Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Неврология кафедрасы
Жоспар
Кіріспе
Үлкен ми сыңарының қыртысы
Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады
Ми қыртысының анатомиясы және гистологиялық құрылысы
Ми қыртысның архитектоникасы
Ми қыртысының қызметі
Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдану симптомдары
Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдану симптомдары
Участки коры головного мозга
Бас миы қыртысының дифференциациясы
Сенсорлық зонаның негізгі функциясы:
Қозғалыс зонасының функциясы
Біріншілікті моторлық қыртыс:
Екіншілікті моторлы қыртыстың функциясы:
Басқа қыртысты орталықтар қамтамасыз етеді:
Адам миы туралы деректер
Ерлер мен әйелдер миының ерекшеліктері
Қолданылған әдебиеттер
12.26M
Категория: МедицинаМедицина

Ми қыртысы

1. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Неврология кафедрасы

СРС
Тақырыбы: Ми қыртысы
Орындаған: Нәсіреддинқызы Г
Тексерген: Омарова Ш. Қ
Қарағанды 2017

2.

Ми қыртысы

3. Жоспар

Кіріспе:
2. Ми қыртысы
3. Қыртыстың бөлімдері
4. Ми қыртысының функциясы
5. Сенсорлық аймақ
6. Қозғалыс аймағы
7. Ассоциативті аймақ
8. Қорытынды
9. Қолданылған әдебиет
1.

4. Кіріспе

Адам- эволюциялық
дамудың
шыңы.Жануарлардан
ерекшелігі
сөйлеуі,ойлауы,санасы.
Осының барлығын ми
қамтамасыз етеді, соның
ішінде үлкен ми
сыңарының қыртысы.

5. Үлкен ми сыңарының қыртысы

Үлкен ми сыңары– сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан
басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ
заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке
талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі,
қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке
бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми
сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші
ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық
ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды
қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.
Ол қамтамасыз етеді:
• Ағзаның сыртқы ортамен әрекеттесуін;
• жоғары жүйке қызметін жүзеге асыру;
• Ішкі ағзалар жұмысының регуляциясын;
• Ағза өзгерген жағдайда адаптацияны;

6.

7. Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады

1. молекулалық қабат
2.сыртқы түйіршікті қабат
3.сыртқы пирамидалық қабат
4.ішкі түйіршікті қабат
5.ішкі пирамидалық қабат
6.көп құрылысты қабат

8.

9.

I - молекулалық қабат (lamina molecularis), iшкi тамырлы қабық астында жатып, бiршама
саны аз ұсақ нейрондарды-ұршық тәрiздi денесiнен көлденең жазықтыққа шығатын ұзын
тармақталған дендриттi көлденең жасушаларды сақтайды. Аксоны қабаттағы
талшықтардың тангенс өрiмiн құруға қатысады. Бұл қабатта нейронның аралық
байланысын түзетiн терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген
дендриттерi, аксондары өтедi.
II - сыртқы түйiршiктi (granularis externa) қабат көптеген ұсақ пирамида және жұлдыз
тәрiздi жасушалардан құралған, дендриттерi тармақталып, молекулалық қабатқа
көтерiледi, ал аксондары ақ затқа, доға құрып алып, молекулалық қабатқа бағытталады.
III - пирамида (piramidalis) қабаты енi өзгерiп тұрады, барынша ендiлiгi неокортекс
байланыстырушы (ассоциативтi), сезiммоторлы аймақтарда жақсы байқалады. Пирамида
тәрiздi жасушалар басым болады, ал көлемi, қабаттың түбiне ауысқан сайын ұсақтан iрiге
дейiн ұлғаяды, төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа бағытталады, бүйiрлiк
дендриттерi осы қабаттағы жасушаларда түйiспе құрады, аксондары өзiнiң сұр затында
аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбiнесе бiр сыңарда, әрi екi сыңарларда
байланыстырушы қызмет атқарады.
IV - iшкi түйiршiктi (dranularis interna) қабат ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi
жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең мөлшерде байқалып,
сезiммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта көру төмпешiгiнің орталығына қарай
бағытталған талшықтардың негiзгi бөлiгi аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида,
жұлдызша тәрiздi жасушалардың аксондары неокортекстiң жоғарғы, төмен
қабаттарындағы жасушалармен байланыс құрады.

10.

V - түйiндiк (ganglionaris) қабат iрi, неокортекс моторлы
аймағында-алып пирамида тәрiздi (Бец жасушасы, перикарион
көлемi 100 мкм артық, пирамида жолын түзетiн iрi миелиндi
аксондар бастамасын бередi) жасушалардан тұрады. Төбелiк
дендриттерi молекулалық қабатқа жетiп, төбелiк «гүлшоғын»
құрады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабат шегiнде таралады.
Алып және iрi пирамида тәрiздi жасушалар аксондары бас миы,
жұлын ядроларында проекциеленедi, олардың iшiндегi ең
ұзыны пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ
сегментiне жетедi.
VI - көппiшiндi жасушалар (multiformis) қабаты әртүрлi пiшiндi
және көлемдi нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрiздi)
құралған. Қабаттың сыртқы бөлiгi iрi, iшкi бөлiгi-одан ұсақ,
сирек орналасқан жасушалардан тұрады. Жасушалардың
аксондары шетке бағытталған жол құрамымен ақ затқа барады,
дендриттерi молекулалық қабатқа өтедi.

11. Ми қыртысының анатомиясы және гистологиялық құрылысы

Әрбір ми жарты шарларында 3 полюсі болады:
маңдай, самай, шүйде. Макроскопиялық әрбір үлкен ми
жарты шарларында маңдай, төбе, самай, шүйде және
аралшық деп аталатын бөлімдері болады. Бұл 5 бөлімді
латеральді, орталық, төбе-шүйделік, белдеу және терең
жүлгелер бір-бірінен бөліп тұрады. Үлкен ми жарты
шарларының бетінде жүлгелер болады, бұл жүлгелер ми
қыртысының беткейін иірімдер мен бөліктерге бөледі.
Жүлгелердің 3 түрі бар: біріншілік жүлгелер, бұлар
тұрақты, терең, эмбриональды даму кезінде ерте пайда
болған; екіншілік жүлгелер, тұрақты бірақ кейіннен
пайда болған; үшіншілік жүлгелер тұрақсыз болады.

12.

13. Ми қыртысның архитектоникасы

Ми жақсы дамыған. Адамның ми қыртысының 96%-ы осы жаңа
ми қыртысынан түзіледі. Оның үлесіне: маңдай қыртысы
эволюциялық дамуына байланысты: жаңа (neocortex), көне
(paleocortex), ескі (archicortex) ми қыртыстары деп бөлінеді.
Адамдарда жаңа ми қыртысына, төбе, самай, шүйде, аралшық
және лимбиялық аймақтар кіреді. Көне ми қыртысына: иіс сезу
төмпесі, диагональді және периамигдалярлы аймақтар жатады.
Ескі ми қыртысына: тісті фасция, аммон мүйізі кіреді. Ескі ми
қыртысы көне ми қыртысына қарағанда, қыртысасты
құрылымдардан айқын шектелген. Ми қыртысының құрылысы
мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр
түрлі
болады.
Яғни
осыны
ми
қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының
қалыңдығы
3-5
мм-дей.
Ми
қыртысы шамамен 14
миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған
басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні
әр түрлі: пирамида, жұлдызша, ұршық тағы басқа тәрізді болады.

14. Ми қыртысының қызметі

Проекциялық алаңдар
• Қоршаған ортамен өткізгіш жолдар
арқылы байланысады.
Ассоцтативтік алаңдар
• Сыртқы ортамен тікелей
байланыспайды,бірақ проекциялық
алаңдармен және қыртыс асты
орталықтармен байланысы көп.

15. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдану симптомдары

Жойылу симптомдары-ми қыртысының
белгілі бір бөлігінің бүлінуі кезінде
кездеседі.
Қозу симптомдары-ми қыртысы
тітіркенуі кезінде пайда болады.

16. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдану симптомдары

1.импрессивтік сөйлеу бұзылысы
-Сенсорлық афазия
-Семантикалық афазия
2.экспрессивтік сойлеу бұзылысы
моторлық афазия
3.амнестикалық афазия
4.алексия
5.аграфия
6.таным бұзылуы
а.Астереогнозия
в.Көру агнозиясы
с.Есту аагнозиясы
7.апраксия
8.мидың оң жақ жарты шарының зақымдануы

17.

Үлкен бас ми жартышарының қыртысының бөлімдері.

18.

19.

20.

21.

22. Участки коры головного мозга

Бас миы үлесі
құрылысы
функциясы
Участки коры головного мозга
шүйделік
Жүлге және иірімдер үнемі Көруді қабылдау
емес.
самайлық
Жоғары бүйірлік беті- Есту
,сөйлеу,сөздерді
есте
жоғарғы,төменгі,ортаңғы
сақтау,күрделі
психикалық
иірім;
процесстердің ұйымдастырылуы.
Төменгі бүйірлік – төменгі
самай,
бүйір
шүйдесамайлық иірім.
төбелік
Артқы
орталық,жоғары Қозғалыстарды басқару және
төбелік,төменгі
төбелік сенсорлық стимулдау реакциясы.
иірімдер.
Маңдайлық
Прецентральды, жоғары, Ерікті
қозғалыстардың
ортаңғы, иірімдер.
ұйымдастырылуы;
Күрделі
мінез-құлық
формаларының регуляциясы;
Қыртыстың
басқа
аймақтарының координациялық
функциясы.

23.

Үлкен бас ми жартышарының қыртысының
функциональды зонасы
Белгілері :
1. Маңдайалды қыртыс зонасы.
2. Тактильды анализ.
3. Есту зонасының қыртысы
(сол жақ құлақ).
4. Көру кеңістігінің анализі.
5. көру зонасының қыртысы
(сол жақ көру алаңы).
6. Көру зонасының қыртысы (оң
жақ көру алаңы).
7.Жалпы иртерпретация
орталығы (Математикалық
операцияларды және
сойлеудің).
8. Есту зонасының қыртысы(оң
жақ құлақ).
9. жазу (олаңқайлар үшін).
10. Сойлеу орталығы.

24.

Үлкен ми сыңарының ассиметриялық функциясы

25. Бас миы қыртысының дифференциациясы

Кора головного
мозга
Сенсорная зона
Двигательная
зона
Первичная
моторная кора
Вторичная
Моторная кора
Ассоциативная
зона
Другие
корковые зоны
Таламотеменная
система
Таламолобная
система

26. Сенсорлық зонаның негізгі функциясы:

Тірек-қимыл аппаратының интерорецептивті сезімталдығын қамтамасыз
етеді(төбелік қыртыс).
Көру ағзасы (шүйделік қыртыс),есту ағзалары (есту қыртысы)
рецепторларынан ақпаратты қабылдау.
Дәм (дәм сезу центрінің анализаторы),иіс (иіс сезу центрінің
анализаторы) танып білуі және сақтаудың проекционды функциясын
қамтамасыз етеді.
Өзінің денесін тану қабілетін қамттамасыз етеді.
Мелодия, музыкалык дыбыстарды танып білуді қамтамасыз етеді.
Жазуды сақтау және танып білуді қамтамасыз етеді.

27. Қозғалыс зонасының функциясы

Жартышарлардың медиалды
бөлігінің беткейінде
прецентральды,парацентральды
иірімдерінде қозғалыс зонасы
орналасқан.

28. Біріншілікті моторлық қыртыс:

Аяқ-қол,дене, бет
бұлшықеттерінің
жиырылуын
шақырады.

29. Екіншілікті моторлы қыртыстың функциясы:

Күрделі координациялық қимылдарды
қамтамасыз етеді;
Сөйлеу және айту қабілетін қамтамасыз
етеді;
Ритмді шайнау қозғалыстарын
қамтамасыз етеді.

30. Басқа қыртысты орталықтар қамтамасыз етеді:

Көзін және басын қарама-қарсы жаққа
бұрады;
Түзу жүруге байланысты координациялық
қозғалыстарды;
Тепе-теңдік сақтау;
Сөйлеудің үндестілігі және модуляциясы.

31.

32. Адам миы туралы деректер

1. Алдыңғы мида ауыртпалық рецепторлар болмайды, сондықтан ми
ауыртпалықты сезбейді.
2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.
3. Жүктіліктің ерте кезеңінде нейрондар минутына 250000 жылдамдықпен
дамиды.
4. Ақылдылық қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды
жасап шығарады.
5. Алкоголь нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды
6. Биіктік адамға көптеген қызықты көруге мүмкіндік береді. Мысалы,
Мұхаммедке (с.ғ.с.) Хира тауында періште көрінеді. Осыған ұқсас жәйттерді
альпинистер де мойындайды, бірақ бұл аңыз сияқты бірдеңе. Көптеген әсерлер
миға оттегінің жетіспеушілігінен болады. 8000 фундттан жоғары көтерілген
альпинистердің сөзіне сүйенсек, олар көрінбейтін серіктерді, өздерінен жарық
шығатынын, тағы бір басқа денені көретінін айтады.
7. Дауыстап оқу, кішкентай баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін
тигізеді.
8. Әр түрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әр түрлі беріледі. Барлық
нейрондар бірдей емес. Денедегі нейрондардың типіне байланысты
ақпараттардың ең баяуы 0,5 м/сек , ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.

33.

9. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие
оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.
10. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ
денені басқарады.
11. Бес жасқа дейін екі тіл білген баланың ми құрылысы өзгеріп, кейін
ондағы сұр зат тығыз болады.
12. Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады
(шамамен 268 км/сағ).
13. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл
деген бір шамды қуаттандыруға тең
14. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар
15. Нью-Йорктегі миллион студенттерді түскі ас кезінде консервантсыз,
бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар
зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ-н 14% жоғары нәтиже
көрсеткен.
16. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық
функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың
функциясына байланысты екен.

34.

17. Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа іске
қосасыз.
18. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық
байланыс болып табылады
19. Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды
жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем
жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет)
20. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі
қозғалады.
21. Адамның ойына келетін ойлардың орташа саны 70 000
22. Неліктен ұйықтаймыз? Бірінші, физикалық, екінші
психикалық. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, ұйқы біздің қажет емес
ойларымызды тазартады
23. Гипоталамус, алдыңғы мидың бөлігі, термостат сияқты
температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты
температурасы қанша болу керектігін біледі (98,6 Фаренгейт, 37
Цельсий бойынша). Егер денеңізге тым ыстық болса, гипоталамус
оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл
арқылы білдіреді. Терлеу және мұздау арқылы дене температураны
реттейді.

35.

24. Күніне 85000 ми қабығының нейронары мида жоғалып кетеді.
Қуанышқа орай, бұл - білінбейтін залал.
25. Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей
болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның
орташа миынан да жеңіл.
26. Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге арналған
пышақпен де кесуге болады.
27. Мида 100 000 миль қан таситын қан тамырлар бар.
28. Лондонның барлық көшелерін білетін жүргізушілердің гиппокампі
үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты көп жаттайтын адамдар
миының бір бөлігі өсе береді екен.
29. Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды.
Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына
әкеледі.
30. Біздің миымыз бізді жиі алдайды. Ол заттарды шындыққа сай емес,
басқаша қабылдай алады.

36. Ерлер мен әйелдер миының ерекшеліктері

1.
Ерлер миы салмағы мен көлемі бойынша әйелдерден жоғары . Ерлердің
миы әйелдердің миына қарағанда орта есеппен 100 грамм артық болады.
Дегенмен, әйел миында нерв клеткалары бір-біріне тығыз орналасқан, бұл
олардың арасында жылдам сигнал беруді жеңілдетеді.
2.
Ауызша ақпараттарды өңдеу кезінде әйелдер мидың екі жарты шарларын,
ал еркектер тек біреуін пайдаланады. Әйелдерде жарты шарларының жүйке
талшығы қалың, ерлерде - нәзік. Сондықтан, атап айтқанда, әйелдерде
инсульт болғаннан кейін ерлерге қарағанда жақсы қалпына келтіріледі. Ер
балаларда сөйлеу қабілетінің және оқу жазу қабілетінің бұзылуы қыздарға
қарағанда екі есе жиі кездеседі.
3.
Әйелдерде иіс сезу және дәм сезу анализаторлары жақсы дамыған. Ерлер
жылжымалы объектілердің кішкене бөліктерін жақсы ажыратады - бұл
оларды жақсы аңшы болуына мүмкіндік туғызады.
4.
Ерлер мен әйелдердің миы түсті мәліметтерді түрлі жолдармен
қабылдайды. Сарғыш түс әйелдерге қарағанда ерлерге қызыл болып
көрінеді. Сондай-ақ, ерлерде сары, жасыл және көк түстерді ажырату
қиындық тудырады.

37.

1.
Ерлерде стресске реакция оң жарты шарда көрінеді, сол жақ жарты
шар тыныштық қалпында болады. Әйелдерде керісінше - стресс
кезінде сол жақ жарты шар белсенеді. Сондықтан, ерлер
эмоциялардың егжей-тегжейінен мағынасын жақсы есте сақтайды,
ал әйелдер эмоционалдық тәжірибенің мағынасынан гөрі егжейтегжейлерді жақсы есте сақтайды.
2.
3.
4.
5.
45-55 жасқа дейін әйелдердің есте сақтау қабілеті ерлерге
қарағанда жоғары болады. Алайда, менопаузадан кейін, ол
нашарлайды, бұл эстрадиол деңгейінің төмендеуімен байланысты.
Сондай-ақ, оқытудың тиімділігі және бұрын алынған мәліметтерді
еске түсіру мүмкіндіктері төмендейді. Әйелдер нейродегенеративті
ауруларға, деменцияға және басқа да когнитивтік бұзылуларға
неғұрлым сезімтал келеді.
Ерлер мен әйелдер күрт және тітіркендіретін дыбыстарға әр түрлі
жауап береді.
Әйелдер тәулігіне ерлерге қарағанда үш есе көп сөздерді
пайдаланады
Әйелдерде ұйымдастырушылық дағдылар жақсы дамыған.

38. Қолданылған әдебиеттер

Большая советская энциклопедия;
«Биология. Справочные материалы» Под
редакцией Д.И. Трайтака Москва – 1983;
В.М.Смирнов «Нейрофизиология и высшая
нервная деятельность детей и подростков»;
Источник в интернете www.revolution.allbest.ru;
Л.О. Бадалян «невропатология» Москва-2001;
«Пособие по биологии для поступающих в ВУЗы»
под редакцией Н.А. Лемезы Минск – 2000;
Ю.А.Ермолаев «Возрастная физиология».
English     Русский Правила