ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ (АЛҒАШҚЫ) КӨМЕК
Алғашқы көмек көрсету кезінде персоналға қойылатын талаптар
Алғашқы көмек көрсетілетін жағдайлардың тізімі
Кенеттен өлімнің белгілері
Биологиялық өлімнің белгілері
Науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Бірінші кезектегі әрекеттер
Реанимациялық іс-шараларды жүргізу тәсілдері Жасанды тыныс алуды өткізу ережелері «Ауыздан ауызға»
Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу кезінде қолдың дұрыс орналасуы:
Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері:
Жүрекке жабық (жанама) массаж жасау ережесі (Правила проведения, закрытого (непрямого) массажа сердца)
Күюдегі алғашқы көмек
Қан кету түрлері және олардың сипаттамалары
Қан кетуді тоқтату әдістері
Жарақаттанудағы алғашқы көмек
6.52M

Лекция_12_-_Дәрігерге_дейінгі_көмек_көрсету_негіздері

1.

Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігі
№ 11 Дәріс: Дәрігерге дейінгі көмек көрсету
негіздері
Алигожина Дина Амангельдыевна
Аға оқытушы
Павлодар,
2025 г.

2. ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ (АЛҒАШҚЫ) КӨМЕК

Дәрігерге
дейінгі (Алғашқы) көмек – адам өмірін
құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс
әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа
ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер
өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін
кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға
септігін тигізеді.
2

3. Алғашқы көмек көрсету кезінде персоналға қойылатын талаптар

Жарақаттың сипаты мен
ауырлығын анықтау
Жәбірленушінің денсаулығы
мен өміріне қауіп төндіретін
зақымдайтын факторлардың
ағзаға әсерін жою
1
Алғашқы көмек
көрсету реттілігі
Жедел медициналық көмек
немесе дәрігерді шақыру
Зардап шегушіні құтқару
бойынша қажетті ісшараларды орындау (қан
тоқтату, жараны байлау, сынған
аяқтың немесе қолдың
қозғалысын тежеу;
жасанды дем алдыру, жүрекке
жабық массаж жасау)
Зардап шегушінің негізгі
өмірлік функцияларын қолдау
3

4. Алғашқы көмек көрсетілетін жағдайлардың тізімі

1.Естен тану.
2.Тыныс алу және қан айналымының тоқтауы.
3.Сыртқы қан кету.
4.Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде денелер.
5.Дененің әртүрлі бөліктерінің жарақаттары.
6.Күйіктер, жоғары температура, жылу сәулеленуінің әсері.
7. Үсік және төмен температура әсерінің.
8.Улану.

5. Кенеттен өлімнің белгілері

1 Тыныс алудың болмауы
2 Көз қарашығының жарыққа реакциясы жоқ
3 Ұйқы артериясында импульс жоқ

6. Биологиялық өлімнің белгілері

1 Көздің қабығының кебуі (появление «селедочного» блеска)
2 Көз алмасын саусақтарыңызбен ақырын қысу кезінде қарашықтың
деформациясы («мысық көзі»)
3 Мәйіт дақтарының пайда болуы
«Мысық көзі»
Көздің қабығының бұлыңғырлануы
Мәйіттің қату кезектілігі
Мәйіт дақтары

7. Науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Бірінші кезектегі әрекеттер

Ең
алдымен адамды қайғылы жағдай болған
жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті
жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе
қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз;
жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен
немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін
көріңіз;
қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы
жерге апарыңыз;
алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
7

8.

- Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі
қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де
үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде
қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға
болады.
- Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды
жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек пен
мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап
батырыңқыраңыз.
Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіңіз
Жасанды тыныс алу және жанама жүрек массажын қолдану
арқылы тыныс алу мен жүрек қызметін қалпына келтіріңіз
Сыртқы қан кетуді тоқтатыңыз
Жарақат кезінде кеудеге тығыздағыш таңғышты
жағыңыз
8

9.

Өзің немесе айналаңыздағы адамдардың көмегімен
жедел жәрдем шақырыңыз. Жараларға асептикалық
(таза) таңғыш салыңыз
Сыну
орындарында
дене
қозғалмайтындығын қамтамасыз ету
бөліктерінің
Ауырған жерге суық салыныз (көгеру, сыну, жарақат)
Сақтау күйіне жатқызу, гипотермиядан қорғаңыз,
жылы тұзды немесе тәтті сусын беріңіз (есінен таңған
кезде және іштің жарақаты болған кезде ішуге немесе
тамақтандыруға болмайды)
Назар аударыңыз! 7-10-тармақтарды сыртқы қан кету тоқтағаннан, тәуелсіз
9
тыныс алу мен жүрек соғуын қалпына келтіргеннен кейін ғана орындау керек.

10. Реанимациялық іс-шараларды жүргізу тәсілдері Жасанды тыныс алуды өткізу ережелері «Ауыздан ауызға»

- тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу;
- зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының
түймелерін ағыту;
- саусақты матамен орап алып, аузын ұйыған қан, сілекей және басқа да
заттардан (сынған тіс, тіс протездері) тазартыңыз.
- жәбірленушінің басын артқа шалқайту, бір қолын маңдайына, екінші
қолын бастың артқы жағына қойыңыз;
- сол қолыңызбен мұрнын қысып, зардап шегушінің басын артқа қарай
шалқайта ұстаңыз және осы қалыпта дем жібергенше ұстаңыз;
- еріндеріңізді зардап шегушінің ерніне қатты басып, оның ішіне қарай
қатты дем шығарып, үрлеңіз. Жәбірленушінің әрбір пассивті дем
шығаруы үшін 2-3 секунд беріңіз. Дем алған кезде жәбірленушінің
кеудесі көтерілетінін және дем шығарған кезде төмен түсетінін
бақылаңыз;
- жасанды тыныс алу жиілігі минутына 10-12 рет.
Реанимация келесі жағдайларда тоқтатылады:
- Биологиялық өлім пайда болған кезде;
- өмір белгілері пайда болған кезде (тыныс алу, терінің қызғылт
10
болуы, тамыр соғуы);
- жедел жәрдем келген кезде.

11.

Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу тәртібі:
Қысым жасағанда құтқарушының иықтары алақанынан
жоғары болуы керек.
Тереңдігі 4-тен 5 см-ге дейін төс сүйегіне қысым жасау
керек.
Қолыңызды төс сүйегіңізде үнемі ұстап тұрып, тік түзу
бойымен тегіс қысым жасау керексіз.
Процедура кезінде тербелмелі қозғалыстар жасамаңыз. Бұл
қысымның тиімділігін төмендетеді және сіздің күшіңізді босқа
жұмсайды.
Келесі қысымды бастамас бұрын, кеуде қуысының бастапқы күйіне
көтерілуіне мүмкіндік беріңіз.
Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне
жүрек-өкпе реанимациясын жүргіз: - бір қалыппен: 30 рет - жүректі жанамалай
сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 5 циклден
кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын
жалғастыр.
Жүрек-өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын
байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

12. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу кезінде қолдың дұрыс орналасуы:

- Алақанды төс сүйекке семсер тәрізді өсіндіден 3-4
саусаққа жоғары қойыңыз;
- екінші қолдың алақанын үстіне қойыңыз;
- қысуды орындау кезінде саусақтарыңызды кеудеге
тигізбеңіз.
Қолды дұрыс орналастыру нұсқалары

13. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері:

Қанның жүрекке тез оралуы үшін – жәбірленушінің аяғын көтеру.
Мидың өмірін сақтау үшін – басыңа суық қою.
Асқазаннан ауаны шығару үшін – жәбірленушіні ішке бұрып, кіндіктен
төмен басу.
Бірінші құтқарушы
жүрекке жанама массаж жасайды, «Дем беру!» команда береді және кеуде қуысын
көтеру арқылы тиімділігін бақылайды
Екінші құтқарушы
жасанды тыныс алуды жүзеге асырады, қарашық реакциясын, ұйқы тамырының
соғуын бақылайды және серіктестерге зардап шегушінің жағдайы туралы
хабарлайды: "Қарашық реакциясы бар! Пульс жоқ! Пульс бар!" т.б.
Үшінші құтқарушы
жүрекке қан ағымын жақсарту үшін жәбірленушінің аяғын көтереді және жанама
жүрек массажын жасайтын серіктесті ауыстыруға дайындалады

14. Жүрекке жабық (жанама) массаж жасау ережесі (Правила проведения, закрытого (непрямого) массажа сердца)

https://www.youtube.com/watch?v=Zvrr7ScoZQ4
14

15.

Электр тогы ұрған кездегі алғашқы көмек:
Көмек көрсетуші электр тогы ұрған кісіге
жақындамас бұрын, өзінің қауіпсіздігін қамдау
керек қуат көзін өшіру, зардап шегушінің
денесінен ағаш затпен ток өткізгішті алып тастау
және т.б.). Егер қарау кезінде зардап шегушінің
ұйқы артериясында пульс жоқ болса, тез арада
жүрекке тік емес массаж және жасанды тыныс
беру керек. Егар ЕС-түссіз, бірақ тамыр соғып
тұрса, басын бір шетке бұрып, аузын тазалап,
басына суық басып, сондай-ақ жарақатын таңу
қажет.

16.

ЕГЕР АДАМ КҮЙІК АЛСА/ АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ
Күйік оттан, будан, қайнап тұрған судан,
химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.
4 дәрежелі күйік болады:
Бірінші және екінші дәрежелі күйікте
сұйықпен толтырылған көпіріктер пайда болады.
Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана
адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең
тканьдар жарақатталады.

17. Күюдегі алғашқы көмек

Күйіктің тұтастығын бұзбай күйікті өңдеу
ережелері
Суық су ағынының
астына 10-15 минутқа
қою
неме
се
20-30 минутқа суық
қою
Көпіршіктер мен терінің тұтастығы бұзылған
күйікті өңдеу ережелері
1. Құрғақ таза
матамен жабу
2. Құрғақ матаның
үстіне суық қойыңыз
1
Майлармен күйген
қабатқа мыналар
болмайды
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
- Сумен шаюға;
- Күйген қабатты бинттеуге
17

18. Қан кету түрлері және олардың сипаттамалары

Қан кету дегеніміз — зақымданған кан
тамырынан канның құйылуы (шығуы) .
Сыртқы
қанның дене бетіне төгілуі
Ішкі (паранхиматозды)
ішкі ағзалар зақымданған кезде
мол қанмен қамтамасыз етуі

19.

Артериялық
Тамырлы (Веноздық)
Капиллярлық
Терең жарақат алған кезде:
қан ашық қызыл түсті,
пульсациялық ағынмен
құйылады
Қан баяу ағыммен ағады
Қан қою, кейде қара түсті
Қызыл түсті қан аз мөлшермен
баяу ағады.

20. Қан кетуді тоқтату әдістері

артериялық
тамырдың саусақпен басылуы қан
кететін жарадан сәл жоғары;
жарадан 3-5 см жоғары жгутты қолдану;
қан кету орнына қысым таңғышын қолдану;
аяқтың максималды бүгілуі;
зақымдалған аяқ-қолдың жоғары жағдайын беру.

21. Жарақаттанудағы алғашқы көмек

Дезинфекциялық таңғышты салмас бұрын
ҚАЖЕТ
1
ТАҢҒЫШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
21

22.

Жгут салып тоқтату
Бұрау салып,қысатын таңғыш салу
турникет салып тоқтату
Саусақпен басу

23.

Бейне сілтемелері
https://www.youtube.com/watch?v=ioFltbXeCto
https://www.youtube.com/watch?v=rmsnCTQ7aqg
23

24.

НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗ
ҮШІН РАХМЕТ!
English     Русский Правила