайды. Мысалы, Атлант мұхитындағы
Буве, Азор, Ян-Майен, Тынық Мұхиттағы Паска, Үнді
мұхитындағы Сен-Поль, Родригес жəне т.б. аралдар.
17.
• Материктікқозғалмалы
белдеулер
көбінесе
таулы
құрылыстармен, яғни орогендермен (гр.oros-тау+genesis-жаралу
тегі) ерекшеленеді. Олар пайда болу жағдайларына байланысты
жəне мөлшері мен морфологиясы бойынша алуан түрлі. Бұларға
мыңдаған км-ге созылған бүкіл материктерді қиып өтетін таулы
белдеулер жəне жеке, кішігірім жоталар жатады. Таулы
құрылыстар пайда болу геодинамикалық жағдайына қарай жəне
өздерінің құрылымымен морфологиясы бойынша екі негізгі типке
бөлінеді. Олардың бірі жер қыртысының жазықтық (горизонталь)
бағытағы сығылмалы жағдайда пайда болса, екіншісі жер
қыртысының күмбез тəрізді көтеріліп созылмалы жағдайда
қалыптасты.