Мамандыќтыѕ кјсіби ќолданбалы баєдарламасы
376.50K
Категория: ИнформатикаИнформатика

Ақпараттық жүйе ұғымы және даму сатылары

1. Мамандыќтыѕ кјсіби ќолданбалы баєдарламасы

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ КАФЕДРАСЫ
Мамандықтың кәсіби қолданбалы
бағдарламасы
Ақпараттық жүйе ұғымы
және даму сатылары
аға оқытушы Баймедетов С.Д.

2.

Ақпараттық үдерістер (ақпарат жинау, өңдеу
және тарату) ғылымда, техникада және қоғам
өмірінде әрқашанда маңызды рөл атқарады.
Ақпарат жинау – субъектінің өзін
қызықтыратын объект жөнінде мәлімет
алатын қызметі.
Ақпарат алмасу – ақпарат көзі ақпаратты
беретін, ал алушы қабылдайтын процесс.
Ақпаратты сақтау – бастапқы ақпаратты
соңғы пайдаланушының сұратуын
қамтамасыз ететін түрде белгіленген
мерзімде деректердің берілуін қолдау
процесі.

3.

Ақпаратты өңдеу – оны мәселені шешу
алгоритміне сәйкес өңдеудің ретке келтірілген
процесі.
Қоғамды ақпараттандыру – сенімді
ақпаратты, адамзат қызметінің барлық
әлеуметтік маңызды түрлерінде қорытып
жинақталған білімді толық әрі уақытында
пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған ісшаралар кешенін жаппай енгізу.
Ақпараттық жүйе – басқару функциясын іске
асыру үшін әр түрлі санаттағы қызметкерлерді
ақпаратпен қамтамасыз ететін объект
жөніндегі ақпарат жинау, тарату, қайта өңдеу
жөніндегі коммуникациялық желі болып
табылады.

4.

Ақпараттық жүйелер қолдану
саласына байланысты мына
сыныптарға бөлінеді:
ғылыми зерттеулер;
автоматтандырылған жобалау;
ұйымдастыруды басқару;
технологиялық процестерді
басқару.

5.

Ақпараттық жүйеге мынадай талаптар
қойылады:
өзгертуге және жаңа функционалдық
салаға үндестіруге қабілетті болу;
жүйенің пайдаланушылар қажет ететін
уақыт кезеңіндегі сұранымына ден қою;
қосымшаларды кеңейту және қосымша
енгізу мүмкіндігі;
ақпараттың технологиялығы және жүйені
қолдау;
сенімді жұмыс істеу;
есептеу ресурсін тиімді пайдалану.

6.

Экономикалық ақпараттық жүйе
(ЭАЖ) – бұл ақпаратты өңдеу және
басқарушылық шешім әзірлеу
процесіне қатысатын экономикалық
объектінің, әдістердің, тәсілдердің,
мамандардың тікелей және кері
ақпараттық байланысының ішкі
және сыртқы ағындарының
жиынтығы.

7.

Ұйымды басқарудың
автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі – бұл
ұйымдастыру мақсатынан туындайтын
талаптарға сәйкес ақпарат жинауға,
өңдеуге, таратуға, сақтауға, беруге
арналған деректердің, жабдықтардың,
бағдарламалық құралдардың,
қызметкерлердің, тәртіптеме
стандарттарының өзара байланысты
жиынтығы.

8.

XX ғасырдың ортасында электрондықесептегіш машинасының (ЭЕМ) дәуірі
басталды.
1 кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының
басына дейін ЭЕМ бірінші және екінші
буыны (шам және жартылай өткізгіш)
пайдаланылды.
2 кезең ХХ ғасырдың 80-шы жылдардың
басына дейін шағын ЭЕМ және үлкен
интегралды сызбадағы үшінші буынның
ЭЕМ пайда болды.

9.

3 кезең ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына
дейін дербес компьютер
құрастырылды. Дербес компьютер –
адамзат қызметінің көптеген қиын
ресмилендіретін процестерін
автоматтандыру үшін кеңінен қол
жетімді етуге мүмкіндік беретін құрал.

10.

4 кезең ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан
бастап қазіргі уақытты қамтиды.
Гипермәтіндік технология мультимедиа
технологиясын әзірлейтін құралға
айналды. Windows графикалық
операциялық жүйесі, объектіге
бағдарланған көрнекті технология,
жобалауға арналған CASE технологиясы
пайда болды. Бейнеконференция өткізу,
білім мен жаңалықты басқару
технологиясы, бейне поштасы, ескірген
жүйелерді қайта жобалау және
жаңғыртудың реинжинирингілік
технологиялары пайда болды.

11.

Телекоммуникация адамдардың пікір алмасу
құралына айналды. Әлемдік ғаламтор –
интернет пен жергілікті корпоративтік желі,
яғни интранет пайда болды. Экономика
саласында корпоративтік және трансұлттық
ақпараттық жүйелер пайда болды.
Ақпараттық технологиялар ортасында
басқарудың ретинжиниринг,
интеллектуалдық ақпараттық
технологиялар, шешім қабылдауды талдау
мен қолдау сияқты жаңа әдістері іске
асырылды.

12.

Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет
English     Русский Правила