Похожие презентации:
Медицина қызметкерлеріне СЛАЙД ҚАЗАҚША
1.
2.
Медицина қызметкерлерінеарналған іс-әрекет алгоритмі
3.
«Аралтуз» АҚ-ның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, энергияүнемдеу және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы интеграцияланған саясаты
Мекеме өзіне міндеттеме алады:
ҚР қолданыстағы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтау:
ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 22000:2018, ISO 50001:2018, SA 8000:2014.
Тұтынушылардың күтілімдеріне сәйкес өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.
Қоршаған ортаға әсерді барынша азайту, ресурстарды ұтымды пайдалану және энергия тұтынуды азайту.
Қызметкерлердің құқықтарын сақтау және SA 8000 қағидаттарын ұстану.
Балалар еңбегіне және мәжбүрлі еңбекке жол бермеу;
• әділ еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету;
• басқару жүйелері және тәртіптік практика.;
• бірлесу еркіндігі және кемсітушіліктен қорғау.
Жоспарлау, талдау, жақсартуларды енгізу және персоналды оқыту арқылы интеграцияланған менеджмент
жүйесін үнемі жетілдіру.
Барлық қызметкерлер мен мердігерлердің қатысуын қамтамасыз ету, жауапкершілік пен ашық өзара ісқимыл мәдениетін дамыту.
Обязанности и ответственность:
• Әрбір қызметкер саясат талаптарының сақталуына жеке жауапты және қауіпті әрекеттерді тоқтатуға
міндетті.
Мекеме басшылығы барлық қажетті ресурстарды бөлу және оның қағидаттарына адалдығын көрсету арқылы
осы саясаттың іске асырылуына кепілдік береді.
4.
Жазатайым оқиғалар кезіндегі іс-әрекеттерҚауіпсіздікті бағалау: Жағдайды бағалау, өзіңізге және зардап шегушіге қауіпті факторлардың әсер
етуін болдырмау.
Алғашқы көмек: Тексеру жүргізу, жағдайын (сана-сезімін, тыныс алуын, тамыр соғуын) бағалау
және қажетті дәрігерге дейінгі немесе шұғыл медициналық көмек көрсету.
Басшылыққа хабарлау: Оқиға туралы кәсіпорын басшылығына және еңбекті қорғауға
жауапты тұлғаларға одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін хабарлау.
Көмек шақыру: Ауыр жарақаттар кезінде жедел медициналық жәрдем шақыру немесе
зардап шегушіні жақын маңдағы ауруханаға жеткізуді ұйымдастыру.
Тіркеу: Көмекке жүгіну және көмек көрсету фактісін кәсіпорынның медициналық журналында
тіркеу.
5.
Медициналық пунктке жүгінген кездегі іс-әрекеттерСұрастыру және тексеру: Шағымдарын, симптомдардың пайда болған уақытын анықтау, қысқаша
анамнез жинау, артериялық қан қысымын, тамыр соғуын және дене қызуын өлшеу.
Көмек көрсету: Жарақаттар, жедел ауырсыну немесе денсаулық жағдайының кенеттен нашарлауы
кезінде медициналық пункттің құзыреті шегінде медициналық шараларды жүргізу.
Еңбекке жарамдылығын бағалау: Жеңіл сырқаттану кезінде көмек көрсетіп, қызметкердің жұмыс
орнына қайта оралу мүмкіндігін анықтау; ауру белгілері байқалған жағдайда қызметкердің басшысына
жұмыстан босату қажеттілігі туралы хабарлау және медициналық ұйымға жолдама рәсімдеу.
Жедел медициналық жәрдем шақыру: Ауыр жарақаттар, улану, миокард инфаркті немесе
инсульт кезінде жедел медициналық жәрдемді шұғыл шақыру.
Құжаттарды рәсімдеу: Жүгіну фактісін тіркеу журналында тіркеу.
Хабардар ету: Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі басшылығына қабылданған
шаралар туралы хабарлау, рәсімделген барлық құжаттарды кадрлар бөліміне ұсыну.
6.
ДКК, МӘС анықтамаларын және медициналық ұйымнан алынған өзге деқұжаттарды алған кездегі іс-әрекеттер
Қабылдау және тіркеу: Құжатты қызметкерден немесе медициналық ұйымнан ресми түрде қабылдап
алып, оны медициналық пункттің тіркеу журналында тіркеу.
ХАБАРДАР ЕТУ:
Кадр бөлімі
ЕҚжӨҚҚ бөлімі
Қызметкердің
басшысы
7.
Кесілген жаралар— Жіңішке әрі өткір заттың сырғыма қозғалысы нәтижесінде пайда болған.Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
Таза дәке салфеткамен жараны басыңыз. Егер қан қатты және шапшып ақса, қысатын таңғыш салыңыз.
• Жараны таза салқын немесе жылы сумен және сабынмен жуыңыз (тек жараның айналасын, қан кетуді күшейтпеу
және тіндерді зақымдамау үшін).
• Антисептикпен өңдеңіз: Жұмсақ әсер ететін құралдарды қолданыңыз. Жаңа кесілген жараның ішіне антисептик
құймаңыз — бұл тіндердің күйіп қалуына және жараның жазылуының баяулауына әкелуі мүмкін.
• Стерильді таңғышпен немесе таза бинтпен жабыңыз.
Не істеуге болмайды:
• Қадалып қалған терең затты (металл сынығын) өз бетіңізше шығаруға тырыспаңыз. Бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін.
• Терең әрі тар жара арнасын ішінен қолда бар құралдармен тексеруге немесе шаюға тырыспаңыз.
• Жабысып қалған матаны немесе таңғышты күшпен жұлып алмаңыз: Егер таңғыш жараға жабысып қалса, оны сутегі
асқын тотығымен немесе физиологиялық ерітіндімен жібітіңіз.
Дереу дәрігерге жүгіну қажет болған жағдайлар:
• Жара терең, ұзын немесе аузы ашылып тұрса (тігіс салу қажет болуы мүмкін).
• Қан кету 10–15 минуттан ұзақ уақыт бойы тоқтамаса.
• Жара лас немесе тот басқан заттан пайда болса.
• Қабыну белгілері пайда болса немесе сіңірлер, жүйкелер зақымданса (саусақ, қол немесе аяқ ұйып қалса).
8.
Шаншылған жара Бұл — жара өзегінің тереңдігі жараның кіреберіс тесігінің өлшемінен едәуір үлкен болатынтіндердің зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Қан кетіп жатса, оны тоқтатыңыз. Жараны таза салфеткамен бірнеше минут бойы басып тұрыңыз.
• Жараның шеттерін антисептикпен өңдеңіз. Тіндердің күйіп қалуын болдырмау үшін терең жара өзегінің ішіне күшті
спирт ерітінділерін құймаңыз.
• Жарақаттанған жерді кір мен бактериялардан қорғау үшін стерильді таңғыш салыңыз.
Не істеуге болмайды:
Қадалып қалған терең затты (металл немесе әйнек сынығын) өз бетіңізше шығаруға тырыспаңыз. Бұл қан кетуді
күшейтуі мүмкін.
Терең әрі тар жара өзегін ішінен қолда бар құралдармен тексеруге немесе шаюға тырыспаңыз.
Дереу дәрігерге жүгіну қажет болған жағдайлар:
• Жара терең болса немесе лас, тот басқан заттан пайда болса.
• Қан кету 10 минуттан ұзақ уақыт бойы тоқтамаса.
• Зат дененің ішінде қалып қойса.
• Инфекция белгілері пайда болса (қатты ісіну, солқылдап ауыру, қызару, дене қызуының жоғарылауы).
9.
Шаншылып-кесілген жара— Бұл — жүзі өткір заттың әсерінен пайда болатын, шаншылған және кесілгенжарақаттың белгілерін қатар қамтитын қауіпті тін зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
Медицина қызметкерлерін шақырыңыз. Қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдем шақырыңыз. Қан
кетуді тоқтатыңыз. Жараны стерильді бинтпен жауып, жағдайды нашарлатпайтын болса, қатты басып тұрыңыз. Таңғыш
салыңыз. Зақымданған жерді таза таңғышпен жабыңыз.
Жараның шеттерін өңдеңіз. Жараның айналасындағы теріні антисептикпен өңдеңіз. Құралды терең жараның ішіне
құймаңыз.
Не істеуге болмайды:
• Затты шығармаңыз. Егер жарақат салған зат денеде қалып қойса, оған тиіспеңіз. Затты шығару қан кетуді күшейтуі
мүмкін.
• Терең жараны жумаңыз. Оны ішінен сумен шаюға тырыспаңыз.
• Ұнтақ сеппеңіз. Дәрігердің тағайындауынсыз жараның үстіне мақта немесе дәрі-дәрмек қоймаңыз.
Дереу дәрігерге жүгіну қажет болған жағдайлар:
• Қатты қан кету. Қан атқылап немесе шапшып ақса, не жараны 5–10 минут бойы тікелей басып тұрғаннан кейін де қан
кету тоқтамаса.
• Қауіпті орналасуы. Жара мойында, кеуде тұсында, іште, шап аймағында немесе баста орналасса.
• Жарада бөгде зат қалып қойса. Денеден әйнек, металл сынығы немесе ағаштың бөлігі шығып тұрса.
• Ауыр жағдай. Зардап шегушінің өңі бозарып, денесін суық тер басса, есінен танып қалса немесе тыныс алуы
қиындаса.
• Ірі қан тамырларының зақымдануы. Жара терең болса және пульсациямен атқылап аққан ашық қызыл (артериялық)
немесе қою түсті, қалың (веналық) қан көрінсе.
10.
Жыртылған жара — Бұл — тері мен оның астындағы жұмсақ тіндердің беріктік және созылу шегінен асатын күштіңәсерінен жыртылуы нәтижесінде пайда болатын механикалық жарақат түрі.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Қан кетуді тоқтатыңыз: Жараны таза салфеткамен басыңыз немесе қысатын таңғыш салыңыз. Жгутты тек қатты
артериялық қан кету кезінде (қан атқылап аққанда) қолданыңыз.
• Өңдеу: Жараның айналасындағы теріні антисептикпен өңдеңіз. Тіндердің күйіп қалуын болдырмау үшін антисептикті
жараның ішіне құюға болмайды.
• Қорғау: Стерильді бинттен таза, тым қатты емес таңғыш салыңыз.
• Тыныштық: Зардап шегушіге және зақымданған аяқ-қолға қимылсыздықты қамтамасыз етіңіз.
Не істеуге болмайды:
• Терең қадалған сынықтарды шығармаңыз: шығып тұрған заттар (әйнек, металл) қан кетуді тежеп тұруы мүмкін.
Оларды шығару қатты қан кетуге әкеледі. Терең жараны жумаңыз. Оны ішінен сумен шаюға тырыспаңыз.
• Мақтаны пайдаланбаңыз: Мақтаның талшықтары жыртылған жараның жиектеріне жабысып қалады. Оларды
ауруханада алып тастау қатты ауырсынуды тудырып, тіндерді зақымдауы мүмкін.
• Жараға ұнтақ сеппеңіз: Ұнтақталған таблеткаларды, стрептоцидті немесе халықтық емдеу құралдарын қолданбаңыз.
Дереу дәрігерге жүгіну қажет болған жағдайлар:
• Мол қан кету: Қан пульсациямен атқылап ақса немесе кез келген таңғышты тез арада қанға малшынса.
• Терең зақымдану: Жараның тереңінен теріасты май қабаты, бұлшықеттер, сіңірлер немесе сүйектер көрінсе.
• Ауыр жағдай: Зардап шегушінің өңі бозарса, қатты басы айналса, есінен танса немесе тыныс алуы қиындаса.
• Қауіпті орналасуы: Жара бетте, мойында, шап аймағында орналасса немесе көз алмасы зақымданса.
• Жарадағы ірі бөгде зат: Денеден арматураның бөлігі, әйнек сияқты бөгде зат шығып тұрса, оларды өз бетіңізше шығаруға
болмайды.
11.
Шабылған жара — Бұл — ауыр әрі өткір заттың әсерінен пайда болатын, терінің, жұмсақ тіндердің және көбінесеастындағы сүйектердің терең зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Қан кетуді тоқтатыңыз: Жараны таза салфеткамен басыңыз. Егер қатты артериялық қан кету байқалса (қан атқылап
ақса), жарақат орнынан жоғары жағына жгут салыңыз.
• Айналасындағы теріні өңдеңіз: Жараның шеттерін антисептикпен сүртіңіз. Тіндердің күйіп қалуын болдырмау үшін
күшті антисептиктерді жараның ішіне құймаңыз.
• Таңғыш салыңыз: Зақымданған жерді таза бинтпен немесе салфеткамен жабыңыз. Таңғыш тым қатты болмауы керек.
Зақымданған аймақты қимылсыздандырыңыз: Егер қол немесе аяқ зақымданса, оны қозғалмайтындай етіп бекітіңіз.
Ауырсынуды басатын дәрі беріңіз: Зардап шегушіге шоктың алдын алу мақсатында қолжетімді кез келген ауырсынуды
басатын дәріні беріңіз.
Не істеуге болмайды:
• Жараны сумен жумаңыз: Құбыр немесе өзен суы қауіпті инфекцияны тіндердің терең қабаттарына енгізуі мүмкін.
•Жараның ішіне қол сұқпаңыз: Сүйек сынықтарын, кірді немесе киімнің жыртылған бөліктерін өз бетіңізше алып
тастауға тырыспаңыз.
• Ішкі ағзаларды орнына салмаңыз: Егер жарадан ішкі ағзалар шығып кетсе немесе сүйек сынықтары көрініп тұрса,
оларды өзіңіз орнына салуға тырыспаңыз.
• Мақтаны пайдаланбаңыз: Мақтаның талшықтары жараға жабысып қалады, ал оларды ауруханада алып тастау
қайтадан қатты қан кетуіне әкелуі мүмкін.
12.
Дереу дәрігерге жүгіну қажет болған жағдайлар:• Қатты қан кету: Қан атқылап (артериялық қан кету) немесе қою түсті қан үздіксіз ағып (веналық қан кету), қысатын
таңғыш салғаннан кейін де тоқтамаса.
• Терең жара: Зақымдану бас, мойын, кеуде, іш немесе шап аймағында орналасса.
• Сүйектер мен буындардың зақымдануы: Сүйек сынықтары немесе буын беткейлері көрінсе немесе жарақат аяққолдың табиғи емес түрде қисаюына әкелсе.
• Ірі қан тамырлары мен жүйкелердің зақымдануы: Зардап шегуші саусақтарын қозғалта алмаса, аяқ-қолы бозарса
немесе көгерсе, сезімталдығы жоғалса не қолмен ұстағанда салқын болса.
• Шок және қан жоғалту белгілері: Адамның басы айналса, өңі бозарса, денесін суық тер басса, есінен танса немесе
қатты әлсіздік/шөлдеу байқалса.
• Зақымдану көлемінің үлкен болуы: Жара ұзын болса, жара шеттері қатты ажыраса, бұлшықеттердің немесе теріасты
май қабатының терең қабаттары көрінсе.
• Жараның ластануы: Жараның ішіне топырақ, тот немесе бөгде заттар түссе (стационарда сіреспенің алдын алуды
шұғыл жүргізу қажет).
13.
Тістелген жара — Бұл — жануарлардың тістеуі нәтижесінде терінің, теріасты май қабатының және басқа да тіндердің зақымдануы.Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
Жараны жуыңыз: Жараны көп мөлшерде ағынды сумен және сабынмен (мүмкіндігінше кір сабынмен) 10–15 минут
бойы жуыңыз. Бұл жануардың сілекейін шайып, құтыру вирусы мен бактерияларды жұқтыру қаупін азайтуға
көмектеседі.
Жараның шеттерін өңдеңіз: Жараның айналасындағы теріні антисептикпен өңдеңіз, антисептикті терең тесілген
жараның ішіне құймауға тырысыңыз.
Таңғыш салыңыз: Таза, құрғақ және тым қатты емес стерильді таңғыш салыңыз.
Қатты қан кетуді тоқтатыңыз: Егер қан кету орташа болса, оны бірден тоқтатуға асықпаңыз — қан ағымы
микробтарды шайып шығаруға көмектеседі. Қатты қан кету кезінде қысатын таңғыш қолданыңыз.
Не істеуге болмайды:
• Қатты қысып таңғыш салмаңыз. Ерекше жағдай — өмірге қауіп төндіретін қатты артериялық қан кету.
• Жараға ұнтақ сеппеңіз. Ұнтақ түріндегі антибиотиктерді, стрептоцидті немесе халықтық емдеу құралдарын (күл,
топырақ, шөптер) қолдануға болмайды.
• Дәрігерге баруды елемеуге болмайды. Жануардың тістерінен пайда болған болмашы сызаттардың өзінде құтыру
немесе сіреспені жұқтырудың өмірге қауіп төндіретін қаупі бар.
Когда срочно нужен врач:
• Сильное кровотечение: Кровь бьет струей или не останавливается после 10 минут прямого давления на
рану.
• Укусы в опасные зоны: Повреждены шея, лицо, голова или область крупных артерий (паховая,
подмышечная зоны).
• Тяжелые травмы: Отрыв пальцев, конечностей, обширные размозжения тканей или торчащие из раны
кости.
• Потеря сознания: Пострадавший упал в обморок, бредит, заторможен или находится в состоянии шока.
14.
Жаншылған жара— Бұл — жұмсақ тіндердің қатты қысылуынан немесе доғал, ірі заттың күшті соққысынанпайда болатын ауыр механикалық зақымдану.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі.
Дәрігерлерді шақырыңыз: Жаншылған жаралар шокқа, тіндердің ауыр жарақаттануына және инфекцияға әкелуі мүмкін,
сондықтан қауіпті.
Қан кетуді тоқтатыңыз: Қан кетіп жатқан жерді таза матамен басыңыз немесе қысатын таңғыш салыңыз. Артериялық қан кету
кезінде жгут (бұрау) қолданыңыз.
Тыныштықты қамтамасыз етіңіз: Зардап шегушіні жатқызыңыз немесе отырғызыңыз, зақымданған аяқ-қолын қозғалтпай
бекітіңіз.
Таңғыш салыңыз: Жараны таза (мүмкіндігінше стерильді) дәке майлықпен немесе бинтпен жабыңыз.
Тек жараның шеттерін өңдеңіз: Жарақаттың айналасындағы теріні антисептикпен өңдеңіз. Антисептикті терең жаншылған
жараның ішіне құюға тырыспаңыз, өйткені бұл онсыз да зақымданған тіндердің өліеттенуіне әкелуі мүмкін.
Ауырсынуды басатын дәрі беріңіз: Егер адам есін білсе, ауырсыну шогының қаупін азайту үшін оған әдеттегі
ауырсынуды басатын дәрі беруге болады.
Не істеуге болмайды:
• Жараны сумен шаю: Жараға су құюға, ұнтақ себуге немесе крем жағуға болмайды.
• Жарықшақтарды өз бетіңізше алып тастамаңыз: Терең кіріп кеткен бөгде заттар қан кетуді тежеп тұруы мүмкін, оларды
алып тастау қатты қан кетуге әкеледі.
• Шыққан мүшелерді ішке салмаңыз: Жарадан бұлшықеттер, сүйектер немесе тіндер шығып тұруы мүмкін — оларды ішке
қайта салуға болмайды.
• Мақтаны қолданбаңыз: Мақтаның талшықтары жараға жабысып қалады, ал оларды алып тастау қайтадан қатты қан кетуіне
әкелуі мүмкін.
• Жараға қол тигізбеңіз: Саусақпен ұстау қауіпті инфекция түсіруі және ауырсынуды күшейтуі мүмкін.
• Жгутты ұзақ уақытқа қалдырмаңыз: Аяқ-қолды жгутпен 1 сағаттан (қыста) немесе 2 сағаттан (жазда) артық байлап қою
тіндердің өліеттенуіне әкелуі мүмкін.
• Іш жарақаты кезінде сусын бермеңіз: Егер құрсақ қабырғасы жаншылып зақымданса, адамға су да, тамақ та беруге
15.
Дәрігер шұғыл қажет болған кезде (әр минут маңызды):Қатты қан кету: Қан шапшып, пульсациямен атқыласа немесе жараны 10–15 минут бойы тікелей басып тұрғаннан
кейін де тоқтамаса.
Зардап шегуші қысылып қалған: Адам ауыр заттың (автомобильдің, плитаның, станоктың) астында қысылып қалса.
Маңызды: Егер ол 15 минуттан ұзақ уақыт қысылып жатса, дәрігерлер келгенге дейін ауыр затты өз бетіңізше алып
тастамаңыз. Бұл токсикалық шоктың (жаншылу синдромының) алдын алу үшін қажет.
• Шок белгілері: Зардап шегушінің өңі бозарады, денесін суық тер басады, әлсіз әрі қимылсыз болады, тыныс алуы
қиындайды немесе есінен танып қалады.
• Ауыр жергілікті зақымданулар: Сүйектер, сіңірлер немесе бұлшықеттердің терең қабаттары көрініп тұр. Аяққолдың бір бөлігі жарақат салдарынан үзіліп немесе жұлынып кеткен (травмалық ампутация).
• Қауіпті орналасуы: Жара бас, мойын, кеуде қуысы, іш немесе шап аймағында орналасқан.
• Сезімталдықтың жоғалуы: Зақымданған аяқ-қол көгеріп, суып, сезімталдығын жоғалтса немесе саусақтар
қозғалмай қалса.
16.
Соғылған жара— бұл беткейі үлкен, қатты әрі доғал заттың соққысынан пайда болатын тері мен жұмсақ тіндердіңмеханикалық зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі.
Қан кетуді тоқтату: Жараға таза дәке майлықты немесе матаны бірнеше минут бойы басып ұстаңыз.
Қорғау: Құрғақ стерильді таңғыш салыңы Тазалау: Жараның айналасындағы теріні антисептик ерітіндісімен жуыңыз,
жараның өзін ысқыламауға тырысыңыз. Салқындату: Ауырсыну мен ісінуді азайту үшін жараның маңына 15 минутқа
суық басыңыз (матаға оралған мұз немесе салқын компресс).
з.
Тыныштық: Зақымданған дене бөлігіне тыныштық қамтамасыз етіңіз.
Не істеуге болмайды:
• Жараның өзіне антисептик құймаңыз — бұл тіндердің күйіп зақымдануына және ауырсынудың күшеюіне әкелуі мүмкін.
• Бөгде заттарды қозғамаңыз: Терең кіріп кеткен бөгде заттарды (әйнек, металл, ағаш) қан кетуді күшейтпеу үшін өз бетіңізше алып
тастамаңыз.
• Ұнтақ сеппеңіз: Жараға ұнтақ түріндегі дәрі-дәрмектерді, соның ішінде стрептоцидті себуге болмайды.
• Май жақпаңыз: Жаңа ашық жараға майлы кремдер мен жақпамайларды («Спасатель», «Левомеколь») жақпаңыз.
Дәрігер шұғыл қажет болған кезде:
Тоқтамайтын қан кету: Қан шапшып атқыласа немесе жараны дәке майлықпен 10 минут бойы тікелей басып
тұрғаннан кейін де қан көп мөлшерде кете берсе.
Естен тану немесе шок: Зардап шегушінің өңі бозарып, денесін суық тер басса, тыныс алуы қиындаса, басы қатты
айналса немесе есінен танып қалса.
Бас жарақаты: Соққыдан кейін құсу, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, қатты бас ауруы немесе мұрыннан/құлақтан
мөлдір сұйықтықтың ағуы байқалса.
17.
Электр тогының әсерінен зақымдану (электр жарақаты).— Бұл — электр тогы адам денесі арқылы өткенкезде пайда болатын, ішкі ағзалар мен жүйелердің қызметін бұзатын ағзаның зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Жедел жәрдем шақырыңыз.
• Жағдайын тексеріңіз: Зардап шегушінің есін, тыныс алуын және ұйқы артериясындағы тамыр соғысын тексеріңіз.
•Реанимацияны бастаңыз: Егер тамыр соғысы мен тыныс алуы болмаса, дәрігерлер келгенге дейін бірден жүрек-өкпе
реанимациясын (кеуде қуысына қысым жасау және жасанды тыныс алдыру) жүргізіңіз.
• Тыныштықты қамтамасыз етіңіз: Егер адам есін білсе, оны жатқызып, жылырақ жауып, тыныс алуын бақылаңыз.
Күйік орындарына («ток іздеріне») құрғақ стерильді таңғыш салыңыз.
Не істеуге болмайды:
• Күйікке мұз, жақпамай, май, спирт немесе крем жағуға болмайды.
• Электрлік күйік болған жердегі терідегі күлбіреуіктерді жаруға болмайды.
• Зардап шегушіні жалғыз қалдырмаңыз, тіпті ол өзін жақсы сезініп тұрса да.
• Адамға электр тогы соққаннан кейін орнынан тұруға және жүруге рұқсат бермеңіз.
• Тынысы анық байқалмаса, тамыр соғысын іздеуге уақыт жоғалтпаңыз — бірден реанимацияны бастаңыз.
Дәрігер шұғыл қажет болған кезде:
Дәрігер мен жедел жәрдем кез келген қатты электр тогы соққаннан кейін әрқашан және дереу қажет, тіпті адам
өзін сау сезініп, сырттай жағдайы жақсы көрінсе де. Электр тогы бірнеше сағаттан кейін де жүрек ырғағының
жасырын, өмірге қауіпті бұзылыстарын тудыруы мүмкін.
18.
Естен тану (талып қалу).— бұл миға қан мен оттегінің уақытша жеткіліксіз келуінен туындайтын, кенеттенболатын қысқа мерзімді естен тану.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Зардап шегушіні шалқасынан тегіс жерге жатқызыңыз.
• Аяқтарын жоғары көтеріңіз (астына сөмке немесе киім қойыңыз).
• Галстугін, белдігін және мойны мен кеуде тұсындағы тар киімдерін босатыңыз.
• Бөлмені желдетіңіз немесе адамды қапырық жерден таза ауаға шығарыңыз.
• Бетіне су бүркіңіз салқын сумен сүртіңіз немесе нашатыр спирті сіңірілген мақтаны қашықтықтан иіскетіңіз.
• Тыныс алуын және ұйқы артериясындағы тамыр соғысын тексеріңіз.
Не істеуге болмайды.
Адамның басы мен денесін күрт көтермеңіз.
Ес-түссіз жатқан адамға аузы арқылы су немесе дәрі беруге тырыспаңыз.
• Зардап шегуші есін жиғаннан кейін де оны жалғыз қалдырмаңыз.
• Бірден орнынан тұруға рұқсат бермеңіз.
Дәрігер шұғыл қажет болатын жағдайлар:
• Естен танудың ұзаққа созылуы: Зардап шегуші бірнеше минуттан артық уақыт бойы сыртқы әсерлерге жауап
бермейді.
• Жүрек пен тыныс алуға байланысты мәселелер: Естен танудың алдында немесе одан кейін бірден кеуде тұсында
ауырсыну, жүрек соғуының бұзылуы немесе ентігу пайда болса.
• Неврологиялық белгілер: Құрысулар (эпилепсия ұстамасына ұқсас), сананың шатасуы, қолдың немесе аяқтың
салдануы, оянғаннан кейін сөйлеу немесе көру қабілетінің бұзылуы.
• Құлаған кездегі жарақат: Адам басын қатты соғып алса, қан кетсе немесе сүйек сынған деген күдік болса.
19.
Термиялық күйік.- бұл ашық от, қайнаған су, ыстық бу немесе қызған заттар сияқты жоғары температураныңәсерінен ағза тіндерінің зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі :
• Күйікті салқындатыңыз: Күйген жерді салқын (мұздай емес!) ағынды судың астында 10–15 минут ұстаңыз.
Егер күйік терең болса, суды күйген жердің тікелей үстіне құймаңыз — салқындатуды мата немесе басқа материал арқылы
жүргізу қажет.
Кедергі келтіретін заттарды шешіңіз: Қатты ісіну басталмай тұрып, зақымданған аймақты киімнен немесе әшекейлерден
абайлап босатыңыз. Егер мата теріге жабысып қалса — оны жұлып алмаңыз!
Таңғыш салыңыз: Жараны таза, құрғақ немесе сәл дымқыл стерильді дәке майлықпен немесе матамен жабыңыз. Ауырсынуды
басатын дәрі беріңіз: Қатты ауырсыну кезінде зардап шегушіге әдеттегі ауырсынуды басатын дәрі беруге болады.
Не істеуге болмайды.
Күйікке май, тоң май, қаймақ немесе спирт жақпаңыз.
Пайда болған күлбіреуіктерді теспеңіз және жармаңыз — бұл жараға инфекция түсуіне әкелуі мүмкін.
• Мұз қолданбаңыз — бұл тіндердің қосымша үсіп қалуына әкелуі мүмкін.
• Жараны пластырьмен жапсырмаңыз.
• Мақтаны қолданбаңыз: Таңғыш салу кезінде тек бинт немесе таза матаны пайдаланыңыз. Мақтаның талшықтары
жарада қалып, қабынуды тудыруы мүмкін.
• Күйікті спиртпен, йодпен, жасыл дәрімен немесе сутегі асқын тотығымен өңдемеңіз.
Дәрігер шұғыл қажет болатын жағдайлар:
• Күйік аумағы зардап шегушінің алақанынан үлкен болса, жара терең, көмірленген, ақ немесе сұр түсті болып көрінсе.
• Сұйықтыққа толған үлкен күлбіреуіктер пайда болса (2-дәрежелі немесе одан жоғары күйік).
• Бет, қол басы, аяқ басы, шап аймағы немесе тыныс алу жолдары зақымданса.
• Шок жағдайы: Зардап шегушінің басы айналса, өңі бозарса, есінен танып қалса, терісі суық әрі жабысқақ болса
немесе тамыр соғысы қатты жиілесе.
20.
Химиялық күйік.— бұл қышқылдар, сілтілер сияқты агрессивті химиялық заттармен жанасу нәтижесінде ағзатіндерінің (тері, шырышты қабаттар, көз немесе ішкі ағзалар) зақымдануы.
Алғашқы көмек көрсету тәртібі:
• Қорғаныс: Өз қолыңызды зақымдап алмау үшін қолғап киіңіз.
• Жуу: Зақымданған жерді кемінде 15–20 минут бойы сумен жуыңыз.
Нейтралдау (егер заттың түрі белгілі болса).
• Қышқыл түскен жағдайда: Сумен жуғаннан кейін теріні ас содасының әлсіз ерітіндісімен (1 стақан суға 1 шай қасық)
немесе сабынды сумен өңдеңіз.
• Сілті түскен жағдайда: Сумен жуыңыз, содан кейін лимон қышқылының, бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен
немесе сумен 1:1 қатынасында сұйылтылған асханалық сірке суымен өңдеңіз.
Не істеуге болмайды.
Теріні мақтамен немесе майлықпен қатты ысқыламаңыз.
• Алғашқы минуттарда жақпамай, крем, май немесе спирт жақпаңыз.
• Пайда болған күлбіреуіктерді жармаңыз.
• Химиялық затты нақты білмей, қышқылды сілтімен (және керісінше) бейтараптандыруға тырыспаңыз, себебі
химиялық реакция кезінде жылу бөлініп, күйікті күшейтуі мүмкін.
Дәрігер шұғыл қажет болатын жағдайлар:
• Ішкі ағзалардың немесе беттің күйігі.
• Терең зақымдану (3–4-дәрежелі күйік): Тері бозарып, көмірленіп немесе қара түсті қабыршақпен (қабыршақтанған
тінмен) жабылса немесе күйік орнында ауырсыну сезімталдығы толық жоғалса.
• Үлкен аумақты күйік: Күйік зардап шегушінің алақанының көлемінен үлкен болса (дене бетінің 1%-дан астамы) немесе
үлкен күлбіреуіктер пайда болса.
• Шок белгілері: Зардап шегушінің басы айналса, терісі бозарса, тамыр соғысы жиілесе, қатты әлсіздік, жүрек айну
немесе естен тану байқалса.