Похожие презентации:
Жақ-бет аймағының терісі
1.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:
Жақ-бет аймағының
терісі
Орындаған:Тажибаева Нургуль.
Факультет:Стоматология
Топ:15-005-02
Тексерген: Гульдана Асановна
2. Жоспар:
І КіріспеІІ Негізгі бөлім
1. Тері қызметі
2. Жақ-бет аймағы терісінің құрылысы
3. Жақ-бет аймағының терісінің айырмашылығы
4. Жақ-бет аймағы терісінің аурулары
ІІІ Қорытынды
3.
ТЕРІТері - адам
денесінің
сыртқы
жабыны
4.
5.
Терінің қызметіТері тек қана жамылғы қызметін атқармайды.Оның маңызды
қызметтері – қорғаныш,жылу реттегіш, зат алмасу және
тыныс алу, секрет(тер мен май),қоректік, зиянды зат бөлу.Ол
зат алмасуға қатыса отырып: дезинтоксикациялық,
ферментативтік және иммундық қызметтер атқарады.Теріде
сезімтал нервтің ұштары орналасқан, сондықтан оның негізгі
қызметі-қоршаған табиғаттың әр алуан тітіркенулерін (жанасу,
қысым, температура мен зиянды тітіркенулерді) қабылдау. Яғни
негізгі-анализатор болып табылады.
6.
7.
Кірпік (қабақ) (лат Cilia) — сүтқоректілердің ткөзініңжоғарғы және төменгі қиығын жиектей орналасқан түк.
Адам денесінде қабақтың бос жиегінің алдыңғы
шетіндегі 2-3 қатар болып орналасқан. Олардың арт
жағында "meibomian" деп аталатын без болады. Адам
кірпіктерінің орташа өмір сүру ұзақтығы — 90 күн.
Әрбір кірпік бір баған және түбірден тұрады. Түбір тері
астында орналасқан.
Кірпік түсі эумеланин және феомеланин пигменттерінің
арақатынасына байланысты. өздің төменгі бөлігіндегі
кірпіктердің ұзындығы шамамен 7 мм, ал үстіңгі
бөліктегілер шамамен 10 мм. Үстіңгі кірпіктердің саны
150-250 шақты болса, төменгі кірпіктер саны 50-150
аралығында.
8.
Қабақ пен кірпік - көздішаң-тозаңнан,
жарқыраған жарықтан,
сұйық тамшылардан
қорғайды. Қабақ –
төменгі және жоғарғы
қабақ болып бөлінеді.
Қас - аққан терді көздің
ішіне жібермей ұстап,
қорғап қалады.
9.
Шаш-түктер – бұл тері түзінділері. Оларалақанда табанда және кілегейлі қабықшадан басқа адамның бүкіл терісін жауып
жатады. Олар терінің бетінде көлбеу орналасқан. Әрбір шаш-түктің түбірі мен өзегі
болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.
Кез-келген шаш-түкте бірыңғай салалы
бұлшықет талшығы, эфференттік жүйке
ұштары және қан тамырлары болады.
Тырнақ тері түзінділері. Ол жұқа мүйізденген
пластинка болып табылады. Ол тырнақ
ернеуінде орналасқан және дәнекер ұлпаны
талшықтар арқылы саусақтың тырнақ
буынымен тығыз байланысқан.Тырнақ саусақ
басын зақымданудан сақтайды.
10. Жақ-бет аймағы терісінің құрылысы
Гистологиялық құрылысы жағынан тері 2 бөлімнен тұрады:Эпителиалды жамылғы және оның астында орналасқан Дерма.
Олар эмбрионалдық даму кезінде әртүрлі субстанциядан шығады.
Эпителиалды жамылғы-сыртқы, ал дерма-ортанғы ұрықтық
жапырақшадан. Дерма астында Теріастылық май қабаты
орналасқан.
11.
Тері қалыңдығы0,5мм-ден-5 мм-ге дейін
болады.Ең жұқа тері
көздің айналасында
және дененің өзге
сезімтал жерлерінде
орналасқан. Ең қалың
тері табанда
орналасқан.Оның
қалығдығы- 5мм- ден
асуы мүмкін.
12.
Сыртқы қабат –эпидермис
Нағыз тері –
дерма қабаты
Шел қабаты
13. Эпидермис
Эпидермис қабаты – көп қабатты эмителийұлпасынан тұрады.Қалыңдығы 0,07 ммден0,12мм дейін жетеді.
14.
1.Беткей қабатында Мүйіз тәрізді клеткалар2.Жылтыр клеткалар қабаты
3.Түйіршікті қабат
4.Тікенекті клеткалар қабаты.Өсуші қабат
болып есептеледі.Сондықтан оны- Мальпигий
қабаты деп атайды
15.
16.
Мүйізді қабатта тіршілігін жойған жасушалар үнемі түлептүсіп отырады Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы
ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы
ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар
пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат
дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы
жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп
отырады.Эпителий мен дерма арасында ірдайым иректелген
анық шекара болады.
17.
18. Дерма
Эпителийастылық(Емізікшелі)
Торлы
Онда жүйке талшықтарының ұштары мен
қан тамырларының жиі торы орналасқан.
Балалар мен жасөспірімдерде нағыз
тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май
және тер бездері, түк түбірі орналасады
19.
Емізікшелі қабаты болбыр дәнекер тіннен құралған, ондаколлагенді, эластикалық және ретикулярлық талшықтар
мен клеткалық элементтер (фибробласттар, гистиоциттер,
кезбе клеткалар) орналасады.Бұл қабат Мальпигий
қабатына еніп тұратын көптеген емізікшелерден тұрады.
Сондықтан емізікше қабаты деп аталады. Емізікше қабаты
торлы қабатқа өтеді. Бет терісіндегі дерма эластикалық
талшықтар арқылы мимикалық бұлшықеттермен
байланысалы. Дерманың эластикалық талшықтары бет
терісінде ымдау бұлшықеттеріне бекінген.Коллагенді және
эластикалық талшықтардың дермада орналасуы терінің
созылғыш қасиетін сақтайды.
20.
Торлы қабаттағы көптеген эластикалықталшықтар бет терісін әрдайым
физиологиялық тартылыста ұстап тұрады.
Бірақ, жас деңгейіне байланысты азайып
отырады. Торлы қабат теріастылық май
қабатына ауысады.
21.
Май бездері – дермада түк түбірлерініңмаңында орналасады.Адам тәулігіне 20 гр
дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,
жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсартып оған жылтыр рең береді.
Тері бездері – Дерманың терең қабатында және шел қабатында болады. Олар
шумаққа оралған түтікшелер болып табылады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп
шығатын тер түзіледі.Әдетте тер аздаған
мөлшерде бөлініп отырады да , сол сәтте
терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған
ортаның температурасы жоғарылағанда
немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну
күшейеді.
22. Теріасты май-шел қабаты
23.
24. Жақ-бет аймағы терісінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары
Бет терісі-жұқаБет терісіндегі дерма эластикалық талшықтар арқылы
мимикалық бұлшықеттермен байланысалы. Дерманың
эластикалық талшықтары бет терісінде ымдау бұлшықеттеріне
бекінген.
Бет терісінің астында болбыр майлы ұлпа орналасқан,
сондықтан беттің терісі өте қозғалтқыш.Майлы ұлпа азайған
сайын бет терісі әжімдене түседі.
Теріасты май шелде мимикалық бұлшықеттер, қан және лимфа
тамырлары, бет және үшкіл нерв тармақтары орналасқан.
Бет терісі қан және лимфа тамырларына,нерв талшықтарына,
май және тер бездеріне бай.Май бездері мұрын ұшы мен
қанаттарында өте көп.
25.
Бет терісінде көптеген әжімдер мен қыртыстар бар.Олар:Мұрын-еріндік жүлге
Жоғарғы ерін үстіндегі тік қыртыс
Төменгі ерін астындағы иектің көлденең қыртысы.
Жас шамасына байланысты терінің эластикалық қасиеті
азайып, онда жаңа қыртыстар мен әжімдер пайда
болады.Е.Пешкова мен Б. Стоцкар өздерінің зерттеулерінде
әжімдер әрқашан мимикалық бұлшықеттер бағытына
перпендикуляр немесе ол бұлшықеттер бағытымен
қиылысатынын көрсеткен.
Ерекшелік: Бетке операция жасаған кезде кесуді осы әжімдер
бойымен жүргізсе, операциядан кейін тыртықтар аз
байқалады.
26. Жақ-бет аймағы терісінің аурулары
27.
Пигментті невус –балаларда көп кездесетін тумаақаулар. Олар теріде жекелеген немесе өте көп, қоңыр түстегі
жалпақ кейде азырақ томпайған қал( мең) түрінде
көрінеді.Невус сирек жағдайда қатерлі ісік- меланомаға
аайналуы мүмкін.
28.
Көкшілневус
29.
Ювенильді(жасөспірімдік)
невус
30.
Алыпкөлемді
беттің
невусы
31.
Себореялық кератоз егде жастағы теріісігі.Дифференциалды
диагноз ретінде тері
биопсиясын жасау керек.
Ешқандай емдеу талап
етілмейді, себебі кератоз,
ауырсыну сезімін және
ыңғайсыздық туғызбайды.
32.
Сенильды гемангиомакішкентай, қызыл түйіршік ретіндепайда болатын,қатерсіз ісік.
33.
Безеу көбінесе 14–16 жастағы балалардаболады. Бұл – жыныстық
жетілудің уақытша қосымша әсері. Май
бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де,
оған ауру тудыратын микробтар түсіп,
қабынады.
Айналасындағы тері тығыздалып,
қызарады да кішкентай түйін пайда
болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша
пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне
жайылып ауыруы мүмкін.
Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары
бөлігін зақымдайды. Безеудің алдын алу.
Безеудің алдын алу үшін теріні таза
ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп
қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу
керек. Ыстық және суық сумен алмакезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте
ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш,
қалампыр, т.б.) қосылған тамақты
жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас
тарту қажет. Асқынған жағдайда
дерматолог дәрігерге көріну керек
34.
Шиқан (сыздауық)- түк түбіқалтасының және онымен байланысты
май бездерінің (айналасындағы
терісімен қоса) қабынып, іріңдеуі.
Іріндеткіш микробтардан пайда болады.
Шиқанның пайда болуына терінің
үнемі кір болуы, жарақаттануы (кесіп
алу, терінің сыдырылып қалуы,
қажалуы), майлылығы, тершендік т.б
әсер етеді. Шиқан көбіне терінің түкті
жеріне, мойынға, бетке, белге шығады.
Шиқанды ихтиол майы жағылған
стерилденген дәкемен таңып қою керек.
Зақымданған жердің айналасын
камфора немесе салицил спиртімен
сүрту қажет. Шиқан біліне бастағандаақ дәрігерге көріну керек, өйткені кей
жағдайда хирургиялық көмек қажет
болады. Шиқанды қолмен сығып
немесе жаруға, қыздыратын компресс
қоюға болмайды, мұндайда ол асқынып
кетуі мүмкін.
35.
Ұшық, герпес — адам терісі меншырышты қабықшаларына
тұтасқан көпіршіктердің
шығуынан болатын вирусты ауру .
Инфекция көзі — ауырған немесе
вирус таратушы адам. Ұшық көп
жағдайда жылдың салқын
мезгілдерінде, организмнің ауруға
қарсыласу қабілеті
нашарлап, гиповитаминоз дамыған
да; әртүрлі жұқпалы
аурулармен (тұмау, пневмония, безг
ек) ауырғанда, кейде жаздың ыстық
мезгілінде күн көзіне көп
қыздырынғанда шығады.
36.
Липома — май ұлпасынан тұратын қатерсізісік.
Көбінесе, ерін, маңдай, жақ асты, құлақ айнала
сында,көз айналасында кездеседі. Липома,
әдетте, пациенттің денсаулығына зиян
келтірмейді, бірақ сыртқы түрін бұзады.Себеп
болатын факторларға келесілерді жатқызуға
болады:
Тұқым қуалаушылыққа бейімділік;
Денедегі гормондық бұзылулар;
Асқорыту жүйесі, бауыры, қант диабеті
патологиясы;
Жоғары холестерол;
Тамақтанудың жеткіліксіздігі, диетада пайдалы
витаминдер мен микроэлементтердің болмауы;
Тері күтімі нашар;
Зиянды әдеттер (темекі шегу, алкогольді ішу).
37.
Аллергиялық аурулардың көптеген түрлері бар, алнейродерматит - олардың ең көп таралған түрі.
Бұл созылмалы түрде жүретін қабыну ауруы.
Аурудың негізгі көріністері - бұл қышумен бірге жүретін
бөртпе теріде пайда болады. Феномен дененің аллергенмен
өзара әрекеттесуіне жауап ретінде пайда болады.
38.
StreptodermaКөбіне стрептодерма балаларға тән. Бұл жағдайда теріден атааналар іші толтырылған кішкене көпіршіктерді көре алады.
Мұндай бөртпендер өте тез бұзылып, қалың қабықпен
жабылған шағын жараларға айналады,. Симптоматикалық ауру
герпеске ұқсас, бірақ айырмашылықтар бар.
39.
Бет аймағында саңырауқұлақ көріністерін тудыруы мүмкін аурулардың 4 түрібар:
Жүйелік микоз. Қауіпті, себебі ол эпидермистің жоғарғы қабаттарын ғана
емес, ішкі органдар мен жүйелерді де әсер етеді.
2. Дерматомикоз. Өлі тері жасушаларына әсер ететін саңырауқұлақтың ең
таралған түрі.
3. Кандидоз. Candida тектес ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар себеп болды.
Бұл жиі балалық шақта өтеді. Бастапқыда шырышты қабаттарға әсер етеді,
содан кейін терінің бойында орналасады.
4. Кератомикоз . Балаларда сирек кездеседі және жұқпалы аурулардың төмен
деңгейімен сипатталады. Эпителийдің қабаттарының ішінде отырғызылған
саңырауқұлақ пайда болды.
40.
Экзема-Бет терісіндеқышу, қызару пайда болады,
көпіршіктер көрінеді. Экзема
мұрынға, маңдайға, ұртқа
немесе бүкіл бетке шығуы
мүмкін.Себебі:
әлсіреген иммунитет; жұқпалы
аурулар; эндокриндік жүйенің
бұзылыстары ,жәндіктердің
шағуы; генетикалық бейімділік;
ішкі органдардың аурулары;
жүктілік; неврологиялық
аурулар (стресс, депрессия).
41.
Псориаз – терінің созылмалы ауруы. Түбірі гректің«псора» деген сөзінен шыққан ауру атауы қышыма
деген мағына береді екен. Аты айтып тұрғандай,
псориазбен ауырған науқастың бас терісінде, тізесінде,
білек буындарында, сондай-ақ арқасының төменгі
тұстарында тері қатпарларының орнына қатты
қышитын тығыз, талаураған қызыл түсті дақтар пайда
болады. Кейде әлгі дақтар күлгін түсті болып келеді.
Және дақтың шеті айқын көрініп, беті қабыршықтанып
тұрады.
42.
Псориаздың пайда болу себептері:Бүгінгі таңда псориаз ауруының пайда болу себептерін ғалымдар нақты анықтай алмай
отыр. Кейбір мамандар экологиямен байланыстырса, енді бірінің тұжырымы тұқым
қуалайтын ауру дегенге саяды. Ал шығыс тибет медицинасының мамандары аурудың
пайда болу себебін бүйрек қызметінің әлсіреуінен және жүйке жүйесі жұмысының
бұзылуымен байланыстырады. Дегенмен, ғалымдар әртүрлі болжам жасайды. Мысалы,
адамдардың 65 пайызға жуығы ауыратын I дәрежедегі псориазға ғалымдар тұқым қуалау
арқылы жұқтырғандарды жатқызады. Бұл категориялы науқастардың жас мөлшері 18-25
жас аралығында екен. Ал, псориаз II түрімен 40 жастан асқандар ауыратын көрінеді.
Және бұл науқастарда псориаз тұқым қуалаушылық, болмаса, иммундық жүйенің
бұзылуы арқылы пайда болмаған. Және псориаз I-ге қарағанда, псориаз II көп жағдайда
тырнақ пен буынды бүлдіреді. Ал, медициналық анықтамалықтарда псориаздың пайда
болуының бірнеше түрін көрсетеді. Ол ғылыми еңбектерде тіпті жан күйзелісі де,
жұқпалы аурулардың, мәселен, тұмау, баспа ауруының асқынуы да псориазға әкелетіндігі
көрсетілген. Сондай-ақ генетикалық ауытқушылық, тері ауруының қабынуы, түрлі
дәрежеде алынған жарақат салдары, тіпті адам денсаулығына зиянды әдеттер, ішімдік
пен темекіге жақын болу да псориаздың пайда болуына ықпал етеді екен. Және
эндокриндік жүйенің бұзылуы, гипертония мен ревматизмді емдеу кезінде артық
мөлшерде дәрі-дәрмек пайдаланудың ақыры да псориаз ауруының пайда болу себебіне
жатады екен.
Емдеу жолдары
Псориазбен бір рет ауырып, айығып шыққан науқасты аталмыш дерттен толық жазылды
деуге негіз жоқ, – дейді ғалымдар. Өйткені, ауру жасырын формаға ауысып кетуі мүмкін
екен. Сондықтан толық айыққан адамның өзі үнемі дерматологтың бақылауында болуы
қажет.
43.
44. Қолданылған әдебиеттер:
1.http://www.myshared.ru/slide/1295768/2. - “Бас және мойынның анатомиялық клиникасы”
Қайназаорв А.Қ., Идирисов Ә.А
3. «Адам анатомиясы»2 том Алшынбай Рақышев
4. https://surak.baribar.kz/298529/
5. https://infourok.ru/ter_ony_rylysy_zhne_yzmet493299.htm