Похожие презентации:
6-модуль Бала тәрбиелеу өнері сүй,сөйлес,ойнау,оқы
1.
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ –СҮЙ, СӨЙЛЕС, ОЙНА, ОҚЫ
6-МОДУЛЬ
2.
Модуль мақсатыКелесілерді үйрену:
• Дұрыс тәрбиелеудің негізгі тұстарын сипаттау
• Отбасыларға балаларды дамыту үшін балаларға
махаббатын көрсету, олармен сөйлесу, кітап оқып беру
және ойнау маңыздылығын түсіндіру.
• Ата-аналарға аналар мен әкелер бала дамуының әртүрлі
кезеңдерінде не істей алатыны туралы нақты ұсыныстар
беру.
3.
Негізгі идеялар:Балалар оңтайлы өсіп-жетілу үшін сүйіспеншілікке толы, қауіпсіз
және ынталандырушы ортаға мұқтаж.
Ата-анамен ұнамды қарым-қатынас, әрі үйдегі ынталандырушы
орта бала миының сәулетін салады және баланың барлық даму
салаларында жетілуіне әсерін тигізеді.
Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы емес,
балаларының дамуына қалай қолдау көрсететіні даму
нәтижелеріне үлкен әлеуетке ие әсер етеді.
4.
Жақсы тәрбие беру ережелері1. махаббатқа бөлеу,
2. сөйлесу,
3. кітап оқып беру және
4. бірге ойнау.
5.
ДәлелдерМахаббат пен берік бауыр басу кіші жастағы балалардың бойында қоршаған әлемді зерттеуге және оқуүйренуге қажетті өз-өзіне сенімділік қасиетін қалыптастырады.
Ата-ана баласымен махаббатпен сөйлескенде, отбасылық ортадағы оқиғаларды суреттегенде, кітап оқып
бергенде орын алатын ауызекі тіл бала екі жасқа толғанға қарай кең ауқымды рецептивті (түсіну) және
экспрессивті (бейнелі) сөздік қорды қалыптастыруға септеседі. Екі жаста тілдің дамуы мектепке баруға
дайындықпен тығыз байланысты деп есептеледі.
Аналар мен әкелер сәбиімен сөйлескенде, мектепалды жасындағы балаларда әлеуметтік біліктілік
жоғарырақ болуына және агрессия азырақ болуына септеседі.
Әкенің қырағы көңіл бөлуі, бала күтіміне ерте балалық шақ кезеңінде қатысуы, сауаттылықты
дамытумен байланысты ойындар мен істер (кітап оқып беру) әлдеқайда берік бауыр басуға, жоғарырақ
оқу үлгеріміне (әсіресе, дауыстап оқу және математика) және жақсырақ орындаушылық және әлеуметтік
дағдыларға септігін тигізеді.
Дұрыс тәрбие беру балаларды кедейшілік тигізетін әсерден буфер сияқты қорғай алады. Осындай
жағдайларда патронаж мейірбикесінің үйге барып қарау түрінде көрсететін қолдауы ерекше маңызды.
6.
Өзін-өзі бағалауДұрыс немесе бұрыс?
A. Балалардың миының дамуы қарым-қатынастарға байланысты.
B. Бала кейін мектепте жақсы оқуы үшін ерте балалық шақта
әкесінің тәрбиесіне қарағанда, анасының тәрбиесі
маңыздырақ болып табылады. Себебі, әкелер кіші жастағы
балалармен көп уақыт өткізе алмайды.
C. Біз балалармен сөйлескенде, олармен өзара әрекеттесеміз.
D. Балаларға алты ай толғанда, олар ата-аналарына эмоциялық
тұрғыдан бауыр баса бастайды.
7.
АТА-АНА МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҰНАМДЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІҢ8 ҚАҒИДАСЫ
1. БАЛАҒА ҰНАМДЫ СЕЗІМДЕРІҢІЗДІ ЖӘНЕ МАХАББАТЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТІҢІЗ
2. БАЛАМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСІҢІЗ
3. БАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫНА ЕРІҢІЗ
4. БАЛАҒА ЗЕЙІН ҚОЮҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ ҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІНІН
ЖЕТЕ ТҮСІНІҢІЗ
5. БАЛАҒА ӨЗІН ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
6. БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ӘР ІСКЕ МАҚТАУ АЙТЫҢЫЗ ЖӘНЕ
ҚУАНЫҢЫЗ
7. БАЛАҒА ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
8. БАЛАҒА ЕРЕЖЕЛЕР, ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАР ЕКЕНІН БІЛУГЕ
КӨМЕКТЕСІҢІЗ
8.
Бірінші қағида: балаға ұнамды сезімдеріңіздіжәне махаббатыңызды көрсетіңіз
• Балалар өзін қауіпсіз сезіну үшін оларды махаббатқа бөлеу
керек.
• Біз нәрестелермен сөйлескенде, олар сөзімізді түсінбесе
де, махабатты және жақтырмауды, дауыс реңкіндегі
қуанышты және мұңды, дене қимылдарының тілін немесе
ата-анасының іс-әрекеттерін сезе алады.
9.
Махаббатты көрсетудің көптеген тәсілдері бар, әрі осындайтәсілдер баланың жасына қарай өзгеріп отырады:
• Күлімдеу және бірге күлу
• Жанасу, құшақтау, аймалау, қытықтау, массаж немесе
баламен физикалық байланыстың өзге жағымды түрлері
• Бірге әзілдеу және әзіл ойындар ойнау
• Жылы және сүйіспеншілікке толы дауыспен сөйлесу
• Айту керек жағдайларда балаға «Мен сені жақсы көремін»
деп айту
10.
2-қағида: БАЛАМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСІҢІЗ• Нәрестелер тумысынан тілдесуге қабілетті болып туады.
11.
Нәрестелер тілдесуді туыла сала бастайды.Жылағанда, күлімсірегенде, түрлі дыбыстар
шығарғанда, ата-анасының жүзіне қарағанда
және жан-жаққа қарағанда, сәбилер қарны аш
екенін, ұйқысы келгенін, көңіл бөлуіңізді қажет
ететінін немесе қозып кеткендіктен, аздаған
үзіліс керек екенін айтады.
12.
3-ҚАҒИДА: БАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫНА ЕРІҢІЗБұл келесіні білдіреді, ата-ана:
Бала өзіне бұрылып қарағанда, оған назар аударады
Баланың жылағанына назар аударады
Баланың дене қимылдарының мағынасын түсінеді
Баласының іс-әрекеттерін бақылайды және сөзбен өз пікірін білдіреді
Баланың не істеп жатқанын көреді
Баланың нені қалайтынын және нені сезінетінін болжап біледі
Баланың нені қалайтынына және нені сезінетініне назар аударады
Өз іс-әрекеттерін баланы көңіл-күйіне бейімдейді
Баланың істеп жатқан ісіне қызығушылығын көрсетеді
Баланың қолынан келген әр іске мақтау және алғыс айтады
13.
4-ҚАҒИДА: БАЛАҒА ЗЕЙІН ҚОЮҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІНІН ЖЕТЕ ТҮСІНІҢІЗ
• Балаларға көбінесе әлденеге зейін қойып
үйренуге көмектесу керек. Ересек адам көмектесе
отырып, балаға былай дейді: «Мынаған
қарашы…» немесе «Қара!», «Бері кел!»
• Балалар басқа адамның қарап тұрған жағына
зейін қою үшін басын бұрады және сол
жаққа/нысанға қатысты айтылған сөзді естиді.
• Сол мезетте олар үйренуді бастайды.
14.
5-қағида: БАЛАҒА ӨЗІН ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ15.
Баланың айналадағы әлемді түсінуі үшін өзараәрекеттестік орнату тәсілдері
• Баламен бірге істеген әрекеттер, соның ішінде, күнделікті
тамақтандыру, жөргек ауыстыру, жуындыру және ұйықтату
рәсімдері туралы әңгімелесу.
• Ата-ана мен бала бірге бір мезетте көріп тұрғандарды атау
және сипаттау.
• Балаға түрлі бұйымдар қалай жұмыс жасайтынын көрсету
және сол жұмыс жасау тәртібін сөздермен суреттеу.
• Балаға ата-анасы нені сезетінін немесе сезінетінін
түсіндіру.
16.
6-ҚАҒИДА: БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ӘР ІСКЕМАҚТАУ АЙТЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚУАНЫҢЫЗ
• Өз-өзіне сенімділігін және жаңа дүниелерді
зерттеуге жігерлілігін дамыту үшін кіші
жастағы балаларға өздерін басқалар
бағалайтынын және қабілетті тұлғалар
ретінде қабылдайтынын сезіну қажет.
• Басты мақсат – баланы тек жағымды жағынан
көре бастау.
17.
7-ҚАҒИДА: БАЛАҒА ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗАналар, әкелер және өзге күтім көрсетушілер осы істе көмектесе
алады:
• Оқиғаларды айтып беру, түсіндіру, себептерін анықтау
арқылы
• Бастан кешірген өзге тәжірибенің деректерімен ұқсастықты
және айырмашылықты салыстыру арқылы
• Өткен, осы, және болашақ шақтар арасында байланыс
орнату арқылы
• Бірге бастан кешірген тәжірибе туралы хикаялар ойлап табу
және әңгімелеу арқылы
• Осындай тәжірибеге негізделген суреттер салу, суреттер
қарау және ойындар ойнау арқылы.
18.
8-ҚАҒИДА: БАЛАҒА ЕРЕЖЕЛЕР, ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРБАР ЕКЕНІН БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
• Балалар орындаушылық деп аталатын дағдыларға
үйрену үшін көмекке зәру, мысалы, олар: өзін-өзі
қадағалау және жоспарлау.
• Ересектер балаларды күте білуге, тынышталуға,
ережелер мен шектеулер бар екенін білуге
көмектесу арқылы осы дағдыларға үйретеді.
19.
БАЛАЛАРМЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕКСәбилермен
және
кіші
жастағы
балалармен сөйлесу олардың миын
дамыту үшін және тілінің дамуына жақсы
бастапқы мүмкіндік беру үшін маңызды.
Баламен неғұрлым көп сөйлессеңіз,
соғұрлым жақсырақ!
20.
Тілдің даму кезеңдеріI.
Ең алдымен балалар тілдік ортаға шомуы тиіс, тілдік орта оларға есту, көру және
олардың ауызша немесе ауызша емес жолдармен тілдесу әрекеттеріне жауап
қайтарылуына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
II. Көзбе-көз байланыс сәбилерге нейрондық байланыстарды қалыптастыруға
көмектеседі және жақсы сезімдер тудыратын гормондардың бөлініп шығуын
қамтамасыз етіп, осылайша, өзара әрекеттестікке қатысуға талпыну сезімін
орнықтырады. Түрлі дыбыстарды өзара ажырата бастау үшін оларға тыңдау қажет.
Олар ересек адам атаған нысандарға қарау арқылы бірге зейін қоюға атсалысады.
Әрі, әңгімелесу үшін сөйлесушілер кезек-кезекпен сөйлеуі керек екенін біледі.
III. Олар дыбыстарды ажыратып үйренген соң, белгілі бір сөздерді, сөйлемшелерді, ал
кейін толық сөйлемдерді түсіне бастайды.
IV. Олар рецептивті (түсіну) тілді игере бастаған соң, өздері де сөйлей бастайды.
V. Бірақ, тек жасы аздап ұлғайғанда ғана дұрыс сөйлей бастайды.
21.
ОЙЫН КҮШІ• Ойын – «баланың жұмысы». Ойын баланың
барлық салаларда (физикалық, танымдық,
әлеуметтік-эмоциялық және тілдік), сонымен
қатар, орындаушылық, шығармашылық және
мәселе шешу дағдылары саласында дамуына
септеседі.
22.
Өзін-өзі бағалау: әрі пікірді "Дұрыс" (Д) немесе"Бұрыс" (Б) деп белгілеңіз
1. Ойындар балаларды ақылдырақ етеді және мектепте
жақсырақ оқуға көмектеседі.
2. Бала бірінші ойыншықтарымен ойнауды үйренгенде
ойын ойнау ресми түрде басталады.
3. Ойнау үшін балаларға көп ойыншық керек.
4. Баламен бірге ойнау ата-аналар үшін де пайдалы.
23.
Естеріңізге сақтап, ата-аналарға айтыпберіңіздер!
1. Ең бастысы - қауіпсіздік!
2. Қымбат ойыншықтар алудың қажеті жоқ
3. Орынды ойын – бұл:
➢Баланың ойын ойнауын ұйымдастырудан аулақ болу
➢Бала беруі мүмкін белгілерге мұқият болу
➢Қауіпсіз және ынталандырушы ойын кеңістігімен қамтамасыз ету
➢Есте сақтау, қайталау – жақсы іс
24.
Бала әлі сөздерді түсінбесе де, кітап оқып берунеге маңызды?
• Кітап оқып беру мидың сәулетін салады, тіл дамуының және сөздік қорды
байытудың негізін қалайды.
• Кітап оқып беру белсенді ойындардан кейін тыныштандырады, ұйықтауға
дайындау рәсімін қалыптастырады.
• Бірге кітап оқу балада қорғалғандық, жайлылық, бақыт сезімдерін
тудырады, себебі, сіз, оның ең жақын адамы, жанындасыз. Сіздер бірге
түрлі эмоцияларды бастан кешіресіздер (бірге күлесіздер, бірге
қорқасыздар, бірге қобалжисыздар).
• Кітап оқып беру әке үшін ерекше маңызды. Зерттеулер көрсеткендей,
әкелер балаларына үнемі кітап оқып бергенде, балалар кітап оқуды ертерек
бастаған, сауаттырақ болған, әлдеқайда бай сөздік қорын қалыптастырған,
кітаптарды көбірек жақсы көрген, балабақшада жақсырақ зейін қоя білген,
математикада және есеп шығаруда жақсырақ машықтанған.
25.
Балалар үшін кітап оқу кезеңдері• 4-9 ай аралығында бала кітаптарға қызығушылық білдіре
бастайды: қармайды, ұстап тұрады, әрі жалайды, шайнайды
және лақтырады. Бұл жаста ең дұрысы – берік, винилден
немесе матадан жасалған, түрлі-түсті және қайталанатын
ұйқастардан тұратын мәтінді кітаптар.
• 6-12 ай аралығында бала суреттер нысандарды білдіретінін
түсіне бастайды. Ең маңыздылары – таныс сөздер («күшік»,
«ана», «әке»). Ең дұрысы – бір бетке бір заттың немесе бір
адамның суреті салынған кітапшалар. Балаға таныс заттардың
атауын есту оның сөздік қорын байытады.
26.
Балалар үшін кітап оқу кезеңдері• 13-18 ай аралығында сәбилерге бір бетте бір немесе екі сөйлемі бар
кітаптарды көрсетуге болады. «Күшік не дейді?» немесе «Марғау қайда?»,
«Мұрның қайда» деген сияқты сұрақтар балаларға зейін қоюға
көмектеседі. Суреттерден бала күнделікті көрмейтін заттарды көрсетуге
болады. «Бұл не?» деген сұрақ қою керек. Егер бала жауап берсе, біз оның
ойын өрбіте отырып: «Иә, көлік. Бұл – үлкен жасыл көлік» деу арқылы
сөздік қорын кеңейте аламыз.
• 19-24 ай аралығында балалар кітап оқуды өз-өзіне сенімділігін арттыратын
және жұбататын іс деп қабылдайды. Таныс кітаптарға да көзқарас осындай.
Сондықтан, 18 айлығынан бастап, балалар бір кітапты қайта-қайта оқып
беруді сұрайды және сізге оқып жатқан мәтінді, тіпті дауыс ырғағын
өзгертуге мүмкіндік бермейді. Мұндай табанды қайталау оқу-үйрену үшін
пайдалы: сарапшылар осылай қайталау балаларға жаңа сөздерді түсінуге
және есте сақтауға көмектеседі деп есептейді.
27.
БАЛАҒА КІТАП ОҚЫП БЕРУ – ОҒАН МАХАББАТЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУБалабақшадағы әрбір үшінші баланың
бүкіл өмір бойы оқуға қажетті
дағдылары жоқ.
Зерттеулер көрсеткендей, дауыстап оқып беру – балаларға
кітап оқуға және білім алуға көмектесетін жалғыз ең маңызды
фактор.
ДАУЫСТАП ОҚЫП БЕРУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?
ТІЛДІ ДАМЫТУ
Бала балабақшаға
түскенде білетін сөздер
саны – баланың
болашақта табысты
болуының негізгі
болжаушысы.
БІЛІМ АЛУ ЖӘНЕ
АЛМАСУ
Кітап – қуаныш, сонымен
бірге, ақпарат. Сіз және
балаңыз оқыған сайын
жаңа ақпарат біле
аласыздар.
КІТАП ОҚУДЫ ҰНАТУҒА
БАУЛУ
Сіз үлгі болсаңыз, кітап
оқу маңызды, ұнамды
және құнды екенін
көрсетесіз.
САУАТТЫЛЫҚ
ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Сөздік қор, фонетика,
баспасөзбен танысу.
Оқығанды айтып беру.
Түсіну. Дауыстап кітап
оқып беру сауаттылық
дағдыларын дамытады.
ЖАҚСЫ АТА-АНАЛАР ОНСЫЗ ДА
ДАУЫСТАП КІТАП ОҚЫП БЕРМЕЙ МЕ?
ЖОҚ!
МИДЫ ДАМЫТУ
Туылғаннан бастап, 3
жасқа дейін – тілдік
дағдыларды дамытудағы
аса маңызды жылдар.
БАУЫР БАСУДЫ ДАМЫТУ
Жақсы кітап оқудан
алатын қуанышты
бөлісуден асқан ғанибет
бар ма?
Елдегі балалардың тек
48%-ы ғана күнде кітап
оқиды (Еуропа аймағы).
Кіші жастағы
балалардың 15%-дан
астамына, яғни, 3,1 млн.,
аптасына 3 рет қана
дауыстап кітап оқып
береді.
Оңтүстік Қазақстанда
тек 17% отбасының үйінде 3 кітап бар
тек 3% отбасының үйінде 10 және одан көп кітап бар
тек 2% балаларға үнемі кітап оқып береді.
64% отбасы балаларына мүлдем кітап оқып бермейді.